Ақындықтан Адамдыққа  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 115

Ақындықтың қазығына ат байлаған,

Қазақтың дәстүрі еді ой толғаған.

Сөз түзелді елім сен де түзел, деген

Абай атаң тілмен ойды бірге қосқан.

Ақындықтың қазығы Абай данаң,

Өлеңінде қызыл иек қыз болмаған.

Сезімге берілетін сөз айтпадым деп,

Сырты күміс, іші алтын ойын жазған.

Әзірет Әлі айдаһар сөзімде жоқ,

Жындылықпен дегені ісімде жоқ.

Даналық ақылдан хабар беріп,

Абай Хакім ойшылдық теңдесі жоқ.

Ендігі түрлі бейне ақындар көп,

Бірі сезім бірі қаракеттен аса алған жоқ.

Құдайды шұнақ, қу атаған

Ақын да бар діннен мүлде білімі жоқ.

Дүние мансап, байлығы бұл өмірдің,

Әдеті жыр қылатын үлкендердің.

Алтын, мұнай сатылып кетті , бітті,

Қазақ деген иесі деп жері еліңнің.

Мұндай надан ақында Адамдық жоқ,

Партиямен заңға шоқыну, жегені боқ.

Бұлбұлдай бақшасында елдің сайрап,

Дін ғалым, философтың естері жоқ.

Ақындық ойшылдықтан хабар берер,

Дәуіттей пайғамбармен қасиет енер.

Қазақтың бүгінгі ақыл есі,

Ғалымдар мен ақындармен ой өлшенер.

Ғалымдар мен ақын Адам болған,

Абайдан данасынан үлгі алған.

Қазақтың бұл үлгісі тектіліктен,

Танымдық ақылы толық есті аталған.

Бәріміз дана болу мүмкін емес,

Бұл да бір Құдай сыны тұрған белес.

Ел билік пен зиялы қауым сезім қуып,

Қыз мінезді сөз айтқан көп кеңкелес.

Айдаһардай ысқырған жылан да көп,

Тажал болып ойбайлаған надан да көп.

Надандарға ақыл бер деп тақ сыйлаған,

Патшамыздың неге мұнан хабары жоқ?!

(қыркүйек 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *