Рамзан Ахметұлына!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 41

Шешен халқын сынаған

Тазартып тағдыр арамнан.

Құдайдың болды сынағы,

Қияметтік мезгіл орнаған.

Өзіңді елің таңдаған,

Сынақтан бұл шығарсаң.

Үмітін деген ақтарсың,

Құдайдың ісін жалғаған.

Ісіңе қарап қозғаған,

Әлемдер бүгін қараған.

Ризалық болсын біздерден,

Ұрпақпыз туыс сақтардан!

Мұсылманды қорғаған,

Рухани өмір жаңғырған.

Құдайдың өзі қалайтын,

Мүмінге лайық іс қылған.

Ақ жаулықты сақтасаң,

Заңмен қорғап жақтасаң.

Мұхаммедтің сен қолы,

Шапағатын тарқатқан!

Жолдау деп бұл қазақтан,

Ақ батасын арнаған.

Тылсымнан тұрған бақылап,

Құдайдың сүйген құлдардан!

Өркенде өс Рамзан!

Үстем бол жаулардан!

Исламға үлгі жол салған,

Қияметтік бұл заманнан!

Сенен болсын үлгі алған,

Қазақты болашақ басқарған.

Бірлігін ислам көркейтер,

Қаны бір туыс мұсылман!

(Мамыр 2017 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *