Ақсақал сөздің киесі

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 276

Сөздің көркі мақалды,

Ғылымнан хабар астарлы.

Би, шешендер меңгерген,

Даналық деп аталды.

Үлкендік ақ сақалды,

Қариялық боп аталды.

Бата берсе мақалдап,

Ашатын жете, санаңды.

Жастар көп қара сақалды,

Ақылға алмай мақалды.

Басында бөрік киім жоқ,

Текедей жын-шайтанды.

Жақсы боп қазақ аталды,

Қойатын болды сақалды.

Оқыса намаз керемет,

Сахабадай болып саналды.

Жындылар қара сақалды,

Тазартпай іштен арамды.

Иманды болмас намазбен,

Жанға алмай аян хабарды.

Құранды босқа жатауды,

Араптық қара сақалды.

Әдетке алды қазағым,

Ұмытып үнін мақамды.

Сөзінде кие мақалды,

Қарттары бар ақ сақалды

Жастары ауыл азбаған,

Келтірген шындық хабарды.

Белгісі деген ақталды,

Ой келіп шашың ағарды.

Сақал мұрт сонда жарасар,

Жастарға берсең батаңды.

(Қыркүйек 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *