Бұл кітап ақиқат бастауы кітабының жалғасы болып, ақ жол және тура жол туралы жаратушымыз Құранда қандай үкімдер берген және «Сәни дәптерді» меңгеріп, жалпы «Яссауи жолының»  айырмашылық ерекшелігін түсіну үшін, Құран аяттарының құпияларын шешу үшін, бабалар батасымен және берілген аяндармен бағдар алып, «Сәни дәптерді» негізге ала отырып, танымал болған ғылымнан дәлелдер келтіріп, болмыспен жүйелеп оқырманға Құран ғылымының құпияларын талқыға ұсынамын.

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

«Құранды, олардың қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау және иман келтірген ел үшін тура жол әрі игілік түрінде ғана түсірдік» (Нахыл-64).

Осы үшеуінің бірлігі ауызды құрайды Ауыз – мен. «Аузына  келгенді сөйлеу — наданның ісі. Аузына түскенді жеу — хайуанның ісі» дегендей іс, нәтиже белгісі ерін. Ол сенің  өткен өміріңнің белгісі және де болашаққа бағдарлама. Еркеліктің де, кенжеліктің де, адамдық, хайуандық істердің де белгісі ерін болып табылады.

      «Мен сендерге екі көз, екі құлақ, екі ерін, бір тіл жараттым» деп жаратушымыз «Сонда да түсінбейсіңдер ме?» деп тілді, ана тілін құрметтеу үкім етілген және түсінік тек ана тілі арқылы қалыптасатынын ескертеді. «Раббыларынан қорқыңдар және ол күні әр емізушінің ұмытқанын және буаз жәндіктің іш тастағанын көресің».

         Өлшем — өмір зандылығы. Жаратушымыз: «Мен сендерге мизанды есепті түсірдім,  ең үлкен есепші Алла» – деп  ескерткен. Өлшеуді кемітпеуді ескерткен. Өлшеу үшін есептей білу керек. Сондықтан да есеп білмегеннің есесі кетер әрқашанда.

 1. Жалпы құран сүрелерінің есептік орны белгіленген. Ашық мағыналы сүрелер мен жабық мағыналы сүрелер болып кезекті, кезексіз ауысып отырады. Әр сүренің алдыңғы үш аятты сол сүренің бастауыш, баяндауыш, толықтауыш қызметтерін атқарады. Сол аяттарға қарап сол сүрелердің жалпы тақырыбын анықтауға болады. Сондықтан сүре атына ерекше мән беріп есеп жүйесін сүре атынан бастау керек.

  Білгенге маржан,

                                                      Білмеске арзан,

Жарандар баһра ала алмас.

Қиналма бекер тіл мен жақ,

Көңілсіз құлақ – ойға олақ…

      Жалпы әлемнің алғашқы жаратылу кезеңінен бастап адам және оның жер бетіндегі қызметі құран аяттарында толық қамтылған. Жалпы әлемнің, ғарыш әлемінің, дүниенің пайда болуы туралы ілімді, құран аяттарының сырын зерттеген ғұламалар еңбегі жеткілікті. Бұл үлкен уақыт аралығын алып жатқан тарихи дәуірде қамтылған жаратылыстар, жұлдызды аспан, күн жүйесі, жер бетіндегі өмір, аспан құбылыстары қазіргі ғылымда екі бөлікте қарастырылады.

    Кеңістік – ғылым мен философияның, дін ғұламаларының даулы мәселелерінің бірі. Өйткені кеңістік ұғымы материяның ұғымымен тығыз байланысты. Сондықтан осы кезге дейін материядан, заттан тыс бос кеңістік бола ма? Немесе кеңістік әрқашанда материямен сабақтас бола ма? – деген сауалдар туындаған. Ислам ғалымдары Имам Раббани, Мұхиддин Араби,  Мевлани Жәми; «Адам тек ақыл көзімен ғана анықтап,

   (Мұхаммед.Ғ.С) «Оларға сендер жерді екі күнде жаратқанға қарсы келесіңдер ме? Сондай-ақ оларға теңеулер жасайсыңдар ма?, бұл бүкіл әлемнің Раббы» де (9).

         Жерге үстіне асқар таулар жаратты да құт-береке қойып, жер жүзгіндегілердің ризықтарын  төрт күнде шамалады. Бұл сұраулар үшін тура жауап (10).