Аруағыңды қорлама  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 73

Жоқ болса ақың өзімде,

Қалғандарды зарлатпа.

Өтірік болса сөзімді,

Оныма менің алдатпа.

Ақың болса бір алып,

Көп жетімге қарғатпа.

Өлгенге өтірік дау салып,

Қайыңды талға жалғатпа.

Өлген жанның моласын

Тепкілемек өнер ме.

Онымен қайтып оңасың,

Ойласаң, пайда келер ме?

Өзімнен басқа әркім бар,

Бәрін де жеңдім дей берме.

Алдыңда қиын бір күн бар..

Аптығып, асып, елірме.

Жазам болса тартайын,

Қолыңнан келсе, әне, өлтір!

Обаламды артайын,

Қызықсаң босқа, және өлтір!

Ол қолыңнан келмесе,

Ойнақтама, дулама.

Ойлашы өзің, ендеше,

Соған көңілің тола ма?

Үйтсең-қатын болғаның,

Еркек олай бола ма.

Ол емес қой оңғаның,

Мұнымен кісі оңа ма?

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Қайыңды талға жалғаған,

Діншілер шықты арадан.

Құлына құдай дау салып,

Алладан басқа атаған.

Жан берген қайта өмірге,

Аруағын кісің өлі ме?

Надандарға қарғатқан,

Зұлымдық қылған тегіне.

Өлген жанның моласын,

Ұмытып қайда барасың?

Құранның бұл аятын,

Жасырған онда тажалсың.

Оқысаң намаз дұғасын,

Құранның біліп парасын.

Сезіммен қыз, қатындай,

Алмадың пайғамбар батасын.

Ішіңде елші «менің» бар,

Аруақпен және жүгіңді ал.

Бес күннің жалған жарығы,

Тегіңнен ұлттың болар тал.

Әулиеден үлгі белгі бар,

Ұқсастық жанға қуат ал.

Артыңда ерген жүректің,

Көрсетер аян жорып қал.

Қолыңнан мұндай келер ме?

Дау айтып босқа елірме.

Сен де бір күн боларсың,

Айналар жынға өзің де!

Қылығы тірі жын соққан,

Құтылар қалай тозақтан.

Кебенек кісің сан болмай,

Құтылмас жаның азаптан.

Садаға жаның аруақтан,

Ұмытып дәстүр ар сатқан.

Бүлінген елден бүлдіргі,

Дін алдың азған қызылбастан!

(наурыз 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *