Қаскөй надан басшылар,
Билікте басы қалғандар.
Есіл дерті ел билеу,
Мақтаншақ ант ұрғандар.
Халықты жылдап алдаған,
Өтірікті судай сапырған.
Тілдері күйер тозақты,
Еске бір алмай құтырған.
Жетістікке деп жеткізер,
Жеңіл тұрмыс меңгертер.
Байлық пенен дәулетке,
Жерді тонап қол жетер.
Ел басқарған пенделер,
Жаңашылдықты жөн көрер.
Әлемнің жинап өнерін,
Ғылым деп осы меңгерер.
Ұраны елге тастаған,
Әлемнің көшін бастаған.
Елдерге ұқсап боламыз,
Семіздік дерті жаулаған.
Жатып ішер жалқаулық,
Күнде думан, сән сауық.
Еңбектің қара құны жоқ,
Арам тер шықпас қараулық.
Сандалған елдің жастары,
Ақ саусақ болған қолдары.
Арманы жеңіл еңбекпен,
Көп ақша тауып бай болмағы.
Құнарын жердің кетірген,
Нарықпен құнын өсірген.
Аз беріп жерге көп алып,
Қуатын азықтың өлтірген.
Арсыздық салтпен басшылар,
Заң жазар би, қосшылар.
Халықтың жанын жоюға,
Құдайға қарсы іс қылар.
Қаскөйлікпен елдің тағдырын,
Жоюға дәстүр ар үнін.
Ой жорып жоба жасаған,
Жоғалтып бойдың жарығын.
Тартып ап ана жаулығын,
Жоғалтуға елдің ден саулығын.
Он саулығы қайдан келеді,
Заңмен тыйса елдің нанымын?
Ақылдың жете, санасын,
Абайдай әулие данасын.
Терістеп елді аздырған,
Қараға байлап нәсіл парасын.
Қаскөйлікті көпшілік қолдаған,
Білімді қауым қазақтан.
Ақсақал үлкен қалдырмай,
Қу бастық дертпен уланған.
(Тамыз 2018 жыл)
**** ***