Қарттық(114)

Бөлім: Зікір өлеңдер 95

Қарттық келер аяңдап,

Алыс деп оны ойлама.

Алда көрер нәсібің,

Жас шақтан жиғанда.

Көлеңкең мен қылығың,

Сөзбенен себеп болғанда.

Тұрақтыға тұрықтап,

Таппаған дамыл жасыңда.

Аңсайтын бұл кезеңді,

Уақытың келіп басыңа.

Сығалаған есіктен,

Қарадың ба бағыңа.

Төрге озған кездерің,

Қынжылтардай болды ма.

Әлде күнәң ақталмай,

Кебенексіз қалдың ба?

Алабұртқан жастық шақ,

Мас қылмасқа қоя ма.

Селт етпеген үлкеннің,

Айтқан сөзі ақылға.

Құдай ісін ұмытқан,

Байланып орта топтарға.

Ақылың жетпей есірген,

Жардың жүзін тануға.

Екі естілік кездерің,

Айналар алыс сағымға.

Көз алдыңнан өткізіп,

Налыған кезің тағдырға.

Немқұрайлық бойыңды,

Әбден дендеп алғанда.

Білдіре алмай қарсылық,

Бойыңда жігер болса да.

Құм қылдың оны аямай,

Дүние қызық жалғанға.

Түбінде теріс айналар,

Қайратың бойдан қашқанда.

Ойлар келер сан түрлі,

Бойыңды қарттық басқанда.

Бармағыңды шайнаған,

Құр ойдан келер не пайда?

Амалың толық болмаған,

Күш-қайратың барында.

Қайталап жастық көлеңкең,

Тәніңнен орын алғанда.

Қылығың жасша ерсілік,

Көрінер есті адамға.

Ештен кеш жақсы дегенді,

Бір күн өмір қалса да.

Пірғауынның мысалын,

Келтірген еді тағала.

Ар-ұжданды іздесең,

Тәубеге кел алайда.

Тағдырдан жүк тазартпай,

Ұрпақтарға қалдырма.

Құдайыңды тануға,

Барыңды сал енді аяма.

Құлшылық пен намазың,

Қуат қосар жаныңа.

Қатесін сөздің түзетіп

Күрессең Алла жолында.

Шүкірлік пен қанағат,

Қуат берер рұқыңа.

Үлгісін алып ескінің,

Қарттықты меңгер алайда!

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *