Әй көп халық….

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 165

Көп болып өскен шөп халық,

Жолына өсіп биліктің,

Масқара болып шықпалық.

Жер сатуға қам қылды,

Дүние байлық алғалық.

Жолына тастап биліктің,

Тырмаңды көрмей бас жарып.

Надандығың бұл десе,

Болмады құлақ тыңдарлық.

Боласың деп бүлікші,

Кетсеңдер үйден қозғалып,

Тізімдеп жүрген жеріңді,

Бақылап жүрмек болғалық.

Жолына өсіп шөп болып,

Тырмаңды қойдың басқалық.

Үкімет басшы қиналып,

Ақылсыз мына көп халық.

Түсінбей заңды қорғарлық,

Кетпесін деген бас жарып.

Нұрланған заңмен билікті,

«Зайырын» төкпе жиналып.

Көшеге шықсаң айғайлап,

Заңы бар елді атарлық.

Құдығы едің биліктің,

Қалғансың енді суалып.

Шет елден суат алатын,

Билікті халық тыңдалық.

Өлмейтін мәңгі заңы бар,

Өлімді елсің шөп халық.

Тасаттық беріп Құдайға,

Жасайық дұға қол жайып.

Сұрамай құдайдан араша,

Даналардан айырылып қалмалық!

(Қаңтар 2017 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *