«Аңырқай шайқасы»

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 191

(Аруақтан ақ бата, нәсілдер соғысы)

Әзәзіл бұл заманда,

Антын елдің ұрлауға,

Аңдыған албасты,

Салмасын зынданға.

Тар құрсақ, тас емшек,

Қадірін кім білмек.

Қыз бенен қырқының,

Заманға жүр күйлеп.

Сараңдық сойқанға,

Күнәдан тазарма.

Табысың азғана,

Садаққа саларға.

Қорқытып былғады,

Ата жол қуғанды.

Шайтандар азғырып,

Зұлымдық шықанды.

Зор табыс тілеген,

Құдайын сүймеген.

Іштегі күнәсін,

Ақтауды білмеген.

Бетпақтық бүгінде,

Қатынның тілінде.

Қартайған шағында,

Қарғыс қой киуге.

Ағарар кімдер бар,

Бүгінде ұрпақтар.

Үлкен мен кішінің,

Қадірін ұғынар.

Сасық түлкі арамдық,

Кикілжің саларлық.

Қойыңдар ұрпақтар,

Арсыздық боларлық.

Жайлаған заманда,

Айқай шу саларға.

Күлкіге қарық боп,

Ашылған аранда.

Тәпсірмен ант ұрған,

Айрыған адалдан.

Бүгінде зар заман,

Пейілің тарылған.

Атадан балаға,

Байлығын аларға.

Есепсіз, қисапсыз,

Шашуға бола ма?

(Аққу Ф.А дерегімен)

****   ****

Аруақтан ақ бата,

Ұрпаққа бақ бата.

Бақ болып келгенді,

Ата жол қазаққа.

Көктетпей қиғанды,

Екі күн ұрланды.

Ессіздер билеген,

Ақырғы заманды.

Тыңдайтын құлаққа,

Ғылымнан суатқа.

Құранның үні бар,

Иман боп қуатқа.

Шайқасы Аңырақай,

Тылсымнан жан айқай.

Ақ пенен қараның,

Арпалыс тұр жағдай.

Тозақтан құтқармай,

Қауымдық аруақты ай.

Қазақ тұр теңселіп,

Ай күнді жапқандай.

(Қазан 2016 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *