Әкем тауып, анам мені туған күн

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 107

Анам мені туған күн!

Есік ашып өмірге,

Құрсақтан бүгін шыққан күн.

Іңгәлап жылап дүниенің,

Қарсылық сырын ұққан күн.

Анамның шикі ақ сүтін,

Ақ уыз деп дәмін татқан күн.

Шикі қылмас ақ сүтін,

Ар ұят ділін алған күн.

Қазақ болып жалғауға,

Әке рұқына жалғандым.

Жер ана мен көк отаным,

Адам бол деп баққансың.

Қазақ деген есімге,

Рұқымен досқа жалғандым.

Әулие –әмбилер өскен жерінде,

Ізінен кітап алғанмын.

Жаулықты аналар жарық боп,

Жанымды өсіріп жалғандың.

Қауымым өскен ортам бар,

Екі арада жүрген аруағым

Күзетіп мені баққансың.

Түсіме кіріп ақыл боп,

Адамдық сырын ашқансың.

Жер мен шалдың емшегін,

Емумен рұқтан жақсардым,

Мың шүкір арнап құдайға,

Ағайын, туған, бауырлар,

Бағыма алған ортақсың!

(Маусым 2015 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *