Тарих қойнауынан сыр (106)

Бөлім: Зікір өлеңдер 38

Ерте ерте заманда,

Жаугершілік тұсында.

Берекесін кетірген,

Жау шабуылдап қазаққа.

Шүршіт пенен қалмақтар,

Жоңғар менен ойраттар.

Қырып-жойып қазақты,

Болғанды талай ойрандар.

Қызылбастың талайы,

Бұзықтық жолда арнайы

Сергелдеңге түсірді қазақты,

Дінімен өздеріне қолайлы.

Сөгіліп елдің іргесі,

Тас талқан болып өрісі.

Табылмай бірлік арада,

Езілген елдің еңсесі.

Қол бастаған батырлар,

Бірігіп найза шаншытар.

Ұранды салған аруақтап,

Соғыс ашып тойтарар.

Жаудың бетін қайтарып,

Әдісін түрлі қолданып.

Сындырып сағын жаулардың,

Суық қолдан көптің тойтарып.

Тізгінінен қол кетпеген,

Үзеңгісінен аяқ шешпеген.

Талай жерді аралап,

Қазақтың жерін кеңіткен.

Қайсібір заман болғанда,

Ел басына күн туғанда.

Жорыққа шыққан батырлар,

Ата-ана, бауыр қорғауға.

Жәнібек, Керей қол бастаған,

Бекініп, мәміле жасасқан.

Солтүстік пен оңтүстік,

Батыс пенен шығыстан.

Едіге батыр тұсында,

Бірігіп ұстар бір туға.

Қалың қол болып жиналып,

Тойтарыс берген жауына.

Көп нәубет көрген халықтан,

Талай батыр шығысқан.

Қой терісін жамылып,

Қасқыр боп жауды шабысқан.

Он тоғыз мың әскер боп,

Сап түзеп ерлер кекті боп.

Алланың өзі қарасқан,

Жауынан күшті өктем боп.

Жайықтың түбін қайырған,

Әскерден жер қайысқан.

Қара құрым әскермен,

Жаулардың қолы жойылған.

Шыңғысхан шығып қазақтан,

Жарымын әлем тазартқан.

Әр ұлттың болып өз салты,

Дінін еркін ұстатқан.

Исламын туын бірлігін,

Қазақтың текті өрлігін.

Темірдей баба ту ұстап,

Тазартқан дінің сенімін.

Құдайсыз қурай сынбайтын,

Әр заманға тағдыр сынайтын.

Тазартып нәсілді жаманнан,

Адамзаттың рұқын шыңдайтын.

Тарихтан тағлым қалдырған,

Ғибратын алса тағдырдан.

Әр заманның бар сыны,

Қарсылық күшті жоюдан.

Азғанда жан мен елдігің,

Жоғалтып рұқ пен бірлігін.

Сынағы қиямет соғылар,

Заманмен тағдыр бұл сының.

Басыңа күн туғанда,

Тарихтан тағлым бар таңда.

Бірігіп жаудан қорғайтын,

Елдігің жаның азғанда.

Бас басыңа би болсаң,

Ой жорып көпке илансаң.

Дініңмен дәстүрің қорғалмай,

Жоғалар нәсіл ұлтыңнан!

(Тамыз 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *