Әйелдер туралы әл қиса

Бөлім: Ата жолы кітабы №2 163

     Әл қиса ерте замандарда бір ақылды патша өмір сүріпті. Бір күні қарамағындағы екі уәзіріне мынандай жұмбақ тастапты. «Екеуіңді екі елге жансыз қылып жіберем, жеткілікті қаражат беремін, тек сол елдің тілін сөйлеп жан ашыған болып, оларға білім үйретіп, бірақ әйелдерімен немен қызықтырсаңдар да ашына болып, мінездерін өзгертіңдер, сонда әйелдер көрсе қызар қалпын тауып, не берсе де күйеулеріне риза болмайтын, ұстамдылық, төзімділігінен айырылады. Үнемі ол елде шешілмейтін дау туады, бірін тоқтатса, екіншісі туып отырады, даудың басында еркегі емес әйелі жүретін жағдай туғызыңдар! — деп тапсырма берген екен.     Сонан жылдар өтіп әлгі екі уәзірді алдыртып не бітіргенін сұрайды патша. Бірі әбден семірген, екіншісі арып ашып жүдеген. Күйі жақсы уәзірі; Алдияр менің барған елім, ақ көңіл бір сенгіш ел екен, әйелдеріне бар еркіндікті беріп қойып, өздерімен қатар ұстап, тіптен бар жұмысқа араластырып, бар үкімет жұмысы да әйелдерсіз шешілмейді. Сол себепті маған тіптен оңай болды. Әйелдерін де аздырдым, ішімдіксіз бас қоса алмайтын қылып, ешқандай да бірінен-бірі ұялмайтын қылып, сіздің тапсырмаңызды артығымен орындадым дейді. Сонда екінші жүдеуі тұрып; Мен барған ел қатаң тәртіпке бағынып үйренген ел екен, әйелдері күйеуінің ұлықсатынсыз қадам баспайды да, оңаша сөйлесу де мүмкін емес. Жалғыз жүрмейді, әркім тек өзіне тиісті шаруасын орындайды, ішімдікті арам деп татып та алмайды екен. Баланы қадірлеп, бар бос уақытын баланы үйретуге жұмсайтын халық екен. Мен сіздің тапсырмаңыздың бірін де орындай алмадым, сол уайымнан жүдедім деген екен. Сонда әлгі патша; Уайымдама, дұрыс болды, мен сол елге соғыс ашып жерін алғым келіп еді, бос әуре болып шығынға ұшырайды екенмін, онан да күтейін, мына әйелдері азған көршіміздің  халқы да азып, дау-дамайдан өздері-ақ қолтығымызға келіп тығылады, тек өз салтымызды үйретсек елін де жерін де көп шығынсыз иемденеді екенбіз деген екен. Кезінде талай жауға есікті ашып берген де әйелдер, қосыла жауға шауып жеңісті жақындатқан аналардың даналары болған, соны көру үшін көзді, есту үшін сөзді, ойлау үшін сананы, білу үшін шындықты жаратқан, тарихты дастандарды қалдырған. Ақыл үнемі алда жүрсе, шындық артта болып, ортасында ой тұрар екі сипатымен, қалағаныңды ал деп. Жаңылыспас үшін тарих атты тағлымнан үлгі алайық. Ол таза шындық, тек ақылмен салыстырып қана ойлану керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *