Қазақтың бүгінгі кісілері  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 39

Заң білген ақылды –данышпандық,
Түрлі айла біліммен мал табарлық.
Шындықтан шын ғылымың жоқ,
Жындылық, жат елдің салтын алып.

Залымдар заң үйретіп тілін алдық,
Жанға қас надандыққа құмарландық.
Өтірік, өсек, білім, болжампаздық,
«Оппозиция» партиясын құрып алып.

Таза ойдан, білімді ақыл артық,
Есті ақылдың салтынан басты тартып.
Үлкендер зиялы болып алжымалық,
Елемей есті ақылды сырласарлық.

Дін ісі мен құдай ісін ажыраталық,
Ғылымын әр нәрсенің білуге ынтызарлық.
Ата жолың, бақ жолың санасарлық,
Халықтың санасын ашып оятарлық.

Жалғаншы, тажал білімді қойынға алып,
Ұлт ішінен от жағып, өрт шығардық.
Алла досы әулиесі басқа аталып,
Кәпір елдей өлілерін ұмытарлық.

Бізден сұра білмесең деп айтарлық,
Діншілік болды жалған пайғамбарлық.
Білмеген білуші түп Иеден сұрасарлық,
Жалғанып кітабына әулиелер уахи алып.

Сатып жүр масһаб дінші кітап жазып,
Санды білмей құраннан аят алып.
Аят хадис емес қой ақыл жарлық,
Заманға сай ғылымнан сөз табарлық.

Дәстүр діннен еліңе жол-жобалық,
Бүгінгі дін салтың жолға бағыт.
Құдай ісі әр заманға билік құрмақ,
Уахи мен аят алып тазартарлық.

Бай мен кедейді деген тең ұсталық,
Тағдырға қарсы бұл надандық.
Еңбек еткен ерінбей маңдай термен,
Байлығына көз салмас қылып арлық.

Несібені құдайдан ғана сұрасалық,
Өлі риза болмай тіріге бар ма байлық?
Тозақ, азап үшін де жаратылған,
Арсыздар бар еліңде қылар тарлық.

Жерден байлық тәңір өзі жаратарлық,
Байып жатыр деп елді қызғанбалық.
Дүниенің қазынасын мол жинаған,
Ақиреттен ризық аз тек жалғанарлық.

Ашкөздікті арсыздық деп аталық,
Қанағатпен ата жолын кел ұсталық.
Өлмей тұрып, өшпейтін өмір тауып,
Жан дүниені жар нұрымен байыталық.
(Сәуір 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *