Жалаңбастық ақылды аздырарға

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 159

Басыңдағы бөрік пе орамал ма?

Қарау керек бауырым саған алға..

(М. Шахановтан)

****   *****

Молданың сөзін тыңдап ісін алма,

Енді ортақ үлкенің мен ақындарға.

Сана түгіл жетеде өріс болып,

Жалаңбастық таза ақылға жалғана ма?

Оралып ескі дәуір замандарға,

Қорғалмай басың қалар ай далада.

Адамның басы Алланың добы деген,

Маңдайдың соры ашылып тазара ма?

Бұл әдетің үлгі ғой надандарға,

Өзің үлкен қылығың жас балаша.

Қыз, қатының алтынан нұрлары жоқ,

Айналды қазақ тегі шайтандарға.

Бұл өмір қызық думан мас қыларға,

Тілмен айтып амалын тастағанда

Аманатын ата-ана дәстүр салтын,

Арыңды қорғай алмай жын боларға.

Бас жаралған жан, тәніңді басқаруға,

Бойды сақтап ақылды қаб қыларға.

Сасық иіс басыңнан таратасың,

Қайта айналар өзіңе ойладың ба?

Тозақ деген жаратылысты аңғарғанға,

Маймыл, шошқа жаның бой жоғалғанда.

Атқа мінген бассыз пенде орман кезген,

Айналған аспанға қарамайтын хайуандарға.

Бөріксіз, орамалсыз текке жалғанар ма?

Өзге елдің салтынан ар тұрар ма.

Адам-Қазақ ұлтымен қоштасып жүр,

Қайта оралып жынды ұлт боларға.

(Қыркүйек айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *