Ақ ұлға арнау(229) 

Бөлім: Зікір өлеңдер 151

Аңқылдаған ақ жүрек,
Адал ниет, елгезек.
Алланың түсіп таңдауы,
Ақ мөрі бойға болды зейнет. 

Қиын-қыстау кезеңнен,
Қараңғылық мезгілден.
Аруақтар жол көрсетіп,
Түсірген сәуле біздерден.

Жұлдызымен жеті жалғанып,
Елшілік ісін қолға алып.
Ақ батасын беріп бабалар,
Шындықтан хабар келді анық.

Ақ бата Раббы нұрымен,
Алланың үнсіз тілінен.
Аруақтар болып сөйледі,
Ақ ұлдың ашқан мөрінен.

Аққу, сұңқар аталып,
Ақ жолы Қазақ басталып.
Оянып халық ұйқыдан,
Ата жолы керуен жалғанып.

Сөзімен көркем тылсымнан,
Тоғыз жыл өтпек сынынан.
Ақталып құрбан қанымен,
Өшіріліп күнә тағдырдан.

Жайылды несібе дастархан,
Рахметі түсіп Құдайдан.
Ғылымын құран аятын,
Хикметімен болды ашылған.

Ілімнің сырын біліммен,
Раббының өзі түсірген.
Зерттемей билер, білімді,
Бірлетпей дәстүр дінімен.

Ібіліс кіріп араға,
Бұрмалап қисық жолдарға.
Бас-басына би болып,
Дүниенің түсіп соңына.

Бесінші белес асудан,
Аянмен уахи тосылған.
Маңдайдың көзі ашылмай,
Үзілген құс жолынан.

Аянның жібі үзіліп,
Батаның сөзі бұзылып.
Түйсік пен сезімнен,
Деректер жалған беріліп.

Жүрекке енбей хабары,
Түстерді аян қылғаны.
Аққу мен сұңқар шатасып,
Ақ ұлды аяқтан шалғаны.

Тарылды жүрек тамыры,
Жер анадан ажырап ар үні.
Аруақтардың ақ батасы,
Ақ ұлға жетпей қалғанды.

Таңдап еді бес алып,
Ақ ұлға қосқан жалғантып.
Хабаршылар тылсымнан,
Аманатты бұзды алданып.

Ширықтырып хабармен,
Ескертті Алла ажалмен.
Қасында жүрген нөкерлер,
Сыбайлас болды шайтанмен.

Қапыда деп, келді ажалы,
Ақтамақ сөздер амалы.
Дегендер көп бөседі,
Алланың бұл еді жауабы.

Көтеріп алып тарапқа,
Жалғасты сын сағатқа.
Түсіріп қазақ еліне,
Есепке тартып санаққа.

Баспалдағын өмірдің,
Өткеріп барлық себебін.
Басып өтті Ақ ұлда,
Атқарып ісін өлмейтін.

Өлді дейді, көп надан,
Мәңгілік өмір сыйлаған
Алланың бұл тағдыры,
Өлместей жанды сынаған.

Жаны оның жүр арада,
Аруағы тұрып қатарға.
Қызметімен мәңгі елшісіне,
Әскері, басшы ақ жолда!

Алланың бізге үндерін,
Пайғамбарлар, елші істерін.
Тылсымнан үлгі көрсетіп,
Жалғап жүр аян жібтерін.

Аян мен уахи көрмейтін,
Алмаған нұрдан зейнетін.
Ібіліске қызмет қылып жүр,
Маңдайы сор, соқыр көрмейтін.

Жалғадық, деп ісін Ақ ұлдың,
Бата, деп түсірген Раббының.
Шайтаннан жынды сөйлеткен,
Күнәға жалғап ел тағдырын.

Ақ ұлдың ісін жалғаған,
Аз ғана бар аққу, сұңқардан.
Көбейер рухани батырлар,
Болады қазақ әлемге танылған.

Жасайды мәңгі қазағым,
Жеті ақ ұл болар жалғайтын.
Үлгі етер қазақ дәстүрін
Ақ туын ұстап Айша ананың.
(Қаңтар 2019 жыл)
**** *

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *