Ақыл зейнеті-білім кітаптарға иман келтіру.

Бөлім: Ата жолы кітабы №5 129

      Енді діншілер үгітіне еріп қазақ тілін, аталар аманатын жетік білмей және философиялық сөзбен бейнелеу өнерін, сұхбатты меңгермей және 40-тан асып ақылым толмай, дін насихатын тікелей арап тілін меңгеру арқылы, яғни солардан алған тұрмыстық тілдегі атауларының мағына түсініктерін қайталап, бар білім-ғылым өнер ізденетін жастық шағымды, бар уақытымды жұмсағанмен ештеме өзгермейді де, білім де қосылмайды.

Керісінше бұрынғы өткен аталарымыздай жетік білмегендіктен, Құран сөзінің құнын әрі қарай төмендетуге үлес қосуым керек деген ұғымды білдіреді. Оған себеп, егер мен арап тілінде ойлана білу үшін араптар арасында өмір сүріп, солай сөйлеп және әртүрлі астарлы сөз ұғымдарын меңгеру үшін де сол елдің ақын, жазушыларын, шешендік сөздерін өз бетімше оқып меңгеруім қажет. Және арап елі орта үммет болып есептелетіндіктен, солай жаратқаннан үкім берілгеннен кейін, ол елдің сөздік қоры тұрақты және Құран атаулары да ұғымдық сипатта өзгеріссіз қалу шарт. Олай болса, олардың шариғи амалдары да заман біліміне, шаруашылық әдістерінің, тіршілік амалдарының түрленуіне қарай өзгеріске түспейді де, кеңітіліп отырмайды да, тұрақты болу керек. Сондықтан арап елі үшін тек 60 бұтақты иманды меңгерсе болғаны шейх, әулие аталуы да қалыпты жағдай.

      Ал, қазақ салт-дәстүрінде өзге елдерден шаруашылық әдістерді жетілдіру, ғылым-білімді меңгеру үшін сөздік байлығымыз, жаңадан пайда болған атаулар, ұғымдарды үнемі тіл-ділімізге қосып алып, өз түсінігімізді кеңітіп, философиялық ой-танымымызға, жаратылыстың сырын меңгеру түсініктерімізге сәйкестендіріп отыруымыз керек. Және мұндай жағдайда үндік өсуімен, харіптік таңбалардың да толықтырылып, жетілдіріп отыру арқылы 70 бұтақты иман қуаттарын меңгеруіміз керек. Сондықтан, Құран атауларының әрбір сөзіне, көлемді түрде мағынасына жаңадан пайда болған атаулар мен ұғымы кеңіген сөздерді қойып, түсінік аясын заман жаңалығына қарай кеңітіп отырған сайын, Құранның насихаты, ғылымы да ашыла бермек. Және бұл жағдай замандық өзгерістерге, адамзаттың білім аясының кеңу дәрежесіне тұрақты түрде тәуелді. Сонымен енді, менің заманға қарай алған білімім, енді өз туған тілімдегі бауырластарыма Құранды тікелей оқып түсіндіруге жеткілікті бола ма? Және Құран құдайдың сөзі болғандықтан өз бетімше қалай құдайдың ұлықсатынсыз, берген дарынынсыз, арап тілін білген екенмін деп өз бетімше есепсіз сөздермен аудармалауым керек? Әрбір білімді аталған пенде өз ойын, логикалық түсінігін тықпалап, Құранды жабылып жеке-жеке аударумен насихатын сан алуан бейнемен түрлендірсек, онда сөздің киесі мен қасиетінен не қалады? Бұндай амалмен Аллаға серік қосып және сол арқылы аяттарға ортақ қосып, өзіме зұлымдық жасап, Құранды керісінше зияныма алмаймын ба? Ал пайғамбарымыздың; Алла тағала үмметтерім (ұлттық ерекшелік) үшін жүз жылда олардың дүние түсінігін жаңартатын затты жаратады». (198-өсиет) деген ескертуімен 100 жыл сайын дүние түсінігіміз, яғни бұрынғы құпия ілім болған сырлар енді ашық білімге айналады деп ескерткен. Олай болса, құран тәпсірі де, пайғамбарымыздың сүннеттері де әрбір ұлттың заманның сөз біліміне қарай қайтадан електен өткізіліп отыру керек. Осындай шаралармен, енді мен өзімді Құранды түсірген пайғамбарымызбен онан кейінгі жаратқаннан арнаулы ұлықсатымен тура жолын тапқан және аяттардан түсінік кітап алған әулие-әмбилермен өзімді теңдес жасап, оқи сала аударып түсіндірсем, өз білімімнің өмірге деген көзқарасымның, шешендік сәуегейлік жетістігімнің шамасында ғана хабар беремін де, тек менің білгенімдей ғана біл, артық білме деген басқаның ойына қақпан құрған тәккаппарлығым, адам аулаған хайуандығым, шайтани қылығым болып табылады. Себебі Құран бүкіл әлемнің жаратылыс себебінің басы мен аяғын қамтитын ғылым болғанымен, онда менің екі тілдегі де білімдік дәрежем арқылы Құдайдың да білімі менікіндей ғана деген ұғымды білдіреді. Ал төтелей аударып, түсіндіріп жүргендердің жағдайына үңілсек, олар Құран ғылымын ашатын миллиондаған атаулар мен түсініктерді есінде сақтай алатындай миының ой-жетелік дәрежесі мен қан тазалығының есептеу қабілеті қандай да «компьютер» құрылғысынан да жетілген болып шықпай ма? Ал енді арап тілін, сол елдің өз ғалымдарындай жетік білген жағдайдың өзінде және өз тілімді ғалымдық дәрежеде терең меңгерсем, онда құран аятының бір сөзін түрлі мағынасын зерттеу арқылы ол атауға лайықты өз тілімде ұғым, атауларын тауып, сандық мәніне қарай салыстыра отыра, есеппен орнына қойып аудара білсем және ол ұзақ жылдар бойы көптеген кітапханаларды ақтару арқылы атқарылса да, егер Раббымыз тарапынан қосымша түсініктер мен аят құпияларын көру дарындылығы, уахи берілмесе, бәрібір Құран ғылымын, ақиқатын ашып айқындап көрсете аламын ба? Егер де арап тілінде Құран оңай түсінікті болған жағдайда, онда арап елдері неге құран аяттарын дұрыс түсінбей, зиянына алып, бірін-бірі жарып, дінді қысқартып, бір тілді елдер, бір қаланың тұрғындары бөлек-бөлек топтарға бөлініп, ислам құндылықтарын әлем халқына жек көрсетумен надандықтың, шайтанның жетегінде жүр? Сол сияқты басқа ұлттың өкілінің аудармасын қазақ тілінде пайдаланған, қазақ тілінің жанашыры, философ, психолог, теолог, сөз шешендері, ақынымыз да сөз астарын зерттеген діншілер де Абайдан артық қазақ тілін меңгеруі де мүмкін емес екенін білген болса, бұндай жалған ұғымның жетегінде кетпеген де болар еді. Және құдайдың бермеген дарындылығынан да артық аламын деп тыраштану бәрібір ақымақтыққа, адасушылыққа соқтырады.

        Сондықтан да құдайдың көрсетуімен, арнаулы ұлықсатымен, елшілік қасиетімен атқарылып, кез келген тілді білемін дегендердің өзіне ойына салмақ түсіріп, тек толық құлшылық амалдарымен ғана құпиялары, ғылымы ашылатын кітап болып жазылса және болашақта сөз қорының жетілуіне, замандар атауларының өзгеріс түрленуіне байланысты, кейінгі ұрпақтар әрі қарай толықтырып жетілдіріп, ұғымдар аясын заман біліміне қарай кеңітіп отыратын, халыққа ортақ бір-ақ кітап болса ғана діннің де бірлену заңдылығына және тіл, сөз ғылымының заңдылығына, яғни кітаптарға иман келтіру дегеніміз осы емес пе? Ал әулие-әмбилеріміздің аманаттары мен кітаптарына күмәнданған жағдайдың өзінде; біздің мешітімізде араптардан мадақ алып, марапатталған хазірет кісіміз бар, сол кісінің тәпсірлеген ойы дұрыстау болар деп жазған кітабын, аудармасын көрсетсе немесе сондай жүздеген имамдардың қол жазбалары болса, онда менің табиғатыма, алған тәрбиеме, жинаған өмірлік тәжірибеме, үйренген сөз байлығыма байланысты әулие болған аталарымыздың еңбектерімен салыстырып, оқып, шындығын таразылау үшін құран аяттарымен салыстыра отыра, көңіліме нәр, яғни зейнетін алғаным ақылға қонымды, жүрекке сиымды болар еді. Керісінше, барды көрмей, көргендердің түсінуге шамасы келмей, сондықтан бірін-бірі астарлы да ашық түрде сауатсыз санап, өздеріндегі арап тілін меңгерген бауырына да сенбей, үнемі күдік-күмәнмен арттарын тексеріп, болмаса тек кім екені белгісіз бедеуилерге бар ынтасымен табыну, шала түсініксіз атаулармен, тәпсірлермен Құранды бөлшектеп, арзан ақшаға, яғни мағынасын жоғалтқан түсініксіз ұғымдарға аяттарды айырбастап алушы, өтірікші «тажалдар»; қазақ діншілерінде ғана емес, бүкіл ислам әлемі дін ғылымының көрінісі, ортақ кеселі.

       Жоғарыдағы Інжіл қағидасының дарындылықты меңгерудің 8-ші қағидасы бөтен тілді меңгеру болса, 9-шы қағидасы одан да жоғары сол тілді түсіндіре білуді Алла сүйген құлына сыйлайды екен. Демек біздің діни сауаттыларымыздың бөтен тілді түсіну, сөйлесу дарыны қабілеті болғанымен, аударған еңбектерінің ғылымын түсіндіру қабілеттері жоқ, өз тілінде білімдері, сөз қорлары жетімсіз, сондықтан жоғарыдағыдай шалағай пікірлерімен ақталады. Ал жаратқанның киелі сөздерін аудару қабілетін, ұлықсатын ерекше аянмен, сол кітапты алған шапағат иесімен кездесіп, батасын алмай аудару, құдай сөзін адам баласының қолымен жазылғанына теңдес жасап, аз ақшаға-қуатсыз, дәмсіз сөздерге айырбастап алған жоқпыз ба? Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Адам баласының ойының бейнелеушісі ақыл болса, ақылдың көрінісі сөзбен көрініп, оны қалай жеткізу тілге берілсе, ал тілімді кіндігіммен анама, жеріме, еліме байлап қойса, онда менің ойдан бастау алып, тілден көрінісін беретін өмірлік серігім, мәңгілік жолдасым иманым неге басқалардың еркінде болу керек? Менің ойымды қақпанға түсіріп, түрмеге қамап, менің ақыл-ойымды, иманымды да шектеп отыру, дінімді жаулап, өздерінің мақсатында тәрбиелеушілер, адам аулаған аюлар кімдердің қызметшісі, құлы? Зейнетт— шындықтың шынға айналып бейнелуін көрсетеді. Зейнет – жаратқанның пендесіне және сүйген құлдарына берген несібесі, нығметі, ақылдың құдайлық белгісі, дәлелі. Сондықтан аятта: «Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер (8) Шындықтан бұрылған бұрылады (9) Ой жорушылар құрысын (10) Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылысуда» (51-11) Діннің негізгі іргесі болған тылсымнан, ақирет өмірінен берілетін уахи, аян, бата атты шындыққа жүгінбей құр біліммен, ой жоруға жүгінбей, аманатқа қиянат етпей, ортасын, тіл білімін тауып және ата-бабадан қалған асыл сөздерді тірілтумен, жаннаттан орын алуына себепші болу ғана имандылыққа лайық болар. «Бір адам пайғамбарымыздан: «Әке-шешенің балаларындағы хақтары не?»-деп сұрады. Пайғамбар: «Олар сенің жанаттық не тозақтығың, яғни олардың ықыласын (батасын) алсаң жаннатқа кіресің, қарғысын алсаң тозаққа түсесің». (Әбумаден; 3-өсиет)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *