Ақыл-ойдың еркіндігі арқылы сөз зейнеті-сана.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 65

      Қазіргі таңдағы дінде қалыптасқан ақыл-ой даналығын меңгерудің бағыты мектебінің де намаз оқуының бұлжымас қағидасы; құранды тек арап тілінде ғана оқу керек, болмаса насихаты, түсінігі ашылмайды яғни ақыл-ойың жетілмейді, сенімің де дұрыс қалыптасып, иман да келмейді. Ал енді бұл пәтуаға уақытша ғана келісіп, шындығында не пайда болатынын ақылымызды еркін жіберіп ойлап, болашағын болжап көрейік.

     Енді мен ақылымды жетілдіру мақсатында арап тілін меңгергенмен де, бәрібір ана сүтімен берілген ойымды, қазақша бейнелеу қабілетіммен және үн арқылы берілген қасиетімді, яғни ділімді өзгертуге шарасызбын. Олай болса, арап тілін меңгеруім қаншалықты қазақ тілі сөздерін, астарын жетік білуіме ғана тәуелді болуы да, тілдің міндетті заңдылығы және ақылдың да жетілуі де тілге қанымызбен берілген ділдің шамасына, «генімізге» ғана тәуелді. Ал, енді Құранның арап тіліндегі ұғымын түсінуім үшін екі жағдайға тәуелділік пайда болады.

    Бірінші жағдайда; құранның сөздерінің дайын аудармасын, арап елінің тұрмыстық тілдегі сөз ұғымдарын жаттап алумен, ақылым құранның тіліне емес, араптың тұрмыстық тіліне және арап ғалымдарының біліміне міндетті, тәуелді түрде байланып, ойдың еркін, еріктілігін тұсауым шарт.

    Екінші жағдайда; барлық дін ғалымдарының еңбектерін түгел оқып, танысып және олардың берген шешімдеріне жүгінумен, бәрібір дайын аударма сөздіктерге яғни түркі тілдес тәпсірге жүгінуім керек. Бұл жағдайда да ақыл еркі шектеліп, қазақ тілінің қазіргі таңдағы европа және басқа тілдерден де келген сөз ұғымдары, заманға қарай қалыптасқан білімі де мүлде ақылдың аясынан тыс қалып, еркі де шектелуі хақ. Ал егер мұндай екі қақпаннан да бас тартып, өз бетімше Құрандағы арапша атауларға, сөздерге өз еркіммен қазақша ұғым берсем, онда өзіміздің ұлттық тіл ғылымына қарсы болғаным және аяттарды теріс ұқтыруым, түсінігін, ғылымын өзгертуім мүмкін де, күнәға батып, шайтанға қызметшілікке тағы да ақылымды байлап беруім де сөзсіз. Ал, егер енді дін имамдарының соңынан еріп, ақылдарын алып, тек бұрынғы оқыған тәпсіршілердің ғана аударған, түсіндірген сөздеріне ғана сүйенсем, онда маған қазақ тілін ғана емес, арап тілін де көп білудің, босқа тыраштануымның қажеті де шамалы. Себебі, мен үшін ойланған, шешім қабылдаған, осының дұрыс деген ғұлама тәпсіршілер, имамдарымыз бар емес пе? Олай болғанда, олардың бұрынғы ғалымдарымыздың осы берген пәтуаларына қарсылық білдіріп, құранды арапшадан өзің оқып меңгермесең, онда ақылың жетілмейді деген екі жүзділіктерін қалай түсінеміз? Осындай ғана пәтулармен соңына ерген халықты бұрынғы даналарға, әулиелерге де қарсы қойып, шайтанға жәрдемге тұрған, Алладан басқаға құлшылық қылушы дін имамдарымыздың өздері болып шықпай ма? Ал осындай пәтуаға қарсы қоятын менің ақыл-ойым; Алла бермеген қабілетті қолдан жетілдіріп; Пушкинді, Лермонтовты Абайдан артық аударамын, өзім олардан да артық түсінемін дегеннен не пайда? Егер кезінде Құранды жетік біліп және ғылымдық насихатын түсіндіру арқылы соңынан жүздеген, мыңдаған әулие, тақуа шәкірттерімен нақты жер бетінде дәлелдері қалған ғұлама кісілердің еңбектерін, әрі қарай заман білімімен толықтырып, түсінуге жаратқаннан немесе пайғамбарымыздан тыйым салынған ба? Және пайғамбарымыздың; «Алла тағалаға иман келтірдім» деп айттың ба, иманды кісілердің жолын ұста.» (600-өсиет) деген өсиетін де жалғанға шығарып, пайғамбарымызды өтірікші атаған болуымыз хақ.

        Ал енді мен сол дайын нұсқаларды, аудармаларды пайдаланып, арап тілін жетік білдім деген қазақтың алдына барып, осы аяттар пәтуалар туралы өз ойымды, яғни заман біліміне, өз рухымның жетістігіне қарай қалыптасқан тәпсірлік білімімді жеткізуге тырыссам, ол маған мына пікірің бұрыс, себебі арап тілін білмейсің деуі де күнделікті діни сауаттылардың әдетті басты құралы. Олай болса, ол діншінің өз ойын азат қылмай; «Жүз жыл сайын атаулар ұғымы өзгеріп отырады» деген пайғамбарымыздың өсиетін және қазақ сөздік қорының да білімдік мақсаттағы даму заңдылығын ескермей, заман атауларларымен, құбылыстармен және білім жетістіктерімен бейнелеп жеткізе алмайтынын білдіреді. Демек, бұл жерде адамдық ақыл-ойдың еркіндігін қалыптастыруға емес, керісінше шайтанның құрған тұзағын мойындатуға бағытталған саясат жатқаны да хақ. Оған қоса, өздері бүкіл арап тілін меңгерген қазақтардың, шейхтардың, хазіреттердің білімсіздігіне, надандығына, құранды жетік меңгермегендіктеріне ғана куәлік берген болып табылады. Сондықтан енді, Құранды тікелей арапшадан аударып, қазақтарға түсіндіру маған ғана жүктеліп, аманатталып отырғанын ескерткен де болып шығады. Бірақ егер мен қазақ тіліне жетік болып, құранның құпия жасырған атаулары түгіл тұрмыстық дәрежедегі арап сөзін толық бейнелей алмасам, бәрібір көркем сұхбаттың дәрежесінен айырылып, сөздің дәмі де мәні де болмаса, онан қандай пәтуа болмақ? Керісінше жындылықтың қалыптасып, мақтанның, тәккаппарлықтың өсіп, ақылдың шектелуін, қатын сияқты тілі ұзын болғанмен, сөзі мәнсіз, қатын басты діншілердің қатарын толықтырумен ғана аяқталады. Пайғамбарымыз; «Еркек кісі дәмді сөзімен, тілімен көркем» (376-өсиет). Және атадан қалған әдет-ғұрып, асыл сөз-аманат! Ұлттық тіл мінезі де аманат! Сондықтан аталарымыз, «Мейірімділік зейнеті — көзде, ақыл зейнеті — сөзде» деп, көзді зинадан сақтау мен тілді ұғымсыз сөздерден сақтауды аманаттаған. Бұндай екі ойлы, яғни екі жүзділікке түскен пенделерді аталарымыз; «Тілеуің бірі от, бірі су, Сөйледің екі түрлі тілінде адам. «Тілі екеудің діні екеу» деген сөз бар. Аңдамай бұзып алма діліңді адам.»

       Иманның жартысы дегеніміз тілден пайда болатын діл екенін ұмытпаңыз ағайын! Және қандай да бір ұлттың өкілінің ана тілі су тілі болып, ал өзге тілдер от тілі болып, яғни рухпен, жынмен байланысты екенін, екеуін араластырудан діннің бұзылуы, яғни сөздің қуатының өзгеруі мен діл білімінің жетілмеуін туындатады. Және мұндай ділдік білімді меңгермеуден бас тартып, ана тілін шұбарлаудан да адам баласының мінезі, қылығы да өзгеріске түсіп, жаны дамып, кеңімей ұлттық дәстүрден қашықтайтыны да хақ. Сондықтан тіл мінезі барлық мінездердің ірге тасы болып, ұнамсыз істерге жатып, ондай жағдайда мүмін аталуы да мүмкін емес. Пайғамбарымыздан; «Алла тағала әр нәрсені жаратып, жарату жұмысын бітіргенде, жақындық «хұзырында (жақыннан) безінуден сиынамын» деді. Жақындық деген табиғат Аллаға осылай жалбарынды. Алла тағала; «Я, жақынына жақсы қарым-қатынас жасағандарға мәрхамет етуіме, туысынан безгендерге мәрхамет етпеуіме разы болмайсың ба?» деп бұйырды. Жақындық: «Я, раббым, ризамын» деді. Алла тағала: «Міне бұл сенің хақың» деп бұйырды. Алла тағала мен «Жақындық» делінген табиғат арасында осындай сұхбат өткен, яғни әлем жаратылғанда-ақ жақындыққа мән берілген.» (Әбу Хурайрадан 6-өсиет).

      Дін дегеніміздің аманат екенін, ал аманаттың әлмисақ уәдесімен байланысты болған: Жақындық-Махаббат деп түсінгеніміз жөн. Енді діннің құлшылық негізі жалбарыну, сиыну болса оны пайғамбарымыз «Жақындық» деп астарлы атау беріп кетіпті. Сондықтан; Жақындық-жалбарыну; сиыну; ризашылық-қанағат; жақсылық істеу; некемен бір-біріне көбею мақсатында жақындау сияқты 99 түрлі амалдар жинағынан махаббат пайда болады. Және осындай жақындықтарды қалыптастыруға аманат алған адам баласы, енді нәсілдік ерекшелігін, туысқандығын да бұзбауға УӘДЕ берген жанымыз Раббымызға. Осындай аманатқа қиянат жасамай, уәдесін бұзбаудан ғана жақсы көркем мінез пайда болып, ондай адам баласын момын деп атайды. Сондықтан да пайғамбарымыз бұл жағын да ескертіп; «Әрине жағымсыз, ұнамсыз істер мен сөздер исламда жоқ нәрселер, оны істеген адамдар жақсы адамдар емес. Момын адамдардың тәуірі-жақсы мінезге ие адамдар.»(219-өсиет) «Ислам дініне кірместен бұрын, түсінбеушілікпен берген аманаттарыңды орындаңыз. Ислам діні берген антқа сенімді күшейтеді. Бірақ ислам дініне жаңадан ант ішу көрсетілмеген, яғни ант ішпеңіздер.» (292-өсиет) Енді ант беріп, жаңадан аманат алу дегенімізді қалай түсінеміз? Антымыз-жан болып, бізді өсіріп, тәрбиелейтін дін-жанымызға айналып, негізінен біздің бастапқы және ескі иманымыз, өткен тарихымызда аманаттарды абыроймен орындаған ата-бабаларымыздың шежіре тарихымен тікелей байланысты болып және құранда да жеті сабақты бидайға ұқсатып түсіндірген. Сондықтан алғашқы аманатымыз, яғни дін жанымыз Адам атамыздан басталып, адамзатқа сәжде жасаушы барлық періштелердің қызметімен, бұл періштелік сипаттарымыз, адамдық болмысымыз, ғасырлар бойы жалғасты келе жатқан пайғамбарлармен жалғанып, ең соңғы Мұхаммед пайғамбарымызбен аяқталғанмен, бірақ Раббымыз; Әр елдің өз жолбасшылары яғни елшілері, періштелік-кісілік ерекшеліктері болатынын және уәдеміз ана тілімізге байланысты, қарама-қарсы жағдайда аманаттарды ақтау және өз орнына ақиретке қайтарып беру, иесі болған пайғамбарларына өткізу керек екенін тапсырған. Сондықтан, енді біз Мұхаммед пайғамбарымыз берген антқа жалғану үшін, әуелі ата-бабаларымыздың аманат-уәделерін, яғни бекіген амалға айналған «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» 91-санды; серттерін толық меңгеріп, аманат ақ баталарын алумен ғана ортақ исламдық бір үмметтік тура жолына, яғни 47-санды құран-кітапқа айналған, аманат дін-жан негізіне жалғана аламыз. Жалпы Раббымыздың да уәдесі осы 47-санымен белгіленіп, нәтижеленіп, бұл кітапқа толық жалғану үшін де барлық пайғамбарлық қасиеттерден белгі алу арқылы болуы да сөзсіз. Сонымен Інжілден; «Өзінен жоғары ешкім тұрмағандықтан, Құдай Ыбырайымға уәде бергенде Өзінің атымен ант етіп, былай деді: «Саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, сенің ұрпақтарыңды сансыз көбейтемін.» Осылай Ыбырайым шыдамдылықпен күтіп, Құдайдың уәде еткендеріне ие болды. Адамдар өздерінің жоғарғының (тәңірлік киелер, пайғамбарлар, қасиетті әулиелер) атымен ант береді. Сол арқылы айтқандарын бекітіп, күллі дау-дамайларын доғартады. Сондықтан Өзінің уәдесін иемденетіндерге алға қойған мақсатының мызғымас екенін өте айқын көрсеткісі келгенде, Құдай да айтқандарын аятпен (Сандық мәндерімен) бекітті. Осылайша біз бұл екі мызғымас негізге; Оның уәдесі мен антына сүйеніп, олардан зор күш жігер аламыз. Себебі Құдайдың өтірік айтуы еш мүмкін емес. Бізге ұсынылған осы үміттен күдер үзбей, Онан пана таптық..» (Еврейлерге 6-тарау) Және құранда: «Қиямет күні әр үмметтің ішінде өздерінен бір айғақ әкелеміз. Мұхаммед сені осы үмметке айғақ қылып келтіреміз. Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және Мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныш түрінде Құранды түсірдік.(89) Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырды. Және де арсыздықтан, қарсылықтардан тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінесіңдер (90) Қашан серттессеңдер, Аллаға берген серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды, Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі.» (16-91) (Мұқият болыңыз бұл аят алда дәлелденеді. Сондықтан ескерту; Мұхаммед пайғамбарымыз осы саны яғни 16-89-дан бастап құлшылық істерін меңгергендерге ғана қияметте, ақиретте куәлікке тұрып, солар ғана пайғамбар ізбасарлары болып танылады.)

       Біріншіден; ислам дініне Адам атадан бастап жалғасты түрде ант берген және Ыбырайым пайғамбарымыздың негізгі жұрты болып және одан кейін Зәбурді, Інжілді де қабылдап, бүкіл діндер құндылықтарын әдет-ғұрпымызға айналдырып, ал құран түскеннен кейін Мұхаммед пайғамбарымызға куәлік келтіріп, уәде беріп, бірақ әдет-ғұрпымызды «аруақ атымен» ант беретін салтымызды жоғалтпай, кейінгі пайғамбарымыздың ізгі өнегелерін дәстүрімізге сіңірген және арнаулы кітап алып, елші келіп, тура жолдың жемісін көрген ел болғандықтан, арадағы орыс мемлекетіне бодан болған уақытты сылтау қылып, антымызды бұзып, қызылбас елінің антын, серттерін «масһаб» дәстүрін қабылдауымыз Құдай алдында нағыз «антұрғандық» болып табылады.

      Екіншіден; Аяттың мәні 91-саны әрбір үметтің тілдік, түстік, рулық, нәсілдік және шаруашылық өмірлік тәжірибесімен, ерекшелігімен байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрін көрсетеді. Құрандағы Мариям сүресімен және «Шәміс» сүресімен нәпсіні тазарту амалдарын, тақуалықты меңгерудің ғылымын ескертеді. Бұл 19;91 санымен әрбір ұлттың діл бақшасын өсіріп, жемісін алуымен ана тілі мен уәдесіне байланысты үкімдер жинағы болып табылады. Рухани кемелдену, тылсымнан хабар алу, інжілді меңгеру осы сандарға қатысты. Ал қазақ елінің «аруақтық» антын, сақтардың негізгі ұрпағы ретінде жаратушымыз арнаулы аятпен бекіткен. Және бұл санды аяттар адамзаттың әйел қанындағы 11-санды ділдің көрінісімен, еркек қанындағы 11-санды жұлдыз дін-рухы жағдайымен байланысты болып: «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.»(11-109).

       Енді біздің үкіметіміз бен муфтияттық «масһаб» дін ұстанымын қолдаушылары мен бүкіл қазақ «намазхан» қауымдары осы 11-Һұд елші арқылы Құдайға берген антымызды, сертімізді, құлшылығымыз, біртұтас ағайындығымызды қалыптастыратын аруақ заңдылығымызды, антымыз бен уәдемізді сатқан опасыздар деп қайтадан «аруақ» атап ант ішуге болады. Абай атамыз ант пен уәде туралы: «Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен. Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен. Қайтіп қызық көремін Әуре-сарсаң күнімнен? Қайырылып қарап байқасам, Ат шаба алмас мінімнен. Қайғылы, қартаң біздей шал, Қарай берсең қайда жоқ? Есер есірік болмасаң, Тіршіліктен пайда жоқ,..Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке. Болымсыз қулық тойымсыз Болады балаң жөргекте. Ішіңмен жау боп, сыртымен Кім тояр қылған құрметке? Кеңшілікте туған жоқ Шықсын деген жел бетке… Қызық пенен тыныштыққа Қазақ тұрмас тұрықтап. Қаңқылдап біреу ән салса, Біріне-бірі жуықтап, Тебінісіп қамалар, (біріне-бірі асық, ғашық болу)! Тоқтатып болмас сырықтап Түзу бол деген кісіге (аруаққа, батаға) Түзу келмес ырықтап.. Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз, Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз? Дәулеті жоқ бурыл шаш, (діл бақшасы, зейнеті) үйіңе кет, топтан қаш!… Партия жиып, мал сойса, Бата оқисың, жейсің бас. Басалқы сөз сенде жоқ, Айтқан сөзің «малың шаш» Итше індет тілемей, Жат үйіңде, өлсең аш! Ойлап-ойлап қарасам, Осындай шал қайда жоқ? Қозғау салып қоздырғыш Кезбе шалдан пайда жоқ.» деген өсиетпен 91-санымен белгілеп, қазақтың діл жағдайының кеселдері мен шал емшегі мен жер емшегін еме алмай, өзге елдің әдеті мен дін дәстүріне еліктегеннен, есірік есерге, мастарға айналған бүгінгі күндік бейнемізді де сол замандарда-ақ айқын болжап, ашық дәлелдермен осы аяттарды тәпсірлеп кетіпті. Ал, Шәкәрім атамыз бұл аяттың ішкі жан сыры мен рухани ахуалін ашып көрсеткен. Мемлекетіміз өздерінің жүргізіп жатқан ел басқару саясатын діннен бөлек деп түсіндіруден, заң қабылдауларынан; діни шежіремізді былай қойғанда Абай-Шәкәрім аталарымызды ашық мазақ қылған пәтуа, заңдарымен болашақ жастарымыздың және әлем халқы алдында айқындалатын, жемісін көріп отырған діл бұтағын кескен, тұқымы азып, нәсілі өзгеріске ұшырайтын антұрғандар қатарын ғана толықтырады. Бұл жағдайға алдағы басылымдарда жаратушы үкімдерімен нақты дәлелдер келтіретініміз де сөзсіз.

        Негізінен құран да, пайғамбарымыздың насихаттары да қазақ қана емес, исламның бүкіл дін ғалымдарының; «құранды тек арапша оқу арқылы ғана сана ашылады» яғни діл білімі жетіледі деген надандық болып шығатынын былай қойғанда және ислам дінінің ондаған ғасырлар өткеннен кейінгі пайда болған антын мүлде өтірікке шығарады да, Аллаға жала қойып, Құран аяттарына да ортақ қосады да, жан ғылымынан мүлде білімсіз екенін де әшкере қылады. Жалпы сана мен ұлттың саналығы да әйелдер қанының «гендік» тазалығына тікелей тәуелді екенінен, біздің психология саласындағы ғалымдарымыз да, хазірет, теолог сияқты дін ғұламалары да сауатсыз екені да хақ. Сонымен мұндай жан біліміндегі надандыққа, діндегі азғындыққа тап болатынымызды ескерген пайғамбарымыз да мың жыл өткен тәпсірлердің және арап сөздерінің ұғымдарының мүлде күрделеніп, өзгеріп, дін ғылымының «масһабтың» заманның өзгерісіне қарай жарамсыз болып табылған сөз ұғымдарын жетілдіруді қатаң ескерткен: «Алла тағала үмметтерім (ұлттық ерекшелік) үшін жүз жылда олардың дүние түсінігін жаңартатын затты жаратады». (198-өсиет) (18) Бұл жағдайға аталарымыз: «Елу жылда ел (тіл, үн) жаңа, жүз жылда қазан» деп сөз ұғымының, ақыл-ойдың жемісін жинап, философиялық пайымдаудың, ата заңымызды құран ғылымы арқылы қайтадан жетілдіруді қажет болатынын ескерткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *