Етектің сыры тереңде  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 60

Ұқсаған әйел кемеге,

Аяқсыз жүзген теңізде.

Етегі жерге сызылып,

Жаяу деп атар негізде.

Еркек атты шалбарлы,

Жынмен еркек байлаулы.

Кісілік болып бой жыны,

Есті ер киген шапанды.

Аяғы әйел босаға,

Киіз  қазық тағала.

Сезімдік жарық етекпен

Жалғанар жерге табанға.

Жаулықты және етекті,

Бойында жарық керекті.

Ділінде ойы тазалық,

Саналы нәзік есепті.

Еркектің бар ағашы,

Қанынан келген нағашы.

Екі аяқ ағаш ат болып,

Ақылмен тұлпар бағасы.

Әйелде ағаш болмайды,

Аяғын нұрмен баулайды.

Адамзаттың шығар есігін,

Қуатынан сезім қорғайды.

Арасын аяқ ер деген,

Мінезден хабар бұл жүрген.

Шалбарлы деген аттыны

Еркектер жаяу жүрмеген.

Шалбарлы әйел жын деген,

Етектен сезім күн көрген.

Жоғалып қозу қуаты,

Сезімдік жарық өнбеген.

Жан сезімнен жетілген,

Аяқ балтыр етінен.

Гүл бақшасы етектен,

Жалғанар жарық нұрменен

Киіз қазық жермен,

Жабылмай аяқ нұрменен

Аяғы атқа айналар

Шалбарлы қыз жын деген.

Етексіз әйел байтал деп,

Ыңғайсыз жерде тоңқай деп.

Сызығын жыныс көрсетіп,

Айғырға кірген сайқал деп.

Байталы жыныс шапқанмен,

Жынды іздеп күнде тапқанмен.

Бәйгесін мұның жан көрмес,

Қаралық жатыр жапқанмен.

Сезімсіз қара қатынды,

Мейлі қыз, әйел затыңды.

Атаған қазақ аталар,

Арнаумен талай нақылды.

Жындарға қара кел деген

Айғырға сұқ ен деген.

Тексіздік жұты бұл келген

Етексіз әйел қүң деген.

Қайқайған құйрық қарамен,

Екі бұт ері жаламен.

Еркектің бәрін дертті ғып,

Аздырған ойды, санамен.

Арамды алып қойнына,

Шайтанның кіріп тойына

Арсыздық ұғым тек болып,

Айналды еркек жындыға.

Тоқалды алып үлкендер,

Жас қатын мүйіз өсірер.

Санасы өлген биліктің,

Жете жоқ сөзді түсінер.

Зайырлы деп елді дінсіздер,

Зайыр мен дін бір жүрер.

Зияткер тосу дегенді,

Санасыз қалай түсінер.

Ата жол дәстүр шежірең,

Ақ жолың құдай өзінен.

Соттаумен ата-бабасын,

Айырған елді екі күнінен.

Арсыздық жайлап еліңді,

Мақтаның байлық дүниең.

Тегіңді өзің өлтірген

Тоғызың келмей төбеңнен.

Үш байлық түгел кесілген,

Қыз, қатын түгел шешінген.

Ақылың шайтан сезімнен

Мастықпен уды сімірген.

Арам мен тамақ иістен,

Ұқпайтын сөзді есі кем

Кім есті, жынды біліңдер

Ал енді маған күлдіңдер?

(қыркүйек 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *