Ақ жол келді еліме

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 48

Ақ жол, киелі елдің ұрпақтары бүгінде,

Құрбан шалды Сүйінбайдай пірі жатқан төрінде.

«Бабалардың аруағы» қолдап тұрған киелі ел,

Дініміз бен тілімізді кең тартар жерінде.

Түктібайдай әулиесі ақыл, дана сөзімен,

Тұр ғой әне нұрын шашып қобызының үнімен.

Өлең, жырдың мұхиты Сүйінбай мен Жамбылдың,

Ұрпақтары кең тарған тамшысындай жаңбырдың.

Сарыбайдай биі болған ақ пейілді бұл елдің,

Бірлігі мен елін ұстау ісі болды тектінің.

Аруағы Қайназардың қорған болып еліне,

Адалдықпен, қаталдықпен ақ жол сілтеп бүгінде.

Қарасай боп ұран юолған ірі тұлға бабамыз,

Көк байрағын тік ұстап жүр сіздің ұрпақ балаңыз.

Орындалды кезіндегі «елім» деген арманы,

Қорғап жүр ғой, жерін-суын бабамыздың аруағы.

Талай тарих куәгері болған мына Алатаудың етегі,

Шапырашты ұрпақтары кең жайғасқан мекені.

Ұрпақтарға бата жолдап бабамыздың аруағы,

Адалдықпен ақ жол ұстау бізге міндет етеді.

Болар әлі аруақтан бата алу талай пенде арманы,

Кең тарасын өзім салған шәкіртердің орманы.

Шығар шыңның белесі көл осы ұзақ жолдарда,

Қолдап жүрсін, қорғап жүрсін киелі елдің аруағы.

(1997 жыл, Тамыз айы. Қыдырәлі Тарбаев)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *