Есімім Байтасов Кескірұлы,
Екі естілік кітабынан бұл бір белгі.
Жете-әкеден, атым — жын, талабым,
Анадан — ділім, саналық — ұлттың тегі.
Болыңдар махаббатпен баласы Адам,
Атаның баласы боп, болма надан.
«Бауырым деп адамзатnың бәрін де сүй» ,
Насихат, өсиетін айтқан Абай атаң.
Төрт кітап адамзатқа түсті Алладан,
Басың Інжіл, рұқың көктен нәсіл болған.
Ғисадай пайғамбарға жалғанумен
Төрт жынды тазартуға тағдыр жазған.
Жер кезіп, басқа аяқ дін жалғаған,
Шопаyның таяғынан, келіннің аяғынан.
Сөз баққан атаң қазақ Мұса үлгісін,
Әдет пен ғұрпың ұлттық тек жалғаған.
Екі аралық жер көктің ісін алған,
Дәуіт пен Сүлеймендей пайғамбардан
Қазақтың діні бақсылық, ақындықты,
Би, шешен, абыздықтың тегі болған.
Қозғалыс тектің сыры қол меңгерген,
Өнердің құпия сырын жынмен келген.
Жаратылыс сезімнің тілін біліп,
Елшіліктің тегін алған Сүлейменнен.
Адамзатnы асылы деп аталған,
Құранның түсуіне себеп болған.
Мұхаммед пайғамбарға бірлігі деп,
Істерін елшілерден кітап алған.
Үш кітап елшілікке дәлел болған,
Дәуіт пен Сүлеймендей даналықтан
Мұса мен Ғиса пайғамбарлар мұғжизасы,
Бірлігін пайғамбарымыз жалғастырған.
Інжілдік елшіліктің ісін ата-бабаң,
Ғиса ісін көп әулие қайталfған.
Тура жол хикметінен білім тарап,
Дарындылық құдай ісі деп аталған.
Яссы деп діннің ісі қайрат болған,
Сөз өнері ақындық Дәуіт алған.
Қазақтың салты болып қалыптасып
Ар білімі қазақ туын жықпай тұрған.
Христиандық әлемге есік болған,
Орыс ұлтын түркі еліне сынақ қылған.
Нәсіліне інжілдік көк жалғануға,
Қазақ елін ұлтына орыс теліп қойған.
Мұхаммед-сүйспеншілік деп аталған,
Әлемге нұрлы шырақ жол бастаған.
Алты кітап насихатынан қазық қағып,
Ясауидей бабамыз жалғастырған.
Жалғандық орыс нәсіліне бодан болып,
Түрленген нәсіліміз біліммен, өнер қуып.
Салт-дәстүрін тектілікті сақтай алмай,
Сыртың қазақ, ішің бөтен көбің орыс.
Құмарлығың қандай болса нәсілің сол,
Бүгінгі заман, қазақ ұлты таппаған жол,
Білімді елдің өнері мен салтында алып,
Азған нәсіл жындармен жүктелді қол.
Араптың намазы мен дін салтына,
Табынып салт-дәстүр қалды артыңда.
Үш сауалға жауап болған дәстүріңді,
Бір сауалды шариғатқа байладың да.
Жетеу түгіл, бес күн жалған тазартылмай,
Жете мен сана ақылың тұр жалғанбай.
Өлі мен тірі тең болмас деген,
Құранға ортақ қосқан, тек танылмай.
Бұл қазақ қашан текті ел болады,
Күнәлімен күнәсізді жалғап алды.
Ақирет заңы әділ, есеп көрген,
Өлі- тірі, ал пенде ақталмаған өлі жаны
Бекболат Тілеуханмын деп айтады,
Мұхамеджан Тазабекті ат қылғанды.
Ақталып кітап болған ата есімін,
Жын-шайтанға қыз, қатындар жалғағанды.
Бейсен алып Құранбекті зат есімге,
Бауыржан жазып Байбекті бір тізімге.
Тектілік, әулиелік, сәуегейлік ділін алған,
Өшірмек бұл бір әдет қарсы дінге.
Дәстүрің ат атап сүйекті сындырмаған,
Үлкен атын жасы кіші атамаған.
Ер азамат атын құрмет қылмай,
Арсыздық қой, әке атын қызы алған.
Бұл нәсілдік жетесіздік белгің алған,
Жоңғар, қалмақ әлде нәсіл жолда қалған.
Ата-бабасы тура жолда болмаса да,
Құдайдың уахи, аянына қарсы тұрған.
Атың көлік жын қуатпен өмір болған,
Ата-баба есімдері кітап-ғұмыр аталған.
Әр заманның құдай ісінен хабар алмай,
Бас қадірсіз, ұшты бағың басыңнан.
Басың келген есім домалап ұжмағынан,
Алланың берген сыйы жанға талабыңнан.
Басыңда ұлттың тегі қайдан жүрмек?
Көз, құлақ, мұрын ортақ әлемде жаратылған.
Төрт жының төрт белгіңді есім жалғап,
Тегің бар төрт нәсілді әлемге ортақ.
Атыңды қазақшалап атадым деп,
Жетелі адамзатқа болған мазақ.
Балық басты ел билік суда ойнаған,
Құдайдың нығметіне күпті болған.
Биің әке, дінің шеше өгей болды,
Сөз түсінбес, заң жазып өңкей надан.
(Сәуір 2015 жыл)
**** ***