Алланың жібі – он саусақ

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 140

 Жер жүзіне қарасам,

Неше түрлі халық бар.

Дін иманын санасам,

Шыңнан артық анық бар.

Бұл қалай деп ойласам,

Мұның да бір сыры бар.

Терең ойға бойласам,

Дәл мынандай түрі бар.

Жардың шашы сансыз көп,

Ол санауға келмейді,

Оның сыры осы деп,

Әркім бір тал ұстап жүр.

     Нұх қауымынан кейін адамдар бейнесін өзгерттім деп ескеткен жаратушымыз. Ал «Нұх сүресін» сүресінен ырыс белгісін санап көрсек 28 және 5 кісі болып 33 санын құрайды. Аятта және олар «Тәңірімізді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар» деседі. (23)  «Расында олар көпшілікті адастырады. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр». (Нұх 24) Бес бұт деп түсіндіреді тәспілерде. Ол шындығында 5 қуат, 5 саусақ. Бес қуатқа жіктеп ат қойып тәңіріміз солар деп табынған. Белгілері:

1)    Уад төбеден шаш арасынан бөлінеді.( Күкіртті  иіс өрісі)

2)    Суағ – көкіректен екі емшек ұшынан, мойын асты шұңқыры арасын сызықпен қоссақ үш бұрыш шығады. Сол қуаттың белгісі.

3)    Яғұс- беттен жалын болып бөлініп тұрады.

4)    Яғұқ – екі иық арасына түзу сызық жүргізсек ұштарын көкірек шұңқырымен қосақ үш бұрыш ішіне шығатын қуат

5)    Насыр  — Көзден маңдай арасы үш бұрыш белгі болып шығатын жандық қуат көзі.

     Енді осы бес қуат ошағы сегіз жынмен малдармен қырық белгі арқылы араласып қырық ырыс белгісін құрайды.Саусақтарға жіктесек әр қолда 19 буыннан 38 саны шықса қалған екеуі тілдік жыныстық мінез болып қырық ырысты құрайды.Шоқыну белгісі болып негізінен бес қуатты бос жіберіп әртүрлі ырымдармен жындар әлемімен байланысқа түсу болып табылады. Ол үшін сол қуат есік көздерін ашық ұстайды.(Әйелдердің үш бұрыш қылып кеуде тұсын ашып қойуы және үнемі басты ашық ұстау т.б.). Сондықтан діннің басты мақсаты сол қуаттарды меңгеріп бір жүйеде қызмет жасатуға үйрету керек. Адам баласы ақылмен болжап оймен таба алмайды, тек белгілі дін заңдылықтарын сақтап парыздарды орындап аянмен бағдар алып отырады.

        Аянға есік ашылуы үшін денеде  негізгі бес белгі пайда болу керек және 3 қараңғылықтан көру, есту, ойлау болып, сегіз белгіні толық алған пенде аянға яғни Алланың жібіне ие болады деп есептеуге болады. Көру қасиеттерінің негізгі ортасы тізе бір белгі. Есту құлақ бездері болып 16-ға бөлінсе негізгі орталығы баста күре тамыр ұйқы безі т.б. тәнде  ауысып алмасып келеді. Сыртқы жан сарайының есту байланыс түйіндемесі екі жауырын. Ойлау, сезім, түсіну бәрі төбеде жиынтықталады. Бастың жоғарғы жағында белгісі болады. Екінші белгі бөлігі табанда қалыптасады. Қалған бес қуатты (жынды) жіктесек;

1.Уад түйіндемесі желке шұңқыры болып.

2.Суағ  түйіндемесі жүрек болып табылады.

3.Яғұс түйіндемесі екі шекеден белгісі болады.

4.Яғұқ түйіндемесі жауырыннан белгісін береді

5.Насыр басқарушы атқарушы бала болып екі қолда түйіндеме белгісі болады. Осы сегіз белгіні алған пендеге аянға есік ашылады. Көктің жібін ұстаған болып есептеледі. Қалған 32 белгісі ол тән, жан тазалығының және бір-бірімен қатынас  жолдарының беріктігіне байланысты. Ондай жағдай тек тақуа жандарда және ерекше қасиетті әулиелерде болатын құбылыс. Сопылық жолдың негізі де осыған тіреледі, бірақ сыртқы қорған үй құрылысына тәуелді болады. Себебі 5 қуат өз мөлшерінде 8 жынмен тербелісте болып 9-шы кісі ана тілі және сүтімен келген қасиет болып, 10 -шы мизан жанмен Алла кеңшілігінен (түс, аян, уақи) жоспарланып отырған жағдайда өз теңдігін тербеліс жүйесін сақтайды, жүргізеді, ұстатады, сөйлетеді, әр түрлі сезімде тебірентеді.

                Денесінің  барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл суаты,

Махаббат қылса тәңір үшін.    (Абай ата)

«Табиғат әр бір адам бойына не дәнді дақыл болып, не арам шөп болып өсіп шығады, тәрбиешісі; Біріншісін уақытымен суғарып, екіншісін отап отырсын». (Ф. Бекон.) Әрбір пендеге Алла тағала көрінбейтін көркем бақша сыйлаған, оның жемісі тәнде, бұтағы, жапырағы жан сарайында. Күт, мәпеле, жемісін көр, пайдалан! «Не ексең соны орасың» деген аталарымыз.

Сол жан сарайының белгілер санына қарай аян төртке бөлінеді және 4-сатысы да бар.

1-ші  ұжмақтан хабар

2-ші бейіштен хабар

3-ші жанаттардан хабар

4-ші Алладан аян, ерекше құбылыс, ақылға сыймайтын ірі белгілерді көру көктің жоғарғы бөлігіне шығу арқылы болады, уақи деп те аталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *