Ар және Уақтар бірлігі «Ісра».

Бөлім: Аруақ бірлігі-ІСРА 1

          Аруақтың толық 7 күн қуатқа айналуы тек 10 санымен дәрежеленуден кейін ғана пайда болатынын және ол енді адам баласының өрісінің, сыртқы өрістік зейнет киімінің толық бейнелуімен, қалыптасуымен ерекшеленеді де Мұхаммед пайғамбарымыздың осы аруақ қуатының 3 түрлі бірлігін меңгеру  арқылы миғражға көтерілген хикметті насихатынан айқын білуге болады. Ал бұл жағдайдың Құран ғылымының қазіргі  дін ғалымдарының, масһабшылардың да ескермей ұмыт қалдырған бір қағидасы пара заңдылығы мен құран сүресінің сандық мәнімен арадағы құпия қатынасынан туындайды. Сондықтан 17-ші сандық орындағы «Ісра» сүресі құлшылық істерінде 17 параға тәуелді болып; 21-сүре ескертулер мен тылсымнан келетін белгілерді, уахидың шартын меңгеру, жеке жол-жоба кітабына жалғану және оның негізі 22-ші сүре жорықтар кітабы, жер есіктеріне жалғану,  мұғжиза келтіру болып насихатталады да, екінші жұбы сол жаққа қарай өту кітабы 71-сүре «Нұх» пайғамбарымыздың ізгілікті істері мен нұсқауларына жалғанумен 29-шы пара «Мүлік»-67 сүремен 77-сүре «Мүрсәләт» арасындағы 10 сүреден тұратын құранды алумен, 77 буын нәсілдік белгілерді алумен ғана көкке жалғанып, «Мағарыж»-Миғражды яғни 7 көк қуаттарын бейіш, ұжмақ меңгерумен атқарылған хикметті оқиға екенін және 5 парыз намаздың сыры әлі арап халқынан келмей тұрып бұрынғы Құранға дейінгі түсірілген кітаптардың намаздарын орындап толықтыру арқылы атқарылғанын дін ғалымдарымыз білгенмен, бірақ ондай жағдайды мойындаудан, иман келтіруден мүлде бас тартқандары сөзсіз. Сондықтан хаж сүресіндегі Қағбаны тауап қылу үкімі, яғни біздің дін ғалымдарымыздың бес парыздың бірі қылып елді жаңылыстыруы да осы 29-шы парамен яғни көк мүліктерімен қиямет оқиғаларына және жынды меңгеріп, рұхын, нәпсісін толық тазартумен ғана атқару керек екенін де аятта; «…Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62)  деген ескертуді де мойындау үшін  ұлттық, парасаттылық, зайырлық сөзге деген махаббат және намыстылықтың, арлылықтың ғана қолынан келетін шаруа. Негізінен Ол-Алланың ғылымы және Кітабы яғни хикметті істері меңгеруші Алла тәні, жарықпен қараңғылықтарды меңгеруші аралық нұр Раббымыз болып сипатталады. Сондықтан аятта; «…Барлық мақтау, сондай көктер мен жерді жаратқан және қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаға тән. (баураушы денесі-нұр) Мұның соңында да қарсы болғандар, Раббыларына басқаларды теңейді.» (6-1) (7) Ал Раббымыздың құдірет қолының көздердің Алланың өзі себеп болып, бастапқы «Ман» қуатын меңгеру арқылы дәрежеленетін қарекет орындаушы жаратылыс аралық рұхтың себепшілерін «Уақ», «Ру», «Ақ», «У» періштелер, шеріктер болған қуаттарды меңгерумен, жан негізі «Ару» ды және «Ақ»-ты қалыптастырумен байланысты болады.

     Енді бұндай аруақ қуатының толық қалыптасып және жүректің тазалығы мен сана қуатының бірлігі рух, жан және тәннің де толық рухани сүннеттелуінің нәтижесі тек кемелдік жасқа келіп, барлық адамгершілік істерді толық меңгерумен және 49 санымен 7-нің екі дәрежесі 7х7-ге тәуелді болып насихатталады. Иманның толық зейнеттелуі де пайғамбар шапағатымен байланысқа тұрақты тұрып, жол-жоба кітапқа жалғану мен және осы санды мүшелдік жасқа да және осы мәнді аяттармен сүре ғылымына да тәуелді болатынын жадыңызға тоқып алғаныңыз абзал. Аятта; «Араларыңда (аруақтарыңда) Алланың Елшісі барлығын біліңдер. Егер ол, істің көбінде сендерге бағынса еді, әрине қиыншылыққа ұшырар едіңдер. Бірақ Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңе зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.» (49-7) Арамыздағы дау тудыратын шариғат істерінде әулие-әмбилеріміз арқылы бейнеленіп; «иманды жақсы көрсетіп, бұзақылықты жек көрсетіп» уахи болып келетін пайғамбарымыздың аруағының; «И»-«Ман» (ш(у)-ар) қуатына жүгініп және сол арқылы ғана жүректердің зейнеттелетінін ұмытып, ал пайғамбарымыздың ақиретте де елшілік істерін жалғастырып, уахимен жетелеп, үмметіне жол көрсетуші елшілігіне бой ұсынудан теріс азғырған және тек қияметте ғана кездесетін тозақтық өлілердің қатарына қосқан, ізгі құлдарының шейттер қатарында жаннаттық болып өлмейтінін және іс басында аруақтарының атқарушы болып қызметке тұратынын терістейтін және ескі дін білімін ғана дәріптейтін «кинизмдік» масһаб білімін тура жол қылып ұлттық, үмметтік ерекшелігін де біртекті дін рәсімін орындаумен айырбастап қарсылыққа түскен ислам әлемінің жағдайын тек діннен хабары жоқ, жүрегі жабық, ата аманаты, ана сүтінің сөз, үн қуатынан нәр алмаған «Ақ» пен «Ман» қуаты жетілмеген, аруағы жетілмеген көңіл көзі соқырлар ғана түсінбейтіні хақ. Және бұндай жағдайдың да тәннің нәпсілік, малдық «Уақ»-тық қуатын толық меңгеріп өнім беруімен және материалдық көінісімен ғылымда атомның, альфа бөлшегінің және «гелий» атты барлық ақпаратты сақтаушы адам баласының ет пен тері арасындағы және төбеде қалыптасатын парасат қуатын, балшықтың-естің«Ісра» жарығының «Бой»-дың қалыптасуымен пайда болатынын ескерген жөн.

     Негізінен толық аруақ қуаттары біріншіден Ғиса пайғамбарымыз арқылы келетін Раббымыздың шапағатымен жалғану Оң қолдың-18 және бастың төбенің нұрланып ағаруымен, рухани сүннеттелумен, ал Мұхаммед пайғамбарымызбен жалғану; Сол қолдың-81 аяқтардың ағарып, жанның тазарып, ақ табан болуымен байланысты. Ал екі қолдағы 81-18  сандық мәндердің бірлігі 99 малдың яғни бұлшық еттердің қозғалыстық қуатын көрсетіп және 18+63=81 мәнін беруі пайғамбар жасының неге 63 санымен белгіленген құпия хикметті сырын әшкерелеумен бірге, Мұхаммед пайғамбарымыз да Ғиса пайғамбар мен және 18 ғаламға байланысты барлық түсірген дін нұсқауларынсыз тура жолдың негізі қаланбайтынын ескертеді. Сондықтан Ғиса пайғамбарымыз; «Мен құрылыстарыңның ірге тасымын» деп астарлап ескерткен. Сонымен 81 санына 19 сынақ санын, тозақтық белгілерді меңгеру арқылы ғана  1 бұлшық ет, жүректің тазарып көңіл көзінің ашылуымен ғана Алланың 100-і болып нәтижеленеді. Құранда берілген «Мариям» сүресі діл білімінің негізі және 91-ші сүре «Шәміс» тақуалық қабілеттерді меңгеру, ардың ұрпағы Салих пайғамбарымызбен және Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларға берілген нұсқаулармен байланысты екенін ескертеді. Әл-Бұхари атамыздың пайғамбарымыздың сүнеттері мен ізгілікті өсиеттерін неге 91+1 санымен белгілегені осы хикметті баяндап тұрғаны даусыз. Негізінен 91-санды кітап Адам атадан бері келе жатқан, Мұса пайғамбар нұсқауларымен жазылған Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымыздың толықтырып, Ғиса пайғамбарымызбен шариғат істері бекіп, Мұхаммед пайғамбарымызға Укаша сахаба бастаған қыпшақ жауынгерлерінің апарып оқытып, оны Құран арқылы толықтырған исламның толық шариғат ісінің кітабы болып табылады. Негізінен інжілге Құдай ісіне байланысты толықтырылып тұру шарт болғандықтан аятта; «Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз. Сонсоң оны жаһаннамға саламыз. Ол, оған қорланып кіреді.» (17-18)

       Оң қолдың інжіл құндылықтарын меңгерумен, ақирет несібесін жинаумен, яғни дүниелік, зекет, садақа, мал жұмсау, артық хайыр жасау сияқты сауапты істермен байланыстылығын ескертіп тұр және бұл жағдайды баспен толық жалғануға мойынның әйел затынан неке арқылы берілетін діл білімімен, шараппен, көңіл суының қуаттылығы, тазалығымен ғана қалыптасуына тәуелді болады. Ал сол қолдың жағдайын аятта; «Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады» де.» (17-81) Бұл аят уахимен және кітапты толық меңгерумен, сөздің қуатын меңгеріп нәпсіні, жанды толық тазарта білумен және аяқтың тазаруы үшін ақ табан шұбырынды болып, жорықтарға шығып, тау-тасты кезіп, таңбаланып бойдың «Ісра» болып толық жабылуымен де байланысты екенін сандар тағылымы, аяттар ғылымы білдіреді. Ал енді толық «Аруақтың» яғни адам баласының өрістік бейнесінің қалыптасуын (81+18=99) аятта; «Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың; өздері сияқтыларды да (аруақтық бейнесін) жаратуға күші жететінін көрмей ме? Алла олар үшін бір белгілі мезгіл (тағдыр кітап-уақ) жасаған, онда әсте шәк жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, мүлде қарсы келді.» (17-99) (116) Міне бұл аятпен-ақ біздің мүфтияттық немесе қазіргі таңдағы бүкіл исламдық ғалымдардың құран насихатына яғни 17-ші параға жалғануға ашықтай қарсы келіп, аруақ заңдылығын, Алланың құдірет қолы періштелік таза ақыл себептің, қолқабыс себепшісін, нығметін, несібесін «шерікке» және арамға айналдырып, кәпір болып, түгелдей діннен шықандарын білдіреді. Енді осы 17-пара тағылымынан ғана қажылық немесе умраның қағидасының 21-ші сүрені, көктік рухани есімдерге жалғанып, ол үшін жердегі киелі есіктерді іздеп таппай және «Аруақ» қуатын 3-жетіні 21-ді толық меңгермей бойды ұсынуды, көлеңке періштелікті толық қалыптастыру амалын толық меңгермей мүлде болмайтынын 116-санның нәтижесі ескертіп тұрағанынан-ақ масһаб және әлем ислам дін ғалымдарының құранды мүлде теріске алғанына көз жеткізуге болады. Бақара сүресі құран үгітінің, сандар мәнінің толық негізгі белгісі болып есептелетіндіктен, аятта; «Олар: «Алла, бала иемденді» деді. Ол, баладан пәк. Дегенмен көктер мен жердегі нәрселер Оныкі. Олар, түгел оған бой ұсынады.» (2-116).

      Бұл аятпен адам баласының періштелік белгісінің толық қалыптасу белгісін көрсетіп тұрғаны даусыз. Ал бұл жағдайға бой ұсынуға, сыйынуға христиан дініндегілер Құдайдан жәрдем сұрағанда «Во имя отца, сына и святого духа»; Рухани есімдердің (көркем аттардың атынан)- оң, рухани әкеге-сол иық нүктелері мен; адам баласының атынан- кеуде асты шұңқыры және киелі рұхтың атынан деп маңдайды көрсетеді. Ал қазақта ар-маңдай; у-көкірек, кеуде, көңіл-ақ; дау-(төбедегі періште, ой, ақыл, сөз, шабыт қуаты) қолда деп 81-18 сандарын меңзеп құдайға сыйынады. Жоғарыдағы ескерткен тәңірлік бес қуаттың бірлігінен енді негізгі жеті ішкі жел, сөз жолдармен дәрежелену арқылы Адам атамызбен Хау анамыздың бастапқы жаннаттық періштелік  жаратылысы 35-саны шығып оны екі есеге яғни ішкі екі «Менге» дәрежелесек 70-санды Раббымыздың толық нұрын, яғни бастапқы «Манды» толық меңгереміз. Енді «Ман» деген ұғым осы бастапқы адамзаттың негізгі жаратылыс басы үйінің қалыптасуымен яғни аятта; «Және де:«Ей Адам! Сен де жұбайың да жәннетте тұрыңдар, ерікті түрде қалағаныңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік.» (2-35) Бұл адамзаттың негізгі несібесі жанаттан берілген ризық болып және бұл жағдайды аталарымыз: «Ұлдың жақсы болуы нағашысынан..» деп Хау анамен жалғанудан келетін 5 және 3-тің онға дәрежеленетін пара – нәсілдік қуаттық негізді ескерткен. Сондықтан құрандағы 53 саны осы жұбайлық өмірден әйелзаты арқылы келетін жетілген көңіл суы жанаттық несібені насихаттап ғылымын ашады. Әйелзатының еріне беретін көңіл суы да осы санды меңгерумен, арайжап зейнет орындары мен жатыр тазалығы, екі аяқпен жер арасындағы киіз қазық-сәукеле мен төс, кеудеден қолдың және қолқаның (тамақ, өңеш, мойын) тазалығына байланысты көкіректе пайда болатын жанның қуаты, көңіл суы аруақ қуатының жеті күннің толықтығына байланысты болады. Әйел төсінің, көкірегінің еркектен ерекшелігі де балаға беретін ана сүтімен бірге кеуде мүшесіндегі 7 түрлі без көздерінен көкіректе пайда болатын жан суының жыныс қуаттылығына себепші де болып, еркектің діл білімін тікелей осы көкірек суы арқылы неке төсегімен ер азаматының артқы мишыққа қуат болып және мойынды да қуаттандыруға себепші болады.

      Сондықтан аруағы қалыптаспаған, қолдары мен кеудесі тазармаған әйелзатының төс сүйегі мен бел сүйегінің арасынан пайда болатын күміс сынап суының (апсын) орнына жетілмеген «У»-уайыммен еректің көңілінің азып, түрлі құмарлықтарының артуына, нәпсісінің азуына ғана себеші болатын жалаңаш, к..тін ашқан әйел заттары киіз қазығының орнына темірдің, жездің буы, жез өкшелігі қалыптасып тектің азып, ұрпақтардың мәңгүрттенуімен қоғамның да бүтіндей бүлінуі мен бүкіл аруақтық, көктік, нәсілдік ұлттық несібесінің азуына себепші болуы сөзсіз. Сондықтан қолқаның және қолдың тазалығы бастағы бөлінетін иіске, шаш пен ми жұмысының сарайы төбе балшығының иістің майға айналып қалыптасуына тәуелді болады. Ал жаны, рухы, тәні, терісі таза әйелдің де көңіл суының белгісі 53 санымен Құранда белгіленсе, бұл санның аяттағы орны 35 санды сүреге бастапқы адамдық негізге тәуелді екенін білдіреді. Абай атамыз 35-ші қара сөзінде өлім, ақирет және құдай алдындағы соттан кейінгі әулиелік дәрежеге жеткендердің шапағат ету құқына жетуі деп ал 35-өлеңмен; «Мынау келген Назар ма, Ақсақалды ауыл азар ма? Сұрағаның бір-ақ тай, Бермейді деп сазарма!» деген астарлы ұғыммен көңіл көзі «назар»-көздер арқылы берілетін несібені ескертеді де, ал 53-ші өлеңмен; «Қор болды жаным, Сенсіз де менің күнім, Бек бітті халім, Тағдырдан келген зұлым, Тағдыр етсе Алла, Не көрмейді пәндә? Сайрай бер тілім, Сарғайған соң бұл дерттен,… Бұл қылған зарым Барса жардың маңына, Ол-қылған дәрім Ғашығымның жанына, Оңалдырып ойды, Түзетпей ме бойды?» деген астарлы сөздермен тағдыр жазуының ана тілі, сүтімен беріліп және «бойдағы-дақтың» жұбайыңнан келетін «сумен-шараппен» түзелетінін баяндаған. Бірақ бұл қуаттарды барлық періштелердің адам тәнінен орын алуы үшін шариғат нұсқаулары мен дін парыздарын толық меңгеру шарт. Және тағдыр арқылы берілген жазудың ана құрсағында 3 қараңғылықта, түнекте тәрбиеленіп 4 сөздің 3-ке көбейуімен 12-ге айналып оның тағы 4 мезгілдік адам өмірінің несібесі 36 санымен, онан басқа әрбір пенденің тәубелік несібесі 9-дың; «Тәубе»- «Мұсыл»- «Бой» жарығының қалыптасуымен және 6 санды рухани негізді мінезді меңгеруден пайда болатын барлығы 15 санды қуатпен жүрек зейнеті деген парасат қуатын қалыптастыруға да тәуелді. Енді адам баласының қабілеті, қасиетіне қарай түрлі жағдайлармен дүниеге келіп осындай сансыз берілген нығметтердің бірінде аз, бірінде көп болып оның кімге қаншалықты беріліп толықтырылып тұратын негізгі несібені меңгеру үшін әдет-ғұрып, салт-дәстүр негіздерін меңгеру арқылы ғана қалыптасатын  24-ші Нұр» сүресінен (20х4=80) өз несібемізді негізгі зейнетімізді алуымыз керек. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

           Зейнет орындары мен негізгі кісілік ар қуаттары.

      «Ай астында төрт тек бар, Астыңа жайған төсектей. Аспанда жалғыз әсер бар, Бір өзі көпке есептей.» деген нақылмен «Төртеу түгел болса төбеден келер» деп адам баласының жанына өсіретін төрт қуатты текті-ар қуаттарын табу арқылы аспандағы жалғыз әсер жұлдызына жалғануды ескеткен екен.  «Адам- кіші ғалым, табиғат дүниесі-үлкен ғалым. Бұл екі ғалым бір-біріне сай келіп, табиғи келісімде болса өмір көркі сонда, сонда ол мәңгілік бақыт Жаратылыстың өлшеуін білмегендер адасады, әлек болады. Оның өмірі аласұрып аттанған жолаушы құрлы болмайды. Әрненің өлшеулі шек-шеңбері бар, белгілі белдеуі (зейнет белгісі) бар. Сонан шығып ешқайда кете алмайды.»«Даналар талай нысан тапқанменен тапқан жоқ тектің тегін әлі бірі.» деп данагөй бабаларымыз толғанған екен. Абай атамыз бұл қуаттарды адамның баласы деп атап; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген ескертумен ол қуаттардың тегін;  «Белгілі сөз; өлді, өлді», Белгісіз оның мекені. Не халатқа (қандай күйге түрленді) әурілді (әуреге түсті), Қайда қандай мекені.» деп адам баласының өлгеннен кейін барлық періштелік қуаттардың белгілі бір жағдайдан келесі бір жағдайға өтіп, кеңістікте өз орын тауып бейнеленіп және шеріктерге айналып жер бетін кезіп кететінін ескертіпті. Олай болса осы адам баласының жеті негізгі ішкі ағзасына жүрек, бауыр, өкпе, асқазан, бүйрек, ішек, жыныс ағзаларына  және жеті ішекке, сонан қолдағы жеті сүйектерге оң жақтан келетін түрлі сипаттарға бейнеленген 5 қуаттардың зейнеттелуіменен және осы қуаттардың келесі бір дәрежедегі бірлігі  сол жақтан ақирет әлемінен, Алланың қасынан келетін қарсылық қуаттар мен үшінші жер ана рухынан пайда болған, өмірден өткен ата-баба, туған-туыстар арқылы табаннан нәсілдік сөз сипатында зейнеттелетін қуаттар бар. Енді осындай 3 түрлі сипатта адам жаны арқылы бейнеленетін және адам баласының тағдырына өзгерістер еніп, осы арқылы жаратқаннан жақсылық, жаманшылықтардың келіп, маңдайда барлық тәңірлік қуаттардың бірлігі болып және төртінші дәрежелі «Насыр» періштесі болып қалыптасатын жан періштесі арқылы басқарылатын, төбенің «Ақ төбе» (бөрікті, ақ жаулықты) болуына байланысты төбеден келетін періштелік қуатты, тәубені, «мұсылды» қосқанда бес түрлі кісілік қуат бар екені ерте замандардан-ақ белгілі болып, ол қуаттар адам бейнесінде болып түс, аян арқылы адам жанына зейнеттелетін, ең басты адам баласының ақиреттік азығы және аманаттар болып есептеледі. Бұл туралы құрандағы 4-ші сүре «Ниса» әйел, еркекке де ортақ жаратылыс негізі аманттар кітабы болып аятта; «Негізінен Алла (Т) сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында Алла сендерге нендей жақсы уағыз (уахи, аян) береді.» (4-58) деген үкімді орындауды парыз қылған. Бұл аяттың сандық мәнімен 85-сүре көктегі Лаухы Махфуздан оқылатын кітаптың екі аралық жер жүзінің кітабы 58-сүремен 7 санына байланысты үкімді зерттейміз; «Мұхаммед көрмедің бе? (Аян, уахимен)  Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. 3 кісі сыбырласса; сөз жоқ, 4-шісі, әлбетте 5-тің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші.» (58-7) Бұл аятпен адам баласының барлық періштелері негізінен осындай 4; 6 санды өзара дәрежеленіп бірлікте болатын (46; 64; 10) кісілерге айналатынын ескертеді де олардың бірлену негізі 3 және 5 болып, тек Алламен қосылу арқылы ғана белгілі бір мұғжизаға айналатынын ескертеді. Енді аяттың мәнінен тағы да 4 түрлі кісілік сипаттар пайда болады. Әрбір періштелер бірлігі яғни кісіліктің ішкі мәні 7 санымен аруақ қуатынан қалыптасатынын ескерсек, онда; 4х7; 6х7; 28 және 42-сандар тағылымы, білім пайда болып сонымен Алланың құдірет қолының (4;6— 46;64-тен басқа) екінші белгісі; 28;82;42;24 қуаттық кісі-нұр белгісі шығады. Бұл санда тағы оң, сол белгісімен 82; 24 болуын да естен шығармау керек. Сондықтан да 42-санды  Шура сүресінде; «Алла (Т) бір адам баласымен көкейге салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51)  Немесе; «Мұсаның анасына: «Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа де күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз» деп көкейіне салдық.» (28-7) Енді бір мысал келтірсек; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлесе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанаушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111; қимасы;116-17)

     Осындай сандар жүйесі арқылы Алланың құдірет қолы кісі-аруақ арқылы түрлі сипаттарға бейнеленіп, екі аралық істерді атқарушы күрделі қанатты періштелер тобына жататынын білуге болады. Енді ең негізгі масһаб және қазақ дін ғалымдарының қарсылық білдіріп, әлі кезге дейін қасарысып, қартадан ұтылған құмар ойынға түскен пенделер ауруына ұшыраудан, мастықтарының салдарынан алған беттерінен қайтпай ата-салт дінімізге ашықтай қарсылық білдіріп, тура жолды теріске бұрып, халықты «ширк қосылу» деп азғырып, алдап жатқанына дәлелді ұзаққа бармай-ақ Алланың құдірет қолы нұрынан мысал бере кетсек; «..Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші. (35) Бұл нұр (аруақ-кісі) Алланың жоғары бағаланып, ішінде өз атының зікір етуіне бұйырылған үйлерде болады. Онда ертелі-кеш Оны дәріптейді.» (24-36) (60) Бұл аяттың қандай жаратылыс нәрселеріне тәуелді екенін анықтағыңыз келсе 60-санымен; «Сол уақытта Мұса қауымы үшін су тіледі. Сонда: «Таяғыңмен тасты ұр» дедік. Сөйтіп, тастан он екі бұлақ жарылып шықты да ір ел өз суатын білген еді. Алланың несібесінен ішіп, жеңдер де жер жүзінде бұзақылық қылып жүрмеңдер.» (2-60) Енді бұл иман зейнетінің Адам ата қауымынан бастап болғанын және негізі тәурат пен Мұса пайғамбарымызға түскен нұсқауларды орындау арқылы болып және әр елдің өз «суаты» яғни хаж орындары тау-тасы болатынын ескертіп тұр. Сондықтан бұндай нұр-кісі, періштелер Алланың достарының атын атап, құран оқылатын үйлерде, яғни киелі орындағы салынған кесенелер, мазарларда болатын аруақтарды Алланың нұрына бөленген кісілері деп ескертеді. Ал кісілік нұрдың қалыптасуы үшін негізінен негізі 4 санды тағдыр несібесімен 5 қуаттың бірлігінен ғана 9 санымен «Тәубе»-«Мұсыл»-нұрға шомылу амалдарын меңгерумен әулие-әмбилік қабілеттік және тазартушы қасиеттерді меңгеру арқылы ғана қалыптасып және бұл жағдайдың құранда 9 бұзықтық қарсылық істерді, шеріктерді Алла жолында соғысу арқылы меңгеріп, яғни жеңу арқылы 3 негізгі қозғалыс қуатына түрлендіріп 9+3=11- санды «Құт-аб» атты меңгеруге тиісті негізгі парасаттылық белгісі бар. Бұл кісілік адам баласының тіршілігіндегі тән, жан, рух періштелерінің өзара байланысумен белгілі бір сезімдік, түйсіктік қуаттардың бейнеленуімен толық иманға айналмаған жағдайда, бөлек-бөлек ақирет өмірінде бірін-бірі іздеп қаңғырыста болатынын көрсетеді. Ал бұл қуаттар нұрдан өз үлесін алу арқылы біртұтас болып өмір сүру кісілік бейнесін аятта; «Ұжмақтағылар мен тозақтағылардың арасында далда бар. Және «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен танитын біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем» деп жанаттықтарға айғайлайды. Бұлар әлі жанантқа кірмеген, үміт ететіндер.» (7-46) Бұл екі арадағы барзақ әлемінде тіршілік ететін кісілерді негізінен діншілер мойындағанмен, бірақ пайғамбарымыздың; «Мүмін адамның түсі пайғамбарлықтың 46-дан бірі» деген өсиетінің адамзаттың өз қауымына, ұлтына тән осындай жанаттардан, тозақтықтардан және аралық періштелерден өз туғандарына, ағайындарына сәлем, уахи жеткізіп тұрушы түс, аян арқылы оқылатын кісі-кітаптың бар екенін мойындау түгіл құранға қарсылық білдіру масабтық, фиқһ және сопылық ағымдардың негізгі ұстанымы болып табылады.

«Ар» мен «Ман» және ерік қуаттары-шеріктер туралы.

    Әлемдегі діни жоралғылардың, ырымдардың, шоқыну және түрлі жағдайға адам баласына көрінетін, бейнеленетін жаратылыс себептері мен осыған байланысты түрлі жалған тәңірлерге, пұттарға табынушылықтардың пайда болу негіздері де осы адам баласының «Ман» қуатының негізінде пайда болған. Және осы қуаттарға қосылу үшін қазіргі таңда әлемдегі болып жатқан түрлі азғындық, арсыздық көріністер осы «Пұттарға» табыну әсерінің заман жетістіктерімен, біліммен түрленген екінші бір түрлі амалдарының бейнеленуі деп түсінген жөн. Осындай европа жұртынан алған әдет, салттарымыз әйелдеріміздің шексіз еркіндігімен, жалаңаш қыздарымызды «Ару» деп, тән сұлулығына тамсанып, жалаңаштап билетіп қол шапалақтап, көше түгіл лауызымды орындарда арсыз қылықтырын еркіндік, теңдікке жету деп,  еркектердің жалаң бас, жалаң аяқ, шайтан дамбалмен көшеде жүруі дағдыға айналып, осыдан рухының, жанының зейнет киімінсіз жалаңаштанумен түрлі жыныстық, жындылық, құмарлық, құштарлық, айуандық та әдеттерді ашық дәріптеумен, көмес сыры яғни жан қуатының қалыптасу нәтижесі шерікке айналған, бейнеленген қылықтарға айналған «пұттарға» табынып, жанымызға шерік қосылумен бұрынғы жер бетінен түрлі жағдайлармен жоғалған нәсілдерді қайта тірілтумен айналысып жатқанымызды яғни бүкіл халқымыз болып жалған тәңірлерге табынушы, дүниелік байлыққа, қызыққа ғана шоқынушы елге айналғанымызды біле бермейміз. Енді осы адам жанына дінін тазалап, арлылығы мен ұяттылығын, мұсылманшылығын сақтаған жағдайда ғана және құлшылығын жүйелі орындаған пендесіне несібе, нығмет қылып жаратқан, ақирет тіршілігі арсындағы көпір болып жалғанып, белгілі амалдармен зейнеттелетін «Ру», «У», «Қу», «Су», «Ел» болып, түрлі нәсіптік, қылықтық азықтар болып енетін қуаттардың, ислам дін ғалымдарының  «шерік қосу» деп атаған, халықты осындай көмес күштердің құпиясымен қорқытып, бірақ  бұл жағдайдың негізгі себебі мен ғылымын, өлшемін түсіндіре алмайтын жаратылыс себепшілерінің сырын аятта; Және олар; «Тәңірімізді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар» деседі. (23) Расында олар көпшілікті адастырады. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр». (Нұх; 71-24) Тәпсір бойынша бес пұт деп Нұх қауымының осы жеке-жеке ар қуаттарына табынғанын ескертеді. Ал негізінен бұл қойылған аттар 5 тәңірлік қуаттарға яғни 5 түрлі жағдай және бес түрлі қуаттың негізі адам жандарының ақиреттік тазармаған денелік сипаттарына, аруақтарына жеке-жеке қосылу арқылы түрлі қылықтық әсер беруші күштерге айналып және адам бейнесінде түсінде оқиғаларға айналып оқылатын, көрінетін кісілік қуаттардың сипаттарын бейнелеп, ағаштан мүсіндерін жасап, жеке-жеке жар-тәңірге айналдырып, бұрынғы заманда кейбір нәсілдегі аталарымыздың «осылар біздерді жаратқанға апарады» деп жеке-жеке шоқынғандарын білдіреді. Ал енді қазіргі таңда бұндай жар-«пұттарды» әйелдеріміз өз тәндерін жалаңаштап, түрлі бейнелерін әуретті жерлерін әсемдеп, тесіп көрсету арқылы және еркектеріміз де әртүрлі мұсылманға жат шет елдің салттарын, әдеттерін қайталау арқылы табынып, шоқыну арқылы «шерік қосу» амалдарын бұрынғы замандардан әлде қайда білім арқылы жетілдіргенімізді аңғармаймыз. Ал негізінен қандай да бір әдет, қылық, салттардың белгілі бір білімі мен оған байланысты құпия бейнеленетін қуаттар тағлымы бар. Енді құранда бірде-бір бос сөз болмайтынын жадыңызға мықты тоқып алсаңыз, бұл мысалдағы  аяттың 24-ші белгідегі санынң нұр-мәні арқылы берілуінің өзінде осы адам бейнесіндегі денесі бар күрделі рухани жаратылыс өз еркімен қозғалыста болатын белгілі бір жетілмеген ақыл егелері адам рухы, қан-жан, ар өнімдерімен байланысты «қан» және белгілі бір «аты» бар, «қанатты» періштелер тобына жататынын білдіреді. Себебі 71-ші сүре жоғары дәрежедегі аруақ қуаттарының жетілген және періштелік тұтастыққа (Ақтың 10-мен дәрежеленуі) бірленіумен адам баласының дүниелік ақылымен нәтижеленген қылық, әдеттердің қауымдық бейнесін де көрсетеді. Сондықтан бұндай бастапқы жаратылыс еріктілікті және ойлау қабілетіне әсер беретін«Ар»,«Ман», «Уақ» сипатты періштелерінде немесе адам өнімдері періштелерімен және кейбір жағдайларда жоғарғы ақылға біріккен осындай еріктердің дәрежеленуінен пайда болған кісі періштелердің де ерекшеліктері қарама-қайшылық, түстері, түрлері, иістері және қуаттық өлшемдері болады. Енді адамзаттың тіршілігіне қатысты тәнінде қуаттық, қылықтық шамалары болып, мал болып жанға зейнеттелу үшін тәннен белгілі бір орын алып, жаратылыстан бейнеленетін бастапқы періштелік сипаттарының зейнеттік белгілеріне яғни әуреттік-арлық сипаттарына тоқталсақ:

1)Уад— төбедегі ет пен тері және ми қабатымен арадағы бүкіл адам терісінің және ми жұмысының жетілуіне жағдайына тәуелді балшықтың (гельдің, гелийдің, альфа сәулесінің) қалыптасуынан бөлінетін қуат. Бұл қуатты басты жылы ұстап сақтаумен шаштан бөлінетін ферменттермен әрекеттесу арқасында нұр жарық болып, әйел затында басты қоршап тұратын қорған нұрға (жаулық, ор-амалға) айналса, еркектерде дуылға және басында айналып тұратын қауырсын тәріздес қанаттар пайда болады. Бұл қуаттардың толық періштелігінің қалыптасуымен адам баласының ақыл-ойының көкпен, ақирет өмірімен байланысын (антенна) қызметін де атқаратынын ескерген жөн.

2). Суағ – көкіректен екі емшек ұштарының арасына сызықтық белгі жүргізсе осы қуаттың шамасы, өлшемі шығады. Бұл негізінен адам баласының таразы, мизан өлшем қуаты болып саналады. Еркектерде бұл қуаттың шамасы төсінің өлшемі мен иықтың арасының теңдігінен байқалады. Ал әйел затында емшек көлемі мен оның ара қашықтықтырының қатынасына байланысты және төс көлемі құйрық көлемінің 4\1 болып, кеуде ара қашықтығы таразы ортасы кең және қашық болып, төсі өте үлкен болмай, шағын бір қалыпты болған сайын өмірге қасиетті ұрпақ әкелу мүмкіндігі мол болмақ. Бұл қуаттың көңілдегі (шайтан) жан нәпсісін қалыптастырумен де байланысты болып әйел заттарының көкірегін төсіне дейін ашып және төсі үлкен болып, екі емшек арасының жабылуынан жанында шайтандық, нәпсілік, қызғаншақтық, көре алмастық сияқты түрлі жаман қылықтар мен мінездерінің пайда болуымен және көңіл суының бұзықтығын көрсетеді. Бұл жағдай бұрынғы өткен нәсілдердің шоқыну әдетінің көрінісі болып есептеледі. Сондықтан Раббымыз; «Бүркеншіктермен (орамал ұшымен) кеуделеріңді жауып жүріңдер» деп қатаң ескерткен, яғни адам көзімен әйелдің ішкі сыры төсінің, кеудесінің сипатына байланысты оқылып, білінетінін астарлы түрде білімін білдірген. Сол сияқты әйел затының шалбар киіп барлық зейнет сызықтарын көрсетуі де осындай тылсымнан шерік қуаттарының бой өрісіне еніп мінез-қылықтарының азғындығы мен жыныс тазалығына кері әсер беретінін де білген жөн

.3).Яғұс— 2 беттен жалын болып бөлініп тұрады. Бұл бой және жыныс қуатының жетілуімен ар-ұят сана қуаты қалыптасып, «бойжеткен» аталып, жетілген қыз балдарында ұялған кезде қызарып көрінетін нұр болады. Жалпы бұл жыныстық бездермен және адам баласының ұяттылығымен, парасаттылығымен байланысты. Ал әйел затының жыныстық алдыңғы белгілері «арай жап» зейнет сызықтарымен және жатыр мүшесінің (ағашының), құйрық майларының тазалығымен де, балтырмен жалпы 40 түрлі жан үйлері, бездерімен негізігі зейнеттелетін орны сан болып, және табанмен де байланысты болып әйел беті нұрланып тұрады. Сондықтан аталарымыз келін таңдағанда; «Келіннің аяғынан» деп жүріс-тұрысының жеңілдігімен, жамбас, құйрық майларының қалыптылығымен, бетіндегі нұрына қарап баға берген. Қыз баланың періштелік нұры осы қуаттың тазалығына тәуелді болып бет жүзінен нұр шығып тұрады. Сондықтан әйел затын беттен ұруға болмайды деп ескерткен. Ал бұл қуаттың арлылықтың әлсіреуінен қазіргі таңдағы қыздарымыздың да, қатындарымыздың да беттері жара-жара немесе қар-сұр болып, тәндерінен зәр иісі шығып, тәнінің кенелеп, бүршіктеніп тұруынан жатыр, жыныс мүшелерінің улануын, қандарының азуын, сан, балтыр еттерінің иістеніп, тұз қышқылдарының өзгерумен, 40 үй (домен) бездерінің шайтан орнына айналып (кене) иістеніп, шіруін де білдіреді.

4).Яғұқ – екі иықтағы қолмен қоспасының арасындағы шұңқырлар арасына түзу сызық жүргізсек  ұштарын көкірек асты шұңқырымен қоссақ үш бұрыш ішінен шығатын қуат. Бұл үш бұрыш алғашқы 3 қозғалыстың негізін жын қуатының, ішкі бой ағашының тектілік шамасын да белгілейді. Қол бұлшық еттеріне және некелік тазалыққа да байланысты қуат періште және бұл негізінен еркектерде ана сүтімен келетін «нағашы» болса, ал әйелдерде екі аяқ және балтырмен, табанмен байланысты болатын киіз қазықтық, сәукелесінің қалыптасуымен және жер ана рухымен, жер қуаттарымен байланысты жыныстық қуаттың өнімділігін, ана сүтінің тазалығын да белгілейді. Әйелдерде бұл жатырдың көрінісін, үш бұрышты «станды» бейнелесе, еркектер бұл қуатты неке арқылы әйел кеудесінен бөлінетін алатын көңіл сумен зейнелеттеледі. Сондықтан аталарымыз: «Сұлулығына су құйып ішесің бе?» деп ескертуі осы қуаттың (шарап ішетін) тостаған болып жетілгендігіне байланысты несібе екенін ескерткен. Бұл жағдайдың ғылымын інжілде Ғиса пайғамбарымыз әйелдердің қанын үш түрлі шарап деп астарласа, ал ғылымда «Винный уксус» деп атайды. Бұндай қуат әйел затының да еркектің де балтыр сан мүшелерінің де сұқ көздерден қорғалып, сұқтанбағанына және неке арқылы жыныстық қатынас арқылы 5-пен 6-ның алмасу қуаттарына көңіл суына да, тамақтану және зат алмасу әрекеттеріне де тәуелді болмақ. Әйел затының балаға беретін сүті де негізінен 4-ші және 2-ші қуаттарға тәуелді. Ал бала көтеру мейірімділік, махаббат сияқты ізгі сезімдер 1-ші және 3-ші қуаттардың толысу нәтижесі болып табылады.

5). Насыр; 2 көз бен маңдай ортасымен үш бұрыш белгі болып қалыптасатын, жүрек қан санауыштарымен миды жалғап тұратын, тағдыр жазуын басқарушы  жандық қуат көзі. Кейде оны «үшінші көз» деп те атайды, негізінен адам баласына көктен жаратқан тарапынан басқарылуда тұратын, аспан мүліктерімен байланыста тұратын, барлық белгілерді, білімдерді жеткізуші жан қуаты. Тағдырда маңдайына жазылған жаратқанға қайтарып беруге тиісті негізгі аманат бастапқы үш қаракеттің ақылмен бейнеленуі болып, бастапқы «Ман» қуатының  «Тәубе»-9-бен, «Мұсыл»-шомылудан нұрмен жетілген, адам баласы періште болып түрленген «Мен»-нің негізі. Негізінен ішкі 3 кісіні басқарушы көктен келетін рұх егесі. «Төртеу түгел болса төбеден келер» деп алғашқы төртеудің түгелдігіне тәуелді түрде адам баласының естілік қуатын қалыптастыратын білім көзі болып табылады. Енді осы бес қуат ошағы 3 ішкі негізгі (жан, қайрат, ақыл) арлылық, кісілік қуатпен аяқ арқылы жер бетіндегі  қырық белгі шілтен арқылы араласып, қырық ырыс және бір кісі белгісін құрайды яғни негізгі жер ана рухынан келетін 40+1 бес қуаттың негізін құрайды да 7 күн, жарықты, атқарушы қарекет иесі қолды яғни аруақты қалыптастырады. Ал бұған енді көктен келетін 3 қуаттың 10-мен дәрежесін қоссаңыз негізінен 8;80 санды періштелік белгінің бір ақылмен, сана қуатымен басқарылуын сол қолыңыздағы 81 саны әшкере қылып тұр. Ал жеке-жеке періште саусақтарға жіктесек әр қолда 19 буыннан 38 саны шықса қалған екеуі тілдік жыныстық мінез болып қырық ырысты құрайды. Екі аралық әлемде осы қуаттардың жеке-жеке бейнеленген, бейнеленбеген түрде сыңарлары шеріктері болады. Ол шеріктер құстармен, жан-жануарлар табиғатымен байланысты түрде тіршілік етеді. Көк және жер аралық үш қуаттың бейнеленуін аятта; «Жолдастарың Мұхаммед адаспады да ауытқымады. (2) Ол өз ойынан сөйлемейді.» (53-3) Уахи арқылы оқылатын құранды ескертумен және пайғамбарымыздың шапағатын, кісі-нұрдың аруақтың зейнеттелуін білдіреді. Ал бұл қуаттар көк пен жердің арсында адам өмірі, жаны, рухы арқылы бейнеленгенде:«Сүлейменнің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді.» (27-17) 17-санымен «Ісра» немесе 71-сүре жоғарыдағы аяттағы жағдайлармен байланыстылығын білдіріп тұр. Және бұл кезінде әулие аталарымыз меңгерген түрлі тылсым табиғат, жаратылыс әлемімен байланысты жындар мен түнек қуаттарымен күштерін басқару тәсіліне байланысты меңгерген бақсылық амалдарының, көрсеткен түрлі хикметті істердің масһаб ғалымдары түсіндіргендей «серік қосу, шерік қосу», дінсіздік немесе тәңірге табынушылық, шаманизм т.б. емес, керісінше  ислам дінінің негізгі сопы дәуріштік пайғамбарлық қасиеттерінің дәрежесі болғанын және тура жолдың көрінісі болғанын Құран растап, ақиқатын сан ғылымымен ап-ашық аяттармен білдіреді. Сондықтан бұрынғы білімсіздік, сауатсыздық және кітаптардың түсіп, пайғамбарлар жіберіліп кең насихатталмай тұрған кезеңдерде де ислам діні тәңірлік сипаттарда болып және осындай тәңірлік қуаттармен аян арқылы немесе басқалай «транс» қара бақсылық істермен осы «Ар», «Ман», «Уақ» қуаттарды жеке-жеке шақырып, және негізгі түп негізінің сырын білмегендіктен бейнелер жасап, табыну амалдарымен құлшылық жасаған. Кейіннен адамзаттың көбейіп өсіп-өніп, білімнің жетілуімен араларына елшілер жіберіп, осы пұттардың бәрі негізінен «бір-ақ тәңір» болып, тек бір ғана тәңірге табынуды яғни қуаттарды бірлеуді және олардың бір-ақ тәңір егесі бар екенін ескерткен пайғамбарлар да болғанын құран, киелі кітаптар шежіресі растайды. Сондықтан; Құран ғылымы дегеніміз жаратылыстың барлық сырын қамтитын 7 үнмен арап тілі арқылы құпияланып, басқа әлем тілдерінде де сөз насихаты жасырылған барлық діндердің негізі болып, діндердің бірлігін қалыптастыру үшін түсірген барлық тылсым кітаптардың оқылатын жер бетіндегі үндік нұры.

Аруақтың бейнелену себептеріт және  қолқабыстық негізгі сипаттары.

     Жалпы барлық адамзатқа берілген періштелік қуаттардың барлық негізінің адам арқылы, іс-қимылы арқылы белгілі бір қылықтық, істік, қарекеттік, әрекеттік қасиетке, сапаға айналуын адам өнімі яғни «Аруағы» деп атаймыз. Енді бұндай жоғарғы дәрежелі сапалы қуаттың қалыптасуының негізгі жоғарғы үлгісі Мұхаммед пайғамбарымыз болып аятта; «Мұхаммед саған осылайша әмірімізден бір «Рух» уахи еттік. Сен Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымызды кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.» (42-52) (94)-13 Енді бұл аяттың сандарын бірлесек; 6-7 аяттың мәнін немесе 13;11-санды Құт-Аб белгісін көрсетіп тұр. Онда бұл аяттың құпия сыры ғылымы аятта; «Мұхаммед егер саған қағазда жазулы бір Кітап жіберсек те, оны олар қолдарымен ұстаса еді. Әрине қарсы болғандар: «Бұл ап-ашық сиқырдан басқа емес» дер еді.» (6-7) деген аятпен пайғамбарымызға кітаптың аруақ періштелігі арқылы жазылғанын және оның көрінісі қолда бейнелетінін ескертеді.

      Енді аталарымыздан қалған салтымыз өлгендер артынан құран бағыштағанда «Атамыздың, анамыздың аруағына немесе рухына бағыштадық. Осы оқылған құран нұрымен аруағының жанын жаннатта ете көр!» деп тілейміз. Олай болса аталарымыз жан ғылымын терең меңгергендігі құран аяттарының әрбір өлген кісінің аруағына, рухына кітап болып, жарыққа айналып нұрлану арқылы түп негізді берілген аманат жанға қарай өтетін періштелік қуаттарға айналатынын білгендіктен және бүкіл киелі кітаптардың жиынтық жан, рух білімінің насихаты, ғылымы осындай жағдайды ескертеді. Жан аруақпен қатысты негізінен бір денесі болып саналғанмен, ал ақирет өмірінде өз орны, мекені бар болып табылады да, ал аруақ оның (жанның) кітабы, қолы, қарекет ету мүшесі болып табылады. Олай болса жан әрбір аруақтың көктен қарап хабар беріп тұратын басқарушы басы, көктің мүлкі Алланың қасындағы құлдары періштесі және серіктер әлеміндегілер болып табылады. Ал, аруақ-кісі-кітап-рух-ақыл-иман яғни әрбір адам баласының иманмен нәтижеленген тағдыр кітабы және өмірден тіршілік әрекеті арқылы бейнелеп алған несібе құраны. Сондықтан құранның қанша аят және құпия сырлары болса және олар 10 сүремен құранға айналып отыратын болса, әрбір адам баласының тағдырмен берілген міндетті түрде рухымен үрленіп берілетін Алланың бастапқы 3 негізді қарекет басы, 8 сипатты (3х8=24) Құдайлық нұр және «Ман» қуаты қалыптасу керек. Енді Құран тек оң аяттардан ғана емес теріс әсер беретін аяттардан тұратынын, түнек күштерінің де сипаттарын ғылымын ескерсек, онда зұлымдыққа түсіп кәпір болғандарда теріс мәнді осындай 10 кітаптан теріс құраны (үні, сөзі) болу шарт. Ең таза аруақ қуатын 7 күнді яғни 7 кітап пен 7 үн құпиясын меңгерген белгіні көрсеткен жоғарыдағы аяттағы пайғамбарымыздың аруағы құран және иманнан, рухтан яғни «Ман»-«Насыр» қуатынан тұратынын ескертеді. Осындай жан сырының берген несібесі сөзді зерттемей, тек арап тіліне ғана табынушылықтан ислам әлемі өзге елдерге түсірілген кітаптар мен сөздердің құпиялары арқылы берілген рух негізі мен жан сырының ғылымын меңгеруден мүлде бас тартып, тәкаппарлыққа түсуден, және бұрынғы зерттеген ислам ғалымдарының еңбектерін «дінсіздікке» жорып, берген нығметтерді жоғалтып шатасудан, ал бұл сырды толық меңгерген қазақ елінде өз ішімізден шыққан намыссыз, мақтанға, дәрежеге еліктегіш дүниеге шоқынған ел, дін басшыларының кесірінен бүкіл халықты да өз бағытынан бұрумен тура жолдан тайдырып және кері қарай орта үмметке айналдыру үшін «Масһаб» шариғат білімінің қорасына қамап және бұл салада уақытша жеңіске де жеткені, оған себепші ар-намысын Абай атамыз көрсеткен 39-санды діл білімін, жеке діндерін жоғарыдағы шеріктерге табынуға айырбастап алған ел басшыларымыз бен ғалымдарымыз басты қызметті атқарғаны хақ. Бұндай жағдайдағы адасушылық себебінің негізін Шәкәрім атамыз: «Молдалар: «Жан денеден шыққанда қатты қайғырады»,-дейді. Өтірік айтады, неге десеңіз: жан ақылмен бірге шығатын болса, дене тұтқынынан құтылғанына қуанса керек. Егер жоғалатын болса, қайғыруды білмесе керек.» Міне осы қысқа ғана насихаттан жан мен ақылдың ақирет өміріндегі жағдайын білуге болады. Сондықтан аруақ қуаты, яғни ақыл, рухы адам өлгеннен кейін тәннің шіріп, сүйектердің толық ағарып, немесе аруақ қуатының құмға, тасқа т.б.  және осы періштелік қуаттардың көптеген жаратылыстағы қаракет нәрселері арқылы тазарып, қуаттанып сол адам жерлегеннен қабір басында құран нұры арқылы қайта бейнеленіп барып, өлілердің тірілу қиямет мезгілінің кезеңін құрап, жанды яғни жарықты іздеп табады. Сондықтан осындай әлем діндерін ғылым арқылы бастарын біріктіретін Құран ғылымының, жаратқанның негізгі философиялық насихатын, «реинкорнация» заңдылығын «серік қосу» деп азғырған бүкіл ислам ғалымдарының зұлымдығын әшкерелейтін алдағы басылымдарда арнаулы қалам тартып дәлелденетін белгілерден аятта; «Мұхаммед оларға: «Тас болыңдар, немесе темір болыңдар» де. (50) «Әлде тіпті ойларыңдағы ең зор жаратылыс болыңдар. Қайта тірілесіңдер.» Сонда олар: «Бізді кім қайта тірілтеді?»,-дейді. «Сендерді әуелгі рет жаратқан Алла» де. Сонда олар, саған бастарын шайқап: «Ол қашан?»,-дейді. «Жақында болатын шығар » де.» (17-51)

      Дін ислам имамдары түсіндіргендей «қиямет-қайымда ғана тірілісіңдер» деген ұғымды «жақында болатын қиямет мезгілінде қайта тірілесіңдер, оған дейін тіпті тас, темір болған тәңірлік қуаттарың және түрлі бейнеге түсетін рухани қуаттар кейпінде боласыңдар» деп ескертеді. Егер Құран аяттарында бірде-бір бос сөздің болмайтынын ескерсек және сан ғылымының құран сырының негізгі тылсым сырын білдіретінін білген дінші, ғалым ислам діннің зұлымдыққа түсіргендердің кімдер екенін айқын түсінер еді. Бұл жағдайға қиямет мезгілінің әрбір аруақ қуатының өсіп-өніп өркендеуін қиямет мезгілінің уақытын да қысқартуға, сынақтарын жеңілдетіп, аруақтың басын (жанын) көтеруге Алла жолында осы жағдаймен соғысу, артық хайыр жасау, тозақтардағы түрлі жағдайларда болатын құлдарды құрбандық қанымен азат ету де тура жолдың басты шарты болып саналады. Ал оған негізгі  себепшісі де артындағы қалған игілік істері мен ұрпақтарының жасаған сауаптары арқылы аруақтың жетіліп түрленуі, дәрежеленумен тозақтық мезгілін қысқартуға немесе арсыздық істермен «Ман»-ұлттық намыс қуаттарын аздыру арқылы керісінше ақиреттік ата-аналарының ұзақ уақыт тозақ жағдайында қалуға себеші болуды да сөзсіз. Енді түрлену сапаларына тоқталып кетсек; Бұл періштелік ішкі қуаттардың адам өмірінде құлшылық істерін орындау арқылы бір қуат негізіне Ар-ға бірленіп;  «Ар+уақ» атты күрделі періштелік бейнеге ену керек, Бірақ бұндай парасаттылыққа, кемелдікке, зайырлыққа екінің бірі жетуі мүмкін емес болғандықтан, адам өлімінен кейін бұл қуаттар шеріктерге сосын руларға, елдік белгілерге және түрлі уақтарға айналуымен тозақ өмірінің тазару сатысынан өтіп, бір негізге кісіге яғни бейнеленген денеге айналу шарт. Сондықтан бұл шеріктер тобы адам баласына жеке-жеке жағдайда жауап бере алмайды, себебі онда рұхпен байланыс ақыл, нұр яғни кісілік бейнесі толық қалыптасып болмайды. Және соңғы тазару сатысы да, періштелік бірлігінің қалыптасуы да тірі дүниелік адам баласы арқылы бейнеленіп, өз жанынан орнын табуы шарт. Сондықтан  адам баласы қажет етсе де, етпесе де түрлі жағдайда күш-қуаттарының сарқылуымен немесе белгілі бір қарекет, қасиет сапасын, білімін меңгеру үшін де тіпті қиындықтарға, қайғыға ұшырап, ауырғанда да немесе түрлі басқалай рухани қайратты қажет ететін жағдайға түскенде бұл күш, қуат, қайраттардан жәрдем алмаса (У-ды шарап қылып ішпесе) өз ішкі қуаттары ондай тосын жағдайлардан, қайғы-қасіреттерден басын аман алып шығуы мүмкін емес. Бұл жағдайдың таңбасын медицина ғылымында жыланның ағашқа, немесе шарап құятын тостағанға оралып тұрған бейнесі діннің негізгі шартын әшкере қылып тұрғанына тек ақымақ, надан пенде ғана қарсылық білдіруі сөзсіз. Бірақ жылан, ағаш уын «Уақ»-ты, «Ру», «Ел –ді» яғни тозақта қарғалған шырша ағашынан пайда болған жыныстық қуаттарын қалай және қандай жағдайда пайда, немесе зиян екенін білу үшін тұрақты адамзатқа ортақ дін ісін ғана насихаттайтын масһаб шариғат білімі жеткіліксіз. Бұл жағдайда аталарымыз меңгерген тарихат, мағрипат амалдарын Құдай ісін меңгеру яғни уахи заңдылығы мен әрбір пенде жеке-жеке жол-жобасын алып, яғни өз ізін, жол-соқпағын айқындап отыру керек. Бұл жағдайды; «Аяз би әліңді біл, Құмырсқа би жолыңды біл» деп астарлап ескерткен аталарымыз. Сондықтан енді адам баласының ақыл қуатына, шариғат амалдарына, тазару істеріне байланысты ғана кісіге-аруаққа-нұрға, иманның өлшемі, зейнетіне айналдырып; «иман келтіру» яғни қуаттарды жаратқанмен саудаласып сатып алу үшін осы қуаттардың сыртқы бейнесі тағы төрт періштесі болу керек. Бұл жағдайды кейде дүниеден озған пенденің артынан «иманы жолдас болсын» деп жатамыз. Осы адам баласының мейлі кәпір немесе мұсылман болсын, тағдырға жазылған несібе нұрына ризықтық өмір жасына тәуелді төрт періште тағдыр-сөзі кітабы бар. Екеуін әзірше екі иыққа жалғанған қолдың көлеңкесі кәлиман жазушы періштелер деп атаймыз. Ал екеуі адам баласының алды-артында болады. Сонымен аруақтық белгінің 4 және 6-сипаттағы негізгі иманға байланысты рухани бейне, денелері «көздері»-шарлары болатынын естен шығармағаныңыз абзал. Алда жеке-жеке құран аяттары арқылы болашақта талқылаймыз.

     Енді тәңірлік бес қуаттық тіршілік қамымен ақыл қуатымен, өнер ғылымымен байланысты түрде  бірінен аз, бірінен көп пайдаланып өзіміз өсіруге тиісті болсақ, сол ішкі қуаттардың нәтиже бейнесі сыртқы періштелер тек дінді яғни уахиды құдай ісін меңгеруге байланысты болады. Яғни «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» дейтін көктік несібемізге және өлім тағдыр жазуға тікелей қатысты.   Діннің де басты мақсаты осы қуаттарды меңгеріп, бір жүйеде таза ақылға, рухқа қызмет жасатуға үйрету керек. Негізінен ішкі тәндік қуаттарды «шерік» періштелерді біртұтас ақылмен басқарылып бірленуді; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп атаймыз. Төрт періште қайта адам тәні арқылы өтіп нұрланып, екі-екіге айналса, бесінші «насыр» жүрекпен бірігу арқылы төбеден келетін «қан—атты» періштеге айналады. Ал қанатты қалыптастыратын тағы екі періште бар. Оны жазушы періштелер «Лат» және «Ғұзза»  және «Үшінші Меннат», «Мәуа» жанаты деген атаулармен, бесіншіден төбеден келетін «Шұғара» жұлдызына бағынатындығын 53-сүремен насихаттайды, оған алда жеке тоқталамыз. Ислам әлемінің діншілері кезінде сахабалар меңгерген тек осы тәңірлік қуат бірліктегі (71-24 аят) бес періштені төрт — ар және ман қуаты арқылы бірлеп «Тәубе»-«Мұсыл»- 9-ды меңгеруді ғана қарастырып, сондықтан бес парызды негізгі дін ұстанымы етіп, ал тура жолды жалғастырушы «Сана» -«И» (баураушы шар-бой) және «Ман» қуатын,  періштелік парасаттылықты меңгеруді тек шариғат білім аясындағы 30-60 бұтағын қалыптастырып қана жетілдірумен тек кітапқа куә және дін қазығы; орта топ болып есептеледі. Ал тура жолды табу үшін алтауды араздастырмау қауымдық, ұлттық, нәсілдік белгілерден үлес алумен қылықтарын тазартып, періштелік қуаттарға бірлеумен және оған ақылмен есті біріктіріп жұмсаумен іске, амалға бірленумен ғана іске асады. Ол үшін кісілікті яғни Әл-Фараби атамыздың көрсетіп Абай атамыздың қара сөзге айналдырып кеткен 4 пен 5-тің ара қатынасын меңгеріп Ясауи бабамыздың көрсеткен хикметті 13 сатысынан өту керек. Ал негізінен 35-сүремен уахимен кітап, ғылым берілу арқылы 45-аятты толық меңгерумен Абай атамыздың 45-қара сөзі осы белгіні дәлелдеп, Ясауи бабамыздың толық тура жолдың негізін қалап кеткен, ата салт-дәстүрлі дініміздің негізгі шарттары шығады. Бұл жолдың басты шарты пайғамбарымызға ескертілген және берілген нығмет (42-52)-(94) санды тура жолдың басын табу керек. Бұл жағдайды аятта: «Мұхаммед: «Егер Алланың қасындағы ахирет жұрты, елден ерекше нағыз сендер үшін ғана болса, өлім тілеңдерші! Шыншыл болсаңдар» де» (2-94) Бұл насихатпен інжіл насихатына байланысты рухани өлімнен өтіп барып, ақирет жұртынан уахи, нығмет, шындық кітабын алуды ескерткен. Сондықтан осы сипаттарды бірлеуді меңгеру үшін де; 35-санды негізгі періштелік қуаттарды меңгеріп, жан үйін 28-ді қалыптастырып пайғамбарымыздың 35+28=63; (9) санды жанды «Мұсыл»-нұрға шомылдырып, «Тәубасын» алып, ал онан кейінгі белгісін жаратушымыз аянмен, түспен, уахимен білдірмесе, адам баласы ақылмен болжап, оймен таба алмайды. Тек қана белгілі дін заңдылықтарын сақтап, парыздарды орындап, шариғат білімінен кітаптардан ғана бағдар алып отырады. Ал қандай білімнің де заманына қарай жетілдіріп, жаңалап, тозғанын жамап отырмаса, адамзатқа керісінше зиянға айналуы даусыз. Әрбір сөз ғылымының жетілуімен, жаңадан атаулардың пайда болуымен әрбір 100 жылдықта құпия сыры ашылған аяттардың және пайда болған ғылымның жетістігіне байланысты түнек күштерінің де жетілуімен қарсылық заңдылық пайда болып, сол білімді енді ібіліс те пайдаланып, керісінше білімге ғана сүйенген адам баласына өз білімін қарсы қойып күнә жасауға қызмет жасатуы әбден мүмкін. Бұрынғы дін жетістігі енді ислам әлемінде негізгі араздықпен, дінді бөлшектеуге және надандық, топастық жағдайға түсіретін білімге айналғанын, тозғанын білмеуден осындай әлемдегі ең жетік діннің атасы болып табылатын исламдық ұстанымдар өзге халыққа бұзықтықтың бастауы мен жек көрінішті етіп көрсетумен ғана арап әлемі түгіл, түркі әлемі де осындай зұлымдыққа түсіп және бұл салада өз ықпалын жетілдіруге күш салып жатқаны даусыз.

     Бұндай қарсылық жағдайдың туындау себебі діндегі бұрынғы надандық замандардағы амалсыздан дін рәсімдерін жетілдіру арқылы ғана заманына қарай жеңілдік беріліп меңгерген, білімі жетілмеген, тарихатпен бұрынғы сахабалар және пайғамбарлар, ғалымдар сөздерін зерттеп тарихат ісіне ғана айналдырған сопылық амалдармен, ал жеке кітап алып, ғылымын жетілдіріп, мағрипатқа айналмаған сопылық істерін сол қалпымен көшіріп алып қайталанудан діндегі парасаттылық, хикметті істермен үлгі болатын кемел адамдарды қалыптастыру істерін білім-ғылыммен негіздей алмаудан және өзіміздегі бар мағрипат білімі және хикметтердің амалдары ақиқат құндылықтарды өзге елдің жыртығы мен жамау шапанына айырбастап алуымыздан болды. Бұндай кемелдікті жетілдіретін негізінен 8 теріс естік қуат адамзатқа берілген «малы» болып есептеледі. Осы сегіз қуатты 8 түрлі рухани қуатпен, аруақтармен дәрежелеу арқылы толық меңгерген, оңға айналдырып ақылға көндірген 16 (61)-санды дінші тақуаны «Лама» (Қайрат) деп атайды. Бұл қабілеттік шама болса, енді қасиеттік рұхтық 3 түрлі  5 қуат та бар. Бұл қуаттарды періштелерді енді көркем сөзге, мінезге, қылыққа айналдырып тәрбиелеуді яғни алтыншысын тауып Рахманға біріктіруіміз керек. Ал бес парыз құлшылығымызбен алтыншы ішкі 45-тің жұбын тауып сүрелерге айналдырып намаздарын орындауды кітапқа бірлену яғни кітаптарға иман келтіру «қожалық» (Шәріп) болып табылады. Ал өзінен-өзі яғни сөзіне қожа бола алмаған жағдайда  аталарымыз; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп ескертеді. «Денесінің  барша қуаты Өнерге салар бар күшін, Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса тәңір үшін.»  (Абай ата). «Табиғат әрбір адам бойына не дәнді дақыл болып, не арам шөп болып өсіп шығады, тәрбиешісі; Біріншісін уақытымен суғарып, екіншісін отап отырсын». (Ф. Бекон.) Әрбір пендеге Алла тағала көрінбейтін көркем бақша сыйлаған, оның жемісі тәнде, бұтағы, жапырағы жан сарайында. Күт, мәпеле, жемісін көр, пайдалан! Сондықтан әрбір пенде өзінің жан бақшасының бағбаны «Не ексең соны орасың» деген аталарымыз.

Төртеу мен алтының бірлігі, діл қызметшісінің кісілігі.

     Діл бақшасының күзетшілерін; «ар-ұят», «ар-ұждан», «ар-намыс», «ар-ман» деп атайды. Осы төртеуін түгелдей білген жағдайда; «Төртеу түгел болса төбеден жүрекке енер зейнет» деген аталарымыз. «Осы төртеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ. Бірақ осы айтылғандарға қарсы, жолдан қосылған, адамның бойында біржолата сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды нәрселер, әдеттер бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, күншілдік, мақтан. Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы зорлық, алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рахымсыздық, мейірімсіздік, қанішерлік тағы тағылар. Бұлай болғанда осы жаман әдеттерден құтылу айласын іздеу керек. Ең алдымен барлық адамды адал еңбек ететін жолға салу керек.»«Шәкәрім ата) Жаратылыста негізінен 3 түр-рең яғни бояу түсінен басталып 8 түрмен негізгі бояу түрлері пайда болады. Енді аруақ ұғымы негізі қызылмен байланысты болып; 5 түр, жеті жолмен жалғанған, жеті үнмен байланысты болып, бұл 7 адамгершілік парасаттылық негізді, «зайырлықты» қалыптастыратын себептерін, «қолдауды» Шәкәрім атамыз: «Шошыма достым сөзімнен Сөз-құдайдан шыққан бу Ұқпасаң көр өзіңнен жұтқызайын нұрлы су…Өлсең сөзбен тұрғызам, Еріксіз мойын бұрғызам. Айтқанымды қылғызам, Жүрегіңе төгіп у…Қасиетті баламын, Жаныңды билеп аламын. Денеңді отқа саламын, Жалыны шықсын гу де гу. Байлаймын да көзіңді, Патса қылам өзіңді, Ұғып отыр сөзімді, Ел билетем жеті ру. «Мейірім», «Ынсап», «Әділет», «Шыдам», «Шыншыл», «Харекет» Түп қазығы: «Ақ ниет»— Бұл жетеуін ел қылу. Ешкімге зиян тигізбей, Кәріптің көңілін күйгізбей, Сайтанға беттен сүйгізбей, Жүрегіңді нұрмен жу. Мақтанды алма ойыңа Кек сақтама бойыңа. Ойнаса да уда-шу. Егер мұны қылмасаң, Айтқаныма тұрмасаң, Өз нәпсіңді бұлдасаң, Саған арам сөз ұғу. Мақтанып оттай саулама, Жақынды жаттай жаулама. Өлсең де адам аулама, Аң жейтұғын болма аю. Оқуың, дінің, дағдың көп, Не бір білгіш айтқан деп, Кетпесін сол жетелеп, Жарамас үйтіп ой көму. Ақылыңа ұстат қол, Тура апарар сені сол. Жардың жолы қиын жол: Шытырман тоғай, қалың ну!».

       Ясауи бабамыздың; «Кісілігіне немесе әулиелігі, тақуалығына қарап сөзін алма, сөзінің ғылымының маңызына қарап қана кісілігіне табын» деген өсиетін осылай кеңітіп ашып көрсеткен. Ал кісілігін айқындайтын қуаттың белгісін; «Адам басқа мақұлықтардан айрықша қасиетімен ерекшеленеді. Өйткені оның ағза мүшелерінің көмегімен іске қосылатын күштер пайда болатын жан дүниесі бар, сондай-ақ онда ағза мүшелерінің көмегінсіз-ақ қарекет ете алатын алапат күштер бар, бұл күш оның санасы болып табылады.»(Әл-Фараби) Ғылымдыларымыздың да дін ғалымдарымыздың да жалпы әлем болып халықтың сана-сезімін, ұлттық санасын қалыптастырамын деп талай ізденістермен түрлі пайымдаулармен және менікі дұрыс деген психолог, теолог мамандарының таба алмай жүрген құпиясын бір-ақ нақылмен көрсетіп кетіпті. Бұл жағдайдың сана күшінің қалай пайда болуын аталарымыз: «Бірінші байлық денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық» деген мақалдың негізі мына құран аятына байланысты айтылған: «Кімді қаласа, азап қылады да кімді қаласа, мәрхамет етеді. Сондай-ақ Сол жаққа бұрыласыңдар.» (29-21) деген 21-санды сана қуатының аспан денелерімен байланысты және жеті желдің, жолдың  7+7+7 үш түрлі байлықтың, 3 түрлі аруақтық қуаттардың бірлігінен пайда болатын өрістік сипаттарын меңгеріп, жанның сүнеттелуін қалыптастыратын «Ар» және «Ман» қуатты меңгеруді ескерткен. Ал, Алланың қалауы; «Ғанкәбүт» сүресін және жұбы 92-сүрені пайғамбар намазының 21 санмен байланыстылығын ескертіп тұр. Бұл біздің масһаб имамдарының намаз оқумен «намазхан» боласыңдар деген дауыс, үннің кемелденумен ақыл толу үшін 5-тің 8 сатысын меңгеріп, 40-қа келмей және онан кейін 9 жыл «Мұсыл»-Тәубе өз елінде умра қажылығын өтемей, бірден Меккеге барып, Адам атамызға, Ыбырайым пайғамбарымызға от негізіне жалғанумен қажы болып, солға бұрылып бірленумен, көлеңкенің ұзарып ақиретке өтуімен пайғамбар үмметі, сахабаларға, шейіт, шаһиттерге, әулие-әмбилер қатарына «қосылдым» деумен тең. Көлеңкелердің жеткілікті ұзарумен солға қарай бұрылып, бір-біріне жалғануымен жоғарыдағы аяттағы; «Екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар» деген ескертумен ойдағы, сөздегі жындылықтың, жастықтың мастық қылықтарынан толық арылумен, рухани өліп қайта тазарумен ғана төртке айналуын көрсетеді. Және бастапқы негіз «екіні», иманның шыңы, адамзатқа берілетін екі нығметпен және бірге, Раббысынан айналуға көрсетілген құлшылықтың жалғану белгісін білдіреді. Сондықтан әуелгі алтауға айналып, ішкі 5 күнге жалғанып, 6+5=11 санды «Құт-аб» тың пайда болуымен; «Әркімнің алда-артынан Алланың әмірі бойынша өкшелеп, қорғаушы періштелері бар. Расында бір қауым өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші жоқ.» (13-11) Бұл 11 санның құранның ішкі сағатын, ғылымын алып, құран сүрелерін көлденеңінен 11 кезеңдік белгісін, және діл білімін, әйел, еркек қандарындағы періштелердің жарыққа, қауымға, бойға айналуын  көрсетіп, Алланың өзі — нұры дегеніміз осы жағдайлардан туындайды. Ал бұл сүре елшіліктің белгісі кітаптарды, сөз ғылымын, қасиеттерді меңгеру істерімен еркекке тән сипат болып, бұл аят әйел, еркек жанының бірлігі де болып саналады. Сондықтан бұндай жағдайға жету үшін ана сүтімен келетін қасиеттермен, неке арқылы әйел затынан, жыныс, бой, ар тазалығынан пайда болып және еркек шауқатын тазалап, қан арқылы өңдеп, қан суы  діл біліміне яғни көңіл суына қосып, шарапқа айналдырып күйеуіне қайта сыйлайтын «імүндік» тұз қуатына (виный уксус-шарап) тәуелді болып келеді. Сондықтан аталарымыз «Тұз ауыр ма қыз ауыр ма?» деп астарлаған. Мінезі салмақты, ар-ұятты, тәрбиелі қыздың да тұзы ауыр, салмақты яғни еркекке берер сыйы; жыныс қуаты, көңіл суы, қасиетті, таза және өмірге қасиетті, текті ұрпақ әкелуге қабілеті  қалыпты болады. Және етегі толық қалыптасқан аяғы таза әйел затының да екі аяқ арасындағы нұры, киіз қазығы яғни сәукелесі-үйі де таза болып, ондай таза үйден азықтанған еркектің де күйі болады. Ал жалаңаш, жеңілтек, арсыз қыз, қазіргі таңдағы көшенің және сұқ көздердің сәніне айналған; «сексуальды»-күйшіл, ойнасшыл, көрінгеннің көзін өзіне қаратқан күйлеткіш қатындардың; «Тұзы сор» болып, ондай некеден еркектің «Еңбегі (шауқаты-бой қуаты)-еш, әйелден алған көңіл су, яғни тұзы сор» болып, ондай жұптардың жоғарыдағы сандық қуаттарды періштелік нығметке жетіп бақытты болуы екі талай. Және бұндай жағдайда ондай еркектің мойыны жіңішкеріп, әйел мінезді, еліктегіш сияқты жіңішке әсіре қызыл, есту қабілеті де нашар, қатын сияқты көріп ойланатын болғандықтан аталарымыз; «Үйі жоқтың күйі жоқ» деп астарлап мақалдаған.

    Енді әйел, еркек некесі арқылы бір қауым періштелер пайда болып, пайғамбарымызғы неге көп әйел алуға мәжбүрленгенінен осы астарлы ғылымның діл бақшасының негізі мен тағдырға жазылған 4-сөзден туындайтын 4 кісілік нұрды меңгерумен мұсылманға 4 әйелге дейін алуға ұлықсат берудің негізі парсаттылық қуатты 7=аруақтық күрделі жан-қан қуатымен және рухани негіз 4-кісілік нұрды, періштелік қуатты меңгерумен байланысты. Сондықтан қазақ ата-аналарымыздың да әмеңгерлік және құда түсу арқылы да атқарылған, жесір және тоқал алу сияқты әдет-ғұрпымыздың негізі жан ғылымына байланысты, тағдырдан бұрынғы жеті атамыздан келе жатқан қауымға келген тағдыр сынағын жеңілдетіп, қан араластырып тектілікті сақтау жолында әйел халқының жанының азбауын, өсіп-өнімін тазаруын тұрақты сақтап және әйел қанына байланысты ұрпақтарымыздың басына жүз жыл айналып түрлі аурулар, рухани кемістік, мүгедіктік жағдайлардың қайталанып, нәсілдік сынақтар болып қайта келетін, және елдің басына жалпы қайталанатын нәсілдік, қылықтық заман сынақтарын жеңілдету мақсатында, қорғаушы періштелерінің санын көбейтіп, көкте қазынасын аруағын жинап, өсіп-өнуге және де ұрпақтарымыздың болашағында мүгедек, соқыр, саңырау сияқты түрлі жаман аурулар мен рухани кемістік жағдайға түспеуіне қосымша мүмкіндік берілудің сыры жатқанын көруге болады. Қазіргі таңдағы «Гендер-еркін» т.б. басқалай тәнінің сұлулығына мәз болып, еркектен қалмаймын деген, отбасы сынағынан қашып, жесірлікті жеңілдік қылып дүние тіршілігіне айырбастаған, еркек шауқатынан жанына неке төсегімен қуат ақпарат алып, және көңіл суын тазартып еркек етін тазарта білмеген әйел затының 100 жыл өткеннен кейін аруағының тірілуімен керісінше мүгедек, жынды, ауру, несібесі кеміс, бір жыныстылыққа құмарлық аурулармен азғындыққа түсумен тозақтық сатыларынан, дүние азабынан қайта өтуі сөзсіз және хақ. Сондықтан осы періштелердің неке және жан-ұя татулығы арқасында бірленіп, 18-мың ғаламмен байланысқа толық түсуге «Төртеуді түгелдегендер» үшін аятта: «Әрине жолдастарының жыны болмағандығын түсінбеді ме? Расында ол, ашық ескертуші ғана.» (7-184) (1+8+4=13) Бұл аятпен жоғарыдағы 13 санды қасиеттің негізін де қандай дәрежелік күштермен, періштелік қуаттарға, қасиеттерге байланысты болатынын ескертіп тұр. Негізінен 18-мың ғаламның барлық сипаттарынан белгі алумен, адам баласының 100-імен яғни малдық қуатымен қосылып, түрлену арқылы және оң, сол және алды-артқы періштелердің тазалығынан, олардың тұтастай ескертуші болып, иман жолдасқа, серікке айналуын, ондай адам баласының ескертушілер, елшілер қатарынан болып табылатынын, пайғамбарлық қасиеттің негізін ескертеді. Бұл жағдай пайғамбарымыздың 50 сауап намазын көктен алып келген үкімін белгілеген; «Сонда кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, азап қылады. Сондай-ақ Алла (Т)-ның барлық нәрсеге толық күші жетеді.» (2-284) Бұл аятпен соңғы екі «жұлдыз»-15;16 аяттарымен аралықты белгілеп, 4 күнге жалғанып бірақ әрі қарай төрелік пен қожалық елшілікті меңгеру Алланың қалауына ғана тәуелді екенін көрсетеді. Ал пайғамбарлық қасиеттің елшілік дәрежесін меңгеру үшін аятта: «Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды.» (72-26) деген аятпен 6 күзетші періштеге жоғарғы дәрежелі ақпараттың келмейтінін ескерте отыра: «Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды.» (72-27) жын қуатын толық игеріп және ішкі мәні; 27 санды сөз құпиясын, қуатының астарын меңгеруге байланысты іске айналдырумен қолындағы аруағын да толық меңгергендер, ішкі сезімді бірлей білгендер (6+1(5-күн)=7; жеті санымен ғана елшілік дәрежесіне яғни 72+27=99 сипатты Алла Тағаланың көркем есіміне жалғанумен байланысты болады. Жоғарыдағы 11 санды «Құт-аб» «Бір» болып есептеледі де бұл адам баласының сыртқы әлеммен тұрақты байланыста тұратын адам баласының жан дүниесінің мүлкі, рухани қазынасына жатады. Енді бұл 1 қуаттың, ақшаның екінші жұбы болу шарт. Ол адам қанындағы 11-жұлдыздың бірлігімен, тағы сырттағы 5 сезім шеріктерінен келетін қуаттарды 6-мен алу арқылы барлығы 5+5=10 күнмен, енді 6+1(11) қосындысымен барлығы тағы дәрежеленумен 17-ге айналып, «Ісра»(ар+іс) төртеу мен алтының бірлігін қалыптастырған; (46=4+6=10) толық аруақтың бейнеленуі  болып шығады. Енді пайғамбарымыздың; «Кімге Алла тағала салиқалы әйел берген болса, діннің жарымына жәрдем етіпті, ал қалған жарымына өзі тәуба етсін.» (838-өсиет)«Әйелдің ерінде қанша ақысы көп болса, ерінің де әйелінде ақысы сонша болады.» (137-өсиет) Әйелдің еркектен алатын жалақысы, парасы, ақшасы, сезім қуатын жетілдіруші күн негізді ұрықтық бел қуатының сырын қазіргі білімді заманда онша көп түсіндіруді қажет етпейді де, ал енді әйел затының мақсаты мен мүддесі және жан сырының ерекшелігінен мүлде білімсіз болғандықтан, әйел заты да өздерін маймылдан жаралаған сияқты сезінумен, әлем еркектері әйел затынан жалақысын, тұзын, қан шарабын алып, жанын тазартуды ұмытқасын ондай әйелдерді жар қылған еркектердің белсіздік және түрлі «ит» аурумен азып, тозып ақырында жаратқанның мұндай ерекше берген бақыт сыйын күтіп, баптап, діл бақшасын,  ұлттық дін тәрбиесін, ар заңын мүлде ұмытумен әйелден ішетін шарап — су орнына, у ішуден жиренген жанның, рухани иман жолдас қауымының да түрлі айуандарға, жәндіктерге айналуымен, нәпсілік құмарлықтың да өзгеріп, бір жынысты қатынасқа хайуанға айналып жатқанымыз сөзсіз.

      Бұл жағдайды толық түсіну үшін енді осы сандарды қалай меңгеруді және қандай хикметтермен байланысты болуын «Ісра» сүресінен сандық мәндерінен үгітін, насихатын алуға болады. Берілген өсиеттің, хадистердің сандық мәндерінде де үлкен сыр жатыр. Бұл жағдайдың кезінде мейлі арап дін ғалымдары болсын сандық мәндерді бостан-бос белгілемегенін, қазіргі дін ғалымдарынан көрі сөз ғылымын әлде қайда артық меңгергенін көрсетеді. 838 санының өзінде Алланың сегіз сипатының әйел ділі арқылы және еркектің құлшылық діні арқылы бір-бірімен некелесетінен яғни 8+3+8 бастапқы 3 қозғалыстың 30  параға айналуымен, барлығының қосындысы 19-санды ортақ белгіні көрсетіп тұр. Бұндай барлық өсиеттермен, киелі кітаптармен сандардың мүлтіксіз бірлігі арқылы жалпы әлем діндерінің, пайғамбар нұсқауларының басын біріктіріп бір ғана өсиетпен белгілеп, төрт дәрежелі сандар арқылы да түсіндіре білген Ясауи бабамыздың 3 түрлі ғылыми негіздегі «Сәни» дәптерлері болып табылады. Сондықтан бұндай сандарды екі, немесе бір дәрежеге қарай түрлендіргенде құран аяттарының ғылымынан ауытқымауы шарт. Ондай күрделі еңбекті түсіну үшін әуелі құранның екі, бір дәрежелік сандар тағлымымен көрсетілген аяттардың қарапайым астарлы үгітін шеше білу керек. Сондықтан да; «Алла есепшілердің ең жүйрігі сақ боларсыңдар!» (6-62) деп ескерткен. Мысалы 11-санды «Құт-аб» қасиетті меңгеру үшін аятта: «Адам баласы жамандықты жақсылық тілегендей тілейді. Негізінен адам баласы тым шыдамсыз.» (17-11) және (13+11=24) «Ол екеуіне кішіпейіл мәрхаммет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!»,-де» (17-24)  Сабырлық, тақуалықты меңгерумен бірге ата-ананың, Раббысының мархаметіне бөленіп, жаннатық болмай нәтиже бермейтіні ескертеді. Сондықтан да пайғамбарымыз: «Бір бала ата-анасының хақын өтей алмас. Бірақ оларды құлдықта тауып, сатып алып азат еткенде ғана өтей алады» (Мүслим Әбудауыт, Тырмизи және ибн Мажадан) деп өсиет қалдырған. Бұл құран сырын інжілде ашықтай насихаттағандықтан ислам, масһаб ғалымдарының жүректеріндегі шайтандары қарсылық білдіріп, сондықтан бұл аяттардың үкімін орындаған яғни тозаққа түскен «аруақтың басын-жанын жарыққа шығара көр»,- деп құран оқып, жаратқанға жалбарынып, құрбан шалып, Раббысының үкімін орындап, «Ақ»-ты іздеп, ақтық жауып, зияраттаған  қазақты «серік қосушы» атап, ал өздері Құдай патшалығына кірмек түгіл, жұртты теріс азғырумен  құран үкімдеріне жала жапқан шайтанның жамағаттарына айналып, жолдан тосқан кәпірге айналғанын сезбейді де. Бұндай пенделердің Алланың нұрын ауыздарымен өшіруге тырысқан әрекеттері көзге айналып, бейнеленіп енді болашақ тағдырларында, немесе ұрпақтарында міндетті түрде зұлымдық, қасірет, қайғыға соқтыратын себептерге ел басшылары мен жазушы, ғалымдарды, заңгерлерді де  арандатып, қайғы-қасіретті жан ұяларына, өз бастарына және жалпы елімізге келген түрлі сынақтарға себепші болуына және осымен өз аруақтарына, ата-аналарының кісілеріне, кітаптарына яғни Алланың құдірет қолының қозғалыс себептеріне қарсы шығуымен кешірілмес күнә жасап, енді солар арқылы жуық арада жазаланып, Құдайдың қарғысына ұшырауына жәрдем бергені хақ. Және әрбір істердің нәтижеленетін мерзімі де болуы хақ! Енді бұл 24 санының Алланың тағайындаған нұры күзетші кісісі-кітап болып есептелетінін; «Мұса олардың малдарын суарды да сосын көлеңкеге бұрылып: «Раббым! Сен маған қайырдан не жіберсең мұхтажбын» деді.» (28—24)Ал енді көлеңкенің, серік періштесі иман жолдастың қиын-қыстау жағдайда қолдай беретін аруақ періштелері екенін; «Ақыры өздеріне көрсетілген азапты көрген сәтте, кімнің көмекшісі (періште, күзетшісі, иманы) нашар, саны аз екенін біледі.» (72-24) Осы 24 санды нұрдың екінші жұбы 42-санды «Шура» сүресі болып, енді масһаб, «Фиқһ» дін ғалымдарының, қазақтың салт-дәстүрін, намаз орындайтын дінін «серік қосуға» айналдырып, пайғамбар өсиеттері мен сүнеттерін де теріске алып, мазақтайтын заман келетінін, оны сол құран түскен уақытта-ақ шешімін, үкімін алдын-ала белгілеп, тағы да 24 санды аятпен: «Мұхаммед олар сені: «Аллаға өтірік жала қойды» дей ме? Алла қаласа, сенің жүрегіңді де бітер еді. Алла, өтірікті жойып, өз сөздерімен шындықты шынға шығарды. Өйткені Ол, жүректеріңдегіні толық біледі.» (42-24) деген үкіммен «Мен сендерге (аруақтарың, қолдарың арқылы) күре тамырларыңнан да (ағаштарыңнан да) жақынмын», діліңдемін деген аятын осылай растайды. Енді біздің дін ғалымдарының мезгілді, қозғалысты туындататын осындай 6 періштеден тұратын «Уақ»-тың әсерімен; 24:6=4-негізгі мезгілге айналып, кісінің сипатын беретінін және оның енді «Ар» қуатымен қосылған жағдайда ғана «Аруақ» деген тәңірлік үш сипатының (Субханалла, Әлхамдулла) нәтижесі; «Алла—уақ—бар» (Алла-Бар—уақ) таспихының негізін жоққа шығарған бүкіл ислам ғалымдары мен имамдар, хазіреттер кім болып шығатынын; «Олар сөзді зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» (23-68) деген аяттың мүміндік белгісіне кімдерді жатқызуға өзіңіз бағасын беріңіз! Барлық қозғалыс негізінің ішкі көктем, жаз, күз, қыс мезгілдік сипаттарын яғни күннің жарығының қаншалықты зейнеттелуін соған байланысты адам өмірінің де осындай мезгілдік уақытынан тұратынын қазақтың бүкіл даналары негізгі үш мезгілді құр жіберме, ал қысың ағарып қартаюмен, немесе қайғы, қасірет және өліммен де байланысты екенін насихаттаған.

Ар мен қол дауы -жанның сырының ғылымы.

      Енді барлық жаратылыс қозғалыстан басталып, ол қозғалыстың бастапқы негізін «Ман»-ды 3 санымен белгілеп, бұл қозғалысқа керек қолқабыс себептік қуаттарды 5 санымен белгілеп, енді осы сандармен белгіленген періштелік дәрежелердің бір-бірімен әрекеттесуі, бірленуі, түрленуі арқылы болатын барлық әрекеттердің негізгі басқарушы түп негізді ақыл екі санымен айқын болады. «Бүкіл жоғары бөлік екі жарыққа бөлінді де, қозғалыс қасиетіне еге болды. Алла тағала өзін құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі етіп жаратты. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харекеттің ірге тасы болып қаланды..» (Әл-Фараби) Бірақ бұл негізгі екінің көрініс беруі үшін де әуелі барлық періштелердің біртұтас сәждесі болып табылатын 3-тің екімен дәрежеленіп 9-ға және 6-мен 4-тің бірлігі 10-мен дәрежеленіп 30 параға және бастапқы 3 қозғалысқа қайта қосылып, 33 санды жоғарғы қанатты періштелік дәрежеге және қайта 3 кезеңді түрленумен 99-санды екі негізді 9 санына барлық қозғалыс себептеріне (таспихқа) айналуымен, адам баласының құлшылығының нәтижесі, өнімі, періштесі «Бірге» ақылға бағынуымен жоғарғы Раббымыздың келетін нұр негізгі ақылға қосылумен, негізгі бастапқы жаратылыс басы екінің сипатына айналу керек. Сондықтан Құрандағы және аталарымыздың ескерткен «1001 атты қатерден, 101 атты пәледен сақта, құдай!» деп сиыну амалы пайда болады. Бұл екіні шүкірлік амалы арқылы қалыптастыратынын аятта: «Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді. (21) Олар Дәуітке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: «Қорықпа бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал» деді. (22) «Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда ол, «Оны маған тапсыр» деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді.» (23) Дәуіт «Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарының үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай» деді. Дәуіт шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды.» (38-24)

      Осы аяттардың насихат ғылымын шешкен бірде-бір масһабтың «Фиқһ» білімінен де болмаса басқалай сопылық діни топтардың «Тасаввуфшы» сопылық жолдағылардың да бірде-бір жазбаларында кездеспейді. Керісінше Дәуіт пайғамбарға күмән келтіріп мазаққа айналдырған тәпсірлер жеткілікті. Бұл туралы 5-ші кітапта жазылды және 6-шы кітапта толық ғылым сырын жазамыз. Барлық шариғат немесе басқалай тәрбие, дін ұстанымдары «болады және болмайды» деген екі негізге құрылып оны Әл-Фараби атамыз «Балнама» деп, жан, жас, рух сырының сандық, сызықтық бейнелерін толық есептік жүйесінің ғылымын дәлелдеп кеткенімен, өкінішке орай дін ғалымдарының надандығынан оны; «бал ашу» серік қосу» деген ұғыммен әлі кезге дейін шаң астында қалып ескерусіз жатқаны хақ. Ендігі біздердің есті яғни сана қуаты мен ерік күшін рухани дарындылықты қалыптастыру біліміміздің «Балнамалық» негізі шариғатымыздағы «болады, болмайды» білімінің ғылымы; «Фиқһ» немесе масһаб ұстанымы болып, оны дін муфтиятымыз «тура жол» деп атағанмен, тек ақылдың қуатына білімге ғана негізделгені сөзсіз. Ал нақты заманға сай және әрбір адам баласының тағдырына  және шаруашылық істердің жетілумен түрлі тағамдық, қаракеттік істердің ерекшеліктерінің жаңадан қалыптасуына қарай күмәнді, күнәлі көмес нәрселердің жетілуін де туындату себебінен енді шариғаттың «болады мен болмайды» деген «Балнама»-шариғат білімі тіршіліктің барлық жобасын қамту мүмкін емес және барлық шариғат ұстанымдары мен пайғамбар өсиеттерін, құранды жаттап алғанменен кезінде халал, болады деген көптеген нәрселер қазіргі заманда күмәнді болып біреуге болады, ал енді біреулерге болмайды. Пайғамбарымыз; «Адал да арам да Құранда баяндалған. Бірақ сол екеуінің арасында күдікті нәрселер бар. Көп адам оның анығын біле бермейді. Осындай күдіктерден сақтанса адам дінін де, абыройын да сақтайды. Кімде-кім сол күдікке мойын бұрса ол арамдыққа түседі. Бұл да біреудің бақшасын (ділін) қорыған бағбанға ұқсайды. Жақындап бара берсе егінге түсіп кетеді. Әр хандық (ұлт, әулет, үммет) шекарасы бар сияқты, Алланың жердегі шекарасы оның арам етіп жаратқан нәрселері. Оларды кәсіп етпеу керек. Бейне денеңде бір кесек ет бар, егер ол тазаланса, дененің барлық мүшесі тазаланады. Егер бұзылса барлығы да бұзылады. Бұл ойда болған жөн.» (403) –(7).

     Әрбір ұлттың қанын және ділін қалыптастыратын өзіндік тағамдарымен қоса тақуалық және тән ағзаларының жүректің қалауы бойынша да әрбір пендесіне күмәнді яғни қорытылмайтын жақпайтын тағамдары да болу тиіс, сондықтан осындай аралық нәрселер біреулерге халал, ал келесі біреулерге халал емес, ал өзіне халал еместі арам деп ғылымсыз тек тілмен бағалауға болмайды және шариғатқа да қайшы. Олай болса өзге халыққа халал қылып, ұлықсат берген тағамын арам, адалға бір елдің шекараның ішінде тұрып бөлініп, дүкендерге ашық жазып, монша, шаштаразға дейін арам мен адалға бөлуден ақыл-ойдың бөлшектенуіне әкеліп, дінсіздіктің, бір ұлтты арап сияқты елдерден ойланбай көшіріп ала салған діни сауаттсыздық, надандықтың өзі болмақ. Сондықтан да аятта:«Тілдеріңнің «бұл арам, бұл халал» деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар. Аллаға өтірік жала жапсырған боласыңдар. Шынында Аллаға өтірік жала жапсырғандар құтылмайды.» (16—116) «Қарамайсыңдар ма! Алланың сендерге берген несібесінен арам, халал жасадыңдар» де. «Сендерге Алла рұқсат берді ме? Немесе Аллаға жала жауып жүрсіңдер ме?»,-де» (10-59) Бұл екі аят адам баласының малдық яғни тән арқылы алатын тағамдық сипаттағы қуаттар мен екінші рухани күш жан азығы табан арқылы жер кезіп, киелі орындар мен әулие-әмбилер, Алланың сүйген құлдары ардақтап бағаланғандар арқылы келетін аруақтық қуаттық несібені де ескерткен. Сондықтан осындай барлық тағам немесе басқалай тұтыну нәрселерін «халал» немесе «арамға» бөлу Аллаға «серік қосудың» нақты бейнесі. Яғни адамдардың ақыл-ойын бөлшектеп, бір-біріне қарсы қойып араздастыру үшін жасалып жатқан әрекеттерді алысқа бармай-ақ еліміздігі «халал» өндірісімен ата салт-дәстүрімізді, аруақ жолы-Құдай ісін; «дінсіздік, заңсыз баю» жолы деп, Құран аяттарына жала жауып соттаған мемлекет басқарушыларының шайтандық әрекеттері мен және дін ғалымдарының Құран философиясынан сауатсыздығын былай қойғанда, жан ғылымынан мүлде бейхабар екенін білдіретін, жынның жетегіне, өктемдігіне түскендігін, жоғарғы Дәуіт пайғамбарымызға келген аяттағы «..сөз бойынша, бір саулығыңды (ақылды) маған бер деп өктемдік істеуі» болып саналады. Сондықтан Раббымыз әрбір пендесіне «..Жол-жоба түсірдім» деп ескертіп, бұл жол-жобаның негізі; «..Оған екі көз жаратпадық па? (8) Әрі бір тіл екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол кедергіні асуға тырыспады.» (90-11) деген аятпен жоғарғы дуардан асып келетін даушылар мәселесін қалай шешуді және ол ана тіліне және діл біліміне тәуелді екенін осымен ғана негізгі екі бірліктің нәтижесі 11-санды адам баласына берілген екі тағдырының (6-шы басылымда білімін көрсетеміз) шәтижесі «Құт-аб», «Бақара» (Бақ-қара) яғни аталарымыздың бақыттың негізі «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын!» деген батасының Қызыр періштесі Бақ — қорғаушы күзетші болып, Қызыр періштесі «Қызыл-аруақ» қуат болып еніп, ақыл құсы иман болып қонуын ескертеді. Бұл белгіні; «АР»-«ЕС» немесе парасаттылық деп атайды.

     Енді Әл-Фараби атамыз бұл екі негіз «болады мен болмайды» деген ақылдан да биік тұратын адам баласының тұрақты сана қуатының қандай жағдайларға тәуелді екенін; «..Адам талпынатын қалаулы игілік ретінде мақсаттардың саны көп болғандықтан, бақыт солардың ішіндегі ең пайдалысы болып саналады. Бақытқа жетіп алғаннан кейін біз басқа бір мақсатқа талпынуға тіпті зәру емес екенімізді көреміз. Бақыт дегеніміз игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі ең үлкені және ең жетілгені екені осыдан..» Мейлі қандай да бір дін ұстанымдары мейлі мемлекет құрып түрлі заңдар арқылы өмір, тіршілік қағидаларын жетілдірудің бар негізгі талабы да мақсаты да, адам баласының еңбегінің игілігі де осы бақыттылық деген ұстанымға ғана апарып тіреледі. Ал бақыттылық дегеніміз екі нәрсенің бастапқыда қарама-қайшы болып «Ақ пен қара» (ала жіп «Уақ»-13) кейіннен адам баласына тұтастай бағынған қуат, күш, періштелердің бірленуімен, ақылдың жоғарғы жетістігінен туындаған игілік болып оны аятта; «Мұхаммед: «Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын» де. (51) Оларға: «Сендер, бізге (ғазилық, шәһидтік) екі игіліктің бірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал онда сендер де тосыңдар, бізде тосайық» де» (9-52) Жаратушымыз бүкіл адамзаттың іздегенін және бақыттылықтың жан сырын осы аятпен сандық мәнін ғылымын белгілеп; Шаһидтік игілік дегеніміз — жан ұя құрып, от басылық өмірде жетістіктер мен нығметке бөлену болса; Ғазилік — барлық істердің ақ бастауынан нығмет алып қасиет, қабілет сияқты адамгершілік жоғары қуаттарды меңгеру болып табылады. Осы екі негізден (51;52; 51+9=60 52+9=61) төртеуін түгеледеу арқылы ғана адам баласының бақыттылығын анықтап ондай жағдайды; Парасатты, зайырлы, арлы немесе есті деп атаймыз. Бұл жағдайлардың негізгі пайда болуын 4 негізгі тағдыр жазуының қарама-қайшылықтары мен бастапқа адам баласы жаратылмай тұрғандағы ана жатырында қырық үйінің жағдайына байланысты пайда болатын «алтын бесік»-кісінің яғни тағдырдың жазуы болып екі сөзді аманатты яғни екі жолды меңгерумен айқындалады. Егер сандар арқылы тексерсек 51+52=103; 60+61=121 нәтижесін аяттарда; «Егер олар иман келтіріп, сиқырдан сақтанса, әрине Алла жағынан сауап болар еді. Егер олар білген болса» (2-103) деген аятпен сиқырдан, тіл көзден сақтануды меңгеру үшін тек намаз оқумен шұғылдану жеткіліксіз, керісінше жын-шайтандарға қарсы тұратын Мұса, Ғиса, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымыздың кітаптарына, аруақтарына жалғанумен бақсылық, емшілік істерді меңгеру шарт. Ал екінші жағдайда; «Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. Кім Кітапқа қарсы келсе, онда солар зиян етушілер» (2-121) деген насихатпен аян, уахиға жалғанып тарихат, мағрипат кітабын алумен, ақиқатты көруді ескертіп жоғарыдағы пайғамбарымыздың намаз орындаумен  алған екі игілігінің үгітін көрсетіп тұр. Абай атамыз бұл екі игіліктің негізін; «Сөз сатып алып не керек, тәңір сені баста екі сөзбен атқан»деп ескерткен. Бұл белгілердің бәрі негізінен бастапқы қозғалыс негізі 3-тің ішінен 5 сезімдік қуаттан табылып оны Әл Фараби атамыз; «Адам өмірінде кездесетін жағдайлар мыналарға бөлінеді, артынан мадақтауға және жазғыруға болмайтын жағдайлар және мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлар». Мұхаммед пайғамбарымыз ескерткен адам баласына ана құрсағында тағдыр болып жазылатын 4 сөздің үрленетінін ескерткен осы 4 түрлі қарама-қарсылық жағдайлардың бастауы болып табылады.

       Енді осы 4 түрлі, екі негізді «Болады мен болмайды» шариғат білімінен 3 түрлі әрекеттердің, қозғалыс себептерінің пайда болатынын ескертеді: «Әрбір мақтауға (иман зейнетіне) әрі жазғыруға (күнәға) соқтыратын мұндай жағдайлар үшеу: 1. Бұл әрекеттер де адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер, мысалы, орнынан тұру, отыру, көлікке мініп жүру, көру, есту үшін керекті әрекеттер. 2. Жанның әсерінен; Құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш және сол сияқтылар. 3. Ақыл-парасат; Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмірі бойында болады немесе кейде болып, кейде болмайды.» Енді бұл жағдайды аталарымыз; «Бірінші байлық — ден саулық» жоғарғы аяттағы іштегі; 99 малдың бірлігін қимыл әрекетті ескерткен. «Екінші байлық — ақ жаулық» деп анадан пайда болған жанымыздың сол түп негізгі жартысынан деген арадағы махаббат пен неке адалдығы және әдет-ғұрып, салт-дәстүрден пайда болатын «Ақ жаулықтың» тазалығы діліміздің, тіліміздің жетістігін ескерткен. «Үшінші байлық-он саулық» деп 6 ақылмен естің бірлігін 10 күнді ескертеді. Шәкәрім атамыз бұл сырды; «Өнерді меңгерсең 10 күнде 100 қой аласың» деп түсіндірген. Сонда 10-ды меңгеру әуелгі 99-бен алғашқы 1-ге иелік етіп сосын «Жүніс» сүресін меңгеруден 10 болып онан кейін «Һұд» сүресі арқылы 11-ге айналдырасың деп ескертеді құранда. Сонда екі игіліктің негізгі ғылымы және қуаттық жоғарыдағы 13-11 санды аяттың қауымдастықтың ғылымына қайта келеміз. Сондықтан бұл сүре «Ра-ғыд» (ар-ғыд) «арыңды көрсет, жетілдір» жарық қуатына айналдыр болып табылады. Енді сана қуаты барлық қуаттардан да үстем тұратын негізгі басқарушы «Біз» болып, оның ішкі себептік күштерін жіктесек тағы бастапқы төрт тағдыр сөзінің нәтижесін беріп; Ар-ұят, Ар-намыс, Ар-ұждан және Ар-Ман соңғы екі игілікті, бақыт негізін құрайды. Мұсыл-Ман аталудың да түпкі нәтижесі осымен көрінісін табады. Ар қуаты «уақтарды» басқарушы болып, «Аруақ» ұғымы осы тұтастықтың бастапқы ақыл-парасат игілікке негіздеген 7 жолдың барлық себебін қамтып, негізінен Алланың құдірет қолы 8 негізгі сипатының атқарушы саусақтары деп, барлық ғылыми негізін қолдың буындарынан көрсетіп қойған және түсі «Қызыл» болып ең ұзын толқынды құрайды. Ғылымда да барлық жанды нәрсенің қайта тіріліп өсіп-өнуі немесе адам баласынан 3түрлі дәрежедегі, тербелістегі «инфракрасный» атты сәуленің ем-шипа болуы мен несібелердің де осы қызыл қанға байланысты қалыптасатынын 7 санын жеті әулие деп аталарымыздың атағанын естен шығармаған абзал.  Сондықтанда пайғамбарымыз өмірге толық жеті санды қалыптасқан «Ақ» бастауының қуатымен келіп; «Мен жеті сүйек арқылы, сәжде жасауға бұйырылдым» деген астарлы ұғымның артында толық таза аруақ қуатын қалыптастырушы және оны құран аяттарымен жетілдірушімін деп ескертуі деп біліңіз. Енді бұл қуаттардың парасаттылық, кісілік нәтижесі болып 49-сүре; «Хұж-ра-ат» болып, «Ар» қуатының яғни сана қуатының нәтижесін білдіреді. Негізгі тән, жан, ақыл-парасат әрекетінің жоғарғы дәрежелі екі жарықпен дәрежеленуі «Тәубе»-«Мұсыл» болып нұрлануымен және 4 түгелдіктің көк саны 10-мен дәрежелену нәтижесінен, 40 жер әулиесіне жалғанудан және бұл сүренің нәтижесін 18-санымен, аятпен белгілеген тұжырымын; «Расында Алла, көктер мен жердегі құпияны біледі. Сондай-ақ істегендеріңді толық көруші.» (49-18) (67) Нәтижесінде рух пен жанның бірлігі «Аруақ» қуатын меңгерудің нәтижесін 67-нің, иманның 60 бұтағы мен жеті сабақтың пайда болғанын ескертіп тұр. Бұл санды аяттардың насихатынан мысал берсек, Абай атамыз Пушкинді де құран аятымен жырлатқанын көруге болады; «Құп білемін, сізге жақпас Ескі жара білтелеу. Ақ жүрегің енді ұнатпас, Мезгілі жоқ қай медеу? Ықтиярсыз мұңды сезім Етті ыршып жолыңа. Мазағыңа бердім өзім Өз басымды қолыңа..Сен-ағашта піскен алма, Әзір едің, алмадым. Құп, кіріптар қылды Алла, Әлде мені қарғадың? Он сегіз мың бұл ғаламның Бар тынысы күнде тұр. Мен сықылды сорлы адамның Ықтияты сенде тұр. Сен бетіңді әрі бұрсаң, Шықты көзім, болды көр. Жанды аларсың разы болсаң, Біздің орын қара- жер. Тәңір добы-бұл ғаріп бас, Кетті амалсыз, қорлама! Қайта қақты, қайда болмас, Келді түсті орнына. Ақылы бар, ықтиярлы, Пенде теппес өз жарын. Ерік Иеде, пенде зарлы, Не білер не боларын?…Күні ертең бір көрінсең Сорлы асықтың көзіне. Тәңірі үшін, шапқатыңнан Нан ғаріптің сөзіне! Не болайын, тез болайын, Ақ жүзіңді көрейін. Бар ма өмірім, қармалайын, Жоқ болса, мен өлейін. Қорғалап құр өтпе өмір бос, Тағдырыңа қарсы бар. Бір өзіңнен басқа дос Таппасаң, өл, жүрме зар» (А.С.Пушкиннен) деген астарлы сөзбен тақуалық негізді, жарға, жоғары ақылға ғашықтық сопылық сарынды насихаттап көрсеткен. Ал бұл сырды Омар Хаям атамыз; «Ойпырмай, ақылшы көп, осы-ақ қиын, Дүниеде ақыл айтқыш дос-ақ қиын. Өгізден сүт сауам деп әуре болма, Ақылдың пұлы деген бес-ақ тиын.» деп түс болып неше түрлі жағдайда көрінетін шерік қуаттарымен аянға бірленген 5 қуатты меңгеруді ескертсе; «Шөліркеп шарап ішсең, данамен іш, Немесе гүл майысқан баламен іш. Аздап іш, анда-санда, тығылып іш, Мас болмай мылжың болмай шамамен іш.». Жан мен рухтың бірлігін қалыптастырып, дананың, періште баланың, қыздың аруағын қанын аздап-аздап шарап қылып, уахи арқылы ішуді аруақты меңгеруді астарлаған да, «Баяндап баста тұрмас дүние жалған, Сауап көп ішкен шарап, сүйген жардан. Күл болсын, бүл болмаса, біз өлгесін, Бос әуре-дүние деп күйген-жанған.» Шарап деген таза ақыл жарықтан келетін және оның әйел жанымен, ділімен байланысты болуын да ескерткен.

Ар-ман, ар-ұят, ар-намыс, ар-ұждан және ар-ісі.

     «Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрсын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпен мал тап деген сөз болса, ол-ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек-ол арлының ісі…малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой…Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?…Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық емес пе?..» (29-сөз) Арманға айналған екі игілікті алу үшін әуелі бірге айналуға; «Сен мені не етесің? Мені тастап, Өнер бастап, Жайыңа Және алдап, Арбап, өз бетіңше кетесің. Неге әуре етесің? Қосылыспай, Басылыспай, Байыңа, Және жаттан Бай тап, Өмір бойы қор етесің…Ғашықтық-қиын жол, Жетсең-Жеттің. Жетпей өттің, Не болды? Арманда өмір өтті, Ойлар ма екен бір мені сол?..Шын жүрек-бір жүрек, Қайта толқып, Жолдан қорқып Айнымас, Шегісіп Қайтпас, Өлсе бір сөзбен, не керек?…» Арманның талабын өзіңнің жүрегіңнен ізде! деп; «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе. Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе? Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме.» Аруақ қолда, мал, ақша деп; «Қуанбаңдар жастыққа, Елірме күлкі мастыққа. Көзің қайдан жетеді Достық пенен қастыққа? Сөз екен деп ап шықпа, Адалдан тапқан тиынды Сал да сақта қапшыққа. Қолдағыны (аруақты) қорғап бақ, Мал арзан деп аптықпа…Елу бесте біз дағы Сенісер адам таптық па? Арсыз құмар болғандар Опыр-топыр, шақ-шұққа. Түспей жүрме көрдің бе, Жалаң-жұлаң, тақ-тұққа?» Ар мен-ұят, ұжданың ақирет ризығы деп; «Ұяламын дегені көңіл үшін, Ұсақ қулық бір ғана өмір үшін. Татымды достық та жоқ, қастық та жақ. Жігері жоқ, маңызы жеңіл үшін. Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар, Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар. Ар мен ұят ойланбай, тән асырап, Ертеңі жоқ бүгінге болған құмар. Туысқаның, достарың-бәрі екі ұшты, Сол себепті досыңнан (аруағыңнан) дұшпан (жын-шайтан) күшті. Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған, Бұл не деген заманға ісім түсті?! Өзің үлкен, қылығың бала-шаға, Балаша мәз боп жүрсің тамашаға. Әкесі ұрысса балаға, ол да – достық, Баласы ұрысса әкеге, жараса ма?» Ал арман-шын және бірлік-ынтымақта деп; «Жапырағы қуарған ескі үмітпен Қиял қып (армандап) өмір сүріп, бос жүріппін. Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр бір күн. Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс, Ойға түйме қызықты қиялдан күс. Қарашы өз бойыңда түгел ме екен Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш? Төңкеріліп құбылған жұрт-бір сағым, Шынға шыдап, қоса алмас ынтымағын. Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің, Өзіңді-өзің күзет, кел, шырағым!» деп өзіңе-өзің «Абай бол!» деп, Арыстаннан яғни өлімнен сақ болуды ескертеді.

Ақ-дене-мөр. Ар-хақиқат, шындық! У- ғаш, Аруақтың жаратылыс негізі.

    Әл-Фараби атамыз әлем жаратылысы туралы толғанғанда; «Алла белгісіз құпия қазынадан шығып, мәлім болуды қалап, сонан соң өз жанарынан бірінші жарықты (Жар-ақ), яғни нұрды жасау кезі болып саналады. Ол суық та жылы да емес, дымқыл да құрғақ та емес, еркек те, әйел жыныста емес еді. Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды да, барлық жасалатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл нәрселік (органикалық) тірі дүниенің рухани нышандары да осы жарықта болады.» деп бұдан кейін бұл «Ақ»-қа барлық жаратылыстың қасиеттері мен несібелік, қозғалыстық, сезімдік, махабаттың барлық сипатын беріп, нұрды жаратып оны барлық нәрсенің басқарушы, жаратушысы «Раббысы» қылып көркемдеді. Осы жаратушымыздың жүзі Раббымыздан алған нұрымыз арымызды бастапқы «Ақ»-қа қосу үшін аралық бос кеңістікте жаратылған, арлық ағаш негізі «У» арқылы ғана қоса аламыз. Яғни Арымыз судан пайда болса, Ақ-жарық судан жаралған оттың негізі болып енді осы екеуінен де белгісі бар аралық ағаштан пайда болған «У»-көмір қышқылы (өмір уы) арқылы  Ақ-тың негізгі бастауы алғашқы екі сәуленің негізі болып, барлық денелердің бейнеленуі Ақ-арқылы ғана түзілетін денеге Ар мен У-дың бірлігін қалыптастырып бүкіл жаратылыс негізін қамтитын атқарушы қуат, «Аруақ» атты күрделі періштенің пайда болуын қалыптастыру, Адам атты күрделі қанатты періштеге берілген нығмет еді. Адамның жер бетіндегі дүниелік тіршілігін қамтамасыз ету үшін үнемі «Ақ»-ты «Ыл»-ға араластырып, онан «Ми» пайда болып, осы бейнелеуші мидың, ақылдың жұмысы арқылы енді «Ар»-нұрға ұят, намыс, қайрат, ұждан және «Ман» атты сапаларды беруді, ар қуаты арқылы тазартушы пендесін «Мұсылман» деп атап, оның барлық нұсқаулары мен шарттарын, кітаптарын Ақылға жүктеп, ал ақылды басқарушы, жаратушымыздың бізге көрінетін нұры сипаты; таза ақылды «Раббымыз» арқылы және Раббымызбен екі  аралық атқарушы, адам жанының ақирет өміріндегі барлық қарекет тіршіліктің себептің себепші атқарушы қол; «Аруақ» қуаты, періштесі арқылы басқаруды үкім қылды да, барлық жанды нәрселерге жаратылыс, қозғалыс, ақылдың «Аруағы «Бол!» деп бұйрық берді.

     Енді біздің пәни дүние мен ақирет тіршілігімізде өсіп жетілуіміз жын періштесімен, күштерімен жұптасу арқылы ғана толық денеге айналу шарт болды. Сондықтан жыныс, ну тоғай ағаштан-у, ал удан-май шығатын еді. Осы ағаштан енді барлық жанды, жансыз нәрселерді түрлендіруші, бейнелеуші отты нәпсіні де жаратып, ал оттан тіл,  тілден бал шығу үшін сөзге түрлі мінез беріп, сөз мінезінен иіс пайда болса, жақсы дұрыс  иістерден тіл арқылы бал, балдан су, судан жан, «жан» анаға, ағаштан алған майды тамызу арқылы жан жарығы яғни адамзат баласы қайта пайда болатын еді. Сондықтан осы балды да майды, уға айналдырып шарап қылып ішуге де, қызметші нәпсіні сөз нәпсісі «жынды» және көз нәпсісі «шайтанды» қарсылық істерге де, тазарту арқылы пайдалы қызметке жаратуға, бос орындарды меңгеруге, толтыруға қоса жаратты. Енді осы жаратылысты жүйелеу үшін Інжіл арқылы астарлы әңгімемен мысал бере кетейік; Ғиса пайғамбарымыз көктен түсіп, жаратқанның үкімін жеткізетін қиямет мезгілі деп үлкен қиын-қыстау мезгілдің адамзаттың басына туатынын сол кездерде Аруақтың көтеріліп, адамзатқа жаппай енуі болатынын ескертіп; «…Себебі сол уақыттарда әлем жаратылғаннан бері күні бүгінге дейін еш болмаған және қайтып болмайтын қиын-қыстау кезең бастарыңа түседі. Егерде Тәңір Ие бұл күндердің санын қысқартпағанда, ешбір жан құтқарыла алмас еді. Бірақ Ол өзінің таңдап алған адамдарына бола сол кезеңді қысқартып қойған. (Бұл жағдайда адам балаларының қауымдық, ұлттық, үмметтік сияқты ерекшелігіне байланысты ішкі тағдыр уақыттары, рухани жетілгендік мезгілдеріне тәуелді болып, соған байланысты қиямет мезгілінің де әр халыққа келетін жақсылығы, несібесі және азабының да ерекшелігі де болатынын ескерткен.) Сол кезде біреу сендерге: «Міне Мәсіх мұнда!» немесе «Әне, Ол анда!» (Мәді, дінді тура жолды көрсетуші, топ басшылары) десе, иланбаңдар! Себебі жалған «мәсіхтер» (тазартушы, жол көрсетуші, жүрек ашушы, елші, емші діншілер) мен «пайғамбарлар» (болжампаз, философ, социолог, психологтар, теологтар, хазіреттер, шейхтар) шығатын болады. Олар, мүмкін болса, Құдайдың таңдап алған адамдарын да алдап, теріс жолға адастыру үшін ғаламат кереметтер мен ғажаптарды көрсететін болады. Байқаңдар! Мен сендерге мұны алдын ала айтып тұрмын. Сондықтан сендерге: «Қараңдар, Ол айдалада жүр!» (өзге елдерге хаж жасау) десе шықпаңдар! Немесе: «Ол ішкі бөлмелерде!» (ел ішіндегі мешіттер мен шіркеулерде) десе де, иланбаңдар! Себебі найзағайдың шығыстан басталып, батысқа дейін жарқырайтыны сияқты, (шығыс елдерінде пайда болып) Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келуім де аяқ астынан (туған жерлеріңен, зияраттардан) және ап-айқын болады. (өліктер сөйлейді). «Жемтік қайда болса, құзғындар (берекет, ырыс, нығметтер түскен жерге, теріске бұрушы «білдімандар») сонда жиылар» делінген емес пе?..Сол кезде Менің Билеуші ретінде қайта келуімнің ғажайып белгісі аспаннан көрінетін болады…Сол кезде егіндікте жүрген (нәпсінің жетегінде жүрген еркек) екеудің біреуін періштелер қабыл алып, (өлім үкімі түсіп) екіншісін қалдырып кетеді. Бірге диірмен тартып отырған әйелдің де біреуін қабыл алып, екіншісін тастап кетеді. Сондықтан сергек болыңдар, сендер Қожайындарыңның (Раббыларыңнан келетін іс атқарушы періштенің, аруақтың) қай күні қайтып келетінін білмейсіңдер!..».

     Қазіргі таңдағы қазақ елінде яғни шығыста болып жатқан қиямет мезгілінің басталуын осылай айқын бейнелеп көрсетіп және «рухани ұрының» жын-шайтандардың да үстемдігі басталып, ел түрлі азаптарға және от, су апаттарының да көбеюімен белгі түсетінін ескерткен. Және өліктердің де хабары келіп, Құдай патшалығының үкімдері басталып, оған әрбір мойын ұсынған пендесінде болатын жағдайды: «Сол кезде Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас болады: Он (10) бойжеткен (жан, нәпсі, сезім мен сана, ар қуаттары) қолдарына шамдарын ұстап, күйеу жігітті (рухты, ақылды) қарсы алуға шығыпты. Олардың бесеуі (5) ақылды (ар), бесеуі ақылсыз (сезім-уақ періштелері) екен. Ақылсыз қыздар шамдарын алғанымен, құятын артық май алмай шығады. Ал ақылдылары (Ар-ұждан періштелері) шамға қоса майға толы құмыраларын (шарап) да ала жүреді. Күйеу жігіт (рух-кісі) ұзақ кешіккендіктен барлығы қалғып, ұйықтап қалады. (өлім, ұйқы) Бірақ түн ортасында: (ұйқы кезінде) «Күйеу жігіт келіп қалды! Қарсы алуға шығыңдыр!» (Уахи елу)- деген дауыс естіледі. Сонда қыздардың (жандар) бәрі де орындарынан тұрып, шамдарын жөндейді. Ақылсыздары, (тозақтағылар, ұжмақтағыларға) ақылдыларына:-Майларыңнан беріңдер шамдарымыз сөнейін деп жатыр,-дейді, ал олар:- Бізге де, сендерге де жетпей қалғанынша, өздерің сатушыларға барып, май сатып алғандарың жөн,-деп жауап береді. Әлгілер майға кеткенде күйеу жігіт келіп, дайын тұрғандар онымен бірге тойға кіріп кетеді де, есіктер жабылып қалады. Кейін майға кеткендер келіп: -Тақсыр мырза! Бізге аша көріңіз! деп өтінеді. Ал күйеу жігіт оларға: -Шын айтамын, сендерді танымаймын!-деп жауап береді. Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.» (Матай жазбасы 24; 25-тарау).

     Бұл астарлы әңгімемен әйел қанында пайда болатын ділдің жартысын яғни 10-мен бірдің, Рухтың зейнеттелуін яғни оң қол аруағының 18-ғаламмен Ғиса пайғамбармен төбемен, баспен байланысты хикметін насихаттаса, ал сол қол арқылы 5-сезімді (Ру-ел), тек періштелерінің есік қағып сыртта тұратынын және жан қуатының 10 ақжаулықтан яғни 10 саусақпен көрсетілген оң, сол белгілерінен болатынын және оның бесеуі іште болса, бесеуі сыртқы орта аралық күштермен, аруақтармен және неке арқылы әйел еркек арасындағы алыс-беріс, көңіл суымен байланысты болып сондықтан аталарымыз; «Бес бересі алты аласың бар» деп, ал жетіге толық аруаққа толтыру үшін аяқ тазартып, ақ табан болып, ел кезіп жер мен көкке жалғануды да Ғиса пайғамбарымыз: «Достарым, сендерге айтамын: тәнді өлтірсе де, кейін басқа ештеңе істей алмайдындардан қорықпаңдар! Сендерге кімнен қорқу керек екенін айтайын: өлтіргеннен кейін тозаққа түсіре алатын Құдайдан қорқыңдар! Сендерге тағы айтамын: Одан қорқып, Оны терең қастерлеңдер. Бес торғай екі теңгеге сатылмай ма? Дегенмен олардың біреуін де Құдай ұмытпайды…Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың Киелі Рухын (аруақты) қорлаушыға кешірім болмайды.» деп болашақта киелі рухтың рухани ұстаздың жерден пайда болып оның тәліміне қарсы шыққандар кешірілмейтін жазаға ұшырайтынын ескертіп: «Адамдар сендерді мәжілісханаларға, ел басшыларына және басқа да билік иелеріне апарған кезде қалай жауап беріп, не айтпақтарыңды ойлап уайымға салынбаңдар! Не айту керек екенін сендерге сол сәтте Киелі Рух үйретеді.» деп Мұхаммед пайғамбарымыздың үйретуші, жүректерді толық тазартушы мөрдің киесі, санада сөйлеуші «Аруағы» сол кездерде жүрек ашу хикметтері арқылы шапағатының белгілі болғанын Құранның мына аятын алдын-ала түсіндіріп кетіпті: «Өлі біреуді тірілтіп, оған адамдардың ішінде онымен жүретін жарық қылсақ, ол, қараңғылықтарда қалып одан шыға алмайтын біреу құсаған бола ма? Осылайша кәпірлерге істеген істері әдемі көрсетілді.» (6-122) Ал адамдардың ішіндегі жарық-нұр, жаратылыс басынан бастап жаратылған «Шыр-ақ» Мұхаммед пайғамбар аруағы еді. Сондықтан пайғамбарымыздан келетін шапағат нұр «Сол» және Одан қорқыңдар деп Інжілде ескертілген.  Енді Ғиса пайғамбарымыздың аруағы майы дайын 5 қызбен қосылатын өмірге киелі ұрпақ болып келетін рухани бастау емшілік, тазарту істерінің мөрі болса, Мұхаммед пайғамбарымыздың негізгі жанды жетілдіріп, өсірумен байланысты, ал сандық мәні; мінез бен сөз, істерді меңгеруші бастапқы 3 негізді қозғалысты (5-қыз+ 1-күйеу; 6-рухани жетілуімен) және сана қуатына Ар-ға бірлеуші (10-қыз+16 қуат) сөз ғылымын меңгеру; 26 мәнді «мөр» болып аятта; «Мұхаммед: «Егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойы болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,-де.» (10-16)(26)  Енді осындай жан сыры мен рухани көмес сырлы осындай аяттардың құпиясын және Екі «Мен» жан мен рух киесі соңғы оң және сол болып, қолдағы аруақ қуатын қалыптастырушы адамзаттың екі асыл пайғамбарларының өсиеті түгіл Құранды да мазаққа алған дін ғалымдары мен масһаб білімдерін және философия, психология ғылымдарының менікі екі; «Мен» негізі Алла «Бар»-ды, хикметті  растықты, жан ғылымын жоғалтқан қателіктеріне қайта оралатынымыз хақ деп біліңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.