Мұқтар ақын мен үлкендерге сауал  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 51

Сәлем беріп барған едім мен Мұхаңа,

Жауап іздеп көкейдегі көп сауалға.

Ата жолы жазбаларын оқысын деп,

Абай-Шәкәрім ұлт тамырын қорғауға.

Түсінбеймін мен дінді деп айтты,

Ақындарын ақын түсінбес бұл заманда.

Дінсіз діл, ділсіз тіл бола  ма,

Түсіп алып тіл білімінің соңына,

Жындылық қой текті болмақ мұндайда.

Тегін қазақ сақтау деген ұранға,

Жындыларға жанды сөзің ұнар ма?

Сөйлей білсе тегің толық бола  ма,

Ар білімсіз тек жетіліп шыға ма?

Шыншыл рухың, парасатың алайда,

Даналықпен парасатқа жалғауға,

Пайғамбарлық қасиетсіз қонар ма?

Тарихыңды, дін, тіліңді деп қорлама

Ақындар жүр өлең арнап арманда.

Сөздері бар, ал дәстүр ісін алған ба?

Мағауин мен Шахановтар үлгі салған,

Ар білімнен дәстүрлік іс діні бар ма?

Тұлғалығы қайда үлкеннен сұрарға?

Ата жолың сотталғанмен міз бақпай,

Арашаға түскен бар ма зиялы қауымда?

Махаббаттың ұғымын сынға алғанда

Ашуланып ақын аға тулар ма.

Үлкендер көп зиялы деп аталған,

Тегің қазақ үлгісі деп айтарға.

Атақ, мақтан дәрежесі барларда,

Ақиқаттан шындық кітап алған ба?

Ата жолы дәстүрін өзі ұстанбай,

Бастағы жын өздігінен шығар ма?

Аманаты ата-баба әулиелігін ұстанбай,

Шариғатпен ақиқатқа жалғар ма?

Мағрипатсыз уахи-жоба алар ма?

Қазақта  жалаңбастық  болған ба,

Сана өрісің бас сауытсыз тұра ма?

Ескіліктің киімін үлгі қылғанда,

Ерікеннен Абай атаң жазған ба?

Сан ғылымын кім алды араңда,

Үлкендікпен мақтан қылдың алайда.

Ой қуатын меңгеретін дана қайда,

Абайыңды кім түсіндірмек жастарға?

Санмен жазып мен ойшылдың бірімін деп,

Даналығына жалғанған ақын қайда?

Ақсақалдық жасқа жетіп жігіттерше,

Сөз айтады парасатты алмай қолға.

Көңілі айна, үлкендерде ұждан қайда,

Жолында Алла жанмен соғыс қыларға.

Жүрек көзі жалғана алмай бабаңа,

Жастар азды масһаб дінмен алайда.

Бабалардың мирастарын кім меңгермек,

Тақуалық сопылықтан алмай пайда.

Пайғамбарлар зияраттарын кім көтермек,

Көкке саты жалғанар тура жолға?

Аян, уахи алатын ақсақалдар жоқ қоғамда

Кітабын тектіліктің тастап артқа.

Тілі қазақ, текті болмақ алайда,

Арсыз надан, сөз ұғымсыз, ойы қайда?

Арға жанды садақа деген бабаң,

Ар, ұятсыз тілің қазақ жаны қайда,

Бұлбұлдар бар, ой жоғалса қандай пайда?

Жан ғылымын, сөз байлығын меңгере алмай

Қандай текті ұлт құрмақсыз ақын аға?

Жастарды жазғырамыз, адасқанда

Үлгісі  дәстүрдің бар ма ақсақалда,

Әулиелік дәстүріңді алмай бұл жалғанда

Күшенеміз  ақыл айтып мақтанарға

Ал ақылдың білімін алған бар ма,

Санаға жол ашатын жетең болса.

Иман мен сенімді айырмай адасқанда

Рұқыңмен жаныңды бірге атап,

Сандырақтап кетті дінші ғалымдар да.

Құраныңды түсіне алмай қашып жүрген,

Ақын мен жазушы көп бұл қоғамда.

Басынан балық сасып шіриді деп,

Үлкендіктің қадірі жоқ суық мида.

Үлкен бастың бөркі де ауыр болар,

Басы үлкеннің бөркі жоқ бұл заманда.

Бас қадірі жоғалған ел мәңгілікке,

Тегі азып, нәсілі ауып жоғалмай ма!

(Қаңтар 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *