Арсыздықпен кім жолдас?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 157

Бүгінде кім қазанбас,

Сырты күйе тазармас.

Шайтандықпен болмас қас

Қатындар шықты оңалмас.

Ит аяқты жалаңаш,

Итте оны жаламас.

Шалбарланған қыз, қатын,

Жанатына жалғанбас.

Әй қазан бас, қазан бас,

Жаның өлі оянбас.

Төрт жыныңмен бастағы,

Ар-ұжданға болдың қас.

Дүние қызық қуанбақ,

Сегіз жыны қосылмас.

Жанын сатқан есерлік,

Ақылы  қулық су жұқпас.

Ит аяқты қазан бас,

Қақпағы жоқ, жақ талмас.

Төмен етек сана жоқ,

Төрт жынымен жүр ойнас.

Сасық тұман жалаңбас,

Жалаңаш қыз түбі оңбас.

Ығында тұрма жүктеліп,

Бетті баста тұра қаш.

Аяғы арам жалаңаш,

Ағарып аяқ тазармас.

Жануарсың сен дағы,

Суық ойлы бақабас.

Табаннан ауыз қорғалмас,

Төмен көктен нұр алмас.

Қара қуат алғандар,

Тегінен қалған ажырап.

Атасын айтып мақтанбақ,

Төре, қожа аталмақ.

Құдай сүйді мені деп,

Текті боп қалай аталмақ.

Кешірімсіз ұлт болмақ,

Ескі кекті қайтармақ.

Тегі жын көп бүгінде,

Шайтандықты дос қылмақ.

Есімін әке ат қылмақ,

Жалғандыққа жалғамақ.

Арсыз ұрпақ қазақ боп,

Тектімін деп мақтанбақ.

Өз тегінен ажырап,

Дінші болды мақтаншақ.

Сенсе иман келтірмек,

Жан мен рұқты бір атап.

Қазақ қалай ел болмақ,

Ар білімін алмасақ.

Дініңе қылмай қожалық,

Әжеден әйді жоғалтсақ.

Ар-ұжданды ұмытсақ,

Тұлғасыз елді басқарсақ.

Басшыда ардан сауыт жоқ,

Мәңгілік қалай ел құрмақ?

(Қыркүйек 2016 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *