Ақырзаман тажалдары  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 149

Абай атаң зарлаған,

Сөздің құны жоғалған.

Арсыздар шығып ақылшы,

Есті үлкен қалмаған.

Ар, ұятың жоғалған,

Қатын қыз болды шайтаннан.

Ұлдарыңа ақыл қонбаған,

Жас баладай мас, жын болған.

Ақынның азып ақылы,

Өлеңі мастық жын толған.

Ата-бабаң нақылын,

Ұғатын мұндай асылын.

Білігін білген жасырын,

Тыңдайтын тылсым ар үнін.

Қалмады текті намысты,

Меңгерген еспен бір ақылын.

Уайымың дүние байлығың,

Ішті, жеді бұлар тоймады,

Шайтан боп билігін қарғаған.

Құран, хадис адамдық,

Дәстүрін алмай жосыған.

Байбалам салды ақының

Ұрпағы боп ібіліс азғырған.

Діл, тіл, ұят, құлық, қылықты

Ойламауға елді шақырған.

Тажалдың үнін жариялап,

Елдің есін ұрлаған,

Ар намысың осы деп

Дүниеге қарай бұрғызған.

Ұлт қадірін мал дүниемен,

Айырбасқа есін азғырған.

Мирасын баба алдырмай

Арын ұлттың жасырған.

Келді заман тосыннан,

Ұлтыңа арыстан ақырған.

Түрлі апат, індет еліңді,

Азабы келді баураған.

Тірі өлік болған жасынан,

Ұрпағыңды кім құтқарар,

Күнде ажал түскен қырғыннан?

Жер ана, көк бұлқынған,

Арсыз, ұятсыз бүгін құлқыңнан.

Байлығың жиған құтқармас,

Оянбасаң арсыз ұйқыңнан!

Сөз қадірін білмес арсызды,

Тыңдама болсаң бір ақылды.

Білмесе арсыз тіл нақылды,

Араз қылар алты аузыңды.

Дүние баққан жынды ашулы,

Жұтасың түбінде басыңды.

(Шілде 2015)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *