Өмір деген не?  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 78

Өмір, дүние жер мен көк өткен заман,

Бесеуінен қуат алып  болмақ адам.

Өмір уақыт өлшемі әр пендеге,

Тағдырың боп несібең бірге туған.

Дәм-тұз несібеңнен өмірге нәр,

Өмірдің уақытпен өлшемі бар.

Өлмек, қартаймақ және ауырмақ,

Шыққан жер, өз үйінде қайтыс болар.

Әр пенденің туылған бір күні бар,

Жинауға сыртқы әлемнің жарығын бар.

Ақиреттен жалғандыққа шыққан күні,

Іңгәлап шағым айтып жылау да бар.

Туылумен, қайта өлумен өмірің бар,

Мәңгілікке жанды өсіріп қайта барар.

Жалғандықтың істерін ғылым біліп,

Қарсыдан өндіріп қуат, кісің болар.

Сегіз сипат жаратқаннан алмақ адам,

Тоғызбен құлшылығың басқан қадам.

Жалғанып мирасына  қалдырған ата-анаң,

Тазартып құраныңмен бақшаң салған.

Бәйшешектің ой бақшасы ғылым болған,

Кім кірсе бұл бақшадан өмір алған.

Дегенді пәни жалған, бақи арман,

Ақирет өмірін мәңгілік деп атаған.

Пәни — тән, ақирет өмір — жан, рұқың алған,

Екі аралық рұқың бар тағдыр болған.

Рұқтан қуат тән өсіріп жан көбейтпек,

Екі өмірді қатар меңгер болсаң Адам.

Түнде жаның тіріліп ұжмақ барсаң,

Таза ақыл мен ғылымнан дерек алған.

Күндіз беріп рұқыңа бар қуатын,

Тарқатып сауап іспен құлшылық болған.

Түнің мен күндізі де бірдей болған,

Бүгінгі заман адамзатты өлі аталған.

Түнінде жаны оянбай, жаннат енбей,

Дінші, ғалым, имамдар наданданған.

Туысқандық Алла жібі жалғанбаған,

Тегінен қазақ білімділер ажыраған.

Иірген жібін тарқатып олақ қатындайын,

Талай ғасыр дәстүр-салтын жібіңді алған.

Перғауынның еліндей білімді алған,

Мұсаға, құдай ісіне қарсы болған.

Тарихтың мұндай ісін сынақ қылған,

Қазақтың елінде ел билігі қайталаған.

Мәңгілік ел болмаққа ұран жазған,

Арсыз, ұятсыз жан өлі елің азған.

Мәңгілік өмір ғылымын жанға алмай,

Хаққа қарсы ел билік елді аздырған.

Өмір-дүние, жер мен көк өткен заман,

Адамзат үш рет пәниге қадам басқан.

Үш ғылым, үш тегің от, ағаш, судан алып,

Көріп, естіп, ақыл біліп ойландырған.

Екі мен бірі өлмек, бір мәңгі жаны алған,

Менікі екі деп Абай атаң сырын жазған.

Өлмейтін мәңгілік өмір жанның сырын,

Құдай ісің уахимен, аян көріп өсір Адам!

(Маусым 2015 жыл. Б.ТК)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *