Астарлы сөз (87)

Бөлім: Зікір өлеңдер 97

Түсіне білген адамға,

Болса ғылым қанында.

Астарлы сөзде ғибрат бар,

Қозғалтып миды ойлауға.

Таза ақыл жатса қозғалмай,

Миыңда пенде нұрланбай.

Шіриді сасық иіс боп,

Сары су баста жана алмай.

Бетпақтық пен безбүйрек,

Асылы сөздің деп керек.

Ой толғайды дейсің бе?

Көріп, ұстап бек сенбек.

Сегіз сезім мүшеге,

Жан беретін сөз кие.

Салмақ пенен қадірін,

Ақылмен тауып меңгерсе.

Артық сөздің салмағы,

Жүктеліп қайта алмағы.

Өлшемей сөздің ой үнін,

Күпірлік жанда артпағы.

Өлшеп сөйле сөзіңді,

Меңгеріп дінмен сенімді.

Ықшам болсын ойың да,

Аз сөзбен астар беруді.

Көп сөзділік әрдайым,

Арттырар күнә жағдайын.

Ұзын сөзін қазақтың,

Теріске ойын байлайсың.

Ықшамдап ал ойыңды,

Таза ұстап өріс бойыңды.

Айтар болсаң кесіп айт,

Ақылмен жеңіп сезімді.

Жаспенен ақыл толады,

Сүтімен ана бағалы.

Тіл, ділінен ұлтыңнан,

Бәйшешек бақша болмағы.

Арылмай жастық мастықтан,

Болмассың ділмар аптыққан.

Үлкеннің кесіп алдарын,

Білгіштік жынмен соқтыққан.

Астарлы сөзден ой маржан,

Теретін текті бол адам.

Тереңге сүңгіп ойланып,

Бетіне теңіз шығарған.

(Тамыз 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *