Аруағын сыйламаған оңбас!  

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 76

Сайт бетінде пікірталас-сұхбаттарда көптеген оқырмандардың қазақтың дәстүріне және осы заманға байланысты ата-баба аруағынан, Алла достары әулие-әмбилерден келіп жатқан уахиларға сүйеніп көптеген мақалаларды жариялау барысында көпшілік тарапынан қарсылықтар мен мазақтаулардың болып және ондай пенделердің көп ұзамай-ақ сұхбатқа шықпай қалуы да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда көбіне  мені айыптап; қарғады және құл темір компьютерді бұзып тастады деген, мені тәңірге айналдырған есуастық пәтуаларды да кездестіруге болады. «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген аталар аманатын мазаққа айнадырумен ғана айналысу деп білген жөн. Бұндай жағдайларға ең басты себеп қазақ дәстүрінің қоғамдық өмірде мәдениетіміз де маңызы болмай ақылдың дамымауынан білімге ғана сүйенген ұжымдық ақылдың қалыптасып және мұндай ұжымдық ақылдың басында тұрған білімді қауым өкілдерінің аруақтық білімге ашық қарсы болуынан да пайда болғаны сөзсіз.

Ұжымдық ақыл— дүниедегі даму жағынан ең төменгі ақыл болып саналады да, тіптен жеке жағдайда есуас аталатындар да даму жағынан ұжымдық есуастықтан жоғары тұрады. Сонымен ұжымдық ақылдың ерекшелігі тағдыр, құдай еркі, шариғат дегенге мүлде қарсылық білдіріп меңгерген білімінен басқа өзге ілімді де, заманға қарай түсетін құдайлық аяндарды да мойындамай, өздерін керемет әулие санап, халықтың жоғын жоқтаушы ретінде көрсеткенімен негізінен шайтан жамағатына айналып; алауыздықты, ағайынды бір-біріне қарсы қоюды, ашкөздікті,  қанағатсыз, сабырсыз, дүние қызығын ғана дәріптеушілер болып саналады. Және мұндайлар өзара бірлестікте, тобыр болып кез-келген өздерінің мұндай ұжымдық ақылдарына  қарсы болған адам баласын жабылып талаудан, ашық мазаққа айналдырудан еш жиіркенбейді, мұны әділеттілік орнату деп санайды.

Енді нақты бір мысалдар бере кетсек. 13-маусым күні Алматы телеарнасынан «Тура жол» атты бағдарламаны Ермек мырзаның жүргізумен бұған; дін танушы Мұхаммед Шыңғыс қажы, дін зерттеуші философ Бағдат Бисенов, Ерғали Омарғали, психология маманы Үміт Айтқазы мен көптеген көрермендердің қатысумен және Қарлығаш деген ата жолында болып кетіп қалған пенденің бастан кешкендерін талқылап нәтижесінде; «Ата жолы-секта, халықтың дүнеиесін алдап алушылар, жек басының байуын көздеушілер, жын-жұрқаға жалғанушылар …» деген сияқты қазақтың аруақтық білімін кез-келген бір пенделердің қателігі арқылы мыңдаған жылғы тарихымызды, шежіремізді былай қойғанда құран аяттарын да ашық мазаққа айналдырған көрініс болды. Бұл жердегі қауымның есуастығы Қарлығаш атты келіншектін 2 жылдан аса ата жолында жүріп, онан кеткеннен кейін я дәрет, я толық киімі жоқ, оқыған, ұстанға шариғаты жоқ, өзінен-өзі жағдайы түзеліп кеткені баяндалды. Сонда құдай арсыздыққа, дінсіздікке, тек ата жолына қарсы болса нығмет берілді деген пікірді қалыптастырумен ғана сұқбаттастық тақырыбы айқындалды.Бұл қойылымның ұйымдаструшылары жалған болса да ол келіншекті намазхан қылып, осындай қойылыммен масһбатың кереметтігін паш етуді ұмыт қалдырған екен. Бұл көріністің басында негізінен Шыңғыс қажы, яғни ел билікке масһаб білімі туралы алғашқылардың бірі болып кеңесші болған мырзаның қаралаудан алдына жан салмайтынын көрсете де білді. Егер дер кезінде Ермек мырза сөзін бөліп шектеп отырмағанда Шыңғыс мырзаның көтеріліп қаралай жындануы да ғажап емес еді. « Арыстан бабаның басына ата жолдықтар жын-жұрқаға жалғанады..» деген масқаралық сөзді мұндай дәрежедегі дін адамының аузынан шығуы тажалдық қана  екені даусыз. Сонымен бұл қойылымның нәтижесі құдайдан қандай жауап болады? деген сауалды аруақтарға қойып көрдім. Маған; «Аруағын сыйламаған оңбас деген, бұлардың бәріне және мұны ұйымдастырушыларға бір жетінің ішінде Алла құдіретін көрсетіп хикметін білдереді.» деген уахи келді. Сонымен бірге Шыңғыс қажының жеке басына сынақ келіп азапқа түсуін де ескертті.

Хош, бұл жағдай осымен көпшілік оқырмандардың бақылауында тұрып, қалай немен аяқталуын күтейік, сонда кімнің хақиқатпен пәтуа беретіні белгілі болар. Енді «Фб» сайтында менің «Ов, Ова..» деген фамилиялық талай жылдар бойы қалыптасқан тектік белгімізді ауыстыруға болмайтынын және мұның рухани тұрғыда жазаланатыны, аруақтық аманатты жеткізген жазбаға талайлар қарсы болып, мазаққа айналдырып жатқаны да баршылық. Әсіресе мұны жеке парақшаға жазып талқылап менің бұл жеткізген аманатымды мазаққа айналдырған; Асыл Талғатжан, Думан Ахмадиев, Жанарбек Мағзұмұлы, Омарбек Бисалиев, Тоқтар Жақаш тағы да басқа оқырмандар болды. Мен бұл жағдайды сайт бетіне келген барлық оқырмандар асықпай таныссын, сосын жауабын беремін деген ойда болғанмын. Бірақ бұл істің ұйымдастырушысы Асыл Талғатжан сайт бетіндегі барлық ақпарат көздерін жауып, аяқ астынан сол күні жоғалып қашып кетті. Ал енді Құдайдан ешқандай пенде қашып тығылып кетуі мүмкін емес. Сондықтан Раббымыздан сұрап бұл пенделердің рухани сырқаттық, жын-шайтанмен ағзаларының жүктелу белгілерін жариялауды да жөн көрдім. Себебі; «Ауруын жасырған өледі» дегендей ең болмаса ауруын жария қылсақ, тәубеге келіп амал жасап алдарындағы тосып тұрған азаптарының жеңілдіктерін берер деген жақсылық ниет қана бар екені даусыз.

Асыл Талғатжан;Екі тізеден ұстап, кейде ауыртпалық болады. (өлім белгісі) Оң жақ қуық безі түйіледі (жыныстық күнә, киіз қазықтың жоғалуы) Аяқтары сырқырайды. (шалбар киіп құдайдың лағнетіне ұшырауы) Екі құлақ  ұшында қаралық тұр (шайтандық мінез) Елеңдегіш. Асқазаны ауырады (өтірік жалған ақпараттармен жүктелуі) Ішкі құрлысты тазарту керек. Екі жауырын тұтасып тұр (жынмен жүктелу) Абай болсын! (аруақ аманаты) және Мөлдір аманат.

Думан Ахмадиев; Басы, төбесі қақ жарып ауырады (қаралық жынмен жүктелудің белгісі) Өңешке дем. Бақсы аталары болған. Кейде жауырын тұтасып қадалады. Құлақ шыңылдайды. Тістерін емдету керек. 9 күн ішінде аруақтарға құран бағыштап кешірім сұрау керек. Екі бүйректен қысады екен. (қара жындық қуат) Аянмен жетелейді. Марал баба қолдауы бар бойда. Омыртқа бойында (қарылық) тұр. Емделу керек.

Жанарбек Мағзұм ұлы; Сол жақ шекеге не болған? Жанарын емдету керек. Жамбыл ата қолдап тұр. Өнері бар бойда. Бойда кейде салғырттық болады. Кейде басы ауырып, тыныс тарылады. Әлсіздік болады. Екі шеке қысады. Бауыржан атаға зияраттап бару керек. 17-21 күнде ісіне сонда оңдылық болады. Тектілік бар бойда, тілге абай болу керек!

Омарбек Байсалиев;Сол жақ аяқта зақым болған, балтыр тұста. Алқымнан қысады. Белі ауырады. Желке тартады. Жанарға дем салу керек. Аяқ-қолы сырқырайды. Шөлге шыдамсыз. Құрбандық шалып құдайдан, аруақтарынан кешірім сұрау керек. Алладан тілек тілеп сәждеге жығылу керек. Бүйрек ауырады. Қуық бездері шаншиды кейде.  21 күн ем алу керек.

Тоқтар Шақан; Омыртқа бойында тұр. Бауырды тазалау керек. Жанарға дем. Асқазанға дем. Белі ауырады. Жұмыртқадан абай болу керек. Жоғалған бұйымы табылады. Көрші-көлеммен араздаспау керек. 9-14 күнде шаңыраққа келер қуаныш бар.9 күн ем алу керек….

Ал енді мұндай жағдайдан не ұғындық?  Осындай сұқбатта және шығармашылықта жүргендердің денсаулығы, яғни рухани байлығы толық болғанда ғана болашаққа дұрыс бағдар ұстана алады. Ал егер тәнінде мұндай аурудың пайда болуы рухани өрісінің жын-шайтандармен жалғанып түрлі ойсыздық, шайтандық әрекеттерге себепші болады сондықтан да;

Ауру адам қиратуға бейім тұрады. Дені сау адам ғана жасампаздыққа, біртұтастыққа бейім жақын болады.

Адамның дені шын мәнінде сау болатын болса, шығармашылық оның мәніне айналады. Және ондай дені сау адамның бойында шығармашылыққа деген құмарлық пайда болады.

Шығармашылық еркін ақылға жүгінгенде ғана өмірдің мәнін жырлай алады. Ал білімге қызметке тұрған ақылда ерік болмайды. Мұндай қызметші ақылды шайтан оңай жаулап алып демалдырмай үнемі қызметке жұмыс істетіп қояды. «Өмір таусылады, үлгіріп қал» деп қорқытып асықтырып уақытын ұрлап алады.

Ал егер тәнінде мұндай аурудың ошақтары болмағанда сыртқы денсаулығы да қалыпты болып онда; Еркін, бос ақылға шайтан ықпалын жүргізе алмайды.

Сонымен қандай да бір тәнінің өз ырқынан шығып, күнәлік ақпараттармен, аурулармен жүктелуден адамзаттың 100 түрлі бұлшық еттері малдық болмыстан жетілмей, керісінше түрлі хайуандық, жәндіктік  сипатқа және мінездің де құбылмалығын қалыптастырады. Сондықтан да мұндай  өздерін білім жүзінде дана санап, өмірде адаспай жүргендігіне тым сенімді сұқбаттастарға;  Хайуан адаспайды; онда сана, еркін ақыл, ой еркі болмағасын адасу қабілеті жоқ. Оның әрекеті адамзаттың терең ұйқыдағы әрекеті сияқты. Рухани ұйқыдағы ақылы білімге байланған адамның да хайуаннан айырамашылығы аз болады.

Сонымен енді аруақтық білімге, қазақ дәстүріне ашық қарсы  және өз басының қиыншылығын ел биліктен көріп, қарғап-сілеп халықтың қамын ойлағыштардың ішкі рухани сырын осыдай тәсілмен халықтың талқысына салып отырғанды жөн көрдік. Ал келесі кімдер болар екен?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *