Әмеңгерлік дәстүрі

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 178

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Салт деп атайды замандарға,

Амалы тіршілікте заманында.

Дәстүрдің болар байланысты,

Құдай өзі білдірген жобасына.

 

Әмеңгерлік дәстүрі қазағымда,

Дінші қарсы, жоқ деген шариғатта.

Бір уақиға мысалын баян қылсам,

Тоқталып исрайлдік елдің тарихына.

 

Бұл күңгірт ерте заман уақиғасы,

Қазақта мұнан қалай үлгі алыпты?

Әлде бұл түп негізі сақтап тарап,

Жер жүзі салтына үлгі алып па?

 

Алаш баба исрайлдің түп атасы,

«Моаб» деген түркілік бір тайпасы.

Нағима атты анамыз жесір қалып,

Екі келіні де жесірлік зарын тартты.

 

Күйеуі, балалары мезгілсіз ажал құшты,

Бала қалмай арттарында қайғы жұтты.

Төркініне қайтып барып қауышуға,

Ұлықсат деп келіндерге арыз айтты.

 

Рут атты келіні жылап жалбарынған,

Тастама ана мен сенімен бірге болам.

Өлсек енді бірге өлейік ажырамай,

Деп келіні соңынан ене еріп барған.

 

Ертіп келді енесі төркін жұртқа,

Жерін алды қалдырған әке мирасына.

Келінмен жүрген жалданып бай, мырзаға,

Боғаз атты бір жомарт тума ағайынға.

 

Боғаз жомарт мейірімді әділ екен,

Рутты сыйлап жесір деп жәрдем берген.

Тамағын да бөлдіріп үйдегі енесіне,

Осылай екі мұңлық күнін көрген.

 

Бұл жайдан енесі жақсы хабардарды,

Бұл елде әмеңгерлік салты барды.

Боғаздың жатқан жерін тауып алып,

Рутқа аяғына түне деп тапсырады.

 

Рут та бұл тапсырманы мақұл алады,

Үстіне әдемі киімдерін киіп алды.

Егістікте астық жинап түнер жерін,

Сыртынан көріп ерте байқағанды.

 

Боғаз шаршап ұйқтап дем алғанды,

Білдірмей аяқ жақтан Рут та еніп алды.

Таң ата бұл кім деп Боғаз таң қалады,

Сөзін тыңдап Руттың мақұл алды.

 

Менен де саған жақын бар әмеңгерің,

Базарға  барып жағдайын білісермін.

Егер ол бас тартса егер сені алуға,

Онда өзім саған болам әмеңгерің.

 

Боғаз келіп жинаған он ақсақалды,

Бұл іске куә болып беріңдер баталарды.

Шақырып жақын туыс ағайынды,

Әмеңгер бол деп Рутқа қолқа салды.

 

Ол айтты мен мирасқа ала алмаймын,

Бала туса тегіне жазып бере алмаймын.

Бердім деп жолымды деп аяқ киім ұсынады,

Осындай ол елдің де салты барды.

 

Рут пен Боғаз үйленіп той қылады,

Аяқ киімін әмеңгерлік Боғаз алды.

Көп ұзамай Рут та бала туып,

 Ғабит атап тегіне мирас жазғызады.

 

Ғабиттен Есей, Есейден Дәуіт туған,

Тегі олардың Жақыптан еді шыққан.

Ал Жақыптай пайғамбардың зияраты,

Балхашта қазақ жерінде неге қойылған?

 

Ата тегі Жақыптың, Ыбрайым пайғамбардан,

Алаш атадан талай ұлттар еді таралған,

Еврей түркінің десем түп  атасы,

Бұл сөзге нанар қазақты қайдан табам?

 

Керей мен еврей неге сөзде ұқсас?

Алдай ана қалдырған сөзді көр тыңдап.

Еврейді тексіз деп батыстан қудым деп,

Текті болсын деп Керейді деген туғам.

 

«Қойнындаа жатқанынша жаманның,

Аяғында жатқан дұрыс жақсы адамның»

Талай ана қазақта тегін сақтау үшін,

Таңдай білген әкесін туатын баланың.

(ақпан 2014 жыл)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *