Әкеңді таныдың ба?

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 2

Әлмисақтан серттесің,
Әкенің аты өшпесін!
Әке мен балаға серт деген,
Құраннан аят елге сын.

Бөлекпіз деген діндесің,
Жүргізген елдің кемесін.
Ой жорыған надандар,
Соттады аруақ -ел есін.

Танытайық деп әкесін,
Тапсын сонда жетесін.
Арыстандай ақырды,
Жинап ап ел серкесін.

Заңнан аттап өтпесін,
Айтпай сөздің төтесін.
Шоқынып заңға табынсын.
Тәңір деп біздей көкесін!

Нетесің, қазақ нетесің,
Екі күн сана, жетесін
Меңгертпей бүгін ел билік,
Амалсыз бұған көнесің!

Танымайтын әкесін,
Сыйламайтын шешесін
Дінсіз надан емес пе,
Іздеген жаттан ел есін.

Жын –шайтан бүгін келбетің,
Ар, ұтсыз жерлесің.
Билер ме елді аздырған,
Кінәлап кімді өлмексің?
*** ***

Әкең-қазақ, Алаш атаң,
Ізбөрі болған анаң.
Ұлсай Емер шешең еді,
Алтын адам мүсін қылған.

Танымасаң өспес санаң,
Күл-қоқыста жатыр бабаң.
Тас мүсінді белгі жасап,
Гүл шоқ қойып шоқындырған.

Жетең әлсіз, өлі санаң,
«Зияткер»-арсыз болды ма атаң?
Ар аманат арқалаған,
Бабаларың қайда қалған?

Осы емес пе ақырзаман,
Ар, ұяттан жұрдай болған.
Білімді алып ақыл қалып,
Есек боп, кітап арқалаған.

Рұқың әке жаратылған,
Кісілік еді тектен алған.
Анаң тілі ділің болған,
Ойдың үні кітап болған.

Қыз, қатының арсыз болған,
Алты жаның өспей қалған.
Өзіңді-өзің таппай жүрсің,
Кінәлі кім енді бұған?!
(Қыркүйек. 2015)
*** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.