Тағдыр(115)

Бөлім: Зікір өлеңдер 34

  Тағдырға әркім өзі ие,

Тағдырға налып күйзеле

Қиындық түссе басыңа,

Өзімнен деп кінә, мін ізде.

Қажырлық жиып бойыңа,

Ниетің бір туысқан қауымға.

Тағдырды түзе қолыңмен,

Жамандықты мінген мойынға.

Адамдық шықса жоғары,

Төменге түсер жаманы.

Хайуандық қылық нәпсімен,

Көлеңкеге кетіп бармағы.

Ақылдың өссін қуаты,

Уақыттың құны артпағы.

Өткен шақ қайта оралып,

Рұқыңа қуат қоспағы,

Көлеңкең енсе өткеннен,

Тұса оны көркем мінезбен.

Ішіп-жемге мұқтаж тәніңді,

Тәрбиеле адал еңбекпен.

Басыңа келсе жамандық,

Жылына бір, екі сыналып.

Екі жүзділікке бұл белгі,

Қиындықпен тұрған тазарып.

Тағдырың екі қолыңмен,

Бүгін оң өткен солыңмен.

Жазылар және маңдайға,

Келгені бірге жаныңмен.

Күнәң бар төмен аяқта,

Мәсіғімен Мұхаммед ағарса.

Бас, қол, аяқ тазарар

Тағдырың түгел ақталса.

Бастағы ағза мүшелер,

Ұяттың сыры жүйелер.

Қорғамай басты ұятың,

Болмайды толық бірленер.

Адамдық артық несібең,

Ойланып, көріп, естіген.

Таза ақыл мида бос жатып,

Болмасын босқа шіріген.

Сор маңдайлық, қу бастық,

Жалаңбас жүріп жоғалтып.

Жазамыштан жоқ деп озмыш,

Болмасын сылтау ақымақтық!

Алмасаң бастың масіғын,

Тазармас толық тағдырың.

Бөрікті мен жаулықты,

Меңгеріп ата дәстүрін.

Жалғаған мирас ар үнін.

Ұлттығы, елдік намысын

Құдайдан жол жоба алып,

Көбейтер номад нәсілін.

(Тамыз 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *