Аққу сезім нәзіктерге

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 61

«Қос аққу

……    ………….   ….

Күн суытты күздің есті самалы
Аққулардың қалмады енді амалы
Қол ұстасқан ғашықтардай аяңдап
Көлге қарай зорға кетіп барады

Дауыл соқты толқындарды тербеді
Бекер емес көлге аққулар келгені
Ерлік дер ем сол аққудың жарына
Құрбан етіп бірге жанын бергені

Ешкім жоқ ед, көріп тұрған бұл маңда
Өзім едім бәрін байқап тұрған да
Екі ғашық бірге берып көз жұмды
Қатал тағдыр жарға әкеп ұрғанда

Жүрегімде осы дақ боп қалғаны
Рас екен ау бұл өмірдің жалғаны
Бірге жүзіп бірге жанын тапсыру
Осы екен ғой аққулардың арманы»

***   *****

Аққу сезім, аққу көңіл адамда,

Болған екен ғашықтарға арманда.

Ғашық болып, бірің үшін өлу деген,

Адамзатқа бұндай өмір берілмеген.

Жер бетінде адам атты асылды,

Жетілдірген рухпен таза ақылды.

Жаратылыс бар әлемнің киесі боп,

Тағдырыңда махаббатпен жазылды

Адам болу тек ғашықтықтан  тұрмайды,

Ғашықтықпен махаббаттын жалғайды.

Бұл жалғаның сындары көп өтеттін

Жүректерді тек адам ғана таңдайды.

Махаббатты тек естілер болжайды,

Махаббат ол тек сезімнен тұрмайды.

Ана сүті, ана тілі махаббатың нәрі боп,

Әрбір адам махаббатан тарайды.

Ақтау қиын махаббатың бұл нәрін,

Ғашықтыққа тек сезімге оны қимағың.

Адамдықты ақтап шықсаң адалдап,

Ар мен жаның бақшасы ол гүл бағың.

Ұжмақ өмір, деме адам, ар жақта,

Растығы сол жаннатың бар ол жақта.

Ұжмақ -деген, зейнетің бар жалғанда,

Қапы қалма, аққу көңіл жар таңда.

Адамдарды Алла махаббатпен жаратқан,

Махаббат ол тұрмайды шен, атақтан.

Жақсылық пен мейрім, рахман аты бар

Сезімге еріп шығып қалма санаттан.

Ұжмақ өмір ғашық болып жарың сүй,

Жар мен балаң үшін отқа түс және күй.

Адамдықтың қадір қасиетін меңгертсең,

Бейнет түбі зейнет-ұжмақ оны біл.

****     ****

Аққу жарым қанатынан қайрылса,

Мен адамын қолды берген айрықша.

Күні түні аялаймын емдеймін

Босқа өлуге мен оған жол бермеймін.

Аққу жүрек шайтанға еріп жабылса,

Маған ақыл берген түсінуге айрықша.

Аталардан аманатпен қамшы алғам,

Бақсылықпен тазартамын қанында.

Аққу тәні қартаяды жарымның,

Білем қауіп жар төсегінен барының.

Менен де ұзақ қызығын өмір көрсін, деп

Тоқал алып, бос қоямын адымын

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *