Безбүйректік (78)

Бөлім: Зікір өлеңдер 49

Безбүйректік дертінен,

Қауымды бұрған бетінен.

Сақтансын деп көп халық,

Бұзудан Алла сертінен.

Ата салттан ажырап,

Арсыздықты қылған салт.

Безбүйректің белгісі

Маймылдыққа бұл ұқсас.

Еліктеген басқаларға,

Жалғанбай тек мирасқа.

Ата-анадан ажырап,

Жүк қосады тағдырға.

Үлкенге жоқ құрметі,

Тәпсір білім білмегі.

Дінін алмақ өзге елдерден,

Безбүйректің ермегі.

Кішіге үлгі бола алмай,

Жеті атасына жалғанбай.

Тарихтың жібін тарқатып,

Ғылымсыз қалған хайуандай.

Безбүйректің жібіне,

Ілініп теріс үніне.

Ібілістің болған ұрпағы,

Ақылды байлап сенімге.

Иман дейді дінді меңгерсе,

Тәпсір білім өзгеше.

Келеді қайдан иманы,

Байланса бес сезімге.

Ақтылықты құптамай,

Қаралықты жаға алмай.

Без бүйректің сипаты,

Дәстүрін ата қолға алмай.

Көптің ішін жайлаған,

Әбігерлікті шақырған.

Ділмарлықты жоюға,

Бір пендеге байлаған.

Ардың түйіп қапшығын,

Қуырып жеп апшысын.

Көңілін алған қарайтып,

Артық деп тауып жақсысын.

Безбүйректік дерт болған,

Арсыздықты салтқа алған.

Ар-ұят, ынсап, ұжданды,

Керек қылмай тастаған.

Безбүйректің іші тар,

Дін жүйесі қарғалар.

Кекшілдікті көбейткен,

Безбүйрек деген қауымдар.

Безбүйрек арсыз қатындар,

Ұятты айтсаң шошынар.

Ұзын етек, жең, жаулықты,

Зұлымдық деп қабылдар.

Қазақтың болған індеті,

Қыз, қатыннан бой кетті.

Безбүйректер жатырын,

Қорғамай жәндік боп кетті.

Күнәлі қуыс орындар,

Сұқтарға ашып толтырар.

Өрісі қара жын болып,

Ішінде жылан суық қар.

Безбүйректер дін ұстар,

Жүрегі қатты тас болар.

Алланың досын танымай,

Бір жақсысын пір қылар!

Махаббатсыз үлкен, жас

Ар, ұятпен болар қас.

Аманат, мирас, обалды,

Ауызбен айтып іс қылмас!

Безбүйректер ел билеген,

Обал, сауап білмеген.

Жаңашыл, жынды, кем есті

Танымай өзін, ел түзеген.

Безбүйректен туар сығандық,

Тұрмысқа жеңіл құмарлық.

Күнде думан, күлкішіл,

Болашағын елдің болжам ғып!

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *