Философия болмысты болжап ақиқатты бағалау ғылымы. Қазаққа қандай  философия қажет? Батыстан алып жатқан ой тұжырымдарының ойыны ма? Әлде шығыстың «Бұрынғының ізінен іздеме, бабалардың іздегенін ізде» деген қағидасы ма? Негізінен әр халықтың өзіндік даму болып бекіп және әр адамның өз қоғамындағы өмір сүрген ортасының даму ережесінің қағидасы – шындығы болу керек.

      Қазақ қандай елміз, қай жолмен жүріп, қай бағытты таңдасақ ұлы жолға тоғысамыз?- деп иманы оянып, түсі түзелген, әрбір көкірегі ояу азаматтың  ой пікірлерін баспасөзден де, теледидардан да көріп те, естіп те жатырмыз. «Зайырлы мемлекет боламыз» дейді көпшілік ислам танушылар. «Зайырлы» сөзі ескі түркі тілінде; Ибалық, әдептілік, имандылық, тектілік, қасиеттілік болып, пенде бойындағы болатын құпия белгіні айтады.

       Құран кәрім бойынша мұсылман діні үш ерекшелік жолға бөлініп соған байланысты аяттарды айырып түсіндірілген. Шариғат жолы, турарақ жол және тура жол. Барлығының ірге тасы шариғат жолы болып, қалғандары тек сол арқылы көктейді. Сондықтан аятта; «(Мұхаммед пайғамбар) сені шариғат ісіне қойдық, енді сонымен жүр. Білмегендердің ойына ілеспе. Өйткені олар сені Алладан еш қорғай алмайды. Шынында залымдар бір-бірінің досы. Сондай-ақ Алла тақуалардың досы». (Жасия-19)