Адамзаттың мінезі мен ақылының көрінісі-зейнеті.

Бөлім: Ата жолы кітабы №3 73

«Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек», «Бөрік-адамға көрік», «Ескі киімді баптағаның жаңа киімді сақтағаның», «Ескісіз жаңа болмас, жаңасыз ескі болмас», Етігі жаман төрге шыға алмас, жеңі жаман табаққа да кіре алмас», «Жыртық етік аяқ қажар», «Киімі жаманды ит қабады, ниеті жаманды құдай табады», «Орамал тон болмайды жол болады», «Сөз бергенге ерме, бөз бергенге ер, сөз бейнет болар, бөз көйлек болар», «Қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды», «Тоғыз қабат торқадан тоқтышығым терісі артық», «Киіміңе қарап қарсы алар, ақылыңға қарап шығарып салар».

 Бұл аталарымыздың аманатынан киім хақысы жайында аз ғана белгі болса;  «Үмму Халладтың орамал тағып алғанын көрген бір кісі таң қалып; «Халлад өлді ғой! Сен әлі де  (шашыңды жаймай) орамалмен жүрсің бе?-деп сұрады. Сонда Халладтың жесірі; «Халладтан айырылғанмен ұятымнан айырылған жоқпын ғой!» депті. Бұл сөзді естіген пайғамбарымыз: «Халад үшін екі шейіттің сауабындай сауап бар» деді.» Бұрынғы ислам дінін қабылдамай тұрған кездегі  араптардың салтында әйелдердің күйеуі қайтыс болғанда орамалын шешіп, қазіргі әлем әйелдерінің сәні болған шашын жайып жүру салты болған. Яғни жесір қайғыға түскен деген белгі екен. Пайғамбарымыз мұсылман әйелінің де, еркектің де киімінің дұрыс тәнін толық жабуын қатаң ескертіп бұндай надандық қылықтарды діннен аластауға көптеген өсиеттер мен үлгілер қалдырған. Айша Анамыздан; «Пайғамбарымыздың; «Киімін үйінен басқа кез-келген жерде шешкен әрбір әйел-Алламен өзі арасындағы пердені жыртқан болады» дегенін естігенмін.» (4010 Термизи). «Ұзақ сапарға шыққандықтан үсті басы шаң-тозаң, басы ұйпа-тұйпа ашық және қолдарын аспанға көтеріп; «Уа Раббым, Уа Раббым!» деп дұға еткен бір адам туралы; «Бұл адамның ішкен-жегені харам, кигені харам, хараммен қоректенгесін дұғасы қалай қабыл болады?» дейді.» (Мүслим 65).  «Егер жаннат тұрғындарынан бір әйел жер тұрғындарына қараса аспан мен жердің арасын жарық етіп, иісі жайлап алар еді, ал оның орамалы – дүние мен ондағылардан хайырлы» деген.» (2796-өсиет). Адам баласының киімінің ақылына және жан тазалығына тәуелді және Алла мен арадағы перде зейнет киімін, азығын, жұпар иісін қалыптастыратынын пайғамбарымыз қарапайым ашық түсініктермен ескертіп кетіпті. Құранда да жаратушымыз еркек-әйел бір-біріңнің киіміңсіңдер деп ескертіп тән тазалығының некелік, жұбайлық өмірде ерекше орын алатынын астарлап ескерткен.

 Інжілден ғибрат. «Менің Масіхтен үлгі алғанымдай, сендер де менен үлгі алыңдар! ..Енді мынаны білулеріңді қалаймын; әрбір еркектің басы Мәсіх, әйелдің басы-күйеуі, ал Мәсіхтің басы-Құдай. Солай болғандықтан, ер адам Құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезде басын жаппаса, өз басын (яғни Мәсіхті) құрметтемегені. Ал құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезде жалаң бас тұрған әйел өз басын (яғни күйеуін) құрметтемегені. Бұл шашын тықырлап алып тастағанмен бірдей. Себебі бір әйел басын жапқысы келмесе, онда неге шашын қиып, алдырып тастамасқа? Ал егер әйелдің шашын қиып немесе басын тықыр етіп алып тастағаны ұят болса, онда ол басын жапсын. Сонымен еркек (басы) рухани жағынан Құдайға ұқсас жаратылып, Оның ұлылығын бейнелейді. Әйел болса күйеуінің ұлылығын (рұхын-ұрығын) бейнелейді. – Құдай еркекті әйелден (ұрығынан) емес, қайта алғашқы әйелді еркектің сүйегінен (сүйектен шыққан ұрықтық судан) пайда қылды. Ол еркекті әйелге бола емес, әйелді еркекке бола жаратты. Сондықтан әйел өкілеттігінің белгісі ретінде басын жауып, періштелер назар аударатын тәртіпті сақтауы керек. Дегенмен Иемізбен байланысымызда (рухани қасиеттерді меңгеруде) әйел еркектен, еркек әйелден тәуелсіз емес. (Тәуелді!) Алғашқы әйел еркектің сүйегінен жаратылса да, еркек әйелден туады, ал екеуін де жаратқан – Құдай. Өздерің пайымдап, ақылға салыңдаршы: әйелдің басын жаппай Құдайға сиынуы әдепке жата ма?  Табиғи түйсіктеріңнің өзі сендердің ұзын шаш еркек үшін ұят, әйел үшін мақтаныш деп үйретпей ме? Ұзын шаш әйелге басын жабатын жамылғы ретінде берілген. Егер біреу бұл туралы айтысқысы келсе, бізде де Құдайдың өзге қауымында да мұндай салт жоқ.» (Корытындықтарға; 11-тарау)

 Ғылым, білімнің жеткілікті дамымаған заманында да әлемде дін қауымдарында әйелдің жалаңаш жүруі түгіл басын жаппай жүрген салты болмағанын ескертеді. «Жалаңаштықтан сақтаныңыздар! Қасыңызда мүлде жандарыңыздан айырылмайтын періштелер бар. Ол періштелер тек әжетханаға кірген кездеріңіз бен жұптарыңызбен қосылатын кездерде сізден айырылады. Олардан ұялыңдар әрі оларға жақсы қарым-қатынаста болыңдар.» (Термизи 42\2800) деп жалаңаш адамнан періштелердің қашатынын, жан киімінің періштелерін тек киім ғана ұстап тұратынын қатаң ескерткен. Бұрынғы қасиетті аналарымыз; «Жаманның қойнында жатқанша, жақсының аяғында жатайын» деп жақсы еркектің қасиеті, періштелігі барлық тәннің тазалығының ең соңғы тірегі аяғының тазалығы мен киелі ағашы «таяғынан» екенін ескертіп, жаман ойсыз еркекке бәйбіше болғаннан, сондай ойының қожасы, шопаны болған еркектің тоқалы болған тұқымның азбауына, жанның жетілуіне абзал деп жан сырын жетік білгенін түсінуге болады. Абай атамыз бұндай жан періштелігінің тазалық сырын; «Бас жоғары жаралған, мойын төмен, Қарашы дене біткен ретіменен. Істің басы-ретін танымақтық, Иман білмес тағатты қабыл демен. Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, Хуснизан (көркем пікір) мен иманды білді ойлаған. Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған.» деп «Әйел затының еркектің ішінен жаралғанын ескертіп, сондықтан; « үйі, жыныстық қуаты лас және әлсіз болса еркектің мойыны жіңішкереді» деген аталарымыздың даналық жан сырының ғылымынан берген нақылын өлеңмен өрнектеп түсіндіреді. Пайғамбарымыз да «намаз оқушы араптардың көбінің иманы мойнынан садақтың оғындай ұшып шығып кетеді» деп осы әйел мен еркек арасындағы неке төсегіне қырау тұратынын, иман келтірудің әйелдің жан, тән тазалығына да тәуелді болатынын ескерткен.

 Үлкендіктің әдебі туралы ғибрат.

         Бір жұрттың бас хакімі бір баймен сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір кедей адам өтіп бара жатып, иіліп сәлем береді. Оған қарсы әлгі төре жарлыдан да төменірек бас изеп, сәлемін алады. Қасындағы бай: «Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қарап тұрған хакімсіз. Осы бір жаман кедейге неге сонша бас ұрасыз?»-дейді. Сонда хакім: «Ешбір ғылым-білім үйренбеген қара кісі сонша иіліп, әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсізірек болып қалайын ба?»-деп жауап қайтарыпты. Енді бірде Сократ данадан; «Осынша ізеттілік пен даналықты кімнен үйрендіңіз?» деп сұрағанда: «Надандар мен әдепсіздерден.»-деп жауап берген екен. Кейде біз жастарымыздың кейбір жақсы қылықтарынан да үлкендердің үйренуі керек сияқты;

 Кішкентай Нұрмаш бір күні басына әкесінің бөркін киіп, «енді мен үлкен кісі болдым» деп ойлады. Сөйткенімен, бөрік олай ойламады. Үлкен кісі болғыш Нұрмаштың көңіліне қарамастан, дәл мұрынына түсті. Нұрмаш мұны да елең қылмады, қолына бір таяқ алып, аяқтарын маң-маң басып, ана ауылға қарай жөнеліп еді, мұны мал қайырып жүрген Бекбай отағасы көріп қалып, айқай салды: «Әй бөрік! Сен не қылып жүрсің? Біздің Нұрмашты қайда алып барасың?» -деп. Сондықтан ағайын кісілігіңіз, бөркіңіз, «қажылығыңыз» қалыптасу үшін адамнан емес құдайдан ұялып, білімі де болмаған аталарымыздың әдебін жасап, төрттің бірі төбемізді де жабуды әдетке айналдырсақ төбеден келетін бөркімізді киіп, кісілігіміз де сөздің астарын ұғынатын «патшалығымыз» да қалыптасады екен.

 Патша туралы астарлы әңгіме.  … Орман аралауға шыққан патша адасып кетіп бір ағаш кесіп жатқан мұжыққа жолығады. Патша: -Жасаған жәрдем берсін, мұжығым! Мұжық;-Маған сол жәрдем керек-ақ болып тұр. Патша: -Көп пе, үй ішіндегі адамдарың?  -Екі ұлым, екі қызым бар. –Олай болса, артық көп емес екен. Сен тапқан ақшаңды не орынға жұмсайсың? –Мен тапқанымды үшке бөлемін. Бір бөлімін борышыма беремін. Бір бөлімін қарызға беремін. Бір бөлімін суға тастаймын. Патша ойлайды-ойлайды таба алмайды да: -Бұл не деген сөз; борышыма беремін, қарызға беремін, суға тастаймын деген?  Мұжық: -Борышыма беремін дегенім-әке шешемді асыраймын. Қарызға беремін дегенім-ұлдарымды тәрбиелеймін. Суға тастаймын дегенім-қыздарымды өсіремін. Патша айтады:-Нендей ақылды бас. Енді сен мені орманнан шығарып жібер, өзім жолды таба алмаймын. Мұжық:-Жолды өзің де табасың. Осыдан тура жүр, біраздан соң оңға бұрыл, онан соң солға, тағы да оңға. Сөйтіп орманнан шығасың. Патша:-Сенің бұл сілтеуіңнен орманнан шыға алмаймын. Өзің шығарып жібер. Мұжық:-Еріккен кісіні жолға салып жүруге менің жайым жоқ. Жұмыс кісінің күні қымбат,-дейді мұжық. –Қымбат болса төлермін,-дейді патша. –Төлесең айда,-деп мұжық патшаны ертіп жүреді. Жолда келе жатып мұжықтан патша сұрайды: -Өміріңде қанша жер жүріп көрдің? Мұжық: –Біраз жерде болдым. -Патшаны көрдің бе? Мұжық: — Көргенім жоқ, көру керек еді.     – Көргің келсе орманнан далаға шыққанда көресің. –Мен оны қалай танимын?-дейді мұжық.  –Жұрттың бәрі жалаң бас тұрар, патша ғана бөркін алмас. Міне, бұлар ашық далаға шықты. Жұрт патшаны көрген жерден бөркін алды. Мұжық қарайды, қарайды, патшаны көре алмайды. Енді сұрайды: -Патшаң қайда? Сонда патша айтады: -Көресің бе, осы топтың ішінде бөркімен тұрған-мені мен сен. Екеуміздің біріміз патша шығармыз.

 Бұл жан ғылымынан хабар беретін ғибратты әңгімені Міржақып атамыз оқушыларға астарлап жазып, ал бұл  әңгіменің діни сырын хазіреттер, имамдар және дін басы, философтар оңай шешуі керек. Абай-Шәкәрім атамыз да осы жүйеге құрылған жан сырының құпиясын қарапайымдап түсіндіріп кетіпті. Енді орманға кіру сөз майданына кіріп тура жүру біздің діншілеріміз ұсынған «масһабымыз» болып, ал мал-жандық борыштарды өтеу ата-жолы ата дәстүріміз, дінімізбен ормандағы адасқан патшаны тауып, орманнан бірге шығып қауымына қалай  қосуды, үш амалмен төртеуді түгелдеп, бесті тауып, алтыны қалай алып патша болуды өзіңіз шешіп көріңіз. «Ұл жоқ болса, қыз да игі» деген кәне, Азсынба, әлі де шық сан қияға! Ғылымға қанағатсыз болу керек, Бес түгіл разы болмай алтыға да.» (Шәкәрім ата) Бес дегеніміз — қазақ муфтиятының халыққа ұсынып өздері де меңгеруінен жаңылысқан шариғатта қалыптасатын «масһаб» ғылымы болса, алты — тарихаттық ғылым болып, жеті дегеніміз — көркем мінездің жоғарғы сатысы, пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен  мағрипаттың дәрежесі ақиқаттың есігі болмақ. Ал төртеуін түгелдеуін де ұмытқан масһаб ұстанушыларға аталарымыз меңгерген бұл қағидалардың әлі көлеңкесі де түспегені даусыз шындық.

 

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *