Ұмытқан жете, сананы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 137

Үлкен тұрып кіші сөйлесе,

Үлкенде ақыл қалмағаны.

Әке тұрып ұлы сөйлесе,

Тектіліктің азғаны.

Шеше тұрып қызы сөйлесе,

Қан тегінің тозғаны.

Қатындар елді билесе,

Ар-ұятың жоғалғаны.

Қызың көшеге күйлесе,

Ақырзаман болғаны.

Бастың қадірі кетсе,

Ақылдың азғаны.

Ілімнен білім озып,

Ар-ұяттың қалғаны.

Сөзінде бар, амалы жоқ,

Пенденің жынды болмағы.

Адам жаны өсе алмас,

Білімнің артса салмағы.

Жастардан имам қойғаның,

Қожадан қасиет қалғаны.

Әй дейтін әже болмаса,

Ақсақалдықтың азғаны.

Жаулықсыз болса қыз, қатын,

Ерлерден сана қалмағы.

Бөріксіз хан басқарса,

Жындылар үстем болмағы.

Жол табатын үлкендік,

Тектілік қасиет қалмағы.

Қызыңның шашын жайғаны,

Жан өліп тағдыр қалғаны.

Тілінде бар амалы жоқ,

Шешендіктің болмағы,

Аманаттан ажырап,

Арсыздық әдеб болғаны.

Аталар жолын қудалар,

Ібілістен ұрпақ туғаны.

Кедейлікпен қорқытып,

Зияратаудан ұлттын тыймағы.

Алланың құлын достарын

Аруағын басқа қылмағы,

Діншінің тажал болғаны.

Аллаға қостың серік деп,

Меңгермей жете , сананы

Өздері құдай болмағы.

Алланың берген жауабы,

Қияметтің түссе сынағы,

Құдайдың лағнеті атқаны.

(Қыркүйек 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *