Адам – Зат

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 65

      Алла тағала күллі өзінің құдірет күші, әділдігін әлемге паш етті. Әрбір зат, жан-жануарға қадір-қасиет, түр-тұлға, көрік, сипат берді. Алла тағаланың кереметінің шегін болжауға ешкімнің ақылы жетпейді. Себебі ақыл шекті, сана шексіз.

Барлық зат, болмысты бір-біріне себепші етіп қойған. Бір жүйе шамалы ауытқыса, бүкіл нәрсеге әсерін тигізеді. Әрбір жаратылыс нәрсенің алма-кезек ауысып тұратын өзіне тән ғана жүйелі заңдылықтары бар. Егер бұл заңдылық бұзылса, жүйесіздік, тәртіпсіздік белең алып, дүние астан-кестен болады. Осыған орайлас дүние түйсігін де жаратқан. Оны сезім және нәпсі дейді. Дүниеде бір нәрсе пайда болса, ол екінші белгіге айналып, Алла тағаланың әміріне дәлел болады. Сондықтан дүние заңдылықтарына бейтарап қарауға болмайды. Оның оңы, терісі, өңі, астарынан хабардар болу керек. Адамды көкте жаратқанда оның тек топырақтық тегін, сипатын жаратқан. Бірінші сипаты барлық жақсы-жаман соған себепші болатын нәрселерді қабылдап, соған байланысты түрлендіре алатындығы. Ерікті, еріксіз қозғалысқа түсетіндігінде. Алла рухының шеңберіндегі белгілі мерзім, уақыт шегінде түрлі іс-қимылдар атқарып, сол мәліметтерді, белгілерді сақтай алатын дәрежесі бар.

      «Маған сегіз жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң ол сенің жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын, Алла қаласа мені ізгілерден табасың» (Қасас — 27). Адамда 8 белгі (жын) жалға беріледі. Сол жындарды тәрбиелеу үшін өзіңнен бір белгі ана тілін берген. Яғни әйел заты Адам ата сөзінен пайда болған. Ұрпақпен бірге пайда болатын жынмен он болады, соны толық өз жаның деп атаған. «Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан». (Ғалақ — 2)  Қанмен берілетін басты белгі кісі қасиет арқылы 8 жын-бала пайда болып, 10-шы жанмен келетін белгі елші қасиетпен қосылып, өмір сүру жоспары беріледі. Жан осы 9 жын (жел) белгімен ұштасып тығыз байланыста болады. Енді адамзатта ерсілі-қарсылы алмасып кезектесіп тұратын 9 жолдың торабын  тұлғасын сызықтар түрінде бейнелесек, жер текше болса, үстінен мұнара тұрғызып, 5 қуаттың бірі жерден, қалғаны аспан әлеміне байланысты болса, текше үстінде мұнара салсақ, 9 желдің айналым, байланыс жүйесі пайда болады. Енді осы мұнараның төрт жағы болса, адам баласының да төрт жағы бар. Сол сияқты жанның да төрт жағы болады. Енді ойша осы текше үстіндегі мұнараны киіз үй ішіне орналастырсақ, адамның сыртқы өрісі мен сызықтық тұлғасын көреміз (Сүгіретке қараңыз). Осы мұнара Қорқыт ата мазарында аянмен тұрғызылған, «Тілеу хана» деп аталады. Әрине кездейсоқ салынған емес. Сол сыртқы үйді пенде «Қағбасы»деп атайды. Ол көрінбейтін адам үйінің заты. Меккеге барғанда жер тұлғасының сыртын (Қағба тасты) айналғанда сол көрінбейтін ғайып үйге кіріп тазарады. Енді 9 желдің бір-бірімен қатынас қырлары да тұрақты 4-тен келеді. Барлығы 9*4=36, оны аспан санына көбейтсе  360 демек бұл дүние шеңбері толық айналыс дара жат (градус) саны шығады. Енді желдің жалпы сан қыры 16 болса, ішкі есту, көру және ойлау санын қоссақ 19 санын құрап, Тозақтағы 19 қазан күзетші, 19 періште санын береді. Адам қолындағы 19 буын саны осы кіші белгіні көрсетеді. Жалпы әлем тегі 19 жарықпен айғақталу, қорытындылануы керек. Екі қолды қоссақ 38 болып, енді ғайып белгі 40-қа толу керек, сонда екі белгі қайда? Ол — Жанда. Неге екі жан? Сол тектер сипатына үңіліп көрейік. Ескере кететін жағдай бұл адам пішіні сүйек буындарға тәуелді. Желдер саны болса, қимыл-қозғалыс есебін көрсетеді. Ал, жалпы қасиет санына жүгінсек, ішкі ағза, ет, сүйек, тері орындары болып қайталанып, 9 бұрыш байлам санына айналып, бүкіл адам заттық сызықтық бейнесін қалыптастыратын болса, осы бейнені өз ортасында айқындап тұратын сыртқы пішінін кемелдендіретін Алладан келетін жан болып, 10 әлемдік санын құрайды. Негізінен толық кемелдену саны 13 санына тіреледі. 11 саны жұлдыздар әсері болса, Күн, Аймен 13 санын беріп, ол клетканың түзілу саны болады. Даналық биіктік шегі де 13 саны болады. Келесі кітапта ақиқатына ой жүгіртіп көреміз. Жалпы желдің саны 26. Себебі сол текше үстіндегі мұнараның текше ішінде көлеңкесі бар. (Пендеде 12 ішкі мүше 12 сыртқы мүше бар) Сонда 12 қабырға, 6 төбе, 8 жақ барлығы 26. 6 төбе, 8 жақ 14 оттың санын береді, судың саны- 62. Адам затында 62 тамыр бар. Адам әлемінде 5 тек бар: от, су, жер, жел, эфир ( иісті бу).

     Енді жер текшесіндегі алты қабырға алты даналықты танылуға тиісті ғылымдар санын көрсетеді. 1-Қоғамдық ұлттық ерекшелік тарих, тіл. 2.-Тиб (дәрігерлік) тәндік сипатты білу. 3.Музыка, тылсым дыбыстарын меңгеру. 4.Есеп, геометрия ғылымы текшенің мұнарамен жалғасқан беті. 5.Текше төбесі, астрономия ғылымы. 6-Текше едені ынсап, адамгершілік қағида, салт-дәстүр болып, қарапайым өмір сүрудің алты даналығы болып, ал жоғарғы мұнараның төр жағы төрт кітап болып, әлемге көкке көтерілер даналықты белгілейді.  Жалпы Адам баласына берілген он түрлі таным жоспардың сызықтық бейне көрінісі. Адам баласы сегіз жақтан сыртқы бір әлемнен, ішкі құпия екі жағы сыры болып, алты ғылымнан хабардар болса, «Сегіз қырлы бір сырлы» дейтініміз осыдан шығады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *