Адамның таусылмас хайласы,
Әдеті, ісі, айласы.
Жаратқанға ынтық боп,
Сайланбаса шарасы.
Күп түсе ме көңілге,
Жеті діннің айнасы
Жеті ғалам аласы.
Үнінен құран ғаламат,
Адамға түсер пайдасы.
Адамдық толық түгелденіп,
Қырықпен болар парасы.
Қырық әуре ашаланып,
Жарыққа шығар жалғаны.
Түседі нұрдың асылы,
Шапағаттан рахматы.
Пайғамбарға жалғанып,
Мұхаммед шырақ жанбағы.
Адамдықтың үлгісін,
Атаған адам баласы.
Паш еткен күллі әлемге,
Алланың берген жобасы.
Сылтаудан сынық іздемей,
Дүние қызық көксемей.
Адалдықпен гүл теріп,
Ой бақшасын меңгермей,
Бола ма жолдың турасы?
Сұлу сөзге ғашық боп,
Ішіне оның үңілсең.
Қайратты оттай жандырып,
Құлшылық ісін меңгерсең.
Мың есіктен асырып,
Әлемнің сырын шарласаң.
Адамшылық міндетті,
Сеніммен берік қорғасаң.
Қайыр, мейірім, ғадылетті,
Жүрекке алып орнатсаң.
Әсемдікке әлем енер ең,
Білімін мыңның жалғасаң.
Білек күштің мекені,
Айығар дерттің үлкені.
Зорайтып кейін күш қайтып,
Айналар бойдың зейнеті.
Білектің күшін бұлдама,
Біліктің күшін онан да,
Жоғары қойып бағала.
Ғылымға соз мойынды,
Білектің күші шайқаста
Айла менен ақылға
Септігі тиер айқаста.
Біреу күшіне мақтанған
Біреу тірлік ісіне мастанған.
Бәрінен де маңызды
Ақылдың күшін арттырған.
Айласын мінез асырған,
Құдайдың таза нұрынан
Жаралған ақыл қолынан.
Әруақ болып көбейер,
Бір қуат шығар осыдан.
Орынды жұмсап қуатты,
Сарқымай оттай қайратты.
Жүрекке жылы орнығып,
Нұрлы ақылға бағынып,
Болады пенде аруақты.
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады
Төртеуін түгел түгендеп.
Төбеден тоғыз алмағы.
Бес күндік қуат жалғаның,
Қол өнерімен жақпағың.
Сезімге тоқтау салатын,
Саусақтан өнер жандарың.
Тағдырыңа бұл салғаның,
Тоқтатып жүктен азғанын.
Меңгеріп қарсылық жалғанның,
Жүректің үнін тыңдарсың.
Бір естілік еніп бойыңа,
Таныған өзіңді Адамсың!
(Шілде 2018 жыл)
***** *****