Адамдықты тосумен жарысқан

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 85

Ұқсатуға Құдай өзіне жаратқан,

Ібіліске білім кілтін ұсынған.

Адам қалай менен артық болар деп

Қарсы болып Адамдықтан қуылған.

Кісілікпен бұл жан мінезің ұрысқан,

Бір біліммен, бірі іліммен туысқан.

Адамзатқа екі жүзді бұл мінез,

Құдайсыз бен құдайшылдық соғысқан.

Ұлтқа жоба, заманға сай жазылған,

Құдайдан сын; Мен-Біздерге бағынған.

Мен білемін, Десін деген пенделер,

Ібіліс боп, кісілікпен қабысқан.

Ұлттың рұқын көтеруге жарысқан,

Құдайсыз қурай сынбасын ұмытқан.

Жаңаөзен мен желтоқсанды үлгі деп,

Құдайсызда ұлттың рұқын оятқан.

Жаңаөзенде кіммен жастар соғысқан,

Ары, ұятын сақтауға ма тырысқан?

Кімнің мүлкі өртеп таланды,

Риза болмай дүние үшін қырылысқан.

Дүние мүлкің болып жатса таланған,

Мал ашуы жаннан артық болғаннан.

Жамандықтан рұқың қалай оянған,

Бір-біріңді итше атып қырғаннан.

Кемпіріңді тыңдадың ба туысқан,

Ыза-кегің шектен шығып жұлысқан.

Жаңаөзенде ұлттың рұқы оянса,

Ар ұятың жетілді ме қыз, қатыннан.

Желтоқсанда егемен ел аталсаң,

Бес жыл бойы неге мұны жасырған.

Тәуелсіздік құдай өзі бергесін,

Амалсыздан заң шығарған Нұрсұлтан.

Пайда бар ма дінсіз ұят намыстан,

Құдайға айтып күпірлікпен жарысқан.

Ұлттың рұқын түсінер ме пенделер,

Қадір кетсе бөрік пенен ақ жаулықтан?

Майдаланып хайуандыққа жарысқан,

Қыз қатының айырылып ар-ұяттан,

Дүние таққа қырылысқанмен не пайда,

Қияметтің азабымен қылығыңа табыссаң?

Жындылықпен дүниеге мас қылықтан,

Екі жүзді қазақ ұлты бұл таңнан.

Сана түгіл жетеден де хабарсыз,

Ар-ұяттың қасиетін болдық жоғалтқан.

Құдай ғана рұқын елдің оятқан,

Иман нұрмен жанға қуат қосқаннан.

Белгісінен көктен, жерден азаптан,

Оянар жан, рұқ құдайдан ғана қорықсаң!

(Мамыр айы 2017 жыл)

*** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *