(Абай атаға жалғану)
Ізбасардың амалы,
Жанымен болар жалғауы.
Із кесуші адам көп,
Жетпей жатқан амалы.
(Абай атаға жалғану)
Ізбасардың амалы,
Жанымен болар жалғауы.
Із кесуші адам көп,
Жетпей жатқан амалы.
Көрмес көзде тиянақ,
Ішкі сыры болмайды.
Жәутеңдеген құр көзі,
Дүниелікті қармайды.
Әтештік қылық сомдаған,
Талай еркек паңданған.
Терісін отқа жандырып,
Қадамын алшақ салдырған.
Қасиет әлсіз тегінде,
Қас болса тән өзіне.
Нәпсінің тойын тойлаған,
Күтіп тұр азап көрінде.
Шабандоздың нашары
Атын баптай білмеген.
Адамдардың жаманы,
Біліммен ғана ізденген.