Өмір жолын жүріп өту пендеге,

Жаратушы сынақ қылып бергенде.

Алалықтан ақ қараны ажырат,

Өз-өзіңді алдау жолын көздеме.

Алла алдында, ар алдында жауап бер,

Өткеніңді таразылап сынап көр.

Жалғандықта, жаның барда кімсің сен?

Жарық түспей көрінбейді көлеңкең.

Татусың ба, іргең бірге көршіңмен,

Адастың ба, арамдықтан, кесірден.

Білгіш болып білімдіні тілдеген,

Пендесің бе «құр сөзді көпірген».

Бала сүю арман еткен барша адам,

Бабаларды болашаққа жалғаған.

Ата-аналық ақ боышың парызың,

Өтедің бе өмір жолдың қарызын.

Немере мен шөберені сүйгізген,

Өсіп-өну «ана арманы» дегізген.

Татулықтың туын қолға ұсттатып,

Ақтадың ба ана сүтін емізген.

Достар көп пе, үміт артқан сенімен,

Адамзатың арманы екен делінген.

Жалғандықта «адам күні адамен»

Сенім күші биіктерден көрінген.

Әлде пенде адалдықты сатың ба?

Күнің үшін аққа қара жақтың ба?

Ар алдында, шындық туын жықызып,

Арамдықтың паранжасын жаптың ба?

Барлық пенде батыр болмас әлемде,

«Кішіге ізет, үлкенге бер» сәлем де,

Намыс оты көкіректе оянса,

Көрінгенің батырлықтың төрінде.

Өзін-өзі әр пенде сынасын да,

Өз тіліңді, өз дініңді ұғасың ба?

Елің үшін, жер үшін, ұрпақ үшін,

Ата дәстүр, ата жолға шығасың ба?

Ерте ме кеш сын сағаты соғылады,

«Алла жолы» бағың болып табылады.

Күнә жуғың ар суына бұлаққа,

Жауап берші «кіммін» деген сұраққа?

(Қараша.2001ж. Тарыбаев Қыдырәлі Момбайұлы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *