Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}
Сопы екен терең дін білген,
Артынан шәкірт көп ерген.
Сапарлап бір күн кез болды,
Ауылға тату күн көрген.
Ағайын, бауыр, жекжат туысқан,
Кедей де, жесір-жетім жоқ тарыққан.
Жалғыз малын сойып қонаққа,
Дәстүріне ата-бабасының табынған.
Тірі байымас, өлі риза болмай,
Ұстанған нақылын баба тастамай.
Оқытып құран, ас берген,
Зияратын күткен бос қалдырмай.
Сопы бұған қайран болады,
Жаны ашып елді аяды.
Оқымай намаз бес уақыт,
Бұл ел шайтанға азғырылады.
Үйретіп елге бес уақыт намазды,
Көп уақыт бұған арнады.
Көңілі толып өз ісіне,
Қайыққа мінген елге қайтқалы.
Ортасына өзеннің жеткенді,
Артынан дауыс сөз келді.
Қараса бір жігіт келіп тұр,
Жалаң аяқ өзенді кешіп жүр.
Молдеке деді кешір сауал бар,
Төртінші намазды қалай орындар.
Ұмытып қалып көбіміз,
Сұра деді сізден жарандар.
Таң қалып мұндай хикметке,
Сопы айтты мұндай жігітке.
Бұрын қандай намаз орындап,
Болдың деп ие мына кереметке.
Бұрынғы жағдай көз көрді,
Көңілді тірлік, сіз бізді.
Атаның жолы табынған,
Орындаймыз дініміз дәстүрді.
Сопы айтты онда жалғастыр,
Тура жол осы болмақ дүр.
Біздікі тек сыртқы амал қой,
Мен шәкірт енді, сен — тақсыр.
Даналық Абайдан сөз қалған,
Ораза, зекет, хаж, намаз оқысаң.
Жақсы болмақ бұл үш сүюмен,
Махаббатпен намаз, іс қылсаң.
Құдайды сүй сені жаратқан,
Орындау парыз үкімін аяттан.
Адамзаттың бәрін бауыр деп,
Жақсылық қыл, бұл махаббаттан.
Алланың жолы бабаң меңгерген,
Дәстүрмен дінді теңгерген.
Табынып берген нақыл, ақылға,
Махаббатың шүкірді меңгерсең.
(наурыз 2014 жыл)