Жақсы мен жаман

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 66

Шабандоздың нашары

Атын баптай білмеген.

Адамдардың жаманы,

Біліммен ғана ізденген.

Ақыл –естің жоқтығы,

Тәнін сақтай білмеген.

Адамзаттың наданы,

Мен білем деп төске ұрар.

Еліне тиіп залалы,

Діні азып пән болар.

Білімнен ғылым шығармақ,

Ілімі тәпсір сөз қуар.

Таба алмай екі ортасын,

Құдайсыз қурай сындырар.

Текті болмақ амалы,

Жындылықпен дос қылар.

От тастап араға,

Көрші елмен қас қылар.

Қан тегінен нағашы,

Ділден қуат аз болар.

Ар-ұятты, ұждансыз

Қатыны жоқ би туар.

Ұрпақтың ата-анасы,

Тағдырларын ақтамай,

Тексіздік қарғыс аздырар.

Он үш жасқа жеткізбей,

Санасын ұрпақ тоздырар.

Тықпалап өзге жұрт тілін,

Ақылдан білім оздырар!

Байларын төрге шығарып,

Мал табарлық салт болар.

Аузы қисық болса да,

Мал тапқанан жол сұрар!

Бөріксіздер жетесіз,

Ел билеуге төрге озар!

Түссе де қиямет үкімі,

Түсінер пенде аз болар!

    ****  ****

Пенделер көп дін білген,

Тәпсірді пән ғып шын деген.

Ілімен білім ортасын,

Таба алмай босқа сенделген.

Тегінің таппай негізін,

Құзғын жынға телінген.

Қас қылып салт-дәстүрмен,

Заманың пері билеген.

Үш байлықсыз жаңғырмақ,

Ар, ұят, ұждан білмеген.

Адамдық тегін сақтаған,

Қастығын тәннің жөндеген

Нәпсінің тойын тойламай,

Әлемнен қуат бірлеген.

Аталар жолын жаңғыртып,

Тағдырын тектің үзбеген.

Ақыл-есті пенденің,

Жүрегіне нұр тамған.

Әлемнің барлық сырларын,

Хикметін көрген исламнан.

Жол-жобасына жалғанып,

Шындығын алмақ аяннан.

Сол нұрының бөлшегін,

Құпия сыр білім иманнан

Ал деген Құдай құраннан!

(Мамыр 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *