Құлшылықтың танымдары  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 49

Құлшылық діннің тура жолын таппақ,

Алланың «өзі»-мен жан жалғанбақ.

Алланың «ӨЗІ» тоқсан тоғыз есім болып,

Алланың жүзіне айналып, «БІР» аталмақ.

Алла деп сипаттаймыз түп негізді,

Қозғалыс, себеп  тегі нұр төрт негізді.

Құлшылығың адамзат «Маған» болсын,

Жаратқан игілікпен құлдарынан бізге үлгі.

Жаратқан қадір, қасиетін жұлдыз «БІЗДІ»,

Үкімі, аяттары жол көрсетер періштелік ізгі.

Алланың қасында деп ризықтарың,

Ай нұры оң мен сол исламнан діннен белгі,

Даналық қабырғасы Хау анадан,

Парасат күннен –әке жарық алған.

Үш түрлі жарық-уақыт нұрдан зекет,

Аруағың; төртінші қызыл тегің болған.

Төрт тек жарықтың қозғалыс себебі бар,

Төрт періште жаратылыс негізі бар.

Алла тағала сегіз сипаты жарық үнмен

Он алты қуат патшалықтың үні шығар.

Адам басы Алланың добы деген,

Текті бабаң жан ғылымын ерте білген.

Төрт жеті тылсым үнін жүгін алып,

Жын қуатын Алла жүзін меңгеретін.

Алла деп  төрт қозғалыс тегін айтқан,

Екі жарық нұрдан сипат «Өзін» жаратқан.

Оң мен сол екі бағыт қозғалыс боп,

Аяқ, қолды бас пен жүрекке басқартқан.

Бесінші қуаттар бар төрттен шыққан,

Белгісін қолға беріп бес саусақтан.

Төрт кітап жаратылыс сырын ашқан.

Алла деген таңбаның сыры болып

Екі кітап оң мен солды қайталатқан.

Бесінші кітап тура жол ақиқаттан,

Елшіліктің  ісін алған сөзі Раббтан

Кітабын оқығандар сопы, тақуа боп,

Төрт кітаптың аяттарынан сыр тарқатқан.

Алланың өзі қандай, Раббынан сөзін алмай,

Көркем сөз, ғылымына ділмен нанбай.

Аллаһ деп адасқан көп, санын алмай,

Санасызға сан айтқанмен жүрген ұқпай.

Арыстан, бұқа, тауық, қарғалар да,

Алла деп үн қатып жүр үнін барла.

Құранның аятында жерден хайуан шығып,

Қатесін түзейді деп қиямет заманында.

Алла деген ұғым болса қай халықта,

Тура жол үні елдің дәстүрі мен салтында.

Өз ұлтының сөз байлығын зерделеген

Хикметін түсінер жетелі, саналы адам ғана!

(наурыз 2015 жыл)

****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *