Көңілде ақыл тұрақтар,
Ескі ақылда көңіл бар.
Көңілмен көрген өмірді,
Ата-анаңнан көңіл ал.
Ғашықтықта көңіл бар,
Көңілге түймек ақыл ал.
Өмірге ғашық болыңдар,
Махаббатпен көңіл тазарар.
Жастықта қызу мастық бар,
Естіліктен аз сұраулар.
Ақыл артта май болып,
Көңілдің сыры сый болар.
Кәрілік түбі дос болар,
Көңілден қайрат азаяр.
Жарығың өшіп көңілден,
Ақылың майсыз шау тартар.
Кәрілік жаман өлімнен,
Жарығы сөнсе көңілден.
Жинаған көкке қуатын,
Көңілді өтер өмірден.
Алланың ісі бекіген,
Таусылар өмір өліммен.
Келеді ақыл- көңілің,
Қайтадан бастап өмірін.
(Сәуір 2014 жыл)