Аманат жолдан ар жақтан,
Аруағы баба үн қатқан.
Есігін ашып тылсымнан,
Жүректен пенде тіл қатқан.
Ақтықтың жолын, Алланың,
Ақиқат тағдыр жалғаның.
Қрпаққа артып үмітін,
Төседі даңғыл жолдарын.
Адаспас жолды нұсқайды,
«Адасаң» байлап ұстайды.
Ниетті басса қарлық,
Лақтырып құзға тастайды.
Аянмен баба жетелер,
Ниеті ақты көтерер.
Білімен ақыл бір тұрар.
Батамен жасап болашақ,
Ұрпақты баба қолға ап.
Ақтыққа бұрып жалғанды,
«Аруақ» ашты майданды.
Аманат жолын бабаның,
Ақтығын ақыл дананың
Тұрғыдан үлкен ұғайық,
Алладан тілеу сұрайық.
Ата жолға қол бастап,
Дұшпанға таба болмастан.
Ұранда алғажамағат,
Сенімі баба аманат.
(Қазан.2001 ж. Тарыбаев Қыдырәлі Момбайұлы)