/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Дененің «шамы» көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің нұрға кенеледі. Ал егер аш көз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын, байқа! Егерде бүкіл өмірің нұрға кенеліп қараңғы жерің қалмаса, онда ол шамның саған сәулесін төккені секілді түгелдей жарық болады.» (Ізгі хабар 11-тарау. 34-36).

 Ғиса пайғамбарымыздың ескертуі бойынша ақыл жарығының шамын (шырағын) өшіретін және діншінің ең бір осал жері аш көздік. Қазақ елінде болып жатқан дін аралық сынақтардың бір себебі осы жоғары лауазымдағы діни сауаттылардың және кейбір әкім қара, ояздардың ақылдарының саяздығы мен аш көздігінен, тіптен Алла жолында мал жұмсау түгіл өздігімен халықты тазартуға ниеттенген емші т.б. сауап іздеген пенденің бәрін қудалауда. Яғни, інжіл амалдарына шамға «шырақ» жағу, артық хайыр жасап және жанды сүннеттеу  амалдарына қарсы. Діни сауатты аталған топтар діннің тек жер анамен нәсілдік байланыста, жер кезіп табан арқылы ғана (тәурат, інжіл, забур) жан ғылымы болып, ақирет өмірі тек ақиреттік болған жандармен байланысқа түсіп және оларға бодау төлеп қана өз нәтижесін беретінін ұмыттырып, тек көк арқылы, яғни періштелер арқылы ғана байланысу керек деген ұғымды тықпалауда. Сондықтан мен оларды алда бес парыздан басқаны білмегендіктен алтымен араздасып шариғатты жол қылып, халықты адастырушыларды; «парызшылар»  деп атауды жөн көрдім.

 Сонда егер тек «намазхан» болса, онда арап ұлты сияқты негізгі құранның оқылу тазалығы мен белгілі болған үгіті мен парыз үкімдерді ғана қадағалаушы, яғни парызшы. Олар үшін тәубаның бір-ақ сатысынан өтіп тек ғибадат жасау маңызды. Ал тәуба ішіндегі күнәдан құтылу үшін, тағы тәубаның белгілі сатылары болып шүкірлік амалдарының дәстүрлік сипатынан басқа ғұрыптық және қосымша артық хайыр жасау арқылы сауапты көбейтуге болатыны оларға беймәлім. Сондықтан тәубаның негізі діннің тура жолының тазару амалының бір көрінісі шайтанның ықпалына еріп, ақыл ойы тұтқынға түсіп жүйке ауруына ұшырағандарды жынның ықпалынан арашалап, тазартып, иман келтіру үшін жер кезіп (ақыл,ой-Әлиф лам мим) есіктерін табу болып табылады. Құранда; «Жақсылық пен жаманшылық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуіңнің араңдағы дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. (34) Бұл қасиет сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипаттарға зор несібелілер ғана ие болады» (41-35).

 Осындай иман есіктері арқылы нұрдан үлес алып, емшіліктің жоғарғы дәрежесіне жету діннің биік шыңы болып есептеледі екен. Енді Інжілге жүгінсек: «Бір күні Иса біреуді мылқау қылып қойған жынды қуып шығады. Жын шыққан соң мылқау сөйлей бастады! Жұрт бұған қайран қалды. Бірақ кейбіреулері: «Анау жындарды солардың әміршісі безбүлдің (яғни, әзәзілдің бастығымен шайтанмен) күшімен қуып шығады!» деп жала жапты. Басқалары Оның билігін (аруақтың құдіретін) сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. Бірақ ойларын білген Иса оларға былай деп жауап қайырды. – Жікке бөлініп, өзара соғысып жатқан әрбір патшалық жойылып бос қалады. Өзара ұрыс-керісте тұрып жатқан әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді. Егер шайтан өзіне-өзі қарсы соғысса, оның патшалығы қалай жойылмай тұра алар еді? Ал сендер мені жындарды безбүлдің (яғни шайтанның) күшімен қуып шығады дейсіңдер. Егер Мен жындарды соның күшімен шығаратын болсам, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен қуып шығарады? Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкірттерің әшкерелейді.! Бірақ Мен жындарды Құдайдың құдіретімен қуып шығамын, демек, араларыңда Құдайдың патшалығы орнаған! Күшті біреу үйін қару-жарақпен күзеткенде оның дүние-мүлкі қауіпсіз. Бірақ онан да күшті біреу шабуыл жасап жеңсе, әлгінің сеніп жүрген бүкіл қару-жарағын тартып алып қолға түскен олжасын үлестіріп жібереді.» (11-тарау 14-22).

 Бұл өсиеттің сырын  құранда да қайта-қайта ескерткен. Иманың күзетшісіз болса түбінде айырылып жол байлау болатынын ескертеді. Құранда; «Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша өкшелеп, қорғаушы бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге жәрдемші жоқ.» (13-11) Ғиса пайғамбарымыз Құран түспестен бұрын осы аятты түсіндіріп өткен. Сондықтан құдай патшалығының басты  қағидасы да Алла жолында мал-жанымен соғысу  болып және емшіліктің құпия сырларын меңгеріп, халықты әр түрлі сыртқы және іштегі кірлерден тазарту амалдарына жатады. Тәурат, Інжілдің негізгі қағидасы жынмен күресіп жеңіп шығу болса, онда қазақта  әулие бабаларымыз түгелдей жуық меңгеріп, небір кереметтер көрсеткен. Ал ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ақ бақсылықты сиқырмен, яғни қара бақсылықпен (магия, теріс дұға т.б.) шатастырып емшілік істерді дінші ағайындарымыз «шерік қосу» деп ашықтай мазаққа айналдырғанын қалай түсінуге болады? Сол сияқты кезінде «зікіршілер гипноз» деп де дау шығарған діни сауатты діншілеріміз өздері ораза кезінде тарауих намазымен бірге қалай зікір айтады екен? Жаратқан саңырау немесе соқыр ма екен?

Әулие бабаларымыздан келе жатқан дәстүрдің бірі қашаннан жын ауруларына шипа тауып емдей білген. Олай болса қазақ жерінде Құдай патшалығы қашаннан орнаған, болған! Онда Тәуратта, Інжілде, Забурдің де негізгі намаздар орындау амалдары қазақ халқында деп біліңіз. Енді араптарға түп аталарынан келе жатқан қылықтың бірі немесе әдетті аурудың біздің еліміздегі көрінісі десе де болғандай;  «Иса сөзін аяқтағанда бір парызшы кісі Оны түскі тамаққа үйіне шақырды. Иса барып, дастарқан басына жантайды. Оның тамақ ішер алдында діни қол жуу рәсімін орындамағанын ( дұға амалдарын орындамай, тек қол шайғанын) көріп, парызшыл таңқалды. Алайда Иса оған былай деді;  — Парызшылар, сендер ыдыс-аяқтарыңа сыртқы тазарту рәсімін жасай бересіңдер, бірақ ішкі дүниелерің алдамшылық пен арамдыққа толы! Ей түйсіксіздер, сыртын Жаратқан ішін де жаратты емес пе? Ең дұрысы мынау: иеліктеріңнен мұқтаждарға қайыр беріңдер! Сонда барлық нәрселерің де адал болады» (11- 37,41).

 Енді осы өсиеттің сипаты қазақ елінді қайталануда. Пайғамбарымыз ескерткендей бес уақыт намаз есігіңнің алдындағы өзенге бес рет шомылумен бірдей, яғни намаз оқысаң сыртқы кіріңнен түк қалмайды. Сондықтан қазақ діншілдері де сол тек намаз оқып намазхан аталсаң болды деп, ал іштегі кірден арылтатын сауап істер мен артық хайыр жасауға тыйым салып ел ішінде аш көздікті қалыптастыруда. Өліктер ұрпақтарының құрбан шалып, ұрпақтарының ақыретті еске алып зияраттауына мұқтаж, сол мұқтаждықты өтеуді; бодау төлеу амалы, жазия немесе Алла жолында мал жұмсап, артық хайыр жасау деп атаған. Онда біздің мешіттен бастап зияраттауға тыйым салып, аруақты арам дегендердің іштеріне шамнан «шырақтан» жарық түспеген арамзалар болып табылады. Сондықтан ондайларға жаратушы  үкімін Ғиса пайғамбарымыздың өсиетімен ескертсек; «Бірақ парызшылар (намазхандар), сендер қасіретке қаласыңдар! Тіпті жалбыз, тасшөп және басқа да әр түрлі майда-шүйде дәмдеуіш шөптердің оннан бірін садақа бересіңдер (намазхандар тек құрбан айтта ғана құрбандық шаласыңдар), бірақ та әділдікке және Құдайға деген сүйіспеншілікке (құрбандық, қасиетті жерлерді зияраттау, тазару, тәубеге, шүкірлікке) көңіл бөлмейсіңдер. Біріншісін де істеп, екіншісін де қалдырмауларың дұрыс болар еді. Парызшылдар (намазхандар) сендер қасіретке қаласыңдар! Мәжілісханаларда (мешіттер, өлікті жерлеу т.б.) төрде отыруды, әрі базарларда (ақпарат тарату орындары, баспасөз беттері) қошеметтеуді ұнатасыңдар. Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екіжүзділер сендер қасіретке қаласыңдар! Белгі қойылмаған молаларға ұқсайсыңдар, жұрт олардың қабір екенін білмей үстімен жүріп арамданады.» (11 тарау 42-44 аяттар).  «Сонда Таурат заңын (Құранның арапша мағынасын) үйретуші ғұламалардың бірі: -Ұстаз! Бұл сөзіңіз бізді де ренжітеді,-деді. Иса бұған былай деп жауап берді:  -Тәурат заңын (немесе құранды арапша) үйретуші ғұламалар, сендер де қасіретке қаласыңдар! Адамдардың мойындарына көтеруге тым ыңғайсыз борыштарды (арапша құранды жаттату, шариғат деп ғұрыптық істерге тыйым салу, әр түрлі дұғалар, тек арап еліне ғұмыра жасату т.б.) арқалатып қоясыңдар, бірақ өздерің сол жүктерге саусақтарыңның ұштарын да тигізбейсіңдер.» (11 тарау 45,46).

 Негізінен Ислам дін ғұламалары, имамдар  көпшілік алдында зияраттауды теріске шығармайды, бірақ өздері сол әулиелерге, киелі жерлерге барып сәлем бермек түгіл қабірлердегілерді ұмыттырып, белгісіз болып кеткен ата-баба аруақтарының бастарын көтеріп белгі қоюға кіріскен керуеннің жолын кесіп, соттатып өздері де тірі өлікке айналып, белгісіз молаға айналуға жуықта жаратушы тарапынан жауабын алатынына күмәніңіз болмасын оқушым. Себебі, өздерінің құранды босқа жаттап мағынасын білмегеннен кейін мойынына кітап болып жүктеле бермек. Таудың өзі құранды толық алуға бас тартқанмен арап танушы діншілер бас тартпайды. Сондай дін бұзар ғұламаларға Ғиса пайғамбарымыз; «Тәурат заңын (құранды) үйретуші ғұламалар, қасіретке қаласыңдар! Сендер құтқарылу туралы білімнің кілтін (аруақ заңдылығын)  тартып алдыңдар, өздерің де кірмедіңдер (зияраттамадыңдар), кіргісі келгендерге кедергі жасадыңдар.» (11-тарау 52) Сондықтан Інжіл қағидасымен өліктерге құрмет және емделу, тазару амалдарын орындап қудалануға түскендерге (ата жолын уағыздаушыларға) Ғиса пайғамбарымыз: «Достарым, сендерге айтамын; тәнді өлтірсе де кейін басқа ештеңе істей алмайтындардан қорықпаңдар! Сендерге кімнен қорқу керек екенін айтайын; өлтіргеннен кейін тозаққа түсіре алатын Құдайдан қорқыңдар! Сендерге тағы айтамын: Одан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!» (12-тарау 4).

 Халықты шындықтан бұру үшін Ғиса пайғамбарымыздың өсиет аяттарын ешқандай ислам ғұламаларының пайдаланғанын көрмейміз. Ал сондай діни сауаттылар інжілдің де сандық мәнімен орын орнына қойып есеппен жүйелеп оқыса Мұхаммед пайғамбарымыздың көрсеткен және өсиет еткен шариғат заңдылығының негізі екенін және көптеген құран аяттарының түсіндірмесі шығатынын білер еді. Сондықтан бұл өсиет аяттарды құранда ескертілген даналықтың белгісі Лұқа елшінің жазбасынан алып, Ғиса пайғамбарымыздың өзінің жерге кім болып түсетінін көрсететін, қазіргі таңдағы қазақ жеріндегі болып жатқан діни оқиғалар осы аяттарға байланысты екенін аңғаруға болады.. «Сендерге айтамын: Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде Құдайдың періштелерінің алдында мойындаймын. Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де Құдайдың періштелері алдында танбақпын. Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың Киелі Рухына қорлаушыларға кешірім болмайды.» (12-тарау 8-10).

 Ғиса пайғамбарымыз ешқашанда мен құдаймын демеген, керісінше періште сипатта қиямет мезгілдерінде билеуші болып, яғни періштелерге халықтар дұғасын жеткізуші болып келетінін ескерткен. Алланың сүйікті құлдарына, яғни періштелерге тіл тигізгендер тәубасына қарай кешіріліп, ал Киелі Рұхқа-аруаққа тіл тигізудің кешірілмейтін күнә екенін ескертеді. Сондықтан қазақта Алла кешіреді, бірақ аруаққа тіл тигізгендер кешірілмейді, аруақ атқан оңбас деп бекер айтпаған. Олай болса ашықтан-ашық аруақты қорлаған басылымдар және «Рұхқа табыну шайтани іс» деп мақала жазған діншілдер құдайсыздар аталып, міндетті түрде жуық арада жазаларын алмақ! Ал үкімет құзырлы орындарынан тек шаруашылықты (экономика) дамытып адамдардың құлқын толтыру арқылы ғана бақытты «зайырлы» (қайырлы) ел боламыз деп ұрандатып жүрген кейбір дәулеттілер мен әкім қараларға Ғиса пайғамбарымыз; « Бір бай кісінің егіндік жері мол өнім береді. Ол ішінен; «Не істесем екен? Астығымды жинап қоятын жерім жоқ,-деп ойланады. –Былай істеймін; қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Сосын өзіме; көп жылға жететін мол қорың бар, енді дем алып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін». Бірақ Құдай оған: «Ей түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?»-дейді. Өзі үшін байлық жинап, бірақ Құдаймен қатынасында бай болмаған адамның ақыры осылай болады.» (12-тарау16-21).

 Шаруашылықты меңгеріп, жер өңдеу мен өндірістің үнемді тәсілдерін жетілдіру, еңбек ете білу діннің басты қағидасы, бірақ тек ақшаң болса, артық қоймаң мен қазынаң болса зайырлы, өркениетті елге айналып еркіндікке жеткенмен құдайдың құрығынан,  ел апаттары, әр түрлі қасіреттер мен өлімнен қашып құтыла алмайсың деп ескертеді. Сондықтан қазіргі таңда шалағай шыққан заңнан немесе құдайсыз діншілдердің арбауына түсіп жерінен, яғни ұлттық дінінен ажырап, әр түрлі жол байлау қыспақтарға түсіп жүрген бауырларға ата жолының ақиқаттың бастауы болып, әлі әлемге қазақ елінің мәртебесін паш ететін уақыттың да таяу екенін аруақтардың, яғни Құдайдың Киелі Рұхының атынан құран ұстап алдын-ала ант беруге болады! Себебі сондай қауымға Ғиса пайғамбарымыздың жолдауынан: «Шағын қауым қорықпа! Патшалығын тапсыруға ризалық еткен. Мал-мүліктеріңді сатып (құрбан шалып) мұқтаждарға үлестіріңдер! Осылай өздеріңе «тозбайтын қалта» жасап, таусылмайтын байлықты көкте жинаңдар. Сол жерде оған ұры да жақындамайды, оны күйе де жемейді. Байлықтарың қайда болса жүректерің сонда.» (12-тарау 32) Ал Құранда; «Шүбасыз садақа беруші әйелдер, сондай-ақ Аллаға көркем борыш бергендер, (тиісті орындарға мал сарп қылғандар) оларға неше есе арттырады әрі олар үшін көркем сыйлық бар. (18. – інжіл саны) Сондай Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер, Міне солар, Раббыларының қасында шыншылдар және шейіт болғандар. Олар үшін сыйлықтар және нұрлар бар. Ал сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға шығарғандар, міне солар, тозақтық.» (57-19) «Аллаға, ахирет күніне иман келтірген бір елдің; аталары не балалары яқи туыстары болса да Аллаға, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің. Міне солардың жүректеріне Алла иман жазған әрі оларды Өз жағынан бір нұрмен қолдаған. Және оларды астарынан өзендер ағатын әрі онда мәңгі қалатын бейіштерге кіргізеді. Алла, олардан разы, олар да Алладан разы. Міне бұлар (осы сандық мәндегі), Алланың жамағаты. Жақсы біліңдер. Дау жоқ, Алланың жамағаты, олар құтылушылар.» (58-22).

 Иман жүрекке зейнеттеледі, ол үшін 58 санның құпиясын, яғни сүре амалдарынан өту керек екен. Қазақ халқына бұл амалдар оңай. Ол Құдай заңдылығы, Алланың патшалығын мойындау! Демек, елді бірлікке шақырып, салт-дәстүрімізді, ғұрпымызды жаңғырту жолында ата жолында халықты тазаруға және емдеу шараларын жасап, дінге  шақырушыларға шейіттік  (сахабалық, елшілік) дәрежелер беріледі екен. Бұл аяттарға байланысты қай елдің көкте мол қазынасы (рухани байлығы), сол елге де жұлдыздардан (Құраннан) Алланың нұры түсіп, жаңбыр да мол, астық та бітік, жер қазынасы да молынан көрініп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды екен. Сондықтан да Ғиса пайғамбарымыз: «Бес торғай екі теңгеге сатылмай ма? Дегенмен олардың біреуін де Құдай ұмытпайды. Тіпті бастарыңдағы шаштың да саны Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да қымбатсыңдар!» (12-6).

 Саналы сауатты діншілер! Әрқайсыларыңның үстіңде және арттарыңнан сол боз торғайлар түс, аян болып ене алмай шырылдап жүргенін ұмытпаңдар. Аруақ жоқ деп барыңнан бас тартсаң, өзің де жоғалатын тылсымның басты заңдылығы. Сол торғайларды құранда да; «Олар, көктен және жерден алды-артындағы нәрселерді көрмей ме? Егер қаласақ оларды жерге жұтқызамыз не үстеріне көктен кесектер түсіреміз. Рас мұнда Аллаға берілген әр құл үшін ғибрат бар.» (34-9). Егерде осы аяттың ғана сандық мәнімен жұбын, сосын парын тауып, одан барып бірнеше сүрелердің пайда болатынын білсеңіздер, ғибрат алар едіңіздер де, өз-өздеріңе және арттарыңнан ерген халыққа да зұлымдық жасамаған болар едіңдер құдайсыз діншілер! Бес торғайы екіге қосылып аққу, сұңқарға айналғандардың көбісін әкім қаралармен бірігіп надандықпен таспен атып тастадыңдар. Аққуға тас атқанның түбі, аруақтың назына қалатыны шәксіз. Құс тілі мен құс ілімін (түс ілімін) сұңқарлық  қасиетсіз пайғамбар бола алмайтынын білмейді діншілдер.  Діни сауатты болсаңдар астарлы аяттардың құпия есебін сандық мәнімен шешіп, сүресін тауып көрсетіңдер!

Әлемде неге 2012 жылы қиямет оқиғасы болады деп дүрлігіп жатуында да негіз бар. Ол, інжіл қағидаларының 12 санымен берілген үкімдерге, ескертулерге байланысы бар. Егер 2012 жылын екілікпен дәрежелесек; 32-сан Сәжде Алланың бұйрығы, уәдесі келуін ескертеді. Ал енді інжілдегі 11 санына «Рахман +Рахим» =11 санымен ғибадаттың толық негізін Құран сүресімен «Құт-аб» (Һұд) болып шығады. Олай болса намаздың ортасы бес парызды орындау арқылы адамзатқа берген жаратқанның «Рахим» ды алып, сосын алтыншы «Рахманға» сәжде жасау, әр ел өз жол жобасын (шарио) тауып, ілімнің білімін іздеп, яғни «Биссимилляһи»-12-ні біліп, 23-пен мүмін аталумен нәтижеленеді. Сондықтан сопылық амалдарға жататын 11 санымен өрілген таспихтың құпиясы осыдан кейін ғана басталады. Бірақ ислам әлемі оны ұмытып, дін намазын орындауды қысқартып тастағанымен,  қазақ әулиелері аянмен ұрпақтарына үйретіп көрсетуде. Тек өкінішке қарай Ата жолының негізгі жауы, сол әулиелердің қасиетті ұрпақтары. Дін сауатын меңгеріп, діни сауатсыздарды заң шығарып қудалап, жеңіске жеттік дегенімен, керісінше олардың нағыз қасиеттің шыңдалуына көмектесуге септігін де тигізгенін мойындау керек.

Дінің негізгі белгісі тақуалықты меңгеру, Алла жолындағы соғыстың сынағының негізі қалайда өз туысқаның, бауырыңнан немесе үкімет тарапынан болсын қудаланып жапа шегу керек. Егер өзің жасаған қылмысқа қарай жаза тартсаң ол жапа болып есептелмейді. Өзің істемеген немесе жазықсыз әділ ісіңе жапа көріп, оны сол қалпында қабылдап, сынағына төзіп, әділ істен бас тартпай, адамнан емес құдайдан қорқуды Алла жолында соғыстың басты қағидасы болып табылады. «Ар қайда?Рахым қайда? Әдеп қайда? Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда? Көз жұмып, «Көппен көрген ұлы той» деп, береді бұл надандық кімге пайда? Жатпалық жалқауланып тіпті жайға! Жайлы ақыл ойланалық жанға пайда? Кейінгінің қалмалық обалына! Сонда мақұл боламыз бір құдайға.» (Шәкәрім ата аманаты).

 Бабалар аманатын шекпенін жауып өздеріне қайтаратын күн жетті бауырластар! Сондықтан иманды тек Алла береді деген үмітпен жаратқанның адастырған ғалымдарымызды, діншілерімізді, жазушы қауымдарының жүректерінде ана сүтімен келген қандағы тілге байланысты ділдік 11 -«уақ» жұлдыздық белгіге ана тілінің, сөз қуатының инедей иман жарығының сәулесі түссе, есін жиып өлген ұжданы тірілсе, жоғалтқан «ар»-ын іздер деген үмітпен және ағайынымыз ұрпақтарының алдында масқара болып, еліне еткен еңбектері зая кетпесін деген ниетпен тек бұл ақпараттар белгілі болғанның бөлшегі ғана. Қашанда екі көзің бірі-біріне жау болғандай негізгі басты жауымыз ата жолының ішінде ақу, сұңқар болып, шариғатқа қарсы тырнақ сояудай, бұтта шалбар, басты жартылай орай салған, ақыл-есі кеміс, тілі мүкіс, толық дәреті де, намазы да бойында жоқ, батаны өзі ойдан, түйсіктен, сезімнен сылқытып жүрген ақ жолдықтарымыз. Оны түзейтін ел болып қолға алатын Алладан нығмет беріп қойғандардың сиқын жоғарыда көрсетіп кеттім. Енді кім қалай түзейді деген көп қайғы ғана жанды жегідей жеген жайы бар. Қатын басқарып ел болып дін түзелмейді. Егер ер болып туып, ата жолын қуып, бақ берсе аспайтын, сор келсе саспайтын ұжданға берік ақ жолдық азаматтарды қайта Айша ананың ақ туының астына шақырамын. Біздердің қазіргі таңда жетістігіміз де бар, жетпейтін әлі үйренетініміз де бар. Жетістігіміз ақ жолдың басты қағидасы, ғылымы, болашақта үйретіп тарататын мөр ашу қағидасы мен Құранның ислам әлемінің ойына келмеген, бірақ аталарымыз меңгерген бақсылық мұғижалар қағидасы мен емшілік істер және құранның құпия сырларын меңгеру тақуалық амалдары бар. Онымен қоса әлемді қазақ елінің алдында тізе бүктіретін құпия қазыналардың, мұрағаттардың белгісі, орындары, құпия шежіре сырлары және Отырар кітапханасының аянмен көрсеткен, зияраттап белгіленген, болашақта ашылатын есігінің кілті де бар.

Біздің мақсатымыз мен ғана білейін дегендей атақ, дәреже алу мақсат емес, керісінше ең кемістік сынағымызда сол болып, аманаттарды орындарына егелеріне табыстап, сол мұрағаттарға еге болып, сырын оқып, әлемге танытатын қасиет егелерін дайындауда. Егер оқырман сізге ордаға барып аруақтардан бата алуға аққу, сұңқарлармен кездесіп жүздесуді Алла бұйырған болса тартынбаңыз барыңыз, бірақ бойында киімі, аузында сөзі, намаздары, әдебі қазақ дәстүрлі әдет-ғұрпына сай болмаса немесе өзі әдемі, ал үйінде арсыз киіммен, шариғатқа жат қылықтармен байқалған пенделері, орда мүшелері болса ол ақ жолдық немесе бізден емес! Таза емес жерде таза аруақ болмайтынын, күнделікті тұрмыстық тілінде ауыздан таза сөз шықпаған пендесінде де таза бата болмайтынын ескерсеңіз болды. Батаның да ғылыммен, сөздің астарымен және сандық мәнімен, қуаттық шамасымен өлшеніп, болашақта қалай зерттеу  құпиясын да жариялайтынымыз сөзсіз. Сондықтан сондай жауапсыз пенделерден жәбір көргендерге ақ жолдан мүлде безу керек деген ой емес, керісінше сын айтып, көпшілік болып жөндеп тазару жолына қайта салайық, бірге үйренейік. Сонда да ескерту де пайда бермейтін, қасиетті мақтанға, табыс көзіне айналдырып, көкірегі аспанда, аманатты арамдап, ақ жолды теріс қылып, елдің арасына жік салған, алда да бүлдіре беретін мен білем «Білдіман» шайтанның арамызға кіргізген сарбаздары деп біліңіз де жария әшкерелеп, соларға тыйым салатын заң шығарған әділеттілік болар еді үкімет тарапынан.

Егер аруақ қалай сөйлейді адам баласы арқылы  деп Аққу, сұңқарларға  күмәндансаңыз онда киелі кітаптарға қайта иман келтіру үшін Інжілді сандық мәнімен Құранмен салыстырып оқып көруді ұсынамын.  Мысалға; Інжілде елші істері 2-тарау; «Бұлар сендер ойлағандай ішіп алған емес, қазіргі уақыт таңертеңгі тоғыз ғой. Қайта ежелде Жоел пайғамбар айтқан мына сөздер орындалып жатыр: « Құдай былай дейді: осы заманның аяғында, Мен өзімнің Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне төгемін. Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, жас жігіттерің аян, қарттарың түс көреді. Сол күндері Мен құл-күңдерімнің үстінен Киелі Рухымды төгемін, олар да пайғамбарлық сөз айтады. Мен аспан мен жерде қан, от және бұрқыраған түтін сияқты кереметтер мен ғажап істерді көрсетемін. Иенің ұлы да салтанатты күні келмей тұрып, күн түнекке, ай қанға айналады. Ал Иемізге (рұққа) сиынған әркім құтқарылады.» (2-15, 22)  2012 жыл арасында күн мен айдың ерекше тұтылуы болып осы киелі кітапта жазылған оқиғалар әлемде болып адамдардың үрейі ұшып, кәпірдің өзі мұсылман болуға құтылуға ұмтылатын, топ-топ болып дінге кіретін заман басталады. Онда неге қазаққа келген құдайдың тойына бармаймыз? Сонда адамдар арасына билік жүргізу толықтай Алланың сүйген құлдарына беріледі де; «Араларыңдағы кейбіреу бір даулы мәселе туралы келіспей қалғанда қалайша Құдай алдында ақталмағандардың (парызшылардың) сотына жүгінуге дәті барады? Неге мәселені Құдай халқының (аруақтардың) алдына қоймасқа? Болашақта құдай халқының адамзатқа билік айтатынын білмейсіңдер ме? Адамзатқа билік ететін өздерің болған соң, ұсақ-түйек даулы мәселелерді шешуге жарамайсыңдар ма? Біздердің (біртұтас адамдардаң) періштелердің үстінен де билік айтатынымызды білмейсіңдер ме? Сонда күнделікті өмір мәселелерін әлбетте шеше алуға тиіссіңдер?» (1-ші хат 6-1,4).

 Қарама-қарсы дауға түскен кезде біздердің, яғни бір тұтас адамдардың алдына жүгініп бата, аян, түс көру арқылы даулы мәселелердің шешілетінін екі ғасыр бұрын айтып кеткен. Онда ондай құдай патшалығының көрінісі қалай болмақ? Ғиса пайғамбар; «Құдай Патшалындағы жағдайды мынаумен салыстыруға болады: Бір патша баласының үйлену тойын өткізуге дайындалып, қызметшілерін шақырған кісілерін алып келуге жібереді. Алайда сол адамдар келгілері келмейді. Патша басқа қызметшілерін жұмсап: — Шақырылғандарға айтыңдар, мен қонақасымды әзірлеп қойдым, өгіздер мен бордақылаған торпақтар сойылып, бәрі дайын тұр. Тойға келе беріңдер! дегізеді. Бірақ олар шақыруды елемей, біреуі егіндік жеріне, біреулері саудасына кетіп қалады. Тағы басқалары қызметшілерін ұстап алып қорлап, өлтіріп тастайды. Мұны естіген патша каһарланып, әскерін жұмсап, әлгі кісі өлтірушілердің көздерін құртып, олардың қаласын өртеп жібереді. Сонан кейін қызметшілеріне: -Той дайын, ал шақырылғандар оған лайықсыз болып шықты. Енді жол тораптарына барып, кімді кездестірсеңдер, соларды тойға шақырып алып келіңдер! деген жарлық береді. Жан-жаққа аттанған қызметкерлер кімді кездестірсе-жаманын да, жақсысын да, бәрін жинап алып келеді. Той болған жер адамдарға лық толады. Патша келгендерді көруге  кіргенде тойға сай киім кимеген біреулерді көріп, одан: -Достым, мұнда той киімінсіз қалай кірдің?-деп сұрайды. Ол үнсіз қалады. Патша нөкерлеріне:-Мынаны аяқ-қолын байлап, сыртқа қара түнекке лақтырыңдар! деп бұйырады. –Сол жерде зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады. Себебі шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз» (22-тарау 1, — 14).

  Бұл өсиеттің сандық мәні құрандағы хаж, яғни зияраттау амалдарымен сәйкес болуы да көп мағынаны астарлап көрсетеді. Құдай тойына шақырылғандар қазақ елі егемендік алысымен дін соңына түсіп ізденіп, қазақ әдет-ғұрпынан, салтынан бас тартып, арапшыл тақуа болып, бірақ аянмен шақырушы болып келген аруақтардың кісілігін мойындамай, аянға мән бермей, дұрыс жорымай, ақырында жан үйлері өртеніп, жүректері мөрленіп, арап тілі мен сөзінен басқаны менсінбей тек құранды жатқа соғып жүрген және байлық соңына түсіп немесе білімді аталып жүрген жазғыштар, айтқыштар, әкім қаралар болып табылады. Ал соңына қалай болса солай тойға келіп, бес парыздық той киімін кимей түбінде тозақтық болып аласталатындарға аққу, сұңқарлар аталып шариғат амалдарын да толық орындамай және бір келіп жағдайын түзеп намазхан болып мешіттерге тығылып аруақтан теріс айналғандар тобын жатқызуға болады. Бірақ құдайдың той әлі басталған жоқ, берілген азық желінген жоқ. Сондықтан таңдау да, шақыру да әлі жүріп жатыр. Негізінен той киімін қамдап, бірқалыпты иманын жалғандыққа айырбастамағандар, 9 жыл сынақтан діндерін аман алып өткендер тойдан үлес алуы сөзсіз. Сондықтан мейлі қандай салада болсын; қойшы, егінші, ғалым, ел басқарушы, әкім, ояз, қолына қалам алған өнерлі сөз шеберлері және дінші т.б. қазақ бауырларымды осы тойға шақыра отыра; «Жаман жеміс беретін жақсы ағаш жоқ. Әр ағаш өз жемісімен танылар: «шомырттан өрік, жабайы бұтадан жүзім жиналмас. Ізгі адам жан дүниесіндегі игілікті қазынадан игілік алып шығады, ал зұлым адам жан дүниесінен арамдық алып шығады. Жан дүниең неге толса, аузың соны айтар. Басқаларға үкім айтпаңдар, сонда сендерге де үкім шығарылмайды. Айыптамаңдар, әйтпесе өздерің де айыпталасыңдар, кешіріңдер, сонда сендер де кешірілесіңдер. Беріңдер, сонда сендерге де беріледі: шайқап, нығыздап, толтырып, тасып төгілген мөлшерде салып беріледі. Қандай өлшемді қолдансаңдар, Құдай сендерге де сонымен өлшеп береді.»  Және ата жолы адасушылар, діни сауатсыздар деп қолындағы бар мүмкіндікті пайдаланып, Құдай үкіміне қарсы тұрып елді адастырғандарды да; «Неге бауырларыңның көзіндегі тікенді көре тұра, өз көзіңдегі бөренені байқамайсың? Өз көзіңдегі бөренені көрместен: «Бауырым, кәне, көзіңнен тікенді алып тастайын» деп қалай айта аласың? Әй, екіжүзді! Әуелі көзіңнен бөренені алып таста, бауырыңның көзіндегі тікенді содан кейін анық көріп, алып тастарсың!» (Інжіл)  Ғиса пайғамбар Мәриям ұлы.

«Бұл дүниеде де, ақиреттеде де Мәриям ұлы Ғисаға адамдардан ең жақыны менмін. Пайғамбарлар аналары бөлек, бір атадан туған бауырлар, ал діндері бір.» (3443-х) «Жаным қолында болған Алламен ант етейін, расында, араларыңа Мариям ұлының әділ сот болып түсуіне жақын қалды, ол крестерді сындырады, шошқаларды жояды, жизаны (бодау, құрбандық, зияраттап тазару) мансұқ етеді және мал-дүние ешкім оны алмайтындай дүниеде көбейтеді.» (993-х) «Араларыңа Мәриямның ұлы түсіп, имандарың (аруақтарың) өз іштеріңнен өткенде қалай болар екенсіңдер?!» (1374-х)= (13;74; дәрежесі15). Бұл сандар Мұхаммед пайғамбарымыздың ақ жолға берген куәлігі. (Құранмен, інжіл аяттарымен салыстыр, оқы!)

Құрметті дін қандастар және ата жолы құдайшыл бауырластар! Енді біздерге бірігіп ашық ақпараттық кеңістікке шығып, құран арқылы ұлы күрес ашып, қасиетті кітабымызды әлем алдына шығарып, бабаларымыздың жүктелген аманатын ақтап және жалғастыратын уақыт жетті! Діннің тек намаз оқудан ғана тұрмайтынын; тәубе, намаз орындау, намаз оқу, намаздарды толық орындау, артық хайыр жасап Алла жолында соғысып, сөз, тіл ой еркіндігін қалыптастыру және де шығармашылық шабыт, емшілік, елшілік істерді меңгеру қарапайым шаруамен дәрежелі қызметкер немесе дінші бәріне ортақ қарапайым ұлттық үлгісін көрсете біліп, тура жолдың қазаққа тән үлгісін әлем алдында көрсетуге, құранның құпиясы қазақтың ежелгі сақ сөздерінде жасырылғанын дәлелдеуге бірігейік демекпін. Оған қазіргі таңда жеткілікті дәлел және тәжірибелер де жинақталып қалды. Енді тәжірибе алмасып бір-бірімізбен бөлісетін кезең туды. Сондықтан әуелі құранымыздағы БІР аятты (бір сөз емес) неге арап танушы діншілердің осы уақытқа (17 жыл) дейін түгендеп, орнына қоймағанын, неге халықтан жасырғанын, діни сауаттыларынынан көп болып сұрайық!

Егер де Құрандағы бір аяттың жоқ екенін дін ғалымдары әдейі жасырған болса, онда ой-сананы жабу үшін қазақ еліне жасалған ұйымдасқан әрекет және дінді бұрмалау әрекеттері болып есептеледі. Ал егер де осы уақытқа дейін бір аяттың жоқ екенін білмегендері болса, онда олардың құранды зерттеуші ғалым екендігінің өтірік  және діни сауаттары жоқ екендігіне өздері осы әрекеттерімен ғана куә болады. Олай болса қазақ елінде ислам танушы қандай да бір топ немесе жеке діни жолда болсын сопы ғалым немесе құранды қорғауға тиісті білімді тақуаның мүлде жоқ екенін көрсетеді. Егер теолог ғалымдар, философ зерттеушілер, тіл мамандары болғанның өзінде құран аудармаларын салыстыра отыра зерттеп, ондаған жыл өтсе де бағасын бермей тыныш отыруының өзі дінге қайшы ғылымға жат әрекет!

 Енді қарапайым халыққа діни сауатсыз аталған біздерге дін ғалымдарының баспасөз, ақпарат бетінде жария еткен қателіктерін және бүкіл халыққа ортақ оқылатын түсінігі терең аударманың растығын мойындаған пәтуасы керек! Бұндай қадам дәстүрлі дінімізді құрметтеп меңгеруге, жалпы халыққа иманға жол ашуға тиіс және діншілердің осындай тәубаның ішіндегі тәубасы арқылы елге келетін көптеген сынақтарды жеңілдетуге Құранның ақиқатын ашуға мүмкіндік туады. Сонда ғана Қазақ елінің тіл, сөз байлығы әлемде алдыңғы қатардан табылатынын растайтын хикмет пен дәлелдер ашыла бастайды. Және әлем білмеген құпия намаз орындау, оқу, жаратылыс сырларының сандық мәнімен осы Халифа Алтай атамыздың еңбегі арқылы айқын білінетінін, қазақ елінің бірден-бір мақтанышына айналары даусыз. Бұл аудармада кітап арқылы ислам әлеміндегі теология ғылымын және жан ғылымын меңгерген қазақ әулиелері екенін дәлелдейтін құраннан екінші дәлел де бар. Бүкіл ислам әлемінің тәпсіршілерінің сауаттылығының ақ-қарасы сол құпиямен анықталары даусыз. Үшінші;  құран арқылы оншақты тәпсірдегі қателіктердің ғылыми құпиясын, сандық, сызықтық бейнесін жариялап, тағы ислам «намазхандарының» бәріне ортақ серік қосқан қателігін құран арқылы жария етеміз!

Бұл қадам бір-бірімізді кемсіту емес, керісінше діндердің бірленуіне, адасқан жалған діндердің тізе бүгіп, әлем ғылымының жаңарып түрленуіне, сана қуатына жол ашады. Сонан кейін бүкіл әлем ғалымдарын, діндерін бей-жай қалдырмайтын жарияланатын кітап бар. Дінді бөлшектеп әлемде, қазақ елінде де қасірет және надандықтың ұрығын өсіріп жатқан дін бұзарларға Құран насихаты, ғылымы арқылы соғыс жариялап, ақ-қарасын әшкерелейтін кез туды!  Ата жолының, ақ жолдың ақиқаттың бұлағы екендігіне нақты дәлелдер болып, шежіренің жоғалған, үзілген, өзгертілгендерін анықтайтын, осы уақытқа дейін тығулы жатқан қазына, көрсететін мұрағаттар да бар, бірақ үкімет тарапына хабарлағанымен оған құлақ асар емес. Сол мұрағаттарды әлем алдына көрсетуге, мәдени ақпараттағы бауырластарды да ат салысуға шақырамын. Бұл біздердің ғана емес бүкіл түркі әлемінің ортақ байлығы, әлем алдында Алты Алаштан бүкіл пайғамбарлардың тарағанын дәлелдейтін мақтанышымыз, рухымыз. Бірақ бұл жағдайлар енді осы уақытқа дейін қарсылық көрсетіп, аяттарды, қазақтың дәстүрлі дінін, ғұрпын, сөзін, тылсымнан аруақ баталарын, «қандай әулиелік?» деп аққу, сұңқарларды мазаққа айналдырғандар үшін дәл сондай түрде өздеріне сынақтар арқылы ретімен жауабы да болу керек! «Айыптама, сонда айыпты болмайсың, үкім шығарма сонда өзіңе де үкім түспейді!». Аталарымыз бір жаманшылықтың түбі жақсылықпен аяқталады, сондықтан ақырын сұраңдар деген ескертуі бар. Ал құранда; «Және де олар: «Алла өлтірген біреуді (кісіні) тірілтпейді» деп, Алланың атымен қатты ант ішті. Олай емес, Өлікті тірілту Алланың шын уәдесі. Бірақ адамдардың көбі білмейді.» (16-38). Сондықтан зияраттап Рахманға сәжде жасағандарды діни саутсыздар деп өздеріне Алладан нығметке берілеген артықшылық, қызмет, дәрежелерін пайдаланып; Өліктер адамға пайда да зиян да тигізе алмайды деп Алланың достарын, берілген аяттарды, аманаттарды ақтаған, кітап алған әулиелерді мазаққа айналдырғандарды жазалау үшін енді; «Алла, оларға қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау, қарсы болғандардың өтірікші екендігін білдіру үшін өліктерді тірілтеді» (39) «Бір нәрсенің (қияметтің мезгілінің) болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған: «Бол» деу; сонда бола қалады.»(16-40).

 Ол уақытта күн мен ай тұмшаланып әрбір пендесіне, мемлекеттерге үкімдер түседі де, Ерен ғайып қырық шілтен әскерімен елді аралап; «Олардың мазақ қылғандары өздерін тозақ болып баурап мойындарына жүктеледі және адастырғандарынан да жүктеледі, қараңдар үстіне артқандары нендей жаман жүк!» «…Сақ болыңдар! Оларға (сақтан үлгі алуға бас тартқандарға) азап келген күні солардан қайтарылмайды. Олардың мазақ қылған нәрселері бастарына жетеді.» (11—8).  «Сендер Алладан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында, зиянға ұшырағандар, қиямет күні өздерін де, үй-іштерін де зиянға ұшыратқандар болады. Сақ болыңдар! Міне осы анық зиянға ұшырағандық» де. (15)  «Олардың үстерінде (қара шекпен-жын, ашу, ыза) де оттан түнектер; астарында (табаннан, тізеден қара шөңге) да түнектер болады. Міне Алла құлдарын осы арқылы қорқытады. Әй құлдарым! Менен қорқыңдар.» (39-16) «Кім Менімен бірге болмаса, сол Маған қарсы, кім Менімен бірге жинамаса, сол шашады. Ендеше сендерге айтамын: адамдардың жасаған бүкіл күнәлары мен Құдайды да қорлауларына кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың киелі Рухын (аруақты) қорлаушыларға кешірім беруге болмайды. Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайды Киелі Рухына (аруаққа) қарсы сөйлейтіндерге не осы заманда, не келешекте кешірім болмайды.!» (Ғиса пайғамбар. М; 12-тарау 31-32).

Қарасай ауданы Алғабас ауылы Бейбітшілік №6. Қыркүйек айы, 2010 жыл.

Байтасов  Тоқберген  Кескір ұлы

Мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісалі тақсырға.

            Қазақ елінің көптеген ата дәстүр діни жолының жақтаушы бауырластықтар атынан

ДАТ   хазірет!

Құрметті тақсыр, Әбсаттар мырза, сіздің осындай лауазымызыңызға қарамай қарапайым баспасөз бетінде оқырманға жауап сұхбатыңыз бірнеше апталық басылым бетінде «Дінімізді біліммен таныған абзал» деп көптеген қарапайым қазақ тұрғындарының ойында жүрген сауалдарға жауап беріп кетіпсіз. Бұл игілікті шараға көптеген баспасөзге немесе бейне дидарға сауал беруге мүмкіндігі жоқ немесе белгілі себептермен жеткізе алмай жүрген сауалдарды осы баспасөз бетінен ашық сұхбатқа шақырсам ұлықтығыңызды тағы да дәлелдерсіз деген үміттеміз.  «Орта мектепті әупіріммен әрең бітірген молда имам болған соң дініміз қажетті деңгейде көркеймесі анық.» деп діни сауаттанудың жолға қойылып, «Құранды түпнұсқасында оқуға ие болуда. Олардың арасында түрлі мамандық иелерін және бірқатар ғалымдар мен қаламгерлерді көреміз. Асыл дінімізді біліммен танудың ешқандай кештігі жоқ. Бұл — аса сауабы мол амал.» деп енді қандай сауалға да дін танытушылардың жауап бере алатынын айтып кетіпсіз.

Сұрақ? — Әртүрлі мамандық иелері қарапайым халық сіздердің сол оқып жатқан түпнұсқаларыңызды қалай оқиды? Егер тек түпнұсқасы арап тілінде ғана түсінікті болса, біздің оқып жүрген бергі нұсқасы Халифа Алтай аудармасында арап тілінде тек үгіті ғана болып, насихаты ғылымда екені ескерткен. Ал ғылым білімнің негізі болып, білім заманға тәуелді өзгеріске толықтыруға тән сипаттағы ойлар мен дәлелдер, тәжірибелер тұжырымы болса керек. Ғылымды тек тіл ғана дамытып ашып отырады. Сондықтан болар Шәкәрім атамыз «Кел жастар, ғылымды Абайдан үйренейік.» деп үндеу тастап кетіпті.

Сұрақ? — Дінді тілмен тани ма немесе тілді дінмен іздей ме? Дін тану тіл ғылымына тәуелді ме, әлде тәуелсіз бе? Менің түсінігімше;  Негізінен тілді дінге арнап жаратқан болу керек. Бұл тұжырымға келіссеңіз, онда дінде тіл заңдылығы «Фонетика» (үндестік), «Орфография» ( жазылу), «Орфоэпия» (айтылу) заңдылықтығына міндетті түрде бағыну керек. Олай болса сіздердің діни басылымдардағы, сұхбаттардағы көпшілікке таныс «Пайғамбарымыз ( әлек салам, салақ салам, ғалекі салам т.б.)» қыстырма сөздердің үндестігі айтылуы қазақша, негізі арапша, пайғамбарымыздың жаратушы тарапынан қойған асыл есіміне жапсырылған сүркей аттарды қалай түсіндіресіз? Мұхаммед деген аттан кейін неге (м.с.ғ; с.а.у) (қазақша үнмен оқылуы; мы-сы-ғы немесе жынды емес), болмаса жазу үлгісін бұзып мөрмен таңбалайтын қағида қайдан шыққан? 

Діни жоғарғы оқу бітірген имандардың мешіттерде «Алла-у-у әк-бар» деп азан шақыруын қалай түсінеміз? Қазақта «әк-бар!» деп жақтырмаған жағдайда сиыр малына арнап айтушы еді. Алланы шақырудың нәсілдік, үндік сипаты бола ма? Әлде солай айтыңдар деп біздерге араптар міндеттеген бе? Олай болса арап үндестігіне тілі келмейтін адамның шақыруы есептелмейтін болу керек. Баспасөз бетінде бірде Алла, бірде «күнәларын Аллаһ тағаладан кешірім тілеу…» деген атауларды пайдаланыпсыз, сонда «Аллаһ» сөзі атау болып бекітілген  мықты сөздер қатарына жатса қазақта; «..аһ.., үһ, түһ» сөздермен нені аяқтап, қандай жағдайда қолданатыны оқырманға мәлім. Одағай сөздер тобына жатады. Лексикология (тілдің сөздік құрамын анықтау) заңымен тақ сөздер бірлігіне кіріп «Аллаһ тағала» (11 саны), «Алла тағала» (10 саны жұп) болып 11-мен сипаттау сіз айтқан білімге қайшы. Бүкіл қазақ тарихының ғұламаларының еңбегінде Аллаһ сөзі кездеспейді және барлық жерде Алла болып жазылған. Себебі, Халифа Алтай атамыздың еңбегі бойынша тәңірлік, яғни шүкірлік мағынаны білдіреді. Аллаһ — шүкір. Қазақша тағала — шүкір. Онда Аллаһ тағала – шүкіріңе шүкір немесе шүкір-шүкір болып «жаратушы шүкір-шүкіріміз» деген ұғым шығады. Сондықтан аятта; «…Мейлі Алла (4) деп немесе Рахман (6) деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да, ең көркем аттар Оған тән» де…» (Ісра-110).

Осы аятқа қазақта «Төртеу түгел болса – төбегі келеді, алтау араз болса – ауыздағы кетеді.» деген ғылыми нақылын қалдырған. Құранда да 4 және 6 санымен жаратқан сипаттарын (жаратушы емес) іздеуді ескерткен аят бар.. Егер Халифа Алтай атамыз қателескен болып, сіздердің араларыңызда оны түзеткен ғұлама маман болып, жазған аударған еңбегі болса таныстырыңыз, мүмкін халық болып қаражат жинап көбейтіп оқығанымыз дұрыс болар еңбегін. «Наданның кешірсе де мың қатесін, ғалымның халық кешірмейді бір қатесін.».  Ал ғылымға жүгінсек; үн мен атаудың бірлігін мықты «аксиома» сөз деп атасақ (Қазақ, Алла, т.б. зікір атаулары) онда мықты сөзге байланысты үндестіктегі қателік діл ауруына соқтыру керек. Египеттегі 5-ші таңба мұнараны неге құлатқан жаратушымыз? Беске берген белгі емес пе екен? Бес таңбасынан бүкіл әлем философтары қашып, оны тек музыка үнінің сандық мәні арқылы беріде Әл-Фараби атамыз енгізген деген дерек бар. Оған қандай уәжіңіз бар? Енді тағы ғылымға жүгініп; төрт түрлі тіл ғылымы, төрт кітап болып содан ғана дін ережесі шығып,  ұлттың халықтың тілдік дамуын қамтамасыз еткенде ғана дін мен тілдің нәтижесінен діл болып — тіл санаты деп атаймыз.

Әрбір сөз жұп санға айналып барып қана санадан орын алатынын сауатсыз аталарымыз білген. Мешіттер ұлтымыздың ұжымдық рухани ортасының бірі болып табылады. Демек, жастарымыздың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлттың болашаққа деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу діннің басты міндеті болу керек. Қазақ тілі – қазақ халқының рұхтық (өсіп,өну) және мәдени қорының сақтаушы қазынасы – жады. Ортасын ұстай білмей Құранды тек жаттап алу жадыға (санаға) жат болып, кері әсерін тигізетінін пайғамбарымызға да ескерткен екен. Әлде сіздер оқып жатқан негізінде көрсетілмеген бе? Қос тілділік білімді меңгеруге қажетті құрал болғанымен орынсыз пайдалану немесе қатар ұстау сананың улануын туындатады. Жыланның тілі қатарынан екі, екі дәмді қатарынан пайдаландықтан тісінде (ісінде)  у-ы бар. Сондықтан болар Шәкәрім атамыз «Дін қиянат» деп ескертіпті. Негізінен діннің нәтижесі шабыттың, шығармашылықтың қайнар көзі болғанда ғана елге қызмет жасайды. Аманат ақпаратты ұрпақтарымызға адалдап өткізуге қызмет етуге тиіс. Менің білуімше тарихта мешіттер әуелі дұрыс сөйлеуді, шешендік өнерін, сөз құпияларын, астарлы сөздерді шешуді үйреткен. Әр елдің өз тіліне сай үні бар. Үндестік заңына қайшы қандай да бір елдің сөзін сол қалпында пайдалану тілдік ортаның сөз тазалығын бұзып «жаргон» болып шығады. (Тақ сандар тізбегін.)

Сіздердің сол жоғарғы сауатты имандарыңыздың бәрі дерлік «жаргонмен» сөйлеп, «жаргонмен» жазып, қазақ әдебиетінің әдебіне, жалпы сөйлеу мәдениетіне нұқсан келтіріп жатыр. Имандардың тілі сырқаттанған соң уағыз тыңдаушылардың, оқырмандардың өздерінен басқа жұртты түкке тұрғысыз етіп көрсету, жағымпаздық уағыздармен бір жақты пайымдаулар, дін арасындағы бауырластық ашық пікірталастың тарихи салыстыру мен ұлттық дін тарихының  жоқтығынан болар әр түрлі діни топтардың елдің бірлігін бөлшектеуге, әр топтық оқшаулану саясатына септігін тигізіп,  діннің тұтастығын бұзып, тек бір бағыттағы бір мүддені ғана қолдайтың сыңар езу жастар тұлғасын «фанаттарды» қалыптастыра бастады. Халық сіздерден парасатты, мәдениетті, мазмұнды сөздермен қатар қисынды дәлелдер мен нақты ұлттық тарихи деректер және ана тіліне деген сүйіспеншілікті естіп көрген жағдайда ғана дәстүрлік дініміз салтанат құратыны сөзсіз. Оған дейін дін мамандарының ана тіліне деген табиғи сезімін ояту үшін дін әдебиетіне тіл мәдиниетінің «реформасы» керек шығар деген ой көпшілікте айтыла бастады. Болмаса мысалға; « тәртилмен үйреткенді, мажғаппен сөйлеуге бұйырылдым….» «Аллахым…» «радио алақу ан-қу», «мағрипат ете көр», «ыстықпар жасау» т.б. толып кеткен мағынасы беймәлім, мәтінге «аксиомаға» айналдырып алған арапша  дұға тілектер мен будан сөздерден тұратын мәтіндер мен түрмеге де түсініксіз «жаргон» сөздерден дінге, ана тіліне деген сүйіспеншіліктің тоқырауына ұшырап, сау адамның саламаттығына тек зиян тигізгеннен басқа пайдасы болмай жатыр. Әрине халыққа тек намазды оқытып үйрету жеткіліксіз, жазып үйретіп, сұратып үйретіп, намаздарды орындауды және озаттарға толық орындауды, әдет-ғұрыпты да үйрете білсеңіздер, имамдық дәреженің көрінісі пайғамбарымыздың аманатын жалғастыру болып табылар еді.

Намазды оқу; үйрену жаратушыға өзін көрсете білу және сыртқы ортаға бейімделу деп түсінсек шәкірттік дәрежеде жүріп қалай «Намазхан» аталады? Хан деп сырты емес іші кең, сөз құпиясын, сәуегейлікті меңгерген ел ағасына лайық адамды атамай ма? Намаз ұғымы аталарымыздың түсінігі бойынша; адам баласының өз өмір сүрген ортасына ұлттық, тілдік, рулық ерекшеліктеріне ішіп-жеміне өндіру тәсіліне, табиғи ортасына байланысты  заманға тәуелді түрде бейімделу деп түсінген. Араптарға, онда да Меккеліктерге пайғамбарға, түсірілген кітаптарға (сүннеттер) куәлікте мықты тұру үшін ғана намаз оқуды  діннің алғы шарты қылып міндеттеген емес пе Құранда? Сондықтан араптарды орта топ деп атайды. Хан — билік, шешендікті меңгерген жоғары ел басқару дәрежесін көрсетеді. Меніңше ана тілінен толық нәр ала білген адам баласы өз ақылына ғана хан болуға лайық. Сізді шейхтік дәрежемен қарапайым түсініктерден қателесу мүмкін емес деп ойлайды халық. Бірде ораза айында бейне дидардан берген сұхбатыңызда;  «Әулие басын аралату, соған байланысты қаражат жинау «коммерция, бизнес» деп ескерттіңіз. Ислам өркениеті №04 1-10 ақпандағы басылымында; «Қағба да Мекке де біреу» ғана деп, Құран ғылымына мүлде келмейтін атпен (себебі барлық көрінетін, көрінбейтін нәрселердің жұбы және пары да бар) мақалада; «Ол халқымыздың ардақ тұтар дана бабасы Қожа Ахмет Йасауиді бет перде етіп, оған зиярат етуді кіші қажылыққа балап, сол арқылы «жолың ашылады», …сауаты жоққа тән адамды өзіне тарту арқылы мол пайда табу. Бүгінгі нарықтың тілімен айтқанда «бизнес»! Расында да, мұның арбауға түсіп, қарызданып, қауғаланып жиған ақшасының әлдекімдердің қалтасын қалыңдатып жатқанын білер ме екен?!» Сіздің айтқан пікіріңізді әрі қарай дамытыпты. Сол сауаты жоққа тән, зияраттап жүрген пенделердің бірі ретінде, енді сауаттыларға жалпы сауал? Демек, сол зияраттаушыларға несібені адамдар беріп, «сол ақшаны босқа жұмсадың» деп Алла халықтың, қазақтың несібесін кесіп тастайтын болғаны ма? Сонда Алла жолы мен дін жолының айырмашылығы неде?  Әдет-Ғұрып пен салт-дәстүр шариғатта қалай тоғысады? Пайғамбарымыздың ізгі өсиеттерінде қалай айтылады?

Енді жеке өз басыма жауап беруге мемлекет заңымен қорғалған «көңіл қажылығын» жасап, өз елім, жерімде  кімге, қалай, қаншалықты садақа беруім өз еркімде емес пе?  Ол менің жанұямның амандығы тәніме, жаныма берілген, Алла жолына жұмсаған малым болып есептелмей ме?. Өлімді еске алу арқылы ұрпақтарымды әр түрлі бәле-жаладан, естері кетіп жынның ықпалынан қорған сұрап садақамен тазаруыма неге имамдарыңыз кедергі болу керек? Әлде дін танытушыларға араптар тек Меккеге ғана әкеліп бермесең, Алла қабыл етпейді деген нұсқау түскен бе? Ал онда Алла жолында мал жұмсау мен зекеттің, пітірдің ерекшеліктері неде? Ал Алла жолында көркем қарыз беру мен садақаның қандай айырмашылығы бар? Шүкірлік пен тәубаның ерекшеліктері қандай? Қалай орындау амалдары бар? Ұлттық сипат ерекшелігін шариғат қарастыра ма? Енді  бергі нұсқасындағы мен оқыған Құранда; «Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін…(24-22)  Негізінде сендер сол Алла жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. (үнемі түсіңде ескертіп отырады). Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса, өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты (ұрпақ, туу қысқарады) ауыстырады. Сосын сендер сияқты болмайды.» (47-38) «Сондықтан шамаларың келгенше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін; уахи, аян, түс) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға (мешіт-үй деп аталады, орын-Алла достары жатқан жерлер) мал жұмсаңдар; сендер үшін хайырлы болсын. Кім нәпсінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар.» (64-17).

 Олай болса жеке адам емес бүкіл халықты сараңдыққа шақыру дін танытушылар немесе имандылардың тұрақты қызметіне айналған сияқты. Қазақта онсызда демография оңып тұрған жоқ. Сол олқылықтарды толтыру үшін садақамен Алла жолында мал жұмсап, бір қазаққа бір қазақ көркем қарыз берсе, бас жағына әзір бармай-ақ ең төменгі нәтижесі; елдің бір-бірімен ел аралық қатынасын дамытып, жолға қаншама қаражат жұмсап, (асханалар, көлік, жанар май, мал саудасы т.б.) ақша айналымына да, экономикаға да үлесін тигізіп жатса, оған неге мешіттер имамдары қарсы болып сараңдық жасайды? Дамыды деген елдер халқын неше түрлі шайтани ойындар, ғимараттар салып үйінен қалай шығарарын білмей жатса, өзінің малын өзіне бермейтіндей көлденең жату «қарынбайдан» қалған үрдіс па?

Құран ғылымына жүгінсек «Байдың малын байқұс қызғанады» дегендей имамдар күдіксіз серік қосып, ортақ қосып жүрген сияқты. Енді тағы ондай діни шараларды бір жағынан мойындап европа тәсілімен реформалауды ұсыныпсыздар;  «Мұны Спорт және туризм министірлігі қолға алып ойластырылған  бағдарлама түзіп, жүйелі саяхатқа айналдырса, нұр үстіне нұр болар еді.» деп үкімет орындарынан жәрдем сұрапсыздар. Сонда дана бабаларымызға берген бағамыз осы болып, әулие бастарын ойын сауыққа айналдырсақ, онда  аятта; «Сондай діндерін ойын-сауыққа алғандарды және дүние тіршілігіне алданғандарды қойып, Құран арқылы ескерт. Біреу қылығы себепті зиянға ұшырамасын (аруақтың назына қалмасын) . Негізінен оған Алладан өзге ешбір дос, не қолдаушы жоқ. Және әрқандай төлеу берсе де одан алынбайды. (кешірілмейді) Міне сондай қылықтарының салдарынан жанышталғандар үшін (мінез ауруы, үстіне жынды мінгізіп алу) қарсылықтары себепті қайнап тұрған судан сусын әрі жан (денсаулық жоғалу, сырқат) түршігерлік азап бар.» (6-70)  «Әулиелі жерден ат үркеді» деген бабаларымыз ондай жерде тазалаушы көмес кісі де бар, дәреті сақталмай қалай болса солай жүргендерге мінетін жын да бар. Сонда дінімізді ойын-сауыққа айналдырып, халықты рухани мешелдікке шақыру имамдардың тұрақты қызметіне айналғаны ма? Киелі жерлерді ойын-сауыққа айналдырып, садақаны мемлекетке өткізетіндей мемлекетіміз аурулардың, жолы болмай Алланың ризалығын іздегендердің көмегіне мұқтаж ба? Садақаны да Алланың алдында белгіленгеннен кейін сұрауы болатын, соған бейімдеген адамдардың ғана алатынын білмеуші ме едіңіздер? Және садақамен дүние жинаудың арты қашанда қасіретпен аяқталады. Өз орнына, тек бұйырған жерге жұмсалу керек. Мешіттер туризм саласына көтерілген ауруларға дем салып, кейбір жындыларды және әртүрлі аурулардың, жүйкесі тозғандардың жағдайын жасап, өзіне қол салатындарды жөнге салатын мамандар даярлап берер ме екен? Әлде «Қызғанғаның қызыл итке (өрт, тозақ азабы) жем болсын» дегендей дәстүрлі дінге қарсылық білдіріп, елді аштыққа, қуаңшылыққа, түрлі апаттар мен садақа жұмсауға шақыру ма? Әлде көптің тілегі қажет болмайтын елге айналдық па?  Қорасан ата басындағы Қағбаның көшірмесі туралы; «Қағбаның жалпы түрі осыған ұқсас болар. Ал оған тәуап етуге жол берілуге тиіс емес!.» деп «Байбөрі деген бай болды, төрт түлігі сай болды, бір перзентке зар болып, Қорасанға қой айтып, әулиеге ат айтып…» деген тарихи деректі былай қойып, Ясауи бабамыздың жасаған зиратын да жоққа шығардыңыздар ма?

Ясауи бабамыздың ілімі қазіргі сіздердің дайындап жатқан имамдарыңыздан төмен болғаны деген түсінік туындайды бұл пікірден. Ғылымда жерден ерекше сәуле шығып, сол жерді «Гипрогендік» деп атап адамға ерекше шапағатты әсері бар екендігі анықталған. Сондай сәулелі орындарымен қазақ жері әлемде алдыңғы орындарды алады. Пайғамбарымыз да түйесі шөккен жерге мешіт тұрғызған, ал әулие бабаларымыз да сондай жерлерге аманатпен өзін жерлеуді тапсырып отырған. Алланың көрсетуімен аянмен ғана мешіттер салынған. Сонда дін ғұламалары түйенің білгенін де әлі білмейтін болғаны ма? Оған дәлел салынып жатқан мешіттер куә, аяның болмаса түйенің немесе өлшеу құралының орнын әкімдер мен сәулетшілер атқаратын болды да, сырты келіссе көшенің сәнін келтірсе болды. Ондай мешіттерде намаз оқыма деп ескертіпті пайғамбарымызға Құранда, себебі ордың (родий сәулесі пайда болатын, жұтылатын орындар) жиегі, кесапатты сәуле орны да болуы мүмкін.

Ғылымда «геопатогендік» немесе «анти энергия» деп адамға кері әсерін тигізуімен белгілі «ит байласа тұрғысыз» жерлердің бар екенін, ондай жерлерге мешіт түгіл итін байлап, мал қора да салмаған аталарымыз. Жоғарғыдағы «тек біреу» ұғымына келсек тек тәңір  бір-ақ болып сипаты екі. Бірі тақ, бірі жұп мәні бар. Неге? Жалпы Құранда ескертілген бірдің саны, сипаты қанша? Құранда Қағбаны «Алланың ірі белгісі» деп ескерткен, демек кішілері де бар деген ұғым. Өзіңнің кімнен ірі екеніңді кішіні көрмей қалай білеміз? Бұл пікірлеріңіз де ғылым түгіл білімге қайшы. Дәлелдеңіз! Меніңше Қағба жердің үлкен қақпасы, көктің сатысының ірісі Мәсжіт ақсада. Демек кішілері қайда? Егер Қағба есік біреу болса, жаннат пен тозаққа кіретін есіктер де біреуден болмай ма? Имамдарыңыздың қай сөзі өтірік, қайсысы шын? Өтірік айтқан жерде көп тұрма, ондай жерде надандықтың иісі болады!- деген аталарымыз. Сондықтан Құранда: «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше сен надандардан болма.» (6-35) Сауалдарға жауап  іздесең сол белгілерден жауап ал деп Пайғамбарымызға ескерткен бүкіл мұсылман үмметтеріне түскен үкім болу керек. Сондықтан да тура жолдың көрсеткіші, басты белгісі өз заманында  ақылға, ғылымға сыймайтын құбылыстарды көрсете білу болып, ол да есік пен көкке сатыны таба білген Алланың құлына тән хикмет (мұғжиза) екен.

Қазақта неше түрлі кереметтер көрсеткен әулиелер санымен әлемде бірінші орынға шығамыз. Тарихты жоққа шығару зұлымдықтың ірісі. Олардың бәрі Меккеге барып емес өз жерінде көрсеткен, демек біз білмейтін, ғылымда белгісіз құпиялар бар қазақ жерінде. «Сендер білмейтін нәрселерді де жараттым» деп ескерткен екен аятта.  Ислам өркениеті 2008 жылғы күз айының басылымында бір топ дін ғалымдары парламентке әлемде «Звезда Давида» деп аталатын басылым беттерінде көп кездесетін сегіз бұрышты бейненің Астана қаласында салынып «Еврейлер белгісі неге тұр?» деген сауалмен алынып тасталуын ұсынған ашық хат жарияланды. Жалпы Дәуіт пайғамбарымызға қарсы болумен қатар, негізгі исламның ғылыми таңбасы екендігінен сіздің хұзырыңыздағы дін ғалымдары мүлде хабарсыз екен. Әлде әдейі ұйымдастырылған діндерді араздастырып бөлшектеу амалы ма? Ол белгіні пайғамбарымыз да көрсеткенін, дамытқанын оқымаған ба едіңіздер? Мүмкін өзіңіз сол өсиетті тауып біздерге білімін түсіндіретін шығарсыз?  Тек сіздің ғана дәрежеңізге жан ғылымына байланысты айқын жауабы бар сауал; «Ұлық имам-имам Ағзам Әбу Ханифа» атты еңбегіңізде мынандай жолдар бар; «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұххаммед оның елшісі» дейтін қауымнан,- деп жауап берген харажитке; -Куәлік кәлимасы иманның үштен, төрттен иаки бестен бірі ме? – деп тағы сауал қояды.»

 Бұл сөзден имам Ағзам кезінде иманның бес сатысын меңгергендігін және иманды бес сатыға бөліп дәрежелегенін білдіреді. Демек, сол кездің ғылым шыңы болу керек. Онан кейін Ясауи бабамыздың «Сани дәптері» бойынша 13 сатыны ескертеді. Демек  аятта; «Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық….» (22-67) Ол ереже «жол-жоба» деп аталып елдегі «шарио» көрінісін «салт-дәстүр» деп атайды. Онда сол дәстүрді қалыптастыру үшін сол елдің, ұлттың ішінен өз жол басшысы болу керек. «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,- дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. (Ғылымын көрсетіп түсіндіруші). Сондай-ақ әр елдің бір жол басшысы бар.» (13-7) Сұрақ; -Сонда сіз қазақ елінің дін басшысы ретінде қай елдің, ұлттың жол басшы кітабына, нұсқауына сүйеніп пәтуа шығарасыздар? Егер имам Ағзам мазһабын айтсаңыз, ол қазақ елі үшін дәстүрлік сипаты жоқ, бірақ қазақ үшін діни жолдың намаз оқу қағидасы ғана болып шығады. Егер де имам Ағзам мазһабы жол болса, онда Мұхаммет пайғамбарымыз көрсеткен ізгі істері де, орындалмаған өсиеттері де тыс қалады. Сонда пайғамбарларымызды, Ыбырайым пайғамбарымыздан бастап жолдан шығарып тастау керек болғаны ма? Жолды жалғаушы тек пайғамбарлар ғана екенін, соңғы дін жолын толықтырған сүйікті соңғы Мұхаммед пайғамбарымыз емес пе? Жолды тек Алла ғана жеке-жеке көрсетеді. Имам Ағзамды қолдан пайғамбар жасап, күдіксіз ортақ қосып Аллаға серік қосуға болмайды. Ол зұлымдықтың үлкені!

Біздің еліміз үшін имам Ағзам намаз оқудағы ұстазымыз. Намаздарды орындаудың емес!  Ал шын мәнінде Құран бойынша  шариғат жол емес, ғұрыптық істерге бағдар, істердің көрінісі! Хазірет (шейх) ретінде сіздің тура жолды түсіндірген жан ғылымын жетілдіру амалдарын көрсеткен атыңызға сай затыңыз, яғни кітабыңыз, еңбегіңіз (дін ұстану қағидасы «платформа») болашаққа бағыт бағдарыңыз, иманның дәрежелену белгісі болу шарт. Намаз оқи бергеннен Алланың қандай шапағатына бөленіп ғұламаға немесе әулиеге айналуға болатынына нақты дерек, дәлелдер келтіріңіз. Егер ондай  еңбегіңіз болса халыққа таныстырсаңыз, алып зерделесек. Иман сатыларын неге имам Ағзам бесеуді көрсетіп, Ясауи бабамыз 13-пен белгілеген? Ерекшелік қайдан шыққан? Құранда қандай белгі бар? Қалған сегізді кімнен сұраймыз?

Тарихқа жүгінсек жан ғылымын меңгерген адам баласына жаратушы тарапынан ерекше мұғжиза (қасиет құндылығы) беріледі. Яғни, жан шипасын бере алатын, дем салатын қасиеті болу керек. Құпия болмаса қандай жан ауруына дем салу мүмкіндігіңіз бар? Және ұстаздан озар шәкірт те болу керек. Сондай ерекше белгі алған мешіттерде шәкірттеріңіз қанша? Құранға, тарихқа жүгінсек, сауатсыз шерік, серік, ортақ қосты деген аталарымыз 9 жылда «Тәуба» асулардан өту тәсілін меңгерген. Сіздердің араларыңызда атақтарыңыз бен айтқан пікірлеріңізге, сөздеріңізге қарағанда онан да жетік тәсілдерді меңгерген бе деген ұғым бар елде. Олай болса   «намаздың хандары, билері» ішінен 17 жыл ішінде халыққа тұлға үлгі болатын, Құранның құпия сырын, ғылымын аша білген, көктен жерден азық ала білетін, тылсымнан хабар белгі алып сырласа білетін өз ерекшелігі бар қанша тақуа, ғалым шықты? Құранға тақуалықты меңгеруді түсіндірген, ақталу тәсілдерінің қандай «философиялық» еңбектеріңіз бар? Және өздерінің қасиеттерді меңгерген қандай дарындылық, хикметті ерекшеліктері бар? Діннің көрсеткіші халықтан алғанымен емес, қаншалықты рухани қазынадан үлес алып, рұхқа бере білгенімен бағаланады, өлшенеді. Олай болса қазақ халқының біліміне, тіліне, мәдениетіне, әдебиетіне қосылған тың еңбек шығармаларын көрсетсеңіз. Болса бұл сіздердің халыққа ұсынған бағыттың дұрыс екендігіне дәлел болып, қазақ халқы тура жолымызды таптық деп есептеледі.

Намаз оқу мен сәжденің және намаз орындаудың ерекшелігін де білгісі келеді халықтың. Намаз оқу арқылы тәндегі керексіз ақпараттардан қалай тазару керек? Іштегі керексіз ақпараттарды, кірді сыртқа шығарып тұратын «сыздауық» деген жара бар, ол шықса үнемі сыздатып ауырып жүріп, түбінде жарылып тынары сөзсіз.  Сондай халықты сыздауықша сыздатқан жауабы дүдәмал сұрақтарды халық атынан қойып сіздерден және дінді бағыттаушы құзырлы орындардан жауап алатынымызға, сіздерді оған «оқшауланып» немесе үндемей қалу бейтарап саясатын ұстамайтындарыңызға иман дәрежелеріңіз жеткілікті деп, сол іздемпаз бауырластықтар атынан сенім білдіремін. «Жыламаған балаға емшек жоқ» дегендей артық кеткен пікірлерім болса ғафу өтініп, тек Құран арқылы және нақты ғылыми өлшемдермен ғана пікірлесуге шақырамын халық алдында.  Діннің де бір аламан бәйгесі болу керек. «Көлденең келген көк атты» деп қабылдамай, аламан бәйгенің шартымен, әуелі бір ат келсе, көп ұзамай көп ат та жететінін ескеріңіз алдияр тақсыр, хазіреті мырза! Болмаса сол бәйгеге шәкірттеріңізді, ғұламаларыңызды қосыңыз. Иә, 17 жыл араптардан оқыған бап шабар, болмаса араптан хабары жоқ, қазақша ғана тоқыған аруақтың қолдауымен ана тілім бақ шабар! Шартыңызды айтыңыз, Датыма құлақ салсаңыз, айтатын алда осындай шағын ғана үш-ақ ауыз сөзім бар, қабыл етсеңіз тақымын қысар елім бар, дін-тарихымызды берсеңіз қолдан, берілмесе жолынан аламын деген елге берген сөзім бар! Сондықтан әзірше бұл қарапайым сауалдарды бірінші сөз деп қабылдаңыз!

 

Байтасов  Тоқберген  Кескір ұлы.  Алғабас ауылы  Бейбітшілік № 6  Мамыр, 2009 жыл

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай шын Құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса кім Құдай?!… Баянсызға (сабырсызға, ғылымсызға) бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың, Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың, Бір қалыпта тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, бірін тастап бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсың сенде шын!» (Шәкәрім ата)

Қазақ елінде әулиеге тас атып, үкіметтің «Фархатшылар» деген күнге табынған тобыршылары мен қазақтың дәстүрлі дінін қолдаған «аруақшы» қауымды қосып бір заңның мәтініне тығып соттаған және бүкіл мемлекет тарапынан қудаланған Қарасай аудандық сотының шешімін мүлтіксіз орындауға тырысқан үкіметтің іс-шараларына көктен лағнет келіп, қаншама қасіретпен әлі де жалғасын тауып жатқанына қарамастан сайтанның, жынның жетегіне ерген қызметшілері жақында Алматы телехабар тарату арнасынан діни топтарды әшкерелеген хабарды таратып, арасында қайтадан «Ата жолын» мазақтап, әулие аралағандарды адасқандар, жын-шайтанның жетегіне ергендер деген ескі жынды әнін қайта бастауы осы мақаланы қайта көтеруге себеп болды.

Ақталу үшін жазып отыр десеңіз, үлкен қателікке бой ұрғаныңыз. Дұрысы пайғамбарымыздың; «Адамзатқа қайғы-қасірет екі мүшесінен пайда болады, бірі екі аяқтың арасынан, екіншісі екі еріннің арасындағы мүшеден» деген аятын ескере отырып, осындай істердің қасіретке бастайтынын, сонымен бірге талайдың көз жасын төктіретін елге келетін қайғы-қасіретті ескертіп, бір пендені болса да тозақтық болып, тұқымы тұздай еріп, құдайдың қарғысы, әулиелердің аруағының назына түсіп, оған дем беруші әкім қара, имам, хазірет, тілші, жазушы, философ, психологтардың надан, жынды, шайтанның қызметшілері екеніне көп ұзамай халықтың көзі жетіп, тарихта «ат аттатырып сүйек сындырушы», дінін сатқан «дажалдар» болып әшкереленетінін қасиетті Құранмен, Інжіл, Таурат және пайғамбарлар аруағымен ант етемін! Ал қазақ елінің діни ақпарат бөлімінің меңгерушісі Оңғар қажы, Бекет ата мешітінің бас имамы, тағы да басқалай дін «ғұламаларының» сұхбаттарында; «Алламен тілдесу тек пайғамбарларға ғана тән және ондай бата алдым немесе Алламен менімен тілдесті  дегендер жын-шайтандар» деп Құранның негізгі үгітін (философиясын), насихатын (теологиясын), пайғамбарымыздың; «Менен кейін пайғамбарлық 46-ның 1-не ауысады» яғни, пайғамбарлық қасиет аян алып, дұрыс түс көрушіге қонады дегенін, яғни түс пен аянды Алла Тағаланың әрбір қалаған құлына оқылатын аяттарын  құранда «Уахи» деп атайтынын ескерместен, пайғамбарымызды да өтірікші атаудан үлкен зұлымдық болмайды дінде.

Пайғамбарымыз тағы бір өсиетінде «Мені өлгеннен кейін христиандар және басқа діндегілер құсап құдай қылып алмаңдар» деген ескертудің астарында адам баласына көрінбейтін және адам баласының  теңесе алмайтын Құдай сипатында емес адам ретінде маған ұқсап үлгі алыңдар, болмасаң да ұқсап бағыңдар деп ескерткен. Пайғамбар дегеніміз сөз ғылымын қалыптастырушы, тылсым құпияларын түсіндіруші, қазіргі ғылым тілімен бейнелесек «Философ» (сөзді танытушы, шешен), «Псхолог» (жан сырын танытушы, бақсы), «Теолог» (Жаратылыс сырын танытушы, абыз) қазақтың қарапайым түсінігімен; Абыз, Сәуегей, Ақ-бақсы. Ғалым сопы- пайғамбарлық, абыздық қасиет, сопы дәруіш, бақсылықтың, елшіліктің сипаттары. Сондықтан Құранда түсірілген (түспен берілген «уақимен») аяттарда және әрбір пендесіне көрсетілетін бата мен-«уахи» оқылатын сөздерде бұрыннан түсірілген, өмірден өткен жаратушының қалаған құлына берілген, жазылған  кітаптары (тағдыры) болып (Алланың сөзі болып), оны оқыған адам баласы сонда кімнің сөзін тыңдап, кіммен тілдеседі.? Сондықтан кім сөзімнен насихат (теологиялық түсінік) алса онда; «Алла Тағала бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші (періште) жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) Сонда қалай, құранға Раббымыздың уәдесіне сену керек пе немесе жынға айналған діншілер мен  Абай атамыз ескерткендей «к..тін көрсеткеннен жол (сөз, ақыл) сұрама!» дегендей әулиенің басында  арсыз бұтын көрсетіп, жалаңбас ақыл беруші сайтанға айналған тілшілерге сену керек пе?

Қазақтағы бұрынғы қарапайым шешешендік және ділмарлық қабілеттері бар билеріміздің өзі әрбір сөздің астарын жете меңгеріп халықтың «философиялық» қабілетін жетілдіріп отырған. Жыршылардың, ақындардың сөздерді халыққа дұрыс жеткізе білуін қадағалап отырған. Қазақтың дала «философия» мектебінің оқытушылары – сауатсыз қара шалдарымыз қазіргі әлемнің мүйізі қарағайдай философ, теологтарынан әлде қайда биік және сөз меңгеру шеберлігі, сөзді астарлап бейнелеу өнері де жоғары тұр. Жалпы халықтың діннен азып, өзге жұрттың ықпалына түсудің ең негізгі себебі сөз түсіну қабілетінің екенін жете біліп; «Санасызға сан айтсаң да, жетесізге жеті айтсаң да түсінбейді» деп сөз ғылымының есеппен меңгеретінін және жетеге алды-артындағы күзетшілерге, алты ағайынға байланыстылығын ескерте білген. «Алтау араз болса – ауыздағы кетеді» дегендей. Бұндай мақалдардың нақылын (ғылымын) шешпек түгіл, ескі сөздерді көп қолдануымен және әрбір арап сөзінің үнделуіне, сөйленуіне қарай сөздердің өз орнын сақтап аударған қазіргі заманымыздағы ең сөз байлығымен әлем алдында мақтануға, насихатын ашып көрсетуге, жаңа сөз ғылымдары мен ислам дінін жаңа белеске көтеретінін философ ғалымдарымыз, құран ғылымын ашып дәлелдеп дінді бірлеудің орнына мағынасы ашық сөздердің өзін дұрыс орнына пайдаланбай, жастардың санасын жабуға, жетесін жоғалтқан азған діншілерге екінші жағынан жәрдем беріп жатыр. Абай атамыздың «Сөз (дін) түзелмей ел (діл) түзелмейді» деген сәуегейлігі келді қазақтың басына.

Сөз ғылымын, дінді бөлшектеуге ақылы толмаған жастардың, жын-шайтанды дәріптеген азған қатындардың және залым ғалым, шала сауатты діншілердің талқысына беріп қойған ісі мен сөзі келіспейтін «жал (сөз иісі) аң (хайуан) бас» қажыларға діннің тізгінін беріп қойған әкім қаралар, ел басқарушылар құдайдың құрығынан қалай құтылып кетемін деп ойлайды екен? Бір сөздері Абайшыл, Шәкәрімшіл, ойлары мен пәтуалары арапшыл, европашыл істері қулықпен, дүние есебінен басқаны білмейтін тексіздерді кімдер қолдау беріп халықтың алдында боқ жеген бұлбылша сайратып қойған? Қажы бабаның басынан табылған шырығданның бүкіл елшіліктің таңба белгісі болып, Құранның 20-шы сүресімен оқылатын Кемел, Толық адамның көрінісін, 1874-сандық әл-қуаттық белгісімен елшіліктің биік шыңының таңбасы белгіленіп, Інжіл Тәураттың толық құлшылығының көрінісі қазақ жерінде жатқанын әлемге мақтанып көрсетететін бірде-бір сауаты бар теолог діншінің, қазақтың сопы ғалымының болмағаны ма?

Әрине ол жерде Нух пайғамбарымыз жерленген емес және арапшы діншілердің жорығанындай Зәм-зәм суының басында да жерленбеген, қазақ елін аралап ақылмен өлшеген ғалымға әлемде кездеспейтін су апатының және кеме тоқтаған жаратқанның хикметінің таңбасы қазақ жерінде әлі сақталып тұр. Ел зияраттап, оны да діншілер «серік, шерік қосу» деп айдар тағып қойған. Сондықтан ондай жағалы  әулиелер түгіл тозақтық болған кәпір құлын да жаратқан иеміз мазақтауға тыйым салғанын, өлгеннің артынан жақсы сөзден басқа айтуға болмайтынын, арсыз қылықпен етегін ашып, аяғын арамдап топырағын баспайтынын біздің мәдениет қызметкерлері білмейді, болмаса құдайды әдейі ашуландырып, елді тағы қырғынға, ауруға, жынданып, асылып өлуге шақырған әдетін жалғастыруды ұйғарған деп түсінеді қарапайым халық.

«Боқты боқпен жуғанмен кірі кетпес» деп Шәкәрім атамыз айтқандай, діннің ақ-қарасын айыратын ақылы сау, қылығы, әдебі дінге сай тілшілер, ғылым адамдары болмағаны ма қазақ мәдени орындарында? Әлде ақылы сау қазақтың ондайларды үйде отырып-ақ қарғап, құдайдан «осындай азғындардың жазасын бере көр» деп тілейтінін білмесеңіздер жуық арада түсінетін боласыздар. Құдай халықтың жағында ма, әлде артымен диірмен тартатындар жағында ма? Құдайдың арнаулы ұлықсат беріп қойған, дін елшілігін атқаруға бұйырылған сөз шеберлері «философ, психолог, политолог, социолог» абыздарымыз не бітіреді, қазақтың бір қара шалының ақша алмай әшейін  атқарған ісін істеп, мәдениетті қадағалап дінді түсіндірмегенде? Енді үкіметіміздің, мемлекетіміздің құзырлы орындарының дінді саясаттан бөлек деген жарғысынан біздердей құдайдың өлімді құлдарына өлім, өмір, сынақ жер бетіне көктен жаңбырмен берілетін несібе дін қағидасы мемлекетіміз заңмен реттеп, өздері мәңгі өлмейтіндей және заңмен егін егіп, жаңбыр жаудырып, заңмен табиғаттың түрлі құбылыстарын басқарып, заң арқылы адам баласының тегін, қасиетін, заманына сай ақылын, рухын санасына «хал-актілермен» құйып беретін, ал дін қызметі халықтың мұқтажын емес ермегін қанағаттандыратын  «зайырлы» (адам баласының жасырын қасиеті мені), яғни «МЕН» деп аталатын елге айналғанымызды мына мәтіннен оқып көріңіз;

«Зайырлық- дегеніміз діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінгенін және мемлекеттік саясатқа араластырмайтынын білдіретін мемлекеттік конституциялық сипаты (ата заңы) болып табылады…Мемлекеттің зайырлығы еліміздің ішкі тұрақтылығы (діні ахуалы) мен өркендеудің (діни теологиясының) басты тірегі болып табылады… Көптеген зайырлы европа мемлекеттерінде де осындай зайырлы жағдай қалыптасқан.» (Дін төрағасы Қайрат Лама Шариф баяндамасынан).

Философиялық бағыты мен түп негізден, тамырынан ажыратылған қандай да бір ұғымсыз сөз, екі ұшты саясат елді құлдырауға әкеледі. Ал саясаттың діні (насихаты) болмаса, бүкіл сол жердегі халықтың түгелімен азып, тозып, азғындап жойылуына соқтырады. «Дүниенің қызығын кешіп өтіп, Тәттіліктің алмадық ләззатын. Пәраудигар сопылардың жолыменен Құдайға құлшылықта ғибадатым. Айырушы Алла бар, не ғамал бар. Адамның ішкі сырын зайыр затын» (Ақан Сері.) «Әл-Фараби арабтың шалынан; -Оның төрт пішіні қандай болған..? –деп сұрады қарттан. – Ол арасын мен зайыр біле қоймаймын…» (Әл-Фараби. Машанов Ақжан. 77-бет) «Ей перзентім, біліп алғын, Алла тағаланың барлығы зайырда, жасырында. Оны (зайырын) жердегі, көктегі бар заттарының қадір қасиетінен ажырата білу арқылы ақылмен таниды.» (Кабуснама 1-ші тарау 11-бет). «Зайырын қуғанда (сырын зерттегенде) нәумездену (күмән келтіру) де көз жеткізудің, ізденудің бір жолы ғой.» (Шипагерлік баян. Өтейбойдақ Тлеуқабыл ұлы. 11-бет).

 Сонда біздің мемелекет басшыларының діндерінде іш пысатандары өзінде құпия бір мақсаттары, сырлары (зайыры) бар болғаны ма? Бәсе боқ сасиды-ау депті, жүрген жолына қарамай боқ басып төрге шыққан бір қонақ. «Ел жаратқан мен емес! Сыртқы сөзің шын болса, Ішің толған жын болса, Жүрегіңде мін болса, Айтқан сөзің ем емес!» (Шәкәрім ата). Жоқ, біздің мемлекетіміз халқынан ойын жасырып зайырламайды (құпияламайды), тек сөз қадірін білмегеннен, өз қадірін жоғалтып алғанын білмегендердің сандырағы шығар деп түсінейік ағайын. Қажы болу Алла алдында ант беріп аманат алған, сөзімен, жанымен дін жолында соғысушы, жиегінде белдеуі бар сайрандармен, планеталармен тұрақты байланыста тұратын, сол планета жер сияқты жиегінде белдеуі  сәлдесін немесе қазақша бөркі бар үнемі уахи көріп, уақиды алып отыратын, сөз соғысының «Бөрікті» сапқа тұрған Алланың жәрдемшісі деп бұрын санаған. Қазіргі қағиданы мен түсіне алмадым. Қажыларды Ыбырайым пайғамбарымыздың аянмен шақырғандарын, болмаса дінге, елге қызметі жетіп, жасы келгендерін жіберетін еді бұрынғы аталарымыз, билеріміз. Енді қалтасы, билігі жеткендердің барлығы пайғамбарымыздың орнына Құдайдың ұлықсатынсыз отырып алыпты. Дін қызметі елдің әскери қорғанысынан әлде қайда маңызды жене бүкіл елдің де, адамзаттың да тағдыры (дамуы, өлімі) дінге ғана тәуелді болып, дінді таратушылардың елдің қауіпсіздігіне  қарулы әскермен бірдей ықпалы бар екенін ескеру керек. Онда мемлекеттен қаражат айлық төленбеген дін қызметшілері қолына қару беріп, өз тамағыңды асыра деп ел арасына таратып жіберген әскермен бірдей. Сол сияқты егер саясатпен айналысқан қандайда бір адам баласы философия тарихынан хабары болмай, ұлттық  философиясын, сөз өнерін, ұғым астарларын толық меңгермесе, ол да елге қауіпті жау. Ел басқару ісінде бір сөзбен халықты соғыстырып, бір сөзбен татулыққа шақыруға болатынын білетін уақыт жетті. Сондықтан философтардың дінді және әлем дін тарихының ақ-қарасын ажырата білмеулері елдің мәдениетіне, біліміне тікелей әсер беретін күш болып, екі есе қауіпті болмақ. Ал дін адамының, имамдардың мемелекет ықпалынан, жәрдемінен тыс садақамен ғана күн көріп, дінді таратып, уағыздап қызмет етуі де, рухтарының кірленіп, жүректері жабылып, дінді аздыруға ғана себеп қана болады. Бұл пайғамбарымыздың Алладан үкім түскенше садақаны пайдаланбай, өз еңбегімен ғана азықтанып, орындаған жан ғылымының бір шарты. Сондықтан біздің елдің имамдардың қарапайым қазақ сөзінің мағынасын да ұқпай арап тілінің артына тығылып, халыққа да құран қазақшасын оқытпай, зұлымдыққа ұшырап жатқанына осы жоғарыдағы көрсетілген себептердің бәрі зиянын тигізуде. Философ ғұламаларымыздың жазғанының бәрі құран, інжіл, тәурат, забур пайғамбарлар философиясынан әлем дін тарихын таратқанымен өздері салыстырып, пәтуа беруге құранның, інжілдің бетін де ашпайды екен. Философия пәні оқулығында тек әлем құндылықтарын, өркендеу тарихын тізіп көрсеткенімен ұлтымызға сай философиялық қалыптасқан діни ілімімізбен салыстырып, пайымдап, білімін ширатып, өріп ақылы жетілмеген студентке, оқушыға; мынаны ұстанғаның дұрыс, мынаусы қателік  деп ұсынған тұрақты пайымдаулары мен пәтуалары жоқ, керісінше шайтани түсініктерді тықпалап, аю тұзақтарын құрып, миларын ашытып, теріс ақпарттарды тықпалап  отырған.

Қарапайым сондай аю тұзақтың бір ғана көрнісін түсініп көріңіз; «Философиялық ақыл-ойдың ғылыми техникалық ойдың шексіз мүмкіншіліктеріне деген оптимистік сенім болып табылады. ( осы-Дінің.! деп түсіндіреді ) ХХ-ғасырда адамдар қоршаған ортаның осалдығын онан сайын сезіне түсті. Бұрынғы өтпелі кезеңдей адамзат өзін тұлдыр, тұрлаусыз сезіне бастады. (165-б) (Сондықтан жастарға мынандай ұстанымды ұсынады.) Бердяев құрған нақтылықтың дуалистік картинасында бір жағынан рух (Құдай), еркіндік, ноумен, субъект бір-біріне қарсы қойылады…ноумендік әлемнен феномалдық әлемге өтіп.. объективтілік формасында..субъекттен бөлініп, эмпирияның барлық шектеулеріне..объективизация деп аталған..еркіндіктің қажеттілікке құлауы құлдықтың, зұлымдықтың болмыстың түбірін білдіреді.. ( бұл жерде Құдай, рух, еркіндік қажеттілікке құлап қалады екен! 70-бет) Шығармашылық (осындай! Қара!) – объективизацияны игеру жолы (діні), ал бұл игеру әлемдік тарихтың міні мен мақсатын құрайды … рух әлемі, өзге «ЭОН» ретінде тарихтан тыс жатады… Объективизациядан азат әлем Бердяевте Інжілдік Құдай патшалығымен.. өзге «ЭОН» ретінде тарихтан тыс жатады. Бұл метарихи ЭОН болмыстың белгілі бір «эсхатологиялық» қалпында өмір сүреді… кез келген уақытында, кез келген жерде қақтығыса алады. … тарих дискретті.. шығармашылық үдеріс. Құдайдың Көріпкелдігі доктаринасын теріске шығарады.» (71-бет).

  Енді сіздің нені түсініп нені пайымдағаныңызда дана ағаларымыздың шаруасы шамалы, егер саясатпен айналысып, ел басқарғыңыз келсе немесе жоғарғы білімі бар деген мөр басылған қағаз керек болса жаттап алыңыз. Біз бұл субъективизацияланып, Құдай еркіндігінің матерхи объективизацияланған эсхатологиялық Құдайдың көріпкелдік объективизацияланған доктаринасын әрі қарай жалғастырамыз;  «Тіл мен мәдениет өзінің бастауын әдет-ғұрыптардан (діннен) алады… Жазу болмаған (кітаптар) жағдайда мәдени сабақтастық әдет-ғұрыптарға сүйенеді… Менің әкелерім, ата-бабаларым не істесе, мен де соны істеймін»,-деп жариялайды постфигуративті (зайырлы) мәдениет өкілі» ( 112-бет) Сонымен; «Абай-ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық (?) сарынды (бақсы, шаман) гуманист…Өлмес жан туралы, мәңгілік, шексіздік жайлы ой қозғағанмен, бұл ұғымдар діни мағынада емес…Фараби секілді…» (135-бет) Астапыралла! де, тез сол жағыңа түкіріп қой.. Бұндай қазақ ойшылдарының шатпағынан дәріс алған студенттен қандай дұрыс тілші, саясаткер шығады? «Бұл идеяның классикалық көрінісі «Бірінші қазақ философы» Асан Қайғы шығармаларында орын алады.» (115-бет) Тағы да астапыралла де.

 Сонда қазақта Асан Қайғы атамызға дейін дін де болмаған, пайғамбарлар да  қазақ еліне «ат ізін» салмаған. Құлтегін (Дәуіт пайғамбар), Тоны Көк Білекті Қаһан (Жүніс пайғамбар), Алаш, Қазақ, Созақ, Сансыз баба, Алтай Жүрсін баба, Бабыр Алым Бақанас т.б. жүздеген абыз, сәуегейлерді тарихтан аластап жіберіпті. Сондықтан ойшыл төрелеріміз біздерге; «Шығыс Философиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең аз дегенде үш дердес бағытта үнді, қытай, араб мұсылман болып дамығандығын көреміз.. даналық бұл жерлерде орта ғасырларда туындап, оның кәсіби философия ретінде қалыптасқан университеттік түрі болмады…» (90-бет) Яғни, түркі философиясы да, қазақтардың ежелгі сақтардың даналығы, өркениеті шығыста болмаған деп ескертеді. «Философия мәдениетінің дүниетанымдық (діни ғұрыптық) негіздерін толғағанда жаңа мәндерді (түсінігі беймәлім атауларды) дүниеге әкелетіні белгілі. Бірақ, Шығыста философиялық емес қабаттар (?? Мүмкін имамдардың араптардан тықпалайтын сөздері болар ) басымдығына байланысты бұл ұғымдар, мәтіндер көркем діни мәндегі әдебиеттердің дәстүрлі түрлерінде малтығып қалады.. Қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән.» (90-бет).

 Осындай жаңылтпаш оқулықпен ғалым, саясаткер атанғанды шынында сол өздері шыққан философиялық қабаттарынан, баспалдақтарынан тілшілерге ғана түсіндіріп, қазақ еліндегі миды ашытатын діндердің қаптап жүруі де философиялық өмір мектебіміздің жаңа жетістіктерінен болар. Қазақта өзіңіз оқығандай даналық философиясы қалыптаспағандықтан енді біздің ойшылдарымыз; «Жаңа заманның өзгерісіне байланысты жаңа түсінік келе жатыр. Ақпараттық ортада шек ара жоқ. Жастарымыз ақпаратпен жетіліп, жаңа ой қалыптасуда. Бірақ олармен бірге жүре алмайсың. Сондықтан оларға қарсы жүріп алдынан шығуымыз керек. Ислам өркениетінің орны қалай болу керек? деген сияқты құран аяттарын талқылайтын бітпейтін таласқа түсіп кетіп жүруі мүмкін. Сондықтан 1) Этнос аралық, 2) Дін аралық 3) Әлеуметтік саланы қамтитын саясатты ұстануымыз керек..» (Ғ. Есім. сұхбатынан).

 Құранда өздері оқып адаспас үшін философтарымыз өздері дайындап береміз дейді. Сондықтан теологиялық анықтамаларға жүгінсек «этнос» ұғымы адамзаттың нәсілдік белгісі, яғни кісілігі болып табылады да адам баласының ұлттық тегі мен өзге ұлттар арасындағы ұқсастықты қалыптастыратын көпір болу керек. Мысалға, түрік тектес нәсілдер (этнос), арап тектес нәсілдер (этнос). « Ал соңғы зерттеулер бойынша адамдар тоғыз нәсілге бөлінеді, оның үстіне 32-топтың ешқандай берілген схемаға енбейтінін аңғарылады..» (251-бет) Міне бұл нағыз құран ғылымын растайды. Жер бетінде барлығы 41 нәсілден, яғни қазақша «Ғайып ерен 41 шілтенді» белгілеп тұр. Сонда Есім мырза бастаған философ қауымдастығы ғайыптан хабар алып, шілтендермен қатынас жасайтын болғаны ма? Әлде 9-ақ ұлтқа бірігуіміз керек болғаны ма? Егер этносты ұлт десеңіз онда; «Ұлт-бұл жан, рухани принцип…Жанды қалыптастыратын екі нәрсе бар.. Біріншісі-бұл ес пен жадының бай мұрасын игеру, екіншісі-шын келісім, бірге тұруға ұмтылу..» (257-бет) Яғни, біздің даналарымыздың пікірінше жан біріншіден ақыл, яғни ақылмен жыныс қатынасына түсіп өмірге ұрпақ әкеліп, ақылмен құйтырқы ләззат сезімдерін қанағаттандырамыз. Олай болса Құдайымыз тозақта өмір сүруі тиіс. Екіншіден, кіммен бірге тұрып және белгісізбен жыныстық қатынасқа ұмтылып, бірақ арасында неке болу керек пе жоқ па айтпай кетіпті. Абай атамызды оқып зерттемегенін былай қойғанда, Шәкәрім атамыз; «Рух деген сөзді жан дейді, Адасқан дінді пән дейді..» деп ескертіпті. Демек, қазақ философтары тек пәншілер екен.

Енді жалпы діни ұғымға, інжіл, құранға қарсы шығып, Раббымыздың аят, үкімдерін қайта түзету мақсатында «Ұлт дегеніміз  бұл жалпы жермен (территориямен) және біртұтас мемлекетпен біріккен экономикалық, конфессионалдық, тілдік айырмашылықтарды құрметтейтін және ақырында біртұтас мемлекеттің тілі бар өзіндік санасы (діни ұғымы) мен патротизмге ие (?) азаматтардың қауымдастығы.» (258-бет)  Қазақ ұлтының негізгі анықтамасы ана тілінде емес, мемлекет тілінде сөйлесе болды, қауымдастықпен қазақстандық  ұлт болады екенбіз. Жоқ қазақтың ойшыл бас қауымы біліп қойыңыздар; Ұлттық құндылықтың көрінуі де, сақталуы да үнінде, сөз байлығында, қандық ерекшелігі ділінде! Кришналықтардың «Ән құдіреті» деп табынатын амалында музыкалық білімдерімізбен ерекшеленеді. «Ал ұлттар бұл кезімізден екі ғасыр бұрын ғана қалыптасты. Айырмашылығы айдан анық. Этностар өз-өзінен табиғи жолмен пайда болады. Ұлттар болса, саналы күш жігердің нәтижесі, көбіне олар арнаулы идеологиясыз өмір сүре алмайтын жасанды құрлымдар ретінде көрінеді.»  (158-бет).

 18-ғасырдан ғана бастап пайда болған қазақ ұлты әрине араптың, европаның идеологиясыз өмір сүре алмайтыны, сондықтан маймыл сияқты табиғи жолмен пайда болғандықтан да қазақтың бар сөз өнерінің білімін ширатқан атақты 12 ғұлама қол қойған осы кітапты жастарымызды болашақ ел басқару саясатына әзірлеп жатқан түрі бар. Ғ.Есім мырзаның ойлап тапқан жаңа бағыты «Әлеуметтік сала саясатын» кітапта; «Мысалы әлеуметтік өмір адамзат баласының рухани-интеллектуалдық өмірі (дін ерекшелігі), мәдениеттің рухани мұрасы болып табылады. Осылайша адамзат әлемдегі өз болмысының жаңа тірегіне, жаңа инстанциясына ие болды…Табыс көбіне адамның өзін рынокта қаншалықты жақсы сата алуына, оның «қорабының» (сыртқы бейнесінің, жалаңаш тән сипатының) қаншалықты тартымдылығына, қандай клубқа (сектаға, ұйымға, хиттарға) жататынына, керек адамдармен (басшылармен, заңгерлермен, продюсер, жұлдыздармен) таныстылығына байланысты. Адам өзінің өмірі мен бақыты туралы ойланбайды, қалай өтімді тауарға айналуын ойлайды. Ұтымды тауар сияқты адам да тұлға (жетілген адам) рыногында сәнді болуы тиіс! Ал сәнді болуы үшін тұлғаның (пайғамбарлық қасиеттің) қандай түрінің сұранысқа ие екендігін білуі тиіс. Мұндай үлгілер картинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино, теледидар, радио береді. Қазіргі адам өзінің базардағы сатушы ретінде де, тауар ретінде де қабылдағандықтан, оның өзін-өзі бағалауы өзінен тыс жағдайларға тәуелді. (Сырттан келген қалталы келімсектерді меңзеген) Егер ол үлгеріп қалса-құны бар, ал ондай болмаса-құнынан айырылады. Ол өзінің күш-жігерімен бірегей емес, өйткені оның кәдеге асу кезіндегі өзін-өзі көрсетуі емес, сатылу кезіндегі табысы маңыздырақ. Ойлаудың мұндай типі қазіргі білім беру жүйесіне де өзінің терең ықпалын тигізеді. Оқытудың мақсаты ең алдымен нарық үшін пайдалы ақпаратты барынша көп жинауға (сапасы да, мазмұны, бағыты маңызды емес көрінеді) келіп тіреледі. Студенттерге өте көп нәрсені білу керек, тіпті олардың ойлануға да күші мен уақыты жетпей қалады…» (157-ші, 301-ші беттер).

 Біріншіден – жалпы әлем дініне, Құдайға қарсылық, екіншіден Абай-Шәкәрім, Фараби философиялық пайымдауына қазақ дәстүріне мүлде жат, талғамай алып, таңдамай жұтып рухани ауруға, елес ауруына, азғындыққа апарар жол. Екіншіден – бұл саясат өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің ойшыл қауымның жастарымызға берген үндеу арқылы, яғни әлеуметтік саясатымыз егемендікпен бірге басталып, қазіргі жастарымыздың енді мәдениет саласында жасап жатқан лаңының бейнесі Абай атамыздың «Мақсұт» әңгімесіндегі көктен жауған улы жаңбырды ішкен елдің жынды биіне ұқсайды. Қандай әулиелік! Өздерінше талпынып ізденген жастардың сәл мүлт кеткен қадамын аңдып, қудалап, мәдениет орындарынан аластап тынып едік, енді тағы қиялға негізделген саясат тағы бой көрсете бастады.

«Бір ұлт-бір дін»- дегеніміз егер дүнетанымдық философиялық ұстанымызға сүйенсек, ұлтымыз қазақстандық болу керек болса, онда қандай дінді зорлықпен қабылдату ойларында бар ел басшыларының? Егер қазіргі этносты (нәсілді-47) ұлт деп алсақ, онда қазақ елінде негізінен 9 діни ағым болып, тағы 38 секта жұмыс істеуі керек. Ал ұлт дегенді тілмен өлшесек, 120-дан астам діни ұйым жұмыс істеуі керек екен. Егер тек ислам діні ғана деп арап түсінігімен қабылдасақ, онда тағы «Өзің комсомолсың неге талқан жейсің?» деп атып тастайтын, болмаса жарып тастайтын, қазіргі арап елдерінің ұстанған дағдарыстық «нигилизм» және «кинизм» дін саясатына қайта оралу керек. Онсыз да елімізде жаратқанның адамзатқа түсірген несібелерін халал, арам деп енді ағайын арасындағы жасырын соғысқа келіп тірелдік. «Хиджап» деген сөзді сол қалпымен алып, оның райлық ерекшелігімен жалпы бүркеніш болып; орамал, жаулық, бөкебай, кимешек, жамылғы т.б. жасына, қадіріне қарай киетін әйел киімдерін бет жабатын паранжы ұғымына айрбастап, елді дүрліктіріп, ел басының да миын ашытуға себеп болған діншілерге тәйт дейтін қожаларымыздың, шешен, ділмар, сәуегей, би, хан, сұлтан, абыздарымыз «философ» атын жамылған қой терісіндегі қасқырларға ұқсайды.  Осылай кете берсек орысша не болмаса арап тілімен сөзімізді шұбарлап, үнімізді жоғалтып, миымыз ашып,  қанымыз сұйылып, ділі жоқ қазақстандық бір ұлтқа айналуымыз сөзсіз.

«Аруақ» сөзінің ғылыми мәні бүкіл философтардың және киелі кітаптарда астарлы сөздермен берілгеніне қарамастан, қазақ дін танытушылары халықтың жадынан шығаруға соғыс ашқанына бүкіл халық куә. Осындай күнәнің, азғындықтардың үстем болып құндылықтардың, қасиеттердің теріске шығарғанын «Құдай өлді!» деп жариялаған неміс философы Ф. Ницше. Құдай да, аруақ та мәңгі; «Философия», сөз ұғатын даналық өлді қазақта!  Бұрынғы замандарда аталарымыз өз руластарына өкпелеп, парсылар жаққа  көшіп бара жатқан керейдің бір ауылына «Керей қайда барасың? Қызыл бастан қыз алсаң үн жоғалар, Үн жоғалса көкіректен сөз жоғалар!» деп кейін қайтарған екен. Үннің әйел сүтімен келіп көкіректе ұясы болатынын, кеуде өлшемі мен бөксе өлшеміне қатыстылығын, мөлшерін анықтауды аталарымыз бағзы замандарда біліпті. Ондай сөзге тоқтап, ұялатын ел басқарған «Бас» қайда? Бастары барлардың бөркі болмай, шатыры кетіп милары ашыған заман болды. Сондықтан; «Мұндай жағдайда діни сұрақтарға жауаптар сенімге негізделуі мүмкін, өйткені Құдайдың өмір сүретінін біз дәлелдей де, теріске шығара да алмаймыз. Бірақ біздің сенуіміз де мүмкін немесе сенбеуіміз де мүмкін.» (48-бет) дейді сөзді ұқтыратын даналарымыз. 

Енді бұл кітаптағы ақпарлар қазақ ойшылдарының сөзі емес, тек әлемдердің философия тарихы деп уәж келтірсеңіз онда құлақ салыңыз. Болмыстың жаңа стратегиясы яғни, жаңа дініміз, тылсыммен қатынасымызды; «Сұхбатта (пікір таласы, мәдениет ақпарлары), коммуникацияда қатаң ғылыми, легитимді бекітілген гносеологиялық тұрғыда Ақиқаттың ашылуы маңызды емес, ал «Мен» және «Өзгенің» (мейлі арап, мейлі европалық, үнділік т.б.) «әр түрлі жорамалдарды» тыңдау маңызды. Күнделікті ойлау аурасына (бүгін ғана жақсы болу), тіршілік аурасына бет бұру болмыстың постмодернистік стратегиясына тән сипат болып табылады… Әрбір мәтін (текст, аят) әр түрлі түсіндірілуі мүмкін, мәтінді түсіндірудің міндеті оның мәнін ашуда (ғылымын білуде) емес, кеңейтуде. (жаттап алуда)» (171-бет). Бұндай сөз мағынасын толық аудармай тек сол қалпында пайдаланып және сол арқылы адам баласының жадын өсіру әдісі европа, үнділерде қара магияның, исламда түрлі арапша дұғалармен, мұсылман қорғандарымен және құранды талғамай жаттату арқылы теріс сандармен бойын толтырып, сонан ойлану еркіндігі шектелген, басқаруға оңай, мәңгүрт, өзінше пайымдауға есі жетпейтін, айдағанға көніп, айтқанға оңай көнетін пенденің рухын өлтіріп, сөзбен сиқырлаудың тәсіл-амалдарына жатады. Студент мұндай мың құбылған ойдың сиқырынан миын ашытпай баға алу үшін амал жоқ жаттап алып жадына тоқып алады. Ібілістің негізгі мақсаты да осы. Толған ақпараттардың арасына түсініксіз сөз арқылы өз ұрығын, ұғымын (вирус) егуінде.

Адам баласы әсіресе қырыққа келгенше ақыл толатын ерлердің санасында мағынасын ұқпай құр жаттау түрінде сақталған мәтіндер рухтың өсуіне байланысты өзін бой көрсетіп, адам санасын өз бағытына бұрып әкетеді. Сондай түсініксіз ұғымдарды босқа жаттаған жастардың өсе келе аяқ астынан бүлікші немесе қылмыс әлеміне өтіп кетуі де сырттан дәстүріне сәйкес келмейтін, теріс білімді беру арқылы сол мемлекетті жаулап алу, жер бетінен жойып жіберу әдістерін қазіргі заманда өте жетік меңгергендер ел басқару, ақпарат тарату, әсіресе діншілер арасында жеткілікті. Сырттан салады, шайтан болып іштен өсіп шығады дегеніміздің дәлелі өзіміздің діни кітапатарымызда, оқулықтарымызда, мәдени ақпараттарымызда жағдайларын жасап қойғанбыз. Болмаса өзге елге сапарға апарып, киелі жерлерінен ұлтқа жат ақпараттарды еріксіз алдыртып, 40-қа толмай қажы атандырып, жасы келгендеріміз жалаң аяқ, жалаң бас діннен өкшесіне кейін қайтып шайтанның қызметіне тұрады.

Қажылық адам баласының еріп, сүйретіліп жүретін, 40-тан асқанша ақылмен өсетін бой көлеңкесін кестіру, қазақша піштіріп сүндеттеу. Сондықтан оның жеті өлшемі бір рет кесуі болады. Енді қазір қырық түгіл бір-екі парызбен кестіріп келіп, рухани әтек қажыларды дайындауға мемлекетіміз болып көмек беріп жатырмыз. Көп жастарымыз, діншілеріміз сөз түсіну пәлсәпәсы болмағасын сақал қойып, мұртын алып тастап; «әтекпін», тек етектің иісімен қоректенемін, «текемін» деп ұятсыз қылықты жарнамалап кетті. Жаратушымыз адамзатқа бар үлгіні табиғат, жаратылыс егелері арқылы көрсетіп қойған. Дәретін үзбейтін, тазалықты жақсы көретін пенденің мысық сияқты мұрты болады. Иістен тазарушы деген белгі. Сондықтан алда үкіметіміз болып мақтап, қаржы бөліп таратып жатқан «Дін мен діл», «Ислам ғалымхалы» т.б. кітаптардың ішінде Шәкәрім атамыз ескерткендей адам аулайтын аюдың тұзақтарының қалай құрылғанын «философиялық», «психологиялық» (жан-сыры), «теологиялық» (өркениеттік) қателіктерін жазамыз, бірақ ол өкінішке қарай ел басқаратын, мәдениет, дін саласындағы ойшылдарға түсініксіз болады ма деп қауіптенемін.

Егер де қазақтың білім беру саласында «Тіл және философия» мектебі өз дәрежесінде қалыптасып барлық білім, саясат саласындағы сөзді қолдану шешендік өнердің қадағалаушы, қалыптастырушысы болып өз орнын таба білгенде, надан діншілер мен шалағай саясатшылардың бүлігіне ұшырап, еліміз мұндай діліміздің азып, жасымыздың қысқарып, жастарымыздың мәңгүрттенуіне жол бермес еді. Қарапайым ғана сауатсыз аталған дала философтары – аталарымыздың ғана меңгергеніндей сөз құпиясын білген мамандарымыз ел бастарында отырған болса және философиялық даналықтан, абыз бабаларымыздың дайындап беріп кеткен жан ғылымының дайын құндылықтарынан заман біліміне сай ала арқанды өре білген ғалымдарымыз болған жағдайда Халифа Алтай аудармасының құндылығының әлемде теңдесі жоқ екенін түсініп, бұндай халыққа келген надандыққа тосқауыл болатын, халықтың ойын бір бағытқа бағыттайтын, үгіт алатын бір кітабына айналып және Бақара сүресінің 224-ші аятының жоқ екенін, екі онжылдан бері түзетіп, бүкіл қазақтың дорбаға салып ілетін кітабы емес, басына жастап жатып оқитын бір кітабына айналған болар еді деген арман ғана бар. Ондай жағдайда құранды теріс зиянына алған, өзіне-өзі қол жұмсап бүлік шығару болмас та еді.

Таураттықтар да кітаптың бір таңбасы өзгерсе немесе қалып қойса өлім жазасына кескен екен. Халқының ортақ оқитын кітабын сақтап қорғай білмеген қандай мәдениет, қандай дін, қандай философия мектебіміз бар деп мақтанамыз? Құранды тек қазақша түсініп оқығанда ғана сананың ашылып, ақыл көкжиегінің кеңіп, түс түзеліп, құран аяттарынан ем-шипа, рахмет түсіп ақыл азбауға кепілдік болатынын түсіндірмек болып 3-4 жылдан бері баспасөз, ақпарат орындарының есігін қағып мазалағанмен ештеме шықпағасын, енді құранның бір аятын тауып беріңдер деп жар салғанмен халықтан ұялуды былай қойғанда, Құдайдан шын қорқатын жазғыштарды да, әкім қараны да, дін ғалымдарын да көре алмадым. Қайта дін басшысының орынбасары ұялмақ түгіл; құранды тек араптар біледі, қазақтың намысын неге қорғайсың деп желкемнен түйіп, бөлмесінен қарауылдарымен жабылып айдап шықты. Ал сауатты қазақ баласы Абай-Шәкәрім философиясын түсінсе, әлемдегі ең толық дінді түсіндірген жан ғылымының Ясауи бабамыздан кейінгі теңдесі жоқ  философиясы мен теологиясы екенін тәпсірлесе діншілеріміз де, оқыған жастарымыз да, үкімет орындағы әкім қаралардың да ойлары тазарып, секталарға, діннің бөлшектенуіне жол бермейтін жарғылар шығарып, ата дініміздің іргетасын қалағанымен келістіре алмай жатқан қарапайым халықты жабылып, көшіміздің қисайған жүгін түзеп, сонда қазақ ата-салт дәстүрінің әлем діндері алдында салтанат құрары сөзсіз еді. Дінді білмейтін надан жазғыштарға; «Сендерден біреулеріңе өлім келіп: «Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам» деуден өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар.» (63-10) «Шын мәнінде малдарың, балаларың бір сынақ. Әмірлерін (уахи, аян, түс) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар (жорып іс қылыңдар) Сондай-ақ тиісті орындарға (киелі жерлерге) мал жұмсаңдар (құрбан шалыңдар); сендер үшін қайырлы болсын. Кім нәпсінің сараңдығынан (ақша таусылып қалады деп қорқудан, хайыр жасаудан бас тарту) сақсынса, міне солар құтылушылар.» (64-16). 

Балаларың мен малдарыңды сынақтан аман алып қалу үшін зиярат жасаңдар деп ескерткен Раббымыздың әмірін мазаққа айналдырып, казиноға ақша жұмсағаннан бетер байбалам салған, елді теріс жолға азғырған ақпарат майталмандарын кім айдап салып отыр? Асылып өлген жастардың ата-анасының құрбандықтың қарызын өтеуге шақырған түсті, аянды, уахиды тыңдамағасын «Шақырғанға зар болып, асылынан айырылып жатқанын» кім түсіндіреді? Әлде осылай жастарымыздың сайтандардың азғыруының құрбаны болу ел басқарушыларына тиімді ме? Халықтың басын қосып ақталуға, өлімін кешіктіруге, ел тілегін көк есіктеріне жинастыруға шақырғандарды байып жатыр  деп байбалам салу ібілістің лаңы екенін кім түсіндіреді? Тілші жазғыштардың, имамдардың «Жер жыртып жүрген өгіздің аузын бума!» деген Мұса пайғамбар өсиетін мазаққа айналдырып, дінді мазақтағаны деп түсіну керек. Қазақтың діні, ата салт-дәстүрін толық меңгеру арқылы ғана салтанат құрары сөзсіз. Оған көмекті тегіне тартқан, көк жиекті (түс, аян, уахи) көре білетін ақын, жазушы, қарапайым қазақ ағайындарымыздан ғана күтеміз. Тегімізді сақтау үшін де ата дәстүрлік ойлау мәдениеті болу керек. Ондай жағдай тек зияраттап, ата-баба рухын үнемі қадірлеп, ұлттық амалдарын ұдайы үзбей орындағанда ғана мүмкін болмақ. Керісінше, ұлттық арқауымызды үзу үшін «даналарымыз», ойшылдарымыз болашақтың бағытын діндік ұстанымымыздың ұлттық саясатына өз пікірін білдіріп кетіпті; «Алайда, кейбір зерттеушілердің ауылдарда, деревняларда, қыстақтарда этникалық (дәстүрлік, ұлттық) құндылықтар жақсы сақталғанын, консервативтілігін алға тартып, «кері қарай» шақырумен келісуге бола ма? Этникалықтың бұл ұғымы (әдет-ғұрпы) ескірген жоқ па? Бұл мәселеге қатысты этностар менталитетін түбегейлі өзгертетін кез келген сияқты. Біздің ойымызша, (12-ғалым, қазақтың сөзінің беті!) этникалықтың дәстүрлі белгілерін сақтай отырып, оларды жаңа қасиеттермен және сапалармен белсенді түрде толықтыру керек. ( дінін өзгертіп, рухын түзету туралы..) Егер де жапондықтар өздерін дәстүрлі этникалық қасиеттермен шектегенде, онда олар қазіргі жетістіктеріне жете алмас еді…» (252-бет). Жапондықтардың европа, америкалықтардан дәстүрін қоса алуымен жаңа сапаға көшкенінің жемісін қалай жеп жатқанын бүкіл әлем себебін білмесе де нәтижесін көріп отыр. Бұл қазақ еліне де сендер де соған ұқсайсыңдар деген ескерту белгісі болар. Аталарымыз «Балық басынан шіриді» деп ескерткені бекер емес. Заң шығарушы әкім, ояздардың да, ел қауіпсіздігін қорғаушы қызметшілердің де алған негізгі білімі «психологиялық» даналықтары да осыған ұқсас. Сонан болар ата-салт дәстүрін бас көтере бастаса тұншықтыруға, өсіп-өнуге мүмкіндік бермей, аруағын соттап, кешірім сұрап құдайға бас июден бас тартып, жаратқанның ашуын шақырып, елді қырғынға, апаттарға жетелеп әкеле жатқандығы.

Ғ. Есім мырзаның жоғарыда ұсынып отырған 3 бағыты негізінен саны дұрыс, тек сапасы мен сөз мөлшерін таба алмай отыр. Баста ақпараттық дәреже көбейген сайын ыстық (радиация) мөлшері де артады. Кейде таза емес дәрет (сары су) басқа шауып жаман ойларға жетелеп кетеді.  Қажылықтың мәні де әуелі бойды, сосын ойды меңгеріп көктен бөрік кию. Інжілдіктер «Назереттік ант» деп атаған.  Ондай ант берген қажылықтың таңбасы «шырағдан» қазақ елінде санды білмейтін санасыз, түс көрмей тек кітап арқалаған надандардың сайқы мазағына ұшырауда. Шатырдан су тамса да ұйқының да мазасы кетіп түсің бұзылады. Мүмкін европадан жұқтырған ауруымыздың кесірі болар. Философиялық ақылдың қалай келетінін Шәкәрім атамыз; «Оқи алмай ғылым тілін, Тұман болып жарық күнім, Қасықпен аршыдым жылым, Не көрмеді ғаріп басым. Әлемді оймен кездім, Перевод малтасын ездім. Жарымның сәулесін сездім, Моланың ақтарып тасын. Қабірден шықты көп нұрлар, Нұры өлшеусіз сұлу бір жар; «Деме-деді- ғылымым тар,- Ерінбесең мені аласың».

Кіндігімен ата-бабасымен және табанымен жер ананың, көктің есігіне жалғанып нұр жинамаған қандайда ғалым, сопы, хазірет тура жолын табуы мүмкін емес. Ғылым (иман) өздігімен іздеп келмейді   «(Мұхаммед) саған шынайы түрде Құранды өзіңнен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсірілгенімен үкім қыл. (Берілген уахи, аян түс бойынша) Өзіңе келген шындықтан (Аяннан) айырылып олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба (уахимен нұсқау) қойдық. Егер Алла қаласа еді барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда Алла сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа (уахимен тапсырма алуға) жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48) Жаратушы иеміз істеріңді шариғаттарыңды әрбіреулеріңе, яғни тек пайғамбарымызға ғана емес сендерге де солай, бөлек-бөлек жоба істер түрінде  көрсетемін, сонымен сыналасыңдар деп ескертеді. «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғижа неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы (ескертушісі) бар.» (13-7). Әрбір ұлттың өз ескертушісі жетімен өлшеп, хикметтер көрсетіп шариғатын қалыптастырушысы және дін ғылымын жетілдіруші өз ғалым-сопылары уахимен берілетін нұрландырушы кітабы болатынын  ескертеді иеміз. Енді жоба шариғат істері, яғни дәстүрі болса онда жолы нешеу? «Оған екі көз жаратпадық па? (8) Әрі бір тіл екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады.» (90-11) Сонда әрбір құлына орындайтын екі жол, бір жоба бір тіл арқылы адам баласының жеке діні философиялық түсінігі, білімі қалыптасу керек.

Жол деп көктегі сөздің «философиялық» қабаттарын айтады. Әрбір елдің ана тілімен байланысты, жұлдыздармен, көктегі жарық құстармен, құс жолымен байланысатын күміс жіптерді ұстап тұратын жердің есіктерін, киелі жерлерді құранмен суарып тұруды намаз орындау деп атайды. Әрбір адам баласы өзіндегі екі «менімен» атман арқылы көктегі жеті жолға «Брахмаға» жалғану арқылы 9 жолмен тура жолға шығады екенбіз. Ал «ханафи масһабын» тура жол деген мейлі хазірет, шейх болсын серік қосып, аяттарға ортақ қосушылар, залымдар. Ислам діні негізгі 4 дінді және 5-ші Ақиқатты біріктіруші діндердің ортасы «Жұма». Тура жолды табу бестен (парыз) басталып, оңға сенбіге (тәуратты меңгеру), сосын тағы оңға жексенбі (інжілді меңгеру), сосын солға бейсенбі (забурды жынды меңгеру) қайтып келіп бесінші күн жұмаға келеді. Тәубаның 9 баспалдағы дегеніміз осы. Оны қазақ даналары өлеңмен де мысал әңгімелер, тәмсілдермен де жазып айтып кеткен. Заманның ғылым жетістігіне қарай діннің даму сатысын қабылдамай тек шариғаттқа байланып қалудан бес парызбен арап мемлекеттері қасіретке ұшырады. «Таза ақылдан жоқ сұрақ. (Аян, уахи) Пәнші нанды бес сезімге, Дінші адасты жолынан, Сал ақылға, дұрыс не? Дәлелін тап жақсырақ.» (Шәкәрім ата).

 Жаратушымыз дінді жол-жобасын, дәлелін әрбір пендесіне көрсетіп кеңес арқылы, яғни «БІЗ» бен ақылды басқарады екен. Біз деп аспандағы бүкіл көктің мүлкін айтады. Қазақта; «Менде бес бересің, алты аласың бар ма?» деген астарлы сөз бар. Рухты 3 жол-жобасымен жұбымен 6-мен 3 рет (18) аласың. Бесті жұбайыңа қалың мал 47-сін төлеп, мал(жын) қылып бересің. Малыңның (еркек ұрығы, нәсіл) қалың болуы киіміңнің толық болып, тәніңнің иістен тазаруына дәмге байланысты. Жалаң бас, жалаң аяқ еркектің малы түгел болмайды. Басында жаулығы, етегінде байлығы жоқ шалбар киген әйелдің аяғының арасына жала бітіп жанына торсық байлатпайды. Еркекқұмар әуейі болып кетеді. Адам баласы көкте өмір сүреді. Сондықтан ата-ана баланы таңдай алмайды, бала ата-ананы таңдайды. Көктегі сайрандардың, ұшпақтың ең жерге жақын келетін киелі орындары қазақ жерінде. Сол жерден пайғамбарларды іздеп табасың, көкке жалғанып таза ақыл аласың. Жұлдыздардың ең жақын келетін қарапайым көзбен-ақ, әлем құралмен көре алмайтын жұлдыздарды бақылайтын киелі орындар қазақ жерінде жеткілікті. «Үстеріңдегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты (құс жолын) көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, (Біз, Рабб) әр нәрсені толық көруші.(19) Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың (құстарың, жұлдыздарың) кім? Кәпірлер алдануда ғана» (67-20). Аспандағы құс ол біздің мылтықпен атып тоқтата алатын құс емес. Барлық нәрсенің өлшемі, сандық мәні бар. Алланың құдірет қолы Аруақты іздесеңіз құранды сан мәнімен зертте. Және ол қазақтың нақылында тұр. Әлем іздеген жан ғылымы дегеніміз сол. Онан да сол құстың сәулесі түсетін жерлерді былғап, күміс жіпті үзуге жанталасып жатқан арсыз қатындар мен кәпір еркектерге тыйым салатын зияраттаудың жарғысы, заңы керек. Ол біздің  көктегі мұра асыл қазынамыз екенін  мемлекетіміз болып қолға алып түсіндіргеніміз ақылға, дінімізге лайық болар.

 Бұл мақаладағы деректер болашақта қазаққа ғана емес әлем алдына шығаратын аруақтың үйретіп жатқан ақылдарының 1000-нан бірі ғана. Білім тау-тастан келеді. Қанша ғалым болғаныңмен таудан бойың аса алмайтынын білгеніміз абзал. «Бізі» түгіл «менін» білмейтін  қазақтың ел басқарушылары төраға сайлап, Құдайдан да жетілгендігін көрсетпек болып жатыр. Қазаққа жалаң бас төрге шығаратын аға емес, төбесінде жол көрсетіп, аянмен жетелейтін ағасына жалғануды түсіндіретін жағалы сопы-ғалымдар керек. Дінді таза ақылға сұрақ қойып, жауап ала білетін, құдайдың сүйген құлдары мен ғалымдар кеңесі арқылы төраға сайлай ма, қожа сайлай ма және халыққа жариялықпен сұхбат арқылы басқармаса, бәрібір жаратқанның сынағынан құтылу мүмкін емес.

Сондықтан әзірше осы арадан тоқталып, болашақта бұл тақырыптарға қайта оралып қазақ философиясының, жан ғылымының бүкіл әлем құндылықтарын біріктіретін дінді бірлеуші саясатының негізі болатынын алысқа бармай-ақ Абай-Шәкәрім теологиялық танымымен дәлелдеп береміз және оған лайық көрсететін хикметті істеріміз де бар. Европа білімді жұрт, бәрібір түсінеді. Бір қазақ бір қазақты мұқатудан басқа жол қалмаған сияқты. Егер қазақ елінің бүкіл діндерді бірлеуші дәстүрін ғалымдардың, діншілердің өзге діндерді, пайғамбарларды мазақ қылған кітаптар мен мақалаларды аударып, жариялап және құранның ғылымдық, сандық, сызықтық мәндерін бүкіл әлем діндерінің тазасын қорғайтын мақалаларды жариялайтын болсақ әлемге масқара болғанда сосын қайда көшіп, қайда тығылады? Әлем алдында тірнектеп жинаған беделімізден ғалымдарымыздың, ел басшыларының бір мезетте айырылғанынан кімге пайда? Қол сынды аруақты қорлап, жең ішінде жазылар. Басты жардыңдар, әулиелерімізді мазақтап, өзгенің айтағына еріп, бөрік кисек ауырғаны да басылар. Онан да тереңге кете бермей ортақ шешімге келейік. Ештен кеш жақсы, әлде де ойланып, аруақтың пәтуасына жүгінейік. Ал әзірше  бұл талқылаған философиялық оқулық кітаптың құрастырушысы  Ахмет Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» медалімен марапатталған екен. Сондықтан атамыздың өз сөзімен бағалатып көрейік; «Сасық ми, салқын жүрек санасыздар Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.» деп «Жалаң аяқ жалаң бас, жөндеріміз қиюсыз, етектеріміз жиюсыз ашылып, шашылып жатқан қамсыз халықпыз» деп ескерткеніндей, қазіргі таңдағы етегін өзі әзер жапқан әйелге «к..тін» ашқан әйелді мәдениет ошақтарының төріне шығарып, қызмет беріп,  ақыл айттырып қойған ел ағаларында қандай діні, зайыр-парасаты, ұлттық намысы, ел алдына арсыз көрінісімен ақыл айттырып қойған қатындарының қанында қандай ұят, ардың ділі болып, сөздерінде пәтуа болмақ?

Сөз түзелмей елдің түзелмейтінін ескертіп;   «Бұзықтық — бай жарлыға бірдей нәрсе, Пиғылды түзетпейді дәулет пен бақ.»,  «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл», «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.»,  «Өзіндік даралығы жоқ қуыс кеуде адамдар қандай болса, ұлттық белгісі, бет-бейнесі жоқ халық та сондай.», «Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек; ұнамды, орынды, дәмелі болуына сыншылық керек, маңызды болуына білім керек.». Жалпы толып кеткен дінші атанған жалаңбас қажыларға Шәкәрім атамыздың қытай патшасының ми ашымас үшін жасаған «Қол шатыр бұйрығын» түсініп оқып көрсе және қазақтың зияратшы қауымды қудалап, дәстүрлі дінге қарсы тұрушыларға; «Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар, арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сендер қаласыңдар.» «Қазақтың бас (бөрік киген төрелері, қажылары) адамдары! Әуелі сендер адаспаңдар: адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер!» (Ахмет Байтұрсынов).

 

   Шілде айы, 2011 жыл. Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Бір күні Пайғамбарымыз  үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы  хабар берейін бе?» деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!» деді. Пайғамбарымыз: «Олар Аллаға серік қосу және  ата-анаға  қарсы келу»  деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі – жалған сөз ғой» және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса ед.» дедік. Әбу Бәкірден өсиет; 1119(2654)   Енді аятта: «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып; «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық.» деді. (31-13).

Бұл мысалдардан айта-айта жауыр болған «Серік қосудың» үш түрі бар екен. Біріншісі; қандайда бір дерекке сүйенбей ойдан немесе жорамалдап болсын жалған сөйлеу, жалған куәлік беру. Екінші түрі; ата-анаңа, әдет-ғұрпыңа, салт-дәстүріңе қарсылық білдіру серік қосу амалы болып, тек киелі кітап аяттарына, жаратушы үкімдеріне қарсы мәжбүрлеген жағдайда тыңдамауға болатынын ескерткен. Үшіншісі; Аллаға серік қосу түсірілген аяттар мен пайғамбарлар көрсеткен нұсқауларды және әр елге өздеріне болған хикметті істермен көрсеткен ашық дәлелдерді жалғанға шығарып, ертегіге айналдырып қарсылық білдіру. Ал ортақ қосу амалы;  киелі кітаптар үкімін өзгерту немесе басқаша жорамалдап түсіндіру, ескерту уахи, түс, аянды зерттеп, талдамай шайтаннан деген пікірлермен хақиқатты жалғанға айналдыру әрекеттері зор зұлымдықты туындатып, арапша «Дәжал», қазақша «Тажал» деп аталады.

 Енді оқырманға тек қысқаша түсіндіре отырып, жақында болған бір елдегі дін көрінісін айтып кетуді мақұл көрдім. Мен жұма намазын өтеп жүрген мешітте «Нұр мүббәрак» жоғарғы діни оқу орнын өте жақсы бағамен тамамдаған жастар қызмет жасайды. Әрине кемшіліксіз пенде болмайды дегендей, ешқандай ғылымға немесе құран аяттарына қайшы пікірлер, насихаттар оқылып, айтылып жатса да «Көш жүре түзелер» деген оймен ұмытып қалуға тырысып жүрдік. Бірақ жақында жұма намазынан кейін халыққа хаттама үндеу парақтарын таратып жатқанын көріп алып оқып көрдім. Енді сол үндеуден үзінділер келтіре отырып, қысқа ғана Құран аяттарымен салыстырып, ара жігін ажыратып оқырмандарға талқыға салып, өздеріңіз ақыл таразысына салып бағасын берер деген үміттемін. Үндеудің аты «Таухид» (бірқұдайшылық) деп аталып Аллаһ деп Алламен қосып тәңір шақырған майда қателіктерін қойғанда; (Ескерту; Құран шәрифте «Алла» деген атау 2697 жерде, «Иллаһ» деген атау 167 жерде бар. «Тәңір» деп аударылады. Халифа Алтай аудармасынан). «Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деп ескертілгендей, Құранда бір бос сөз немесе таңба болмайды, бәрінің белгілі орны, саны бар. «Есеп білмеген есек» атанбауымыз үшін 2697;  167 сандары екілік жүйеде 24; 14 сандарын берсе, бірлікпен 6; 5 сандық нәтижесін береді. Сонда бүкіл құран ұғымы бойынша Алла=24 нұрдың, қозғалыс тегін және Алла=6 рахман немесе сөздің басын жаралыс тегін белгілейді. Иллаһ= 14;5 мәні оттың, желдің немесе бес қуат қозғалысты, тәңірлік сипатты көрсетіп тұр. Әрине таңбаларды жеке-жеке сандарға айналдырып аяттар мәнімен құпия ғылымдық мәнін де көрсетуге болар еді, әзірше оны алдағы уақыттың еншісіне қалдыруды жөн көрдім.

Қарапайым үннің сандық мәнімен жүйелесек: 3, 5-таңбалы атаулар тәңір сипатын, яғни төрт жаратылыс періштесінің «кісінің» көрінісін, бірліктің нәтижесі 5-ші нүкте тақ мәнін берсе, «Алла»-4  санымен түп негізді және бүкіл әлем есептеу құрылғылары тек төрт санымен ғана (1001 бір түн немесе 1000 айдан артық) есептейді, ойланады. Жаратқан сипаттың негізі адам баласының өзіндегі басты белгісі адамзат қанының төрт-ақ топқа бөлінуі және жаратылыс  төрт мезгілден, төрт сырдан, төрт тілдік негізден, нәсіптік ризық төрт күннен тұрады да бесінші күн жалған, жалғанушы сипатты береді.  Құранда «Алла» сөзіне байланысты қосып айтылатын «Тағала», «Рабб», «Ол» «Ол сондай Алла», «Бір Алла», «Рас Алла», «Алла бар» т.б. тіркеме сөздердің бәрі белгілі атаулар жүйесімен және сол аттың таңбалық, сандық мәніне байланысты жаратқан сипаттарын белгілеп,  міндетті түрде сандық мәнімен ғана есептеледі, айтылады. Сондықтан «Аллаһ» (дұрысы Иллаһ) қазақшаға сандық мәнімен «Шүкір» мағынасын беріп,  «Тағала»  шүкір сөзінің екінші балама ұғым ақпараттар жүйесі «яшик пандора» орнына пайдаланады. Онда «Аллаһ тағала» — шүкіріңе шүкір деп жаратушымызға тілмен серік қосамыз. Себебі, үндестік негізінде жалған ұғым! Бүкіл қазақ дін танымындағы басылым, әдебиет, аударманың бәрі (Халифа Алтай аудармасынан басқа) түгелге жуық серік қосушылар, жалғаншылар, тілді шұбарлап бүлдірушілер екендігі айқын!

Енді мақаладан үзінді келтірсек; «Өкінішке орай қазіргі уақытта көптеген өзін мұсылман санаған қазақ бауырларымыз Алладан сұрамай, өздеріне не пайда, не зиян бере алмайтын қабірден, тау-тастан, әулиелерден, әруақтардан, ағаштардан, тәуіптерден, бақсы-балгерлерден, құмалақшы көріпкелсымақтардан жәрдем, бала-шаға сұрап, оларға құлшылық қылып, Алла тағаланың ең кешірілмейтін күнәсі зор күнә Алла-һқа серік қосу жасауда.) (Серік қосу негізінен іс болып жасалмайды, көңілмен, тілмен білдіріледі.авт.)

 Бұл сөздерге мұқият үңілсеңіз, Алланың хикметінен ашық дәлелдер келтіріп пайғамбар, әулие аталған Алланың достары ешқандай пайда, зиян келтіре алмайтын топыраққа айналып, жоғалып, медцинаның негізін қалаған кереметтер көрсетіп, елін ауру сырқаудан құтқарғандар емші-бақсы, шипагерлер және елін жаудан, кәпірлерден қорғап қанын төккен Алла жолында шейіт болған «көріпкелсымақ» билер, «көріпкелсымақ» хандар енді келмеске кетіп тау-тасқа айналып кетіпті. Сол сияқты ақ бақсылықтың негізін қалаған және тура жолдың басты қағидасынан ашық дәлелдер көрсетіп, исраил ұрпақтарын жоқ болудан Раббысының үкімімен аман алып қалған Мұса пайғамбарды құрметтеген бүкіл кітап иелері де серік қосушылардан екен. Олай болса емшілік пен көріпкелдіктің тамаша үлгісі берілген Інжілдің негізгі қағидасы мен Ғиса пайғамбарымызды да шапағатшылық құқығынан айырып, жын-шайтандардың қызметшісі қатарына қосып тастапты.

«Талай әкесін сабағанды көріп едім, әкесін талға байлап сабағанды көрмедім» дегендей, әлем мойындауға тиісті рухани әкелер, яғни адамзатқа ақыл беруші жаратушы себебінің бәрі болуға тиісті емес екен. «Өлдің Мамай, қор болдың!».  Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің дегендей;  Үндеуден: «Мен сендерге күре тамырыңнан да жақынмын» (Қаф-16) және екінші аятта; «Аллаһ өзіне серік қосқанды кешірмейді, онан басқа күнәларды қалаған құлдарына кешіреді. Сондай-ақ кім Аллаһқа серік қосса, расында жала жауып, зор күнәлі болды» (Ниса-48) Үшінші аятта; «Негізінде Аллаһ өзіне серік қосқандарға жәннатты харам етті, олардың орны тозақ, сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ» (Мәйда-72)».  Құранды жете зерттемеген оқушы үшін бәрі дұрыс сияқты.  Ертеректе біріккен арап мемлекеттеріне басқа діндегі елдерден алтын әріппен Құранды басып сыйға тартады. Сонан жылдар өте сол Құрандағы бір әріптің өзгертіліп басқанын араптардан бір жас бала тауып дәлелдегенін арап елі әлі кезге дейін мақтанышпен айтады.

Сол сияқты «Тәураттың» да сөздерін себепсізден ауыстырғаннан кейін халық адасты деген сөз бар. Ал мына үш аятта жоғары білімді маманымыз 3 сөзді ауыстырған (мүмкін әдейі). Аятта; «Мен» сөзінің орнында «Біз» болу керек. Екі сөздің айырмашылығы батыс пен шығыстай. «Мен» ұғымы Алла тағаланың төбеден және аяқ астынан, яғни көк есігімен жер есігінен келетін қуатты ақпаратты және заманға (намазға) тәуелділік уақытты (уақ) білдірсе, «Біз» сипаты біртұтас адамдардың «Бірге» үкімдерді орындайтын, әрбір жаратылыстың ішкі сырын қамтитын тәңірлік қуатты қозғалыс себептерін көрсетеді. Сондықтан да сол араптардың тіл ғалымдарынан арнаулы сынақтан өтіп, ұлықсат бойынша аударған арап танушы дәрежелі аудармашы ғалым Халифа Алтай аудармасына жүгінсек; «Алла Тағала өзіне ортақ қосылуды (түсірген аяндарды, түстерді, ашық дәлелдерді жоққа шығаруды) жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болды.» (Ниса-48) Алла тағаланың «Өзі» дегеніміз сол Алладан түскен кітаптарды меңгеріп сүйікті құлдарына айналған жанның жоғары дәрежелі орнымен байланысты жаннаттық сипатты айтады. Сонда аятта  «Серік қосу» сөзінің орнында «ортақ қосу» сөзі болу керек. «Ортақ қосу» — көктен, жер астынан келетін үкімдер мен Құран аяттарын теріске шығарып тәпсірлеуді білдірсе; «Серік қосу» — сөзге және дұға тілектерге байланысты ұғым. Үш аяттан кешірілмес қате жіберген аудармашыдан, тәпсіршіден, яғни дінді бөлшектеп пәтуа шығарушыдан артық зұлымдық жоқ!

Енді әрі қарай үндеу хаттан; «Сондықтан бауырлар, жоғарыда айтып өткендей әулие жағалау, әруақтан сұрау, тәуіптерге бару күнәлары адам өлтіру, намаз оқымау, әке—шешеге құрмет көрсетпеу сияқты үлкен күнәлардан да асып түсетін ауыр күнәға жатады!».  Мінеки құрметті оқырман, егер  намаз оқымасаңыз болды немесе Алланың сүйікті құлдарына басына және әке-шешеңізге барып сәлем, садақаңызды беріп, Құран бағыштап қауымыңа, бақилық туыстарыңа, ел-жұртыңа тыныштық сұрап кешірім сұрағаннан (тәубеге келу), яғни Алланы зікір етіп ақыретті еске түсірсеңіз болды, үлкен күнәға батып, айыбына адам өлтірген дұрыс екен. Онан да Иракта, Ауғанда болып жатқандай өзіңді-өзің жарып, ағайындарыңды, бауырыңды, дін қандасыңды қырып салған күнәсі жеңілдеу екен. Бұны жазып отырған білдей «Алмалыбақ» ауылының имамы Е….. атты мырза екен де, ал таратып жүрген «Нұр мүбарак» жоғарғы мектебін жоғарғы бағамен тамамдаған, тағы да солармен мүдделес, пікірлес жастарымыз.

«Елді болашақта арамза молда мен арамза ғалым бұзады» деп кезінде аталарымыз бекер айтпаған екен. Әрі қарай пайғамбарымыздың өсиеттерін де жалғанға шығарған; «Бата дұға жасағанда әруақтар қолдасын, әулие-әмбилер, Қызыр баба оңдасын, періштенің құлағына шалынсын т.б. сөздерді айту. Біреуге ант бергенде, дастарханның үстінде отырмын ғой, жол үстінде тұрмын, түн жамылып тұрмын, нан ұрсын т.б. сөз тіркестерін қолдану. Негізінде ант Алланың атымен ғана беріледі. Осындай кіші серік қосу күнәсін істеген адам мұсылмандықтан шықпайды, бірақ адам өлтіру, әке-шешесін лағнеттеу сияқты ауыр күнәні істегендей болады. Өкінішке орай, осындай күнәларды намаз оқитын кісілер де жасап жатыр..» әрі қарай жалғастыруға да болар еді, бірақ  Адам ата қауымынан бастап пайғамбарлаға түсірген  жалғасты келе жатқан әр елдің жүрегінен шыққан абыздарының, ел билеуші, жол көрсетуші жол басшыларының бүкіл бата дұғаларды араптардан жаттап алған тыңдаушысы түгіл өзі де түсінбейтін  үндік заңдылығы бұзылған сөз тіркестерінің алдында түкке де тұрмайды екен. Сондай-ақ жаратушымыздың Құранда астарлы түрде көрсеткен мысалы; Мұса пайғамбарымыздың себептер мәнін түсініп, даналыққа батасын алған Қызыр Ілиясты және Қадір түні келіп сүйікті болған ұрпақтарына батасын беретін Қадір атаны (Адам ата) және жалпы қазақтың ғұрпын теріске шығарып, пайғамбарымыздың сан ондаған өсиеттерін жалғанға айналдырған адам мейлі имамдар болсын кәпір болмақ. Себебі, кім пайғамбарымыздың ізгі тілектеріне қарсы болса, онда Аллаға қарсы. Пайғамбарымыздан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (ата-баба) әдет-ғұрпына сүйем бе сүйем (қол өнер т.б.) кез бе кез (жерге, табиғи ортаға) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе (тау-тасты, ағаштарды қадір тұтпақ түгіл) де оған кіресіңдер» деді. Біз; «Уа, Алланың елшісі! Яһудилер мен христиандарды айтып тұрсыз ба?-деп сұраған едік, ол; «Басқа кім болушы еді?» деп айтты.» (1378,3456 өсиет) « Қадірдың (Хадыр) аталу себебі, ол аппақ жерге отырғанда, оның арқа жағында көк майса жайқалар еді» деген (1329; 3402 өсиет).  «Жер бетін шарлап саяхат құрыңдар, тәндерің сауығып пайдаға кенелесіңдер» (475-өсиет) «Әр алуан жерді аралап жүрген саяхатшылар Алла тағаланың алдында ораза баспалдағына аяқ баса алады.» (485-өсиет) «Саяхаттың ең пайдалысы; Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді.» (467-өсиет)  «Азаптың ажалымен өлген адам, ақирет күні өз тегінен шыққан жетпіс (70) адамға жәрдемдесу мүмкіндігін алады.» (999) «Мен, атам Ыбырайымның дұғасы, бауырым Исаның сүйінші хабары және анашым Аминаның көрген түсімін.» (Хаким 453). «Дұға түскен нәрсеге де түспеген нәрсеге де пайдалы. Уа, Алланың пенделері, дұға қылыңдар!» (Ибн Омардан).

Бұл ұлық пайғамбарымыздың өсиеттерін жалғастыра беруге болар еді, бәрібір надандар (жүрек мөрлену) түсінбейді. Себебі екі жыл бұрын атақты Хазірет Шейх дін ғұламасына әулиелерге зираттау туралы ораза айының алдында көгілдір терезеден сұрақ қойылғанда; «Сол шіріген сүйектерден не аласыңдар?» деп қысқа қайырып, пайғамбарымыздың осы өсиеттері мен жаратушымыздың мыңдаған үкіміне жала жапты. Күн құрғатпай баспасөз беттерінен, көгілдір терезелерден, мешіттерден «Аруақтар» тарапына, Алланың құдірет қолына, яғни адам мен жынның бірігіп кісіге айналу жан ғылымына айтылып жатқан жалаларға халықтың құлағы үйреніп болды. Сондықтан болар 2009 жылы сәуір айында үкіметтің көмегімен «Ата жолын» ислам дініне қарсылық білдірген «Фарқатшылармен» біріктіріп, қасқыр мен қойды бір қораға қамап,  (бірі жаратылысқа табынса, екіншісі жаратылыс өзіне себепті қозғалысқа аруақтарға табынады)  әлемде әзірге болмаған теңдессіз заңды ойлап тапқан  Қарасай аудандық соты шоқынғандарға құдайшылдарды қосып олардың табынған құдайдың құдіретін «ӨЗІН»-өзі яғни әдет-ғұрпын, дәстүрлі дінді соттап үкім шығарды. Мешіт имамдары бұл жәйді қуана қоштап халыққа жария еткенімен тұрмай,  Ислам өркениеті басылымында №14 (158,11-20 маусым 2009) санында «Рухқа (ақылға) табыну шайтани іс» деген; Забурды, Інжілді, Тәуратты және Ғайса пайғамбарымызды жоққа шығарған мазаққа айналдырған мақала шықты. Мақала желісі бойынша қазақ тек арапқа ғана табынып, ел бола алады екенбіз. Жаратушымыз да киелі кітаптарда қателесіпті.

 Осындай дін тарапынан қарсылыққа елімізге міндетті түрде сынақтар жіберетінін, апаттарды ескертіп баспасөздерге т.б. құзырлы орынға ескертіліп мақала бергенімен құлақ асқан, кешірім сұраған, түзетуге тырысқан ғалым, философ, тақуа, сопы дегендей дінін қорғауға тиісті тіршілік егелері болмады. Құтты бәрі өз азығын, бас қамын ғана білетін жәндікке… болмаса діндері ауысып кетті. Сондықтан да Алла тарапынан ашық белгі үлкен ескертулер түсті қазақ жеріне! Есесіне қарапайым қанша халық құрбан болды. Шәкәрім атамыз ескерткендей абайламаса «Дін қиянат!» Қазақ халқының қанына сіңген әдет ел шенге, лауазымға, білімдіге сенеді. Сондықтан бар жағдайды тек ғалым біледі, таққа отырған шешеді деп сенгендігі сонша артын тексеру ойға да келмейді.

Біздің қасіретіміз де осы адасқан елдерге сеніп дініміз араптан, білімді, шаруамызды европадан және өзге жұрттан дайынын алғанды мақтан тұтып, ата-баба салтына, ғұрпына ашықтан-ашық түкіртіп намыстануды да қойдық! Сондықтан Ғайсаны «шайтан» деп, пайғамбарлар көрсеткен өнегелерді, адам өлтіргендей күнә жасау, әулиелер бабаларымыз адасқан, тек шіріген сүйек болды деп жастарымызды аздырмау үшін қағаз көтермейді, әйтпесе жаратушымыз үкімдерінен жүздеген аяттардан дәлелдер келтіріп, аруаққа, қазақ ғұрпына қарсы дін танытушыларының залым, тозақтық және де жуық арада азаптарға ұшырап лағнеттелетініне нақты дәлелдер келтіруге болар еді. Әзірше алда қысқаша ғана  Құран аяттарынан дәлел келтіріп және екі түрлі шешімін ұсынамын. «Ішінде отырылмайтын нәрселерің (кісі) бар (әулиелер мазарлары) үйлерге кірулеріңде оқасы жоқ. Алла көрнеулеріңді көместеріңді де (қалай жалбарынғандарыңды) біледі.» (24-53)  Сондықтан ондай үйлерге кіргенде: «(Мұхаммед); «Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына  (әулиелерге) лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары (ойлары) жақсы ма?» деп сұра!». Әулие-әмбилерді Алланың сүйген құлдары деп, Құран оқуды- Аллаға мадақ айту деп, дұға тілекті – сәлем беру деп біліңіз!

Алла тағаланың «Мен» сипаты жер есіктері мен көк есіктеріне байланысты қуат болғандықтан Алланың сүйген құлдарына сәлем беруді аятта: «Іштеріңе, өздеріңнен аяттарымды оқитын, (әмір иелері) сендерді тазартатын және сендерге Құранды әрі үкімдерін үйрететін (жол басшылар), сондай-ақ білмегендеріңді үйрететін (аян, уахи және түсіңе еніп) Елші жібергеніміз сияқты…(151) Енді, Мені еске алыңдар,(Құран бағыштаңдар) және Мен де сендерді еске аламын (ақыл беремін) және Маған (ата-бабаларыңның Раббына) шүкірлік қылыңдар да (құрбандық, зияраттауға) қарсы болмаңдар.» (2-152) (Сондықтан да) Алла жолында өлтірілгендерді олар өлі демеңдер (пайда, зиян келтіре алмайды деп), олар тірі, (демек, Алла қаласа шапағат етеді) бірақ сендер (үйде отырып) сезіп біле алмайсыңдар (жер жүзін кезіп іздеңдер).» (2-154).

Енді тура жолды табу үшін 73 түрлі сауап баспалдақтарынан өту қажет. 73 парыз амалдар бар. Оның елуі (50) намаз деп аталады. Пайғамбарымыздан; ..(Алла) «Ол –(амалда) бес, ал сауап бойынша елу (50) Менің алдымда сөз өзгермейді», -деді..» (221;349-өсиет). Олай болса бесеуді діннің куәлігі ретінде орта топтағы Меккелік араптарға ғана жеңілдік берілген бес парыз; тәубаға келіп куәлікте тұру, бес уақыт намаз, ораза, зекет (салық) төлеу, қажылыққа бару. Ал 50-ге толтырып намаздарды орындау 45 амалы Қазақ елі үшін Абай атамыздың 45 қара сөзімен берілсе, ақиқатқа жету аруақ туралы заңдылық болып тағы қосымша нұсқаулармен 5 сопылық амалдармен 55-сүре Рахманмен бірігу болады. Ол да Таурат пен Інжілден алынады екен. Бұл тек дін жолының амалдары болып Исламға ортақ дүние болмақ.

Ал  енді 23-ші белгі әр ұлтқа, елге тән салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан, шаруа және мәдениет, өркениет қағидаларымен Алла жолы мезгілдік, маусымдық қозғалысқа тәуелділікте болып,  рұқ өзгерісі, үдерісі дін жолымен біріктірсек қана толық тура жолдың қағидасы 78-ші сүре сопылықты, елшілікті меңгеру болып шығады. Алла жолы қоршаған ортамен байланысты қабілетті қалыптастырса, дін жолы ішкі сезім – өзін, қасиетті қалыптастыру шарт. 23 саны негізінде Тәурат саны болып, қозғалысты, маусымды, мезгілді туындатады.  Себебі жер шары 23,5 ось көлбеу болмаса, маусымдар пайда болмас еді. Сондықтан Тәуратты, Інжілді меңгермей мүмін болу мүмкін емес!

Енді сүйікті пайғамбарымыздың Миғраждан алып келген екі аяттың есептік жүйесін қасиеттік белгісіне қоссаңыз 80 санымен «Ахметтік» қасиетті меңгеру болып табылады. Сондай Хазірет жан ғылымының сопылықтың; 1-ші баспалдағы болса, Сұлтан-2, Құл-3, Қожа-4, Ахмет-5 сатысы бар екен. 11 «Ахметті» тәрбиелеген Ясауи бабамыздан жәй хазіреттерді жоғары қойдық және тура жолды меңгерген толық меңгерген  «Ахмет» негізі пайғамбарымызды да сол қаптаған «хазіреттер» қатарына қойдық. Бұл сатылар аян және уахи алу, яғни пайғамбар ізбасарлары болып есептеледі. Оған дәлел пайғамбарымыз; «Сендерден бұрын өмір сүрген Исрайлдіктердің арасында пайғамбар болмаса да аян алатын кісілер болған, менің үмбетімде сондайлардан біреу болса, ол Омар!» деп айтты.» ( 1460;3689 -өсиет). Демек, пайғамбарымыздың қасындағы кітап түскен алғаш Омар сахаба  қожалық дәрежеге жеткен. Қожа ру емес! Және пайғамбарымыздың аяндар туралы өсиеттері бойынша пайғамбарымыздың шәкірті болып «Ахмет»  дәрежесіне жеткен екі ғана сахаба болған. Әрбір Алладан түсетін дәреже, қаиеттерге көркем есім болу керек!.  Пайғамбарымызды өз дәрежесімен атамай тек қана «хазіреті ғалейкісалам, әлексалам т.б.» үндік мағынасы не болатыны Бір Аллаға мәлім, ал сандық түсінігі «аллауақбар» деп естілетін сөзбен сүйікті пайғамбарымызға жанама ат қойып алдық. Негізінен Хазіреті Сұлтан Құл Қожа Ахмет дәрежесін алғашқы меңгерген Мұхаммет пайғамбарымыз!  

Құрметті дін танытушылар, «Аруақ» туралы Құраннан мыңдаған аяттардан дәлел келтіруге болатынын ескертіп жазғаным үшін ғана емес және сол амалдарды орындаушы ретінде мен де онда сіздердің ұғымдарыңызбен адам өлтірген болып шығамын.  Себебі, дін танытушы ғұламалардың қарсылықтарына қарамастан «шерік, серік қосу» арқылы  көктерден, жерден берілген белгілерді аян, түстер мен аруақтардың батасымен жетеленіп, сол ұмыт бола бастаған тарихи шежірелерге жалғану арқылы Құранның бабалар меңгерген құпияларын жариялауға бұйырылдым. Сондықтан сол белгі аян, уахилардан аз ғана мысалдар келтіре кетсем;

Негізінен 73-ші белгі ол тура жолдың есігі ғана. Құлшылық қағидасы аспандағы жеті жолмен, жеті түрлі пенде бойындағы нәпсілік жел жолымен онмен дәрежеленіп 77-мен бекиді. 24-25-ші сүрелермен тақуалық, тарихат, 25-50 сүрелер амалдарымен мағрипат, 5 сүремен ақиқатты көреміз. Бірақ тура жолдың да қисығы бар дегендей, әрбір адам баласына берілген сүрелер қағидасы бірдей болғанмен, ішкі аяттар мәнімен қасиет, қабілет, шаруа, жыныс, ұлт, т.б. ерекшеліктерімен жеке-жеке тылсым арқылы белгілі тапсырмаларды орындау арқылы жетеленеді. Әрбір аяттың 3 мәні, сандық құпиясы, түсінігі бар. Бір аяттың өзі тылсымнан пенденің ерекшелігіне байланысты үш түрлі жағдайда оқылады. Үш түрлі, үш мағыналы барлығы 9 түрлі жаратушымен, яғни тылсыммен хабарласу (санада, көкейге салу, бір перденің ар жағынан сөйлесу.) тетігін меңгеру қажеттілігіне  байланысты әр пенденің сол аяттарды оқитын өз пірі, жетекшісі болу шарт. Құранда; «…. Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.» (12-76) 76-шы белгіге жетіп барып және елге тілдік, үндік, таңбалық ыдысына қарай жол—жобалар түсірген елшілерге, сол жолдардан өтіп ашық дәлелдер көрсеткен әулие-әмбилердің жатқан орындарына, жұлдыздардың қозғалысына тәуелді түрде жер бетін кезіп,  иманды іздеп аяндармен толықтыру арқылы ғана мүмкін болады. Аятта: «Сондай, Аллаға берген серттерін бекіткеннен кейін (Алла достары көрсеткен жол-жоба) бұзғандар және Алланың бірлесуін (50-амалды) бұйырған нәрселерді (әдет-ғұрып 23-амал) бөлгендер әрі жер жүзінде бұзақылық істегендер (лаңкестік әрекеттер), міне лағнет осыларға. Сондай—ақ мекеннің жаманы (тозақ) солардікі.» (13-25).

 Осында жағдайдың туатынын білген пайғамбарымыз; «Жаным қолында болған Алламен ант етейін, расында араларыңа Мәриям ұлының әділ сот боп (аруағы, кісісі келіп) түсуіне жақын қалды, ол крестерді сындырады, шошқаларды жояды, жазияны (бодау төлеу, аруақ заңдылығы) мансұқ етеді және мал-дүние ешкім оны алмайтындай дәрежеде (несібе береді) көбейтеді» деп ескерткен» (993;2222-өсиет Әбу Һурайрадан) Сүйікті пайғамбарымызға тілдеріңіз тиіп кетпесін деп 73 топтың қарапайым қағидасын 73-ші сүремен түсіндіре кетейін. Аятта; «(Мұхаммед) сөз жоқ, сенімен бірге болғандардан бір топтың (сахабалардың бәрі емес), түннің үштен екісіне жақынырақ жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түнімен күндізді шамалайды. Оған, сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар (құран бағыштаңдар). Сендерден науқас болғандар (шипа сұрап зияраттап), басқадай Алланың мәрхамметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер (саяхат жасап зияраттағандар), тағы басқа Алла жолында соғысқандар (емдеу, бақсылық, нәпсіні жеңу жолында күрес, арақ, шылым, зина т.б.) Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар (түгел жаттамаңдар). Және намазды толық орындаңдар (73 амалдарды) да, зекет беріңдер (табыс салық төлеңдер). Алла үшін көркем қарыз (құрбандық шалу) беріңдер. Және өздерің (іштеріңдегі, алды артыңдағы аруақ көлеңке) үшін  алдын—ала хайыр істесеңдер (ата-баба аруағының басын көтеру) оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер (зияраттап жалбарыну). Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (73-20).

 Бұл аят тура жолдың есігі болып, бірақ оның кілті әуелі арамдардан тазарып әулие-әмбилердің батасымен ғана ашылады. Сондықтан араптардан бастап жан ғылымынан қателесіп, Тәурат, Інжіл сауап амалдарын мүлде жоққа шығарып, діндерді бірлеудің орнына үлкен жер жүзінде бүліншілікке, мәңгүрттенуге бастап көктен және жерден келетін ақпараттарды үзіп, шайтанның көмекшісіне айналғанын дәлелдейтін күн туар, ол үшін тіл мен сөз түзелмей сана өспейді. Сондықтан бабаларымыз; «Санасызға сан айтсаң да түсінбейді» (жүректеріне мөр түсіп, ұлттық ойлау қабілетін жоғалту) деген нақылды ескеріп, сонда да мүмкін бұл хатымды жетесін әлі жоғалта қоймаған, жеті атасынан ақпарат алып жүргендердің де қолдарына тиер деген үмітпен ғана жазып отырмын. Құранды тек санмен жүйелеп оқымаса шектен шығып теріс ұғымдар мен қате түсініктер пайда болып, адам баласы өз зиянына алатындығын дәлелдеу үшін ана тілі мен сөз жібімен (көркем сөз) көкке жалғану тек ата-баба аруағы өз тектеріңді түгелдейтін шежіре арқылы ғана мүмкін болмақ. Ал дін танытушы, шейхтар мен хазіреттер қауымындағы сол жіптің үзілгендігіне дәлелдің  жүзден бірінен мысал; Сұлтан Бейбарыс атамыздың арап елдерінде билік құрған уақытында тұтқынға түсіп құл болып келген жерінен сатып алып, тәрбиелеп елге оралар алдында орнына қойып кеткен «Беріш Құрбан» атамыздың 14 жыл елді басқарып Египетті жаулардан қорғау кезінде қайтыс болған жерленген топырағынан Сұлтан Бейбарыс атамыздың топырағы деп әкеліп жерлеп, бүкіл халық та, үкімет басшылары да алданып тағы Сұлтан Бейбарысқа деп Беріш Құрбанға ескерткіш салдыртып жатыр.

Ал Сұлтан Бейбарыс атамыз Астархан маңындағы, кезінде жоңғарлар жаулап өмір сүрген жерге келіп жерленген. Әрине онан қазақ ұтылмайды, бір аруақтың болса да санатқа қосылуы үлкен жетістік. Бірақ Алла жолының негізгі қағидасы – әрбір жаратылған немесе қасиет егелерін өз атымен ғана атау керек. Сондықтан діннің жолының бірден-бір белгісі; әрбір жаратылыс егелерін өз атымен атап, тарихтан өз орнын беру және шариғаттың басты қағидасы сол белгілерді түс көру арқылы анықтап, біліп және оны толық жори білуде. (12-сүре насихаты) Ілімді іздеуші болып, үстінде білімді тұру керек. Болмаса діннен адасқан болып есептеледі.  Аян (аят) түгіл, өзіне басқа ат қойып жатқанда ескертетін аруақтың білдіретін қарапайым түсті (діннің жібін) де көре алмаған Шейх, Хазірет, тақуа, сопы бұрын қазақ тарихында болмаған жағдай! Себебі, хазірет дәрежесі тек құраннан арнаулы сүре алып, яғни кітап түсіп, сол арқылы шежіреге 5 күнге жалғанған Алланың жібін ұстағандар болып есептеледі. Ал осындай дәрежеге жету үшін жасалатын тазару амалдары мен сенім негіздерін, яғни Інжілде де ескерткен аяттарды, тарихи орындалуға тиісті мысалдарды, үкімдерді, үкіметтің жәрдемімен соттап қудалап жатқан «көріпкелсымақ» аталған қазақтың «діни сауатсыздары» болғанмен, бірақ түс көру ілімін меңгерген» «Ілімді» аққу, сұңқарлары арқылы ғана әлемде мойындататын жаңалықтар, тарихи шежіренің ақиқаты ашылатын күн де туды. Сол қанымен, жанымен Алла жолында соғысып әлемде әділдікті паш еткен бабаларымыздың ақ шапанын қайта жауып, тегін жоғалта қоймаған жас ұрпақтарымен қауыштырып, көк жиекті көріп өскен азғана қалған ақсалдарымыздан ақ батасын алу үшін енді жоғарыда айтып кеткен екі амалды түсіндіріп кетейін. Біріншісі, жаратушы тарапынан болатын үкімдер мен аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің (шерік, серік қосу деп) қабірдағылардан (ата-баба әдет ғұрпынан) күдер үзгендей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-сүре 13 аят). Сондықтан қандай да жағдай болмасын қабірдегі туысқандардан, бабалардан күдер үзу ақиреттен үміт үзіліп жан ғылымының тоқтауына соқтырады. Себебі; «Ал енді Аллаға өтірік айтқан, сондай-ақ өзіне шындық келген кезде (өліктермен сөйлестірілу), оны (аруағын) жасынға шығарған біреуден залымырақ кім бар? Қарсы келушілерге тозақта орын бар емес пе?» (39-32) «Расында қиямет сағаты келеді. Онда шәк жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.» (40-59).Пайғамбарымыздан; «Ақыр заманда (қиямет сағаты-ойбайласу) үмбетімнен кейбір адамдар дінді білетіндіктерін айтып, Құран оқып (өздері аударып) былай дейді: «Біз басшыларға (Меккелік араптар мен сахабалар жерленген жерлерге) барып, олардың дүниелерінен несібемізді аламыз (умра қажылық), оларды дінімізбен (мінез, қылық, тілімізбен) араластырамыз, «Задында», бұлай болмайды тікеннен тікен ғана алынатыдай, оларға жақын болғандар да олардың жағымсыз қылықтарын үйренеді.» (Ибн Мәжә,23).

Өз тамырынан белгі алып, тарихына жалғануды «шерік, серікке» айналдырып, тек умра қажылығына немесе 40-қа толып, 9 жыл дін сынағынан өтпеген (49 жасқа келу) жастарды қажы атандырып, дінге жалпы ділді өзгертуге жұмыла кіріскен дін танытушыларды қалай атауға болады? Өз тамырынан – тілінен, ділінен ажырап түсінігі жоқтарды «Задсыз!» деп сөгуші еді ертеректе үлкен кісілер. «Задымыздан» (ділімізден) ажырап, мүлде қиғаш кетіп бара жатқандықтың, діннің негізгі бағытынан қиғаш кетуіміз себепті ерекше белгілермен жер жүзінде қиямет сағаты басталып кетті де.

Қазақ жерінде былтырғы жылы тамыз айынан бастап періштелер түсіп, енді 9 жыл толғағы болады. Сондықтан әрбір Аллаға, пайғамбарларына, періштелеріне, сүйген құлдары арқылы оқылып жатқан аяттары мен баталарға (уахиға) қарсылық көрсеткен әрбір пендесіне жазылмайтын ауру, от басына қасіреттер келетіні сөзсіз. Дінді білдім деп бірігуді бөлшектегендер, әкім қаралардың бүйрек, бас ауруларымен, тізеден, тобықтан, белден мешеулікке түсіп, екі иықтары салбырап, арқа құрысып, маңдайлар тырысып, жалаңбас әйелдердің қолы сасып, етегін түріп алып ары мен барынан айырылғандардың қолтығы тәні сасып, (иманы жын шайтанға айналып) кеміс, мүгедек ұрпақтардың өмірге келуімен, қанның азу аурулары еселеніп арта бермек. Әлем медицинасы Алла тарапынан жіберілетін шипгерлік ілімді мойындап зерттеп иманға келгенше адамзатқа келетін қасіреттер еселеп арта береді. 

Дін ғұламасымын аруақ деген шерік, серік (аздыратын сыбайлас) деп өзінен-өзі қашқандарға да осындай қыспақтар түсіп, бес уақыт намазының сауабы қара басына да жетпей, сыбайлас дегені өзіне кіріп, дәрігерден жазылмай, шипагерлер іздеп, болмаса тығылып болса да әулие-әмбилер бастарына барып кешірім сұрап,  бірі амалына қарай шипа тапса, кейбіреулері күнәсіна қарай жауабын алып, қарабет атанып, тіптен мойындамағандар берекетсіздіктерге ұшырап, өзімен-өзі болмаса жанұясымен арпалыса бастайды. Бірақ әрбір сөздің немесе істің нәтижесі тізеге, алақанға, маңдайға 666 санымен таңбаланады да, жазасы 3 жыл көлемінде бірде ерте, бірде кеш пенденің алдына азап болып келеді.  Көп жағдайда адам баласына неден болғанын шайтан ұмыттырып жібереді. Сондықтан да Құдайдан сақал сұрап, мүйізінен айырылған тоқал текедей қара сақал, қаба сақалдары бар мақалы жоқ, жалаң аяқ табаны жер анадан ажырап қатігездікке айналған, жалаң бас жүргендіктен миы ашып түсінікті жоғалтқан діншіл жастар да көбеюі сөзсіз. Түрегеліп тұрып ит құсап жер анаға сарығаннан жыныс мүшелеріне және екі аяғына жерден бөлініп жатқан суық сәулемен тәні арамданса, ал етегін түрген арсыздық қылықтан жатырына дейін қараңғылық басып арамданып жатқан жұбайларымыз бен қыздарымыздың да көмегімен жыныстық ит ауруларына ұшыраған еркегі де, әйелі де және құдайдай сенген өздері кімге сенетінін білмеген дәрігерлер де жанұясымен «емшісымақтарды» жағалауларына тура келеді. «Спид және небір иіс иттерінің» Алла тарапынан түсірілген шипасы да бар!  Мүмкін тәубаға келсе шипагерлеріне кездесіп қалар. Әйтеуір Алла шипасын берсін дейміз!

Кезінде Ибн Сина, Әл-Фараби т.б. аталарымыз да дінмен, әкім қаралармен қазіргі таңдағыдай қудаланған. Ал шындықтың қай жағында екенін анықтап, сол Алланың азабына түскелі тұрған бауырларымыздың жартысының болса да оң таңбалар алып,  азабын жеңілдететін екінші жолы бар. Оны шайтанға көмекшілікке жалданған үндеудің егесі айтып кетіпті. Алладан басқаны ауызға алып ант беруге болмайды. Шындығында шайтанды жеңу  – өз өтірігін өзіне тонын айналдырып қарсы қоюда! Адам баласы нені білмесе содан қорқады. Жаратылыс себептерінің мәнін білмей (жаратқан мен жаратушы) және оларға деген ерекше жек көру сезімін туындату қосымша ашу, ыза мен кектенуді туындатып, сүйіспеншілік сезімдерін бүркемелеп жүрекке перде түсіріп, мөрленумен аяқталады.

Сондықтан осындай себептердің мәнін білмеуден шарасыздық, одан күпірлікті, жалған бәсекелестік салдарынан және бұзақылық жолындағы сезімдерді күшейтіп, ақырында елдегі бүлікті, діндегі бірлікті апаттарды туындатады. Басталып та кетті. Сондықтан ондай Құранды кемелденуге, даналыққа  емес надандыққа алудан ара жігін ақ пен қараны ажырату үшін жаратушы тарапынан берілетін үкімдерге мойын ұсындыру қажет. Аятта: «Анттарыңды араларыңда алдауға сылтау қылмаңдар. Аяқ берік басылғаннан кейін (салт-дәстүрдің бекігеннен кейін іштеріңнен ғұламалар, әулиелер шыққаннан кейін) тайып (өзге топқа еріп), Алланың жолынан (әдет-ғұрыптан) тосқандарың үшін жамандығын татасыңдар. Әрі сендерге зор азап бар.» (94) «Алланың антын арзымайтын (дүние тіршілігіне, болмаса ішкен жеген тамағымен, туған туысқан т.б. ант беру) нәрсеге айырбастамаңдар. Білетін болсаңдар, Алланың қасындағы (сүйікті құлдары) ғана жақсы.» (16-95). Сондықтан қазақта Алланың атымен бостан-бос ант бермеген немесе қарғанбаған.

Жоғардағы үндеу егесінің ескерткен қарғанулары осыған байланысты шығып, шектен шыққан жағдайда ғана кісінің атымен (киемен) «Аруағым атсын» деп қарғаған.  Жаратушымыз бостан-босқа Алланың атымен ант бермеуді ескерте отырып, егер де шындыққа көз жеткізгілерің келсе ғана өлім тілеп және өзіңе лағнет сұрап ақталуға болатынын ескерткен көп аяттарда. Олай болса халық алдында бүкіл Қазақ елінде тіркелген дін топтарының өкілдері, мейлі арнаулы бекітілген мешіт басшысы болсын, нұрландыратын ұстанған бағытының нақты болмысын дәлелдейтін ерекше тұлғаларды кемел адамдарды қалыптастыратын құжат нұралдырушы кітабын Құранмен, Інжіл, Тәурат, Забур қағидаларымен ғана дәлелдеу үшін ғылыми сараптама кеңесін құрып ұсынуға тиісті. Ғылыми кеңес қабылдаған жағдайда ел алдында істерінің хақтығына және ел, халықтар бірлігіне, мүддесіне қайшы келмейтініне топ басшылары төрт (4) рет ант беріп бесіншіде; өтірік айтқан болсам «Алланың қарғысы атсын!» деп  жаратушының алдында лағнетін сұрау керек. Және мұндай іс-шаралар бүкіл әлемнің дін кеңесінің көз алдында қабылданғаны мақұл. Бірақ дін кеңесшісінің басты шарты; Алланың жібіне жалғанған дәлелі, белгісі, құпия аяттардың көрінісін ашқан еңбегі болу керек! Бұл – Яссауи бабамыздың негізгі қағидасы. Сонда ғана халық көп ұзамай ақиқатқа көз жеткізетін болады. Сол сияқты рәсімдерді имамдардан, сопылардан, майда топ өкілдерінен де тұрғылықты жерде кіші ант беру рәсімдерін өткізу керек.

Құрметті дін басшылары, сіздер егерде өтірік айтпай жүргендеріңізді халық алдында айқындауға, болмаған жағдайда өз бастарыңызға Алланың қарғысын шақыруға өздеріңізге сенімдімісіздер? Ал үкіметтің қудалап соттап жіберген «Ақ жол, Ата жолы» атынан мен Байтасов Тоқберген Кескір ұлы жоғарыда жазылған және осы уақытқа дейін әлі толық жарық көрмеген төрт кітаптар түрінде жазылған еңбектерімді ұсына отырып, еліміздің және үкімет, әлем алдында Құранның белгісіз жарияланбаған  құпия түсініктерін, ғылымын, есептік сандық жүйесін ұсынамын. Сондықтан бұл ақпараттардың Раббымыз тарапынан аянмен көрсетіліп, батамен, әулие бабаларымыздың аруақтарының жетелуімен жазылғандағына, Алла тарапынан хақиқат екендігіне өз атымнан; Төрт рет Алланың атымен ант ішіп, бесіншіден егер де пікірлерім Құранға, жаратушы үкімдеріне қайшы болатын болса; «Алланың лағнеті маған болсын!» деп қосымша ант ішуге «діни сауатсыз» аталған халықтың атынан куәлікке тұрамын!

Ендігі кезек сіздерде ел басшы, дін басшылары! Білгендеріңізге, істеріңіздің ақтығына ант беріңіздер халыққа. Сонан кейін халық та көзі жетіп және куә болсын кімдерге Алланың лағнеті мен қарғысы тигеніне!

Қарасай ауданы Алғабас ауылы Бейбітшілік көшесі №6                                                            

 Байтасов  Тоқберген  Кескір   ұлы, Маусым 2010 жыл. 

            Құрметті осы мақаланы оқушы! Бұл мақаланы ешқандайда баспасөз баса алмайтындықтан, егер сіз өзге елдің қосын тігіп, сөзін сөйлеген сығандықтан және бәрін білдім деген «білдіман» ауруына ұшырамаған, қазақ дін танымына және болашағына бей-жәй қарай алмайтын, тегіңізде бабамыз Қазақ Қаһанның және алты алаштың белгісі (алты үйі) ділманы бар болса, әрі қарай ақиқаттан хабардар болғыңыз келсе, үнсіз қалмассыз деген оймен кезек күттірмейтін және де халықты өз асыл шежіресімен қауыштыратын,  тарихта әлем халқын таң қалдыратын асыл қазыналарды көрсететін уақыт жеткенін хабардар етемін.

Алтын адам деген асыл анамыз Ұлсай Емер анамыздың (Алаш Қаһан жұбайы, Қазақ, Созақ және Зейнеп анамыздың шешесі) өз атымен аталып және оған қосымша дәлелдер аталарымызбен бірге көмілген, шаң, тот басып жатқан қазыналарды өз ұрпақтарына қауыштыратын, Алаш бабамыздың басын көтеріп, әлемге мақтанатын мезгілі туды! Қазақ халқының өз шежіресімен қайта қауышып, қашанда әлем діндерінің көш басшысы болып ақиқаттың қайнар бұлағының негізін салған бабаларымыздың еңбегімен де өз ұрпақтарымен қайта қауыштыруға өз үлесіңізді қосарсыз деген үмітпен кейбір ел басқарушы азаматтарға жеткізулеріңізді сұраймын. Себебі, жариялауға болмайтын көп ғұламалардың еңбектерін мүлдем теріске шығаратын, қазақ елінің әлем ғылымының алдында жаңа қырынан танытатын, сондықтан да тек ел мүддесіне жан ашитын ел басшыларына ғана жеке берілетін құпия ақпараттардың бар екенін ескертуді жөн көрдім.  

Ешқандай құбылыс өзгерістер, тіптен ағаштағы жапырақтың да жерге түсуі алдын-ала белгіленген жоспармен, мезгілдік себептермен болатыны даусыз. Оны әрбір нәрсенің оқиғалардың тағдыры дейміз. Сол сияқты әр мемлекеттің  – елдің, ұлттың және ішіндегі жеке-жеке қауымның да тағдыры мезгілдік түрленуі осындай себептерге байланған. Соған байланысты әр елдің ішкі саясаты ұжымдық өмірі сол елдің рухани (рұхтық) дамуына тәуелді. Қазіргі қазақ елінің әлемдегі саяси орны, ұстанған бағыты қалайда халықтың қарнын тойдырып, өркендеген елдер қатарына қосылып, әлем базарынан өз үлесін алуға негізделген. Әрине аш бала тоқ баламен ойнамайды. Бірақ әлем әлі экономикалық (шаруашылық) дағдарыстың амалын тауып ұжымдасып шығу жолын тауып амалдар жасағанымен, алда онан да өткен миллиондаған адамдар шығынымен көптеген елдердің дамыған шаруашылығына қарамастан жер бетінен жоғалу алдында тұрған рухани дағдарыс алдында тұрғанын сезбейді. Яғни, көптеген елдерге қиямет оқиғасымен соңғы күндері туды. Оған алда болатын апаттар, аурулар, күн мен айдың толық тұтылуымен жер бетіне түсетін қорқыныш және ақылға сыймайтын оқиғаларға адамзат баласы куә болмақ.

Әлемде дін сынағының үшінші кезеңі басталып та кетті.  Қазіргі таңда дінді меңгердім деген көп елдің соңынан еріп, айдауына жүріп, халықтың тыныштығын сақтап, дін бірлігін қалыптастырамын деген үкімет саясаты тоқырауға ұшырап, көптеген басшылар, ғалымдар және жоғары лауазымды дін басшыларына да сынақтар түседі. Діннің өзіндік саясаты бар, ол көпте болмайды, азда және қарайым надан деп менсінбеген ортада шежіремен байланыста болады. Дін тазасын тапқанша әлемде адамдар саны 3 есеге қысқарып, діннің тазасының белгісі сол елдің ана мен баланың денсаулығынан және тіл тазалығы мен сөз байлығынан ғана жалғаса бермек.

Осы әлемге келген сынақтардан қазақ елі де, ел басқарушы әкім қаралар да, діншілер де, жазғыш ділмарлар да құтылып кетпек емес. Қандай да бір болуға тиісті үлкен уақиғалардың алдын-ала кіші белгілері түсіп, ол белгілер халық арасына тарап меңгермегенде ғана келесі одан да ауыр қиын белгілері түсіп отырады. Қазақ жерінде өліктер сөйлеп, ескертушілер келіп, оған діни және басқалай сауатты жазғыштарымыз бен әкім қаралармен ойдан шығарылған заңмен қудаланып ақыры соттап тынды. Енді сол уақиғаға қатысқан әрбір пенденің жан ұяларына, жеке бастарына сынақтар түсіп шешімін тауып зираттап түзете алмаса, арты өліммен аяқталары даусыз ақиқат. Аятта: «Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе де сенбейді. Алайда, барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келгенге дейін (қиямет мезгілі) қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының (аруақтарына) маңына түседі. Күдіксіз Алла серттен таймайды.» (13-31).

  Кезінде қазақ елінің тұтастығы бұзылып, әлемде діншілердің айдап салуымен ағайындар бір-бірімен қастасып, қандар төгіліп, елдердің ауыз біршілігі бүлініп, әлемде соғыс өрті тұтанған уақытта; Шыңғысқан атамыз дүниеге келген екен. Сол атамыз сәби үнімен дүние есігін ашатын күні таңда жерге жүзім бұтағы сияқты болып салбырап тиіп тұрған жұлдыздарды көрген өгей әкесі «Темуршын (салбырап тұрған жұлдыз) шындық жерге түсті, әлемде әділеттілік орнататын ұрпақ келді» деп ырымдап жорыған екен.

Жалпы, қарапайым аруағын сыйлаған қазақтардан сүйінші! Ал қарсылыққа түскендерге абай болыңдар! Мен де сондай оқиғаның куәсі болдым; 9-шы қазан айының алғашқы жұлдызында, Марал баба басында түнгі бірлер шамасында жерге жұлдыздар жақындап келіп сәжде жасады және артынша Қорқыт баба ескертуі келді батамен. Қазақ еліне Ғиса жерге түсіп Мәді (Мағди) дінді түзеуші киелі ұрпақ келді қазақ жеріне! Соған байланысты енді маған осы уақытқа дейінгі тылсымнан берілген, бірақ жариялауға құпиялап келген ақпарат белгілердің біразын жария етуге ұлықсат берілді. Жазылып та жатыр; аянмен жетеленіп, Құранмен дәлелденіп.

Ол кітаптың шығуымен байланысты әлемдегі барлық діншілерге, әсіресе «шерік», «серік» деп халықты теріс уағыздаған қазақтың көптеген діндарлары мен жазғыш, айтқыштар мен жалпы ғылыми ортаға, үкімет басшыларына үлкен рухани сынақ болары сөзсіз. Ал елдің билігімен қазанның тұтқасын ұстасам болды, халықты тойдырып семіртемін деп партия құрып, ел бірлігіне сына қағып жүргендерге тұзақ түсіп басымен қайғы, от басын түзетумен әуре болар. Көптің жағдайын қарастырып, амал жоқ көпшіл болған, дін надандарының да көңілін жықпаған ел басымызға да діннің дағдарысының салқыны тиеді де, ел басқару ісінде тығырыққа ұшырауы мүмкін.

Сонымен ел басқару кез келген партияшыл, жабылып ойдан болмаса шеттің мүддесіне қарай заң шығарып, «нөлдермен» басқару керек дейтін еркіншіл партияшылардың саясаттары күйреуге ұшырайды. Өздері күйзеліске түседі. Қарапайым ғана дәлел; ел басын сайлауда шет жұрттың ұсынған еркіндік жолы оттың басын, жанұяны күйретуге, елді бір-бірімен өзара араздастырылуға құрылған. Маған жаратқаннан «әйеліңнен дәрежеңді биік қойдым» деген аятына қарсы менің кімді басшы қылып сайлауға деген ниетіме қарсы жанұяда қанша адам болса бәрі өзіне лайық басшы сайлау керек екен? Сонда менің ата—бабамнан келе жатқан еркек – отағасы деген құқығымды ата заңым аяққа таптап, от басын, балаларымды да басқару билігімнен айырады екен. Сенің сайлаған «президентің не берді?» деп келесі сайлауға дейін жанұямызда қанша адам болса, сонша қайшылық пікір немесе жанжалға, елдің тұтастығын, бірлігін бұзуға ғана себепші болады шеттен алынған еркіндік заңдылығы, «ата заңымыз». Қай ата-бабаң ауылының ақсақалы мен елінің би, әулиесінің алдын кесіп, хан тағына таласып, билікке араласып, қатынын талтайтып төрге отырғызған еді?

Өркениетті деген туысқанымыз Жапон елі еркектің жыныс мүшесінен бастап түрлі елдердің әдеттерін алып, біліміне табынған еді арты не болып жатқанын көріп отырған болар ел басшылары? Және біздердің діншілеріміздің табынған арап тектес елдерге неге сынақ түсті? Арапша дұғаның, намаз оқудың құдіретін неге көрсетпейді? Неге Құдайдан сұрамай адамнан сұрап бірін-бірі өлтіріп жатыр діндері түгел, естері дұрыс болса? Әлде бұл мысалдар жеткіліксіз бе? Міндетті түрде өз бастарыңызға келіп барып Құдайды тануға шарт қойған ба ел басшылары? Әлде халық тағдыры саясаттың ойынына айналған ба? Сондықтан да сондай мейлі кім болса да қанымыз бір қазақпыз деп, болашақта жалпы халық алдында жерге қарап масқара болмас үшін мүмкін алдына-ала тәубеге келер деген үмітпен осы жарияланбаған үнпарақтардың кейбірін талағында биті бар ел ағаларына жетсе деген үмітпен қайта таратуды жөн көрдім.

Оған бірден-бір негізгі себептің өзі үкімет тарапынан қазақтың дәстүрлі дінін мүшріктерге (бұтқа шоқынушыға) балап, күнге шоқынған топпен бірге соттап және сол сот үкімін орындаушылар бүкіл мемлекет ішінде өзіміздің жетімдері мен жесірлерін қудалап, ақылы сау қызметте істейтін дәстүрлі дінді жақтаушылардан қолхат алып, болмаса қызметінен айыруға дейін барған жағдайлар болып, әлі де жалғасуда. Оған енді жаратқанның елге лағнеті түсіп, ауру апаттарымен, адам өлімдерімен ескертілгенмен, шара қолданылмағаннан кейін енді нақты сол іс басында жүргендерінің бәрінің басына нәубет пен сынақтар келді! Қызыл ағаш оқиғасы қайталанды, әлде де одан да зор оқиғалар және 7 түрлі қасірет сынақтары күтіп тұр алдымызда. Әлем халқына келген аштықтар мен жер, су, от апаттарымен қоса денсаулыққа және ғылымға келген сынақтардан қазақ халқының  жаратқаннан түскен «өліктермен сөйлестіру» заңдылығымен жеңіл түрінде өтудің жолы бар! Алдағы түрлі мерез, тері, иіс, «пұшық» ауруларымен жаппай адамзаттың қысқару өлімінен қазақ елі түгіл, әлемді құтқаратын қазақтың «Ата жолы» ғана болмақ!

 Сондықтан ел басында, дін басындағылар тарихта таңбаланып тұқымдары тозып, өздері болашақ ұрпақтарымыздың алдында масқара болмас үшін «ештен кеш» жақсы болар деген ізгі ниеттен ғана туындап, негізгі дін басшылары түгіл ғалыммын деген пенделерді де жерге қаратып, өзі жазған, айтқан сөзінен қашатын, тығыларға тесік таппайтын күн де жақындап қалды. Оған жеткілікті құранның құпия сырлары мен Раббымыздан түсірілген  дін ғылымы да бар!

 

Сәуір айы, 2011 жыл.

Атам Қазақтан бастап келе жатқан салтымызды осылайша ырым қылдым. Екі азамат сен үшін қып-қызыл шаттаққа дейін барып жатса, қалай сырттан бақылап қарап отырайын, сондықтан сіздер де кешіріңіздер оқырман қауым. Екі азаматтың да дауының басы; «Дайрабайдан қалған көк сиырға» ұқсайды. Сол көк сиырды «атамнан қалған сарқыт қой» деп   егеленіп жүрген қазақтың бірімін. Оның да себебін алда түсіндіре жатармын.

Әңгімеге негіз болған; «Абай уаһһаби ма?» деп аталып Әзірет Барболдың жалаларына жауап  деп, Қайрат мырза өзінің жоғарғы дәрежелі дін ғалымы ретінде газет бетінде уақыттарының қымбаттығына қарамастан, жауап пікір таласқа келуі мен үшін үлкен мәрхамет. Сондықтан екеуі де «Мен» үшін дауға түсті деп сауға сұрап дауға сұрануымның мәнісі осы. Мен үшін деп отырған себебім де, бірі сауатсыз атанғандардың қатарынан және бұндай істер әдет-ғұрпымызда болған деп пікір айтып жатқан қара халықтың қан сонардан із кескен аңшының немесе жолға шығып қай бағытқа қарай жүрсем екен деген жолаушының кейпіне түскен, үкіметіміздің құзырлы орындарымен заңды түрде сотталып; «ит жеккен жаққа» емес «күл төккен жаққа» айдалуға дайындаған «Ата жолы, Ақ жол» атты топтың негізгі басты орындаушысының, ұйымдастырушысының бірі болып табыламын. Қанша іргелі ғылымдардан хабардар болып, есептің түр-түрін шығарып кезінде озаттар қатарынан табылып, елге қызмет жасап, әр түрлі мамандықты және қиын кәсіптерді меңгергенмен,  Нұр Мүбарак университетін бітірген немесе Арапша жүргізіп оқу дәрежесіне жеткен, шетел асып дін оқуларын бітіріп келгендердің алдарында «сауатсызбын». Шындығында, Қайрат мырзаға қарағанда арап тілінен әрпін танығанмен, задын білмейтін мүлде қараңғы соқырдың бірімін. Сондықтан да менің пір тұтатын тілмашым Халифа Алтай атамыз болса, қалған дінім де, ділім де қазақтың өзімін.

Қош! Мақала барысында екі адамның арасында ғана болатын әңгімелер бар екен, оған тоқталмаймын, Өйткені, сауатсыз болғанмен әйтеуір мұсылманмын және Әзіреті Сұлтан бабамыз; Біреу сені жамандаса, көңілді бол деп күнәсінің төгіліп, жақсылыққа жететінін ескерткен. Ал Құранда да сондай үкім бар. Мүмкін Әзірет Барболдың Қайрат мырзаға жасаған бір сауабы болар. Енді мені толғандырған мақаладағы; «Үшіншіден мен оқырман сауалдарына берген жауаптарымды исламның классикалық  қайнар көздерінен пайдаланып дайындағанымды сен білмесең жұрт біледі. Күрделі сұрақтарға жауап ретінде жазылған бір ғана «Дін мен діл» кітабымды жазу барысында сексенге жуық, әрқайсысы ондаған томдардан тұратын исламның классикалық  Қайнар көздерден тұратынын сен білмей-ақ қой, оған әр ісімді бақылап тұрған Ұлы Жаратушым мен бөлмемнің бүкіл қабырғасын жауып тұрған жеке кітапханам куә».

Олай болса; Қайрат мырза, сіздің қазақ елінің дін істерін жүргізудегі басты танымал тұлға екендігіңізге шүбәм жоқ және көп еңбегіңіздің оқушысы ретінде Әзірет Барбол ағайыным үшін мен кешірім сұрайын. Жұмсақтық  – мүміннің басты белгісі ғой. Ол да мына негізінен мен сияқты қараңғы қазақтың мүддесін қорғап шырылдап жүр. Бүлдіріп жүрген мына біздерміз. Жеті жылдың көлемі болды, сауатсызсыңдар деп бүкіл баспаханаларда өздеріңіз де есіктеріңізді жауып алғасын, анда-санда шаң басқан қағаздарымды тесіктерден тықпалап, сіздерге аруақтың шаңын апарып түшкіртіп, Мұса пайғамбардың таяғын, Сүлеймен пайғамбардың қамшысын, Дәуіт пайғамбардың үнін салып, шариғат негізі  – ақиқатта, ақиқат – қазақтың бес таңбалы теріге жазылған кітабында деп, «науша» жасқа келсем де, аруақ десе үйде отырып делебем қозып, тақымын қысатын, көптен бері түрткілеп мазаларыңды алып жүрген тазша бала өзімін.

«Таздан – жарғақ бас туады, кедейден – мал бақпас туады, ай қасқадан – құла төбел туады» деп аталарымыз бекер айтпаған-ау шамасы. Сырдың бойында туып, масасына таланып, ақсақалдардың қолына су құйып, сарқытын ішкеннен болар, керек болар деп ескінің бәрін тастамай сіздерше «бүйректен сирақ шығарып» мазаларыңды алып  жүрген жайым бар. Жастайымнан мал бағуды меңгеріп, өсе келе сөз аңдитын, сөз бағушы болып алдым. Енді қалай сөксеңіз де ата-баба аруағының алдында жаным пида. Сондықтан сіздің «күрделі» «классикалық» «том томдаған» ойларыңызбен (егер де жекешеленуге кетіп қалмаса) Ұлы жаратушыңыз Раббыңыздан ұлықсатын алыңызшы? Сауалдарым сауатсыздау болса алдын—ала кешірім өтінемін!   Біріншіден; Ислам классикасында жаратушы мен жаратқанның сипатын қалай түсіндіреді. Сол сізді де, мені де жаратушы жаратылуымыз үшін жаратқанды жаратыпты. Жаратқанды  «Бір» деп, жаратушыны «Жалғыз» деп, Алла жар бол деп қысқартып, аруақ қолда (аяқта емес), оң қолдағы 18 санымен, сол қолдағы 81-ді айтамыз. Ортасы 63—пен беріліп сіздің кітапханаңыз сол 63-тің ішінен қағазға түсірілген. Тек күмәнді жері құраннан алшақ кеткен жері болуы даусыз. Құранда да санмен солай көрсетілген.

Оның орындаушылары сіздің де біздің де Рабыларымыз екен. Әрине, сіздің арап тілінің маманы ретінде күрделі сұрақтарды «шемішкеше шағатыныңызға» шүбәм жоқ. Екіншіден; арап тілінің классикалық маманы ретінде тікелей классикасын Абай атамыздың орыс классиктерін қазақтың бай тіліне, ұшқыр ойына қауыштыра білгендей «пәлсәпалық» еңбектеріңіз де бар шығар? Бұл сұрақты қою себебім; Халифа Алтай атамыз арап тілі маманы ретінде араптардың өзін мойындата біліп, құпия сөздерді қазақтың бай тіліне жақындата білген және грамматикалық, тыныстық белгілерімен әрбір сөздің баламасын жеткізуге тырысып берген қасиетті кітаптың аудармасы мен үшін баға жетпес сый. Сондықтан қазақтың қара халқының атынан шексіз ризалығымды білдіріп; «Жаны жаннатта болсын» деп үнемі еске алып, басына барып тағзым етіп, зияраттап құран бағыштауым парызым деп білемін.

Сіз сол аударманы мойындап, болмаса арап тілінен ол кісіден де өздеріңізді жетікпін деп санайсыздар ма? Ол кісі  арап классикасынан сіз сияқты көп ізденбеген және дайын тәпсірлерді пайдаланып кіші серік қосылған түсіндірмелерді пайдаланған. Оған қандай уәжіңіз бар? Әзірге ешқандай еңбегіңізден кездестіре алған жоқпын. Және менің сауатсыздар тарапынан  сіздерге деген өкпем қара қазандай. Құранның бір әрпі немесе басқалай сөзін өзгерту – зұлымдық, күнә болып табылады деп өздеріңіз мысалдар келтіріп айта беретіндей, сол Құранда неге кешірілмейтін баспадан (аудармашыдан емес) қателік кетіп, оны екі он жылдан бері араларыңыздан бірде-бір ғалым, сопы, Құранды қорғаушы қазақ шықпаған?

Негізінен Меккелік араптарды ар сотына тартуға болатын қылмыс! Тағы қынжылғаным мақалада Абай атамызға сүйеніп; «Аят, хадис емес қой, Күпір болдың демес қой, Қанша қарсы келсеңіз..» Абай бұл жолдарда аят пен хадиске қарсы келудің күпірлік екенін, әрі құран аяты мен пайғамбар хадистерінің сөздердің ішіндегі ең қастерлісі екенін, әрі олардың қисынымен қиысатынын жеткізген.» Кешірерсіз, бұл сіздің пікіріңіз. Аяғына дейін түсініп оқымай діни әдеттеріңізге басып Абайға жала жаптыңыз Қайрат мырза! Абай атамыз аят хадис емес дегенді астарын айналдыр, сонда хадистің бәрі аят емес ішінде жалғаны, аятпен қабыспайтыны бар, абай бол күпірлікке түсіп кетем деп ақылды тұмшалама, қатесін ізде деген сияқты. Сондықтан сіздің Бұхари атамыздан берілген хадистерге сүйенетініңіз бір жағынан қуантады. Өйткені, Бұхари атамыз алғашқылардың бірі болып 92 санмен белгілеп, тек санмен берілген хадистерді пайдаланған. Бірақ сол кездегі білім, ғылым деңгейімен дұрыс келгенімен, бүгінгі таңда аяттардың сандық мәнінен мүлт кеткен жерлері көп. Сіз қалай ойлайсыз? 92 санымен нені меңзеген? Тағы Ясауи бабамыздың еңбегін зерттегеніңізді мақтан етеді екенсіз. Сондықтан да неге әрбір хикметтерді санмен белгілеген, қандай мәні бар? Негізгі жобасы, ғылымы неше бөлімнен тұрады? Өзіңізге ілімділігіңізге берген бағам бойынша ишандық дәрежеден көп болмаса кем емес сияқты.

Ясауи бабамыздың бағасы бойынша ишан екі жанды меңгеруші екен. Бірақ  мен сол ишандық немесе хазіреттік дәрежедегі  сіздің соңғы еңбегіңізді сөрелерден көрдім, бірақ алып оқымадым, себебі алдыңғы кітаптарыңыздан көптеген жан ғылымына қайшы және бірде-бір Ясауи бабамыздың көрсеткен жан ғылымынан хабар бермепсіз, нақты дерек жоқ десе де болғандай. Соған қарап сіздің арнаулы кітап алып, (40 күн аян) ол үшін Мұхаммед пайғамбарымызбен жүздесіп, батасын алғандығыңызға – ишандығыңызға күмәнім бар. Айтпақшы, ондай араларыңызда кісілікке жеткен кісілер, яғни жаратушымыз ескерткендей; «Ілімді іздегеннің үстінде білімді тұратын» аян ғылымын меңгерген ғұлама сопыларыңыз, хазіреттеріңіз бар ма? Мейлі, өздеріңіз танитын арап жағынан болсын. Пайғамбарымыздан қалған толық жорылмаған аян бар еді, соны 1431 жылдай өтті мүмкін толықтырып жорыған еңбегі бар шығар. Ясауи бабамыз шешкен екен, бірақ толық түсіне алмай жүрген жайымыз бар.

Діни сауттылықтың дәлелі ретінде қазақта да ілімділер бар екеніне мақтанайық, аят-аяндарымыз бар, әлі құпиясы шешілмеген, елдің болашағынан хабар ортақ ісіміз болар еді. Сіздің пікіріңіз бойынша; «Олардың мазмұнынан Барболдың ешқандай діни білімі жоқ екені анық байқалады …  қарапайым кітап оқығаннан да төмен екен» деп ескертіпсіз. Бірақ маған сол сіз сөккен Барболымыз қарапайым ғана емес жаратушыдан оқылып тұратын күрделі кітапты (Түс көруді) білетін сияқты сөз саптауларынан. Жақын тартты деп сөксеңіз де мен үшін «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» дейтін діни сауаты жоқ ауылданмын. Бірақ жаратушы тарапынан түсетін күрделі кітапты оқуға алған ұлықсатым және нақты әлем әлі білмеген хабарларым бар. Біздер көбіміз сондай тіл ғылымынан бөлек тұратын діни кітаптарды оқымайтын сауатсыздар қатарынан боламыз. Оқығым келмейді емес, серік қосылған атаулар мен шала піспеген сөздерден, үндестігі бұзылған атаулардан басым ауырады. Әлде мүмкін мен ауру шығармын? Бімеймін… діни сауатсыздық па, әлде адамдық қасиет, тілге жанашырлықтың пайда болғаны ма? Мүмкін себебін білерсіз?.

Пайғамбарымызды еске алатын мәуліт туралы көп жаздыңыз. Бірақ сіздер оқитын дін ғылымы да әлем ғылымынан бөлек сияқты. Мәулітті өз орнына 32 жылда бір-ақ рет оралатын қылып неге «хижра» жасап жібердіңіздер? Уақыт үш өлшемнен пайда болып, хижраның есебі ай мен жұлдыздың (үркердің) тоғысуымен, өзіңіз жазған қазақтың дәстүрлік жыл санауы екенін білмейді екенсіз? Сондықтан хижра 11 санына тәуелді қарсылық қозғалысын, жыл ішіндегі, ғасырлардағы маусым белгілерін туындатады. 35-пен 36-ның арасындағы қозғалыс жүйесі емес пе? Әлде құранның реттік санын қойған сүйікті сахабамыз қателесті ме? Оған пайғамбарымыздың туылған күнінің қандай қатысы бар? Қырық жыл өмірін неге жоққа шығардыңыздар? Әлде «Мені бауырым Ғисадан бөлме» дегенін оқымадыңыздар ма? Жұманы қалыпты жыл санаумен, қалған құлшылықты хижрамен орындаңдар деген құранда үкім бар ма?  

Сіздің «Дін мен діл» туралы кітабыңызбен танысуға уәде берейін! Егер де сіз баспасөз беттерінде және де мынандай сұрақтарыма жауап берсеңіз. Ділде ұлттық, үндік белгі бар ма? Болса Құран арқылы сандық мәнін берсеңіз? Тіл неше негізден пайда болып, дін қалай пайда болады? Өзіңіздің нағыз қазақ ретінде, қазаққа тән ерекшелік діндік, ділдік белгіңізді (кодыңызды) көрсетсеңіз? Жалпы дін мен ділдің қандай ерекшелігі және байланысы, өлшемі барын түсіндіре кетсеңіз? Арап танушы ғалым ретінде ол туысқанымыздан да хабар берсеңіз? Құранда қалай белгіленген? Інжіл мен Тәуратты білмесеңдер, түк емессіңдер деп құранда ескерткендей, сол киелі кітаптармен түсірілген сауап амалдарды неге исламнан бөліп тастадыңыздар? «Хижраға» ұшыраған 72 сауап амалды жоғалтып, із кесіп таба алмай жүрсек, ақыл беріп жөн сілтеудің орнына үкіметке шағымданып, пайғамбарларлар нұсқауларын қудалап, сотқа беріп қазақтың «кісілігін» соттап, жамандықты елімізге неге шақырып жатырсыздар?

Әдет, ғұрып, салт, дәстүр амалдарына жеке-жеке тұжырыммен сандық белгісін кітапханаңызды ақтарып көріп, шек арасын белгілеп, Құранның асыл сөздерімен қауыштыра кетсеңіз. Мүмкін сонда төрт кітаптың белгісі мен амалдары екенін жаратушымыз төрт мықты сөзбен бекіткенінен хабардар болармыз.. Бұл өтінішім әйтпесе елде ой шебері (шешендер, абыздар) философтарда жоғалды да, бәрін қысқартып дәстүрге айналдырып жібердік. Әдетің де — дәстүр, ғұрпың да — дәстүр, салтың да — дәстүр болып миымыз ашып, тіпті кей ақындарымыз да үш негізден тұратын, орысыңа да аударылмайтын «махаббат» атты киені; ғашықтыққа, құмарлыққа, құштарлыққа, асықтыққа, ынтыққа айырбастап үріп кетті.

«Абайламаса ақындарға азғындар ереді» деп жаратушымыз бекер ескертпепті! Сөзі азған елге жұлдыздар жерге жақындап, қиямет сағаты «ойбайласу мезгілі» болады деуші еді, әлде жердегі өзін-өзі мақтап ат қойған қаптаған «жұлдыздар» Аллаға серік қосып көкке әсер етіп жатыр ма? Жұлдыз адамзаттың ақылының жарығы деп айтып кетіпті әулие аталарымыз. Осы тіл мамандарының, мәдени майталмандардың осындай қылықтарын түсінуге діни сауатым жетпей жүр. Сондықтан да Алла сізді мұсылманшылықтан айыратын, өзіне-өзі баға беріп, күпірлікпен күнә жасататын осындай «жұлдыз» ауруынан сақтап, бес күн «жалған!» 5000 жыл шежіреге жалғанып, шежіреден аян алуды нәсіп етсін! Әлемде тәртіп орнатқан Алаш Қаһан, жұбайы Ұлсай Емер (алтын адам) анамыздан тарап, бабамыздың анасы Ізбөрі анамыздың туын ұстаған Қазақ, Созақ бабаларымыздың ұрпағымыз ғой әйтеуір. Бүкіл дін ғұламалары болып басына барып зияраттаңыздар! Білмесеңіздер діни сауатсыз болсақ та, шежіреден хабарымыз бар, көрсетеміз. Текті бабаларымыз туралы Інжілде де хабар бар. Араптарды да шақырсаңыздар. Жамақұт аталары да осы жерде Қазақтың бір ұрпағы ғой әйтеуір. Сауап жинаңыздар!  

 Құрметті Қайрат Жолдыбай мырза, бұл біздердің діни сауатсыздар ішінде күнделікті талқыланып жүрген сауатсыз сұрақтарымызды қойғаныма ғапу өтіне отырып, алтын уақытыңызды бөліп, (нағыз мұсылман екеніңізге шүбәміз жоқ) тек сыздауықтай сыздатқан нәрселеріміздің жарылып, иісі шығып, зиянымыз сіздерге тиіп кетпесін деп еміне – шипа, дертімізге – дауа таппағандықтан ғана осындай әрекетке барып отырмыз. Кім біледі менен де өткен діни сауаты төмен «тазша бала» шығып; Құрандағы барды жоқ қылып, аяттарды ертегіге айналдырып, кітаптарды бөлшектеп, өзі аз қазақты біріне-бірін айдап салып, сыңар езу «Білдіман» жастарды дайындап, Құранды тек арапша жаттатып, көкейін толтырып білімге жолды жауып, санасын өзгертіп, тақ санды дұғаларды шұбыртып, жан ғылымына қарсылық білдіріп, тілдің үндік санатын бұзып, ғасырлар бойы жиналған асыл қазынамыз ділді өзгертуге тырысып, елдің басына апаттарды, зұлымдықтарды шақыруда деп әлемге жар салмасына кім кепіл?

Сүйікті және әрбір намаз оқыған сайын, біріншіден сәлем беріп жүрген оң жағымызда тұрған Ғиса пайғамбар аруағын «Рахмет» сипатын (Інжілді қара) мазақ қылып жүргенімізді білімді, төбесі тесік христиан халқына жетізіп қойса не бетімізді айтамыз? Дінді біріктіреміз деп ел басшымыз шырылдап жүрсе,  қарны тоқ дінші қазақтың істеп жүргені қандай опасыздық демей ме? Құдай сақтасын әйтеуір! Сіздердің де халықтан жинаған садақаны, зекетті әр қазақтың қолының кірі, маңдайының ашы тері мен ата-бабасының төккен қанынан пайда болатынын ұмытпай, діннің негізі сипаты жер ана –«отан» екенін ұмытпай, таулардың ар жағына мойынды соза бермей, үкіметтің сенімін ақтап жүрулеріңізге тілектеспіз әйтеуір. «Ырылдасын қаппасын, өзіңнен (аруағыңнан, арың мен малың) жақсы таппассың» дегендей ағайынның аманы жақсы. Тек пайғамбарымыз ескерткендей, адамзатта болатын тозаққа түсіретін үш қателіктің бірі; өзін-өзі дәріптеп, өзгелерден жоғары санап «Білдіманға» айналып, шайтанға жәрдемшілікке тұрудан сізді әрдайым аман қылып, әйтеуір бір баспасөз бетін таңдап бес-алты рет пікір алысуға, болмаса араларыңыздан ең ғұлама деген Құдайдың нағыз құлы бар болар деп, осы «үшбу» хатты діни сауатсыздар тарапынан «Датымды» жолдап отырмын.

Салтымызды (дәстүрді емес) құрметтейтін әрі жанашыры ретінде жауапсыз қалдырмассыз деп, келесі жолы сіздің дәрежеңізге сай діни сауатты сұрақтарды қойып, еңбектеріңіздің ішіндегі көптеген мүмкін әдейі байқамай Аллаға ортақ қосқан жерлеріңізді (зұлымдықтарды) жазуға, халыққа білдіруге ұлықсат ете көріңіз! Сауатсыздығым «ныспымнан» (фамилия)  білінер. Аталарымды жалғаусыз ататпаймын да (әркімнің құрдасы емес), қабірінде тыныш жатсын деп, орыс болса да жиендер «Кер-гер» атаның ұрпағымыз ғой, Алланың болашаққа бірлеуіне берілген үкімі, білімі, ғылымы болар деп сабырлықпен болашағымды (бала-шағамды) ойлап өзгермеуді ырым қылдым. Құдайға нағыз құл болуға үмітті діни ағайындар арапқа тартып аталарынан артық болды деп айта ма дегеннен күдікті және елге берген түгім жоқ, өзім үшін оқыған намазым мен жасаған сауабым болса, сіздің ауылдың жасы, кәрісі «намазхан» деп хан сайлап, текті бабалардың аруағының назына қалудан қорқамын. Бір басыма жететін осындай түрлі қайғыларым жетерлік, хош көріп сәлемімді қабыл алсаңыз, сіздермен мұңымды шағып бөліспек ойым бар.

Сәлемнен екі «меннің» егесі! Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.

Алғабас ауылы Бейбітшілік көшесі 6 үй. Маусым, 2010 жыл.

             Бұл мақаланың жазылуына себепші болған «Қазақстан» атты апталық басылым бетінде қазаққа тән мақалалардың жарияланып, мешіт дін танытушылар арасындағы пікірталастар еді. Баспа бетіне ұсынылғанмен басыла қоймады, ол да мүмкін дұрыс болар. Осы мақалада көрсетілген Халифа Алтай атамыздың аудармасында баспадан кеткен Құранның кешірілмес қатесін мешіт ғұламалары неге көріп араптарға ескерту жасап түзетуге тырыспады? Әлде діни сауатты дегендеріміз араптардың ғана мүддесін жақтаушылар ма?

Енді қазақ дін танымындағы 7-8 жыл ішіндегі сыртқы бейнесінің сипатын, тарихын көрсету үшін осы уақытқа дейін баспасөз және жеке-жеке кейбір зиялы қауым мүшелеріне ұсынылған еңбектердің бөліктерін сіздерге танысуға ұсынамын. Осы мақалалар желісіне қарап діни сауаттылар мен зиялы қауымның көпшілігінің және қазақтың  мәдени ақпараттық жүйесінің кімдер мүддесі мен ықпалында екендігіне қарапайым халыққа түсінікті болар демекпін.

Баспасөз беттерінде кезінде «Зікіршілер кім?» деп Ысматула бастаған топты «Зікір гипноз» деп қудалап мешіт дін танытушылары үлкен белсенділік көрсеткен болатын. Сол кезде ара ағайындыққа түсіп, пікір таласқа шақырған мақалам мен  Ақиқат бастауы атты кітабымның бірінші бөлімін Оңғар қажы мырзаға апарып, жалпы қазақ дін танымым туралы пікірлесіп, ақ жолдағы бата т.б. туралы танысып зерттемек болған уәдесін берген болатын. Керісінше, баспасөз беттерінде «Ақ жол» деген шерік қосушылар деген бүкіл қазақ тілшілері, діншілері ерінбей жазып, көгілдір терезеден түспейтін әдет пайда болғасын «Арап емес, қазақ болайық ағайын» деген мақала жазып тағы ұсынып көрдім. Ол да алдыңғылар кебінін кигесін, мүмкін жанашыр бір қазақ табылар немесе әкім қаралар құлағына жетсін деген мақсатпен өзіндік құны да алуға қолайлы болсын деп 2007-ші жылы «Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр» деген кітапша шығарып, дін сауаттыларын ашық пікір таласқа шақырып және  хазіреті мырзаларға да апарып бердім, мүмкіндігімше шығартып тараттым. Сол мылқау көрініс.

Оның алдында 2006-шы жылы жан ғылымынан хабар және жаратылыс және тозақ ғылымының құран сырларынан, пайғамбарымыздың өсиеттерінен, Ясауи бабамыздың меңгерген хикметтерінен Ата жолында түсіріліп, көрсетіліп жатқан құпия ілім көріністерін баяндаған Ақиқат бастауының екінші бөлімін шамам келгенше шығарып қазақтың көптеген ғалымдарына, зиялыларына ұсынып көрдім. Солардың бірі қазақ философиясының бас ғалымы Ғ. Есім мырзаға өз қолымнан ұсынып, ғылыми сараптама жасап, қателігін айтуын өтінгенмін. Советтік білім алып, бұндай күрделі еңбекті түсінбейтінін мойындап, арап танушы ғалымдарға ұсынып сараптама жасауға уәде берген, өкінішке қарай зиялылықтың зайырлығын өз басым көре алмадым. Тағы да сол үнсіз жауап. Осы басылым бетін пайдаланып сол кездегі тура жолды түсіне алмайтын діни білімсіздігін мойындағанның өзі адамгершілік деп рахметімді айта отыра, еңбектерін қазбаламай, бірақ кейіннен дінді білмеймін деп, дін туралы жазғандарын ғана сынауды жөн көрдім. Бұл кітаптарымды көптеген ғалымдар мен сол кездегі бас кітапхананың меңгерушісі болған тектінің ұрпағы ғой деп Мұрат Әуезов мырзаға да ұсынғанмын. Онан кейін жазылған, бірақ аруақтың жариялауға тыйым салған «Құлшылық құпиясы – намаздар мен амалдар» атты шағын кітапшаны да осы басылым беттеріне сол қалпында бөлек орналастырмақпын. Бұл еңбектердің қалай жазылғандығы, қандай мәнісі болғанын алда «Ата жолы» даму тарихы, дін баспалдақтары сипаттарымен қоса таныстыра жатармын.

Былтырғы жылы Қарасай аудандық сотының шешімімен «Ата жолы»  халықты зираттатып садақа жинап, ел қауіпсіздігіне зиянын тигізіп, халықты кедейшілікке ұшыратып, ауруынан, бәле-жаладан құтылуға берілуге бұйырылған садақадан мемлекетке салық төлемеді деген айып тағылып, басылымымен қоса жаратқанның заңына тыйым салынған үкім шыққан болатын. Үкіметтің мұндай құран үкімі мен құдайдың түсірген пәрменіне қарсы шығуы әр түрлі апаттарды туындатып және сондай дінге қиянат жасаушы әкімдердің де болшағына, ұрпақтарына қасірет келетінін, елді қиямет оқиғаларына соқтыратынын ескертіп мақала жазып көп баспасөздерге таратылды.

 Баспасөз қызметшілері мен европашыл мәдениет үлгісін ұстанған ақпарат құзырлы орындардың өзге жұрттан келген ақылшылар мүддесін қорғайтыны көпшілікке мәлім. Құдайдың аманатын орындаушы – мешіт дін танытушылары, бірақ бұл шешімді ауыр жүктен құтылғандай қуана қоштап жарыса жазғанымен қоймай, маусым айында «Рұхқа табыну – шайтани іс» деп қазақ дәстүрлі дінін тамырымен құртуға бағыт алған мақала жарық көруіне байланысты жаратқаннан солар үшін кешірім сұрап, хазіреті дін басшысына да датымды айтып мұңымды шақтым. Ол мақалаларды да Мұхтар Шаханов, Есенбай Дүкенбай, Рысбек Сәрсенбай т.б. зиялы қауым өкілдеріне де ұсындым. Соңғы кісі қол беріп, өз меншігіндегі баспасөз бетінде жариялауға уәде берген. Мүмкін қанша дегенмен сөз саптауларына қарағанда қара халықтың жоғын іздеуші  болып,  әділ партия құрып «ақиқат» деп жар салушылар болғасын  көпке дейін үміттенгенмен, бірақ ақталмады.

Халықтың рухани мүддесін түсінбеген қандай зиялылық, қандай «еркіндік», әділетті қоғамдық ұжым болмақ? Және де Алматыдағы «Нұр Отан» партиясының әділет бөліміне де табыс етілді. «Адам аласы ішінде» деген рас шығар, кім біліпті. Қазіргі таңда кейбір шариғатымызға, зайырлығымызға қарсы бір бетінде Абайшыл, Шәкәрімшіл, келесі бетте қазаққа жат немесе жалаңаш әйелдердің сандырағын, болмаса сананың бірлігіне қарсы қазақ діни ұстанымына – ел бірлігіне, ұжымдық салтына қарсы мақала беретін пәтуасыз басылымдардың баспағанына құдайға мың да бір шүкір! Болашақта бет пердесін, нағыз бейнесін көрсетуге  ұяла қоймайтын болдым.

Сондай әлқиса баспасөз, мәдени майталмандардан әбден түңілгенмен, бірақ желтоқсан айында елге келе жатқан суық хабарды астыртын түрде ескерту, тәубамызға келейік деген шақырумен мақалаларды жинастырып, қолдан келгенінше көптеген баспасөз, көгілдір терезе мамандарына ұсынып та, айтып жеткізіп те көрдім, сол баяғы үнсіз тас жартас. Қазағым қалай ел боласың? деп Абай атамыз мұңданып, «етекбастыны көп көрдім» деп бекер айтпапты. Бас қамын ғана ойлайтын етекбастылар елімізде, әсіресе билік бастарында көбеймесе, әзірше азаймапты. Арты не болғанын жаратушымыздың мемлекетке де, халыққа да садақаны қалай төлетіп жатқанын төбеңізде тесігіңіз бітеліп қалмаса көріп, естіп жатқан боларсыздар? Ешкінің арандатуына ерген қой мінезден арылып, тылсымға құлақ түріп, европаның тірлігіне, арап елдерінің дініне еріп емес, нағыз діннің, мәдениеттің қандай екенін көрсетіп, өзге елді соңымызға ерте білетін бабалар ізін жалғастыратын уақыт келді. Ал егер бұдан бұлай да осы қалпымызбен, надандықпен бөліне берсек үлкен шығындар мен садақаны, хайырды еріксіз түрде бір-бірімізге төлейтініміз айдай анық. Үкім түсіп қойған, шегінерге жер жоқ! Бұл бүгінгі дініміз бен ішкі зайырлығымыздың, сауаттылығымыздың, ел намысының, қоғам құрылысының, елдің сенімін арқалап тізгінді ұстаған әкім қаралардың кішкене ғана сырт бейнесі мен рухани көрінісі болсын,  баспасөздерге қабылданбаған мақалалармен, жазбалармен танысып көріңіздер ағайындар «Ақиқат бастауы, Ақ бастау» атты басылымды өз тарапымнан ұсынуды жөн көрдім. Сабыр сақтасаңыздар, айтылатын, жарияланатын құранның аталар салған ізі, тура жолдың қағидалары мен негізі,  деректер де, құпиялар да әлі алда.  (Желтоқсан айы, 2010 жыл.)

Бұдан әрі қарай берген уәде бойынша елге келе жатқан сынақтардан сақтанайық дегенде ниетпен желтоқсан айында «Ғалым болу мен ғылым келу» деген мақаламен бірге «Ел басшыларының назарына», «Ұлылардан ұлағат алайық»  деген алдында жазылып таратылған мақалаларды қосып тағы да шамам жеткенше таратып, онан мамыр айынан бастап «Сабыр түбі – сары алтын, сарғайған жетер мұратқа!» деген мақаламен діндегі жалпы жағдайға халық арасынан пайда болған, айтылып жатқан пікірлерді тұжырымдап, шамам келгенше оқырманға таныстыруға тырысып бағудамын. Бұндай әрекеттерге барудағы мақсатым мыңның ішінен біреудің түйсігіне кіріп, әйтеуір азғырудан аман қалып, ақылға келсе онда босқа еңбек етпегенім деп түсінемін. Енді осыған дейін жылдар бойы өтірік айтқандай болмайын, «Ақиқат анықталса, бүгінгі шынымыз қайда тығыларын білмес» деген ұстаныммен бабалардан тылсымнан оқытып жүктеліп жатқан ақиқаттың пердесін түріп, халыққа жүзден бір бөлігін ғана таныстырып көрейін деп шештім. Бұған себеп алдағы жалпы көпшілікке ұсынылып, басқа тілдерге де аударылуға тисті Кітаптың ішіне осы қазақ елінде болған, мақалаларда айтылған, көрсетілген жағдайларды болашақ ұрпақтарымыздың алдында өзімізді-өзіміз масқараламас үшін қайталап жазбауды жөн көрдім.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

       Көп адам дүниеге бой алдырған,

      Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

      Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

      Өлмей-тұғын артына сөз қалдырған.  (Абай ата)

 Ықылым замандарда Қырық қақпалы Сайрам шаһары әлемді билеген Қазақ Қаһанының астанасы болған. Сақтан, Қазақтан, Алаштан тараған сансыз (жаратушы нұрына бөленген) бабаларымыздың мекені болған қала. Сансыз бабаны кейін тарихатымыздың дұшпандары араптан арнайы келгендердің қатарына қосып ислам дінін таратушы деп немесе сөз астарын ұқпайтындар саны жетпес дегендей өзгертіп жіберген.

Сансыз деп жоқтан бар болуды, бірді атасақ немесе сол Алланың бірлігін, ерекше хикметті меңгеруді айтады. Құранда сендер білмейтін қаншама пайғамбарлар бар деп ескерткендей исламнан бұрынғы түскен кітаптардан «Ақиқат» негізін қалаған қазақ жерінде 63 пайғамбар және 28 елші жалғастырушы болып 91 кітаптың сөзін «Насият» деп ұрпақтарға аманат қалдырған. 92-ші кітаптың аты «шариғат» болып, Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеті мен ізгі амалдары болып табылады. Сондықтан сол 92 кітаптың амалдарынан Құран түсіп тұратын заманына қарай амалдар нәтижесіне, ел ішінен болған ерекше қасиет берген құлына, аянмен құран аяттарының құпияларын үйретіп отыру арқылы ғана адам баласы ақиқатқа қосылып, бірігіп, сансызға айналып отыру шарт. Сансыз болғандарды Бір Алла деп, жаратушының тәңірлік сипаттарының жоғарғы сатысын айтады. Шариғат амалдарын шежіреге, ғұрыпқа біріктіре отыра тарихатқа өтіп, тарихатта тылсымнан періштелерден сабақ бата алу (уахи) арқылы ақиқаттың жаңа белесіне өтіп, өткен және болашақпен кездесіп шежірені жалғап отыру керек. Бұндай діннің бірлену нәтижесінің адам парасаттылығын қалыптастырып оның көрінісі шабыт атты пыраққа мініп, сөз ғылымын меңгеріп, білімді жетілдіріп жоғарғы өркениетті меңгеру болып табылады. Діннің тарихы, ұлтық бейнесі, ірге тасы немесе тамыры «Ғұрыпнама» ( елдің Құраны) болып төрт белгімен беріліп отырады;

Ай жүзіндей жарқыраған «Нұрлы шежіре»,  Айтсаң айнымас «Асыл шежіре», Көрсең көзің тоймас, ұрпақ аумас «Алтын шежіре», Атасының борбайын, анасының ойбайын айтар «Аңыз шежіре»      

                                                                                     (Асан Қайғы)

Бірінші белгісі; Әрбір пенденің, шабыт, шығармашылық өкілінің, діншінің айдың жүру жолдарымен жыл өзгерістеріне, құс жолының қозғалысына байланысты түс, аян көру арқылы әрбір адам баласына жеке берілетін оқиғаларды халықтар шежіресімен, негізгі заман кезеңдерімен шындыққа шығарылған тарихи  нақты деректер әр түрлі белгілермен, таңбалармен жазылып, құпия сақталып ұрпақтарынан аманатқа қалдырып отырады. Және киелі кітаптармен расталады. Екіншісі; ауыз әдебиетімен болған оқиғалардың жыраулар мен ақындардың, сыпыра шежірешілердің айтқан өсиеттерінен өткеннен үгіт алу арқылы беріледі, яғни халықтың жадында сақталған оқиғалар тізбегі. Үшіншісі; жазба, сызба, таңба түрінде қалдырған мұралар, жәдігерлер, таңбалар арқылы оқылады. Төртіншісі; тарихи оқиғалардың аңыз арқылы әртүлі «әлқиссаларды» сол жоғарғы деректермен салыстыра отыра, ғалымдардың зерттеулерінен шығармашылық өнер мен романдар, кино т.б. туындылар арқылы толықтырылып жазылады.

Халықтың жүрегі кірлеп, есту қабілеті әлсірегенде сөздің құны жоғалып, ойлау жүйесі өзгеріп, басқа елдің сөз отарына ұшырау тарихи оқиғалар жалғасы, яғни сөз соғысы, ақыл-ойдың соғысы, жер бетіндегі халықтар арасында алмасып, айналдырып отыру жаратушыдан тұрақты берілген сынақ деп біліңіз. Ондай соғыс ғасырларға созылып ақырында бір елді екінші сөз үстемдігін алған ел отарлау арқылы нәсілдік сипатын өзгертіп, сіңіріп, тілін өзгеріске ұшырата білсе, ондай ұлт та тілімен бірге жоғалып отырады.

 Бұндай ақпараттық соғыс негізінен сақтардан басталып әлем түрленіп, қайта сақтардың негізгі ұрпағына тектілерге шабуыл жасап, қайта жұтылып, түрленіп отыру жер жүзіндегі тарихи оқиғалар шежіресі «Насият» болып жазылып, «Бес таңба» деп аталып, кейіннен Мұхаммед пайғамбарымыз «Ізбөрі» деп ат қойып кетіпті. Ол кітапты аятта; «Рас білеміз. Өйткені олар: «Құранды Мұхаммедке бір адам үйретеді» дейді. Олардың ұйғарған адамының тілі бөгде. Ал бұл Құран ашық Арап тілінде» (16-103). Құраннан басқа құпия тілде шариғат істерін көрсетуші басқа тілде кітаптың (Құранның шариғат негізі) болғанын осы аят растайды. Және сол кітапты апарған Укаша сахабаның Михсан, яғни Сансыз баба ұрпағынан тарап, басы пайғамбарымыздың аяқ жағында жерленуі жеткілікті дәлел емес пе? Сол «Бес таңбаның» төртіншісін аңызын халық оқып та, көріп те, баспасөз беттерінде жазылып та жатыр. Үшінші белгісі болып табылатын нақты таңбамен теріге жазылған кітапты аталар аманатын; Көрсең көз тоймас «Асыл шежірені» ұстайтын да уақыт келер. Әзірше екінші түрі ауыз әдебиетімен таралған «Айтсаң айнымас асыл шежіреден» сыпыра шежіреші Алиасқар Байғұтұлының (1898-1981) қалдырған мұрасынан танысып көрейік;

Жұмыр жердің бетін дүр сілкіндірген және әрқашанда әділдіктің жолын ұстанған, қаһары мен қайырымдылығы тең болған тектілерден шыққан қаһандар, патшалар, Гүрхандар, Хандар, Баһадүрлер, Шешендер, Көсемдер;

1.Кер Сақ-аб сансыз Баба! –Данышпан.

2.Күрең Алаш Сақ-аб қаһан.-Баһаул!

3.Алаша қаһан баһаул!

4.Қазақ, Созақ қаһан-«Баһан-бастар»!

5.Қыпшақ «Атауұлы» (Атила) каһан Баһаул!

6.Тоны Көк білекті қаһан!

Бұл дерек шежіреден ұлағат алсақ; Сақтан шыққан қаһан, баһаулдер әлемді өзіне қаратып, сақ мәдениетінің жазу-сызу үлгі өнегесін таратып, әділетті заңдарды шығарушы «Ғұрыпнама» негізін қалаған; Сақтың алты ұлынан тараған ғұламаларды ел басқарушыларды «Сақ-аба» (қожалар-әмір иелері), яғни адамзатқа Адам атадан бастап түсірілген негізгі атаулар жүйесінде қалыптасқан «АБ» әліппені кейінгі жаратушы тарапынан берілген, түсірілген нұсқауларды  «А» әліпбиіне жалғастырып таратушылар. Жер жүзіндегі барлық ғұламалар тегі «АБА»-лардан өсіп-өніп араласып таралып отырады. Құран сөзі болашақта құпиясы шешілетін «ОВ» әліпбиі (Кирилица) Адам атаға түсіндірілген «А» әліпбиінің жетілдірілген үнді түріне жатады. «Кирилица» деген Кер атадан тараған; Кер-аб, Кер-шүк, Кер-ай бабаларымыздан қалған үш түрлі сызба таңбалар жиынтығы, яғни Адам ата Нұх пайғамбар қауымынан хабар береді. Енді «Айтсаң айнымас асыл шежіре» өзгерту қиын өлеңмен берілген өсиеттерден мағлұмат іздеп көрейік!

Кер Сақ – аб Тұтқа Кербұлқа Қаһан!
Елтеріс Қаһан – Данышпан, «Ертіс»!
«Керүкі Темір Құтлық» (Үкаш Ата) Қаһан!
Амур Дария Забур патша – «Тұрант»!
Суран Дария Жамушын патша — «Сурант»!
Сары – Оғлан Қарахан патша — «Тараз»
Санның басы Кер Сақ – аб, Сансыз Баба — Сайрамдағы,
Мухаммед те іздеген Кер Сақ – абты!
Ол Алланың елшісі Пайғамбары (Ғ.С.)
Алты Алаш алтын тамыры жұмыр бастың
Жалған деп тіршіліктің бұлағын кім айтады?!

 (Жүсіп Баласағұн)

Енді Хасан Азаннуринни Омар Хаямның  айтқандарынан:

Ия Алла! Аян берші сұрағыма!
Бас иемін Киелі Құраныңа!
Қазақ Қаһан туылған Қазығұртта
Бір күні жәдігөйлерде тұрады ма?
Қазақ Қаһан көтерілген биік шыңға
Жөгіттерде тырмысып шығады ма?
Әділдікті бұрмалап жолын байлаған
Мұхаммед пайғамбарға қастық ойлаған
Жәдігөй жөгіттерге жол бермеші
Келмесін «Қос Емердің» бұлағына
Қазығұрт «Тектілер» шыққан Киелі тау!
Қазығұрт қоңыраулы «Кемелі тау»!
Киелі Анадай «Балбалым – ау»
Осы айтқаным жете ме құлағыңа-ау?!
Бес Ана, Көш Ана бар, Ду Ана бар
Тоқсан екі ұл бергенсің құрсағына!
Қазақтан тараған осындай ұрпағы бар
Бас иген Ғалам жартысы Қыпшағыңа!
Меккеге қорған болған Бағдат еді,
Бағдатқа Бақ қондырған Қазақ еді!
Қазақты Қаһан еткен Кер Сақ Аб еді.
Ер Қазақ, Мәулім Қазақ, мейірім Қазақ!
Дәулетің дәуіріңде тасығанда
Аузыңа Төрт Құбыла да қарап еді.
О Тәңірім! Тектілердей қасиет бер!
Өшпейтін, өрнегі Нұр Өсиет бер!
Мені де мәңгілікке жаратпаған
О, жалған! Сен бір неткен қонақ едің?!

Шайыр бабамыздың жаратқаннан сұраған Нұр Өсиетінің тарихын, яғни шариғат негіздерінің қалай пайда болғанын Сырым Дат ұлының Бұхара әміршісіне айтқан ескертуінен іздеп көрейік;

Сарт садағам тыңдап қой ақиқаттан!
«Ақарыс, Бекарыс-ау, Жанарыс» — деп,
Қозғайсың өзіңе тартып шариғаттан???!
Қазақ Қаһанды айтуға дәтің шыдамас
Жаһанның Машқұр-санат Бәйтерегі
Қазақты қалай қосасың Әлімсақтан?
Қазақтың Алты Ұлына әлем қараған!!!
Алаша ҚаҺанды ұмытпа арын сатқан!
Құранда да Алты Ұлының аты мәлім!
Жаһаннамға аттандырайын ба? жанын сатқан!
«Құрайыш» Ар мен Ғұнның жетінші ұрпағы
Мұхаммед анасынан туылғанда
Тектілер жөгіттердің ханын құлатқан!
Жөгіттер «Етүрей» боп дінге кірді.
Қожалар, Тектіміз деп ауып шыққанда,
«Кербалада» Етүрейлер жолын тосқан.
Қырылып араб, парсы Кербалада,
Пайғамбарды шөлге тастап тұра қашқан?!…
Бұл дабыс Тектілерге жеткен уәзір
Қол шыққан жер қайысқан Қазығұрттан!
«Бестаңба» Кер Сақабтың «Ғасыр – табағын»
Керейлер Мұхаммедтің қолына ұстатқан!
Ақиқаттан Шариғатқа қасиет бітіп,
Өсиет қалған «Насият» деп Арыстан Баптан.
«Ізбөрі» бұрынғы аты «Бестаңбаның»
Алланың Құдретімен ілім түскенде,
Бес Сақ-аба оқып шығып осы кітапты
Құранға «Бестаңбаның» нұрын шашқан!
Иісі мұсылман ағылып Түркістанға
«Тектілер «Төрт Құбыланың» бәрін алады!» — деп,
Кәпірлерді қорқытудың жолын тапқан.
Тектілер атқа отырса дірілдеген
Дауыл тұрып, ғаламатты құйындатқан,
Өтің жарылып, жүрегің аузыңа келсін
Өтірікке атасы жоқ Сырым Датқаң!


Бұхараның Бас имамы орнынан тұрып:
— «Уа, Сырым Датқа! Ақиқат пен Шариғат егіз, бірақ бізге «Бестаңбаны» ұстатпайды, сондықтан да біз Бір Алланың құзырына бас иеміз. Ал «Бестаңбаны» әркім ұстаса, адам баласы киелі «Қазығұрттың» тасына дейін арқалап, әркім өзін текті санап, жер бетінде қан төгіс тоқтамайды!» — деп Құраннан аят оқып, Сырым Датқаға ырза болып: — Біз Сізге нала болмаймыз, Сіздей пенде туылмайды, жаназа екі жуылмайды. Әділдік Сіздің аузыңызға балын тамызған екен, жолыңыз болсын!», — деп шығарып салады.

Араптардың дін соғысының шежіресінде де, пайғамбар өсиетінде де кер ат мінген қара киіммен тұмшаланған атты әскердің келіп жеңіліске ұшырап жатқан сахабалар арасында соғысып жауды күйрете жеңгені жазылады. Бұл Қазығұрттан қыпшақ әскерлерінің аянмен көріп, пайғамбарымызға жәрдемге барып әрі «Насият» кітабының көшірмесін апарғанын және сол кітап арқылы шариғат негіздері қаланғанын растайды.

Укаша сахаба атасынан аманат теріге жазылған өсиетті алып келді деген растайтын әңгіме де бар. Сонда Укаша сахабаны жалғыз барды деп кім айтады. Және онымен бірге болған Ерқоян, Құттықожа т.б. көптеген сахабалардың да болғаны тарихи шындық емес пе? Сол соғысқа қатысқан жауынгерлерді діншілер періштелер деп түсіндіреді. Ол Құран ғылымына қайшы; «Періштелер түскенде сендерге мұрша берілмейді, шақ салынады» деп ескерткен. Екі періштенің өзі бүкіл Садам қаласын асты-үстіне түсірді емес пе? Олай болса арап діншілерінің шежірені өзгертіп дінде үстемдік, әлемде билік құру мақсатындағы нақты болған оқиғаларды өзгерткен, деректерді тыққан жәйлары бар екенін болашақта табылатын теріге жазылған сақтардың Адам атадан бастап жалғасты жазылып келе жатқан, Шыңғысқан атамыздың тықтырған қазынасы ашылуына ұлықсаттың түсетіні даусыз!

Оян қазақ!  «Ізбөрі-Бестаңба»  Бес ата болып  қазақ жеріне белгі түсті! Тектен қалған нақыл бар; «-Сақ-аб Сансыз Кер Ата! Иманы таза Ар ата! Қазақ Қаһан сиынған, Қарлығаш қанат Ғұн Ата! Бес әулие тоқтаған «Бес тораңғыл»- Тал Ана!» «Сақ-аба»-лар ұрпағынан қалған өсиетті құйма құлақ болсаңыз, көңіліңе тоқып ал; « Қазақ жерінде кісіге несібеге арамдық у қосуға (ғұрыптық салтты бұзуға), жақсылықтың алдын тосуға, жаудан жосуға (бұғып қашуға), сәбидің белін басуға, әулиеге тіл тигізуге, ғұламаға қатты сөйлеуге, Елбасыға лағнет айтуға, жарғыларын аяқ асты етуге, мал жайылымдарын өртеуге, сүйген жарыңды перделеуге болмайды».

Осы өсиеттер бұзылса; «Қазақ қаһарланса жер дем алады, Керей (Кер Сақ-аб ұрпағы) сұраса, Кербалада көктем болады». (Әмір Темір Көреген). Іліммен пәтуа берушіні «Қожа» десек; «Ең Дәулет, Елдік дәуір, Думанды көңіл, Дуалы ауыз, Сақтан ғұмыр, Әлім сақтан бұрын Қазаққа жұғым болған». (Құл қожа Ахмет Ясауи.) «Түбі тамыры жоқ тал болмайды. Тегі, Елі жоқ Ер болмайды!» -деп бабамыз Қазақ Қаһан айтса, Мұхаммед пайғамбарымыз; «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұртта көрегендер келіп, ғұмырдың (ғұрып), ілімнің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті!»- деп толғаныпты. Оған себеп жаратушымыздың Құранда берген мына аяты дәлел болмақ; «Ол қауымды (Тектілерді) іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде (кәпірлермен үнемі соғыста). Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпегенін (тура жол, сыбаға) үміт етесіңдер. (Босқа әуреленбей, солардан үйреніңдер!) Алла тағала толық білуші, хикмет иесі.» (Ниса-104).

 Құрайыштар тегі «Ар» мен «Ғұн» Кер Атаның ұрпағы. Алтыны меңгергесін ақын да, шайыр да шығып, сөз қадірін білгесін Құран түскен. Бірақ тоғызбен толғаудан ажырап қалған. Тоғызды әдетке енгізген Тоны Көк Білекті Қаһан-Жүніс пайғамбар! Аятта; «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа адастырады да кімді қаласа тура жолға салады.» (14-4) Онда қай елді тура жолда болғанын білу үшін сол тілдегі пайғамбар арқылы ғана анықталатынын ескертеді жаратушымыз. Жүніс пайғамбар елінен басқа, тура жолда болған ел жоқ деп ескерткенін назарға алсақ, сондықтан Құранда пайғамбарымызға; «(Мұхаммед) онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олардың ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз. (Тура жолды береміз)» (Һұд —109) .

Құран сөздерінде 4 түрлі астар жасырылып, сондықтан 7 түрлі үнмен (қырағат) оқылып 28 санымен арап әрпінің жасалуы осыны білдіреді. Негізінен сөздің толық астарын ұғыну үшін яғни; «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болады». Сондықтан қазақ әлипбиінде ғана замандар тезінен өтіп ерекше 9 үн таңбаның пайда болуы осы қазақ тілінің әлемдегі ең жоғарғы биігіне көтеріліп, құран сырын ашатын халық болатынын аяттардың сандық мәні, сүрелердегі орындары көрсетеді. Үнді аздыруға бағытталған ақылы толмай, жасы қырықтан аспай, сақалды кеудеге түсіріп, қара қуаттарды  жынды өзіне қосушы және дін шапанын жамылып «Жиһад» деп елге іркі салатындарды «жөгіттер» деп атаған. Ал өз елінде жүріп аңқау елді өзге тілдің түсінбейтін атауларымен тілін бұрмалап, санасына қақпан құрып, жүрегін мөрлеп, аяттарды күшінен қалдырып, халықты дінмен арбаушыларды «арамза молда», «залым ғалым», «адам аулаушы аю», ал Құранда «мұнафықтарды (екі жүзділерді, тілі айыр-жылан тілді) сөз аңғарынан байқайсың» деп ескерткен. Олардың тілінен баланы алдаусыратып жұбатқандай бал тамады, май (ғылым) таматын жан дүниеңді қозғайтын тарихтан тағлым алар сөз шықпайды. Ұлттық үндестігі жетілмеген сөздерді жөнсіз пайдаланудан шала піскен астай болып, жанды улап мастықты туындатып, тіл ғылымның да, дін ғылымының да қазақта бүгінгі таңда беделі жоғалды.

Шариғатты тек құран түскеннен басталады деп халықтың шежіресін өзгертуге және тарихын жоғалтуға тырысушыларды Аллаға серік қосушылар деп атайды. Олай болса аятта; «Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін (6) Расында олардың (араптардың) көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (36-7) Арап еліне Мұхаммед пайғамбарымыздан бұрын ешқандай ескертуші болмаған. Олай болса кейіннен қалыптасқан ұлт болып арғы шежіре шариғаты болуы да мүмкін емес. Олардың көбі бұрынғы әр жерден үйренген әдетіне басып толық шариғатты ұстай алмайды, құран үгітін толық меңгере алмай зиянына алып, көбі иман келтірмейді деп ескертеді.

Араптарда шежіре кітабының болмағандығын аятта; «Оларға оқитын бір кітап бермедік (шежіре, өсиет, шариғат) те сенен бұрын ескертуші жібермедік.» (34-44) Олай болса араптардың шариғаты тек Мұхаммед пайғамбарымыздың үлгі өнеге, өсиетімен ғана қалыптасады. Осы аяттың өзі Сырым Дат ұлының айтқан өсиетін анықтап тұрған жоқ па? Араптарды діншілер Адам атадан бастап негізгі қауым қожалар деп халықты алдайтынын пайғамбарымыздың мына өсиетінен анықтауға болады. «-Уа, Алланың елшісі! Адамдардың ең құрметтісі кім?-деп сұрағанда: -Ең тақуалары,-деді. Адамдар: -Сенен бұл туралы сұрап тұрған жоқпыз,-деді. Сонда пайғамбар:-Ол Алланың пайғамбарының ұлы Жүсіп, Алланың пайғамбарының ұлының әкесі де (Жақып) Алланың пайғамбарының ұлы, ал атасы (Ысқақ) Алланың сүйікті досының (Ыбырайым) ұлы,-деді. Олар тағы да: -Сенен бұл туралы сұрап тұрған жоқпыз,-деді. –Сонда сендер араптардың арғы аталары жайлы сұрап тұрсыңдар ма? Олардың жәһиляттағы ең жақсылары — егер дінді түсінсе Исламдағы ең жақсылары болады деп айтты» деген» (1345-өсиет).

 Осы өсиетпенен-ақ арап халқының шежіре шариғатының жәһилет дәуірінен, яғни ислам келмей тұрғандағы қалыптасқан арилықтар болып табылатын Ысмайыл пайғамбардың ұрпақтары мен Ғад қауымынан құтқарылған аз ғана елдің «аптардың» бірігуімен құралған халықтан басталатынын көрсетеді. Кім пайғамбарымызға берілген жеке кітапқа (Құранға) қарсы болып, оны бұзуға тырысса, онда ол Аллаға негізгі Құранға да қарсы шығып кәпір болды. Осындай пайғамбарымызға түсірілген ап-ашық  аяттардың үгітін түсінетін қазақтың қанына сіңген, тоғызбен толғайтын;  шешендік, билік, абыздық сөз ділмарлығын шеттен алған «философ профессор» деген шенге айырбастап жібердік. Сондықтан сондай шенділерден дәріс тыңдаған, сөз астарын ұқпайтын мастар мен тамырынан ажырап жатқан жастарға зияраттатып, табандарын мөрлетіп, ана тілінде рухтан шарап (бата) беріп басын жазса ғана есін жияды. Сол шараптың буы (гипрогендік өріс, ар буы) Алланың сүйген құлдары әулие-әмби сүйегінен жұпар иіс, майдың нұры болып шығады. Сондықтан жаратушымыз; «Зейнеттеріңді алыңдар, табандарыңмен, төбелеріңмен ішіп жейсіңдер» деп ескерткен.

Оян қазақ! Ақиқаттың көшірмесін пайғамбарымызға апарған кітаптан хабар келді! Сол мұраны қолға ұстау үшін әуелі жалпы қазаққа ауызға (сөзге) бірлік керек! Құран арап сөзімен емес, әлемге ортақ үндер жинағымен берілген. Екі дәрежелі үнді «ОВ» деп белгілегеніміз абзал. Сонда «Иванов» түбінде «ОВ»-ға мұсылманға айналады деген жаратушы тарапынан үкім. «ОВ»-ымызды бірін өзіміз, екіншісі арапты танытушылар қысқартып, тек әкеңді ғана біл деп әкесімен қатар аталғанды мақтан тұтып, діннің де тарихын, шежіресін қысқартып, ал тарихта халық есінде әулие болып танылып, дін әлемінде нақты тарихаттың қағидаларын қалыптастырған дана бабаларымызды елдің жадынан алып тастап, дін тұтастығын бөлшектеп жатқан зұлымдыққа бағытталған шариғатымыздан тазарайық ағайын.

Діннің өзіндік шежіресі бар! Оны «жан ғылымы» деп атаған Әзіреті Сұлтан әулие бабамыз. Жан ғылымы үндестік заңына, тіл ғылымына тәуелді.  Ұлттық дін танымында жан ғылымының көрінісі болып, таза ақпарат, ғылым, халықтар денсаулығы, елдің бірлігі, өркениеттің жоғарғы үлгісін қоса қалыптастыру ғана діннің негізгі нәтижесі болмақ. Сөз ғылымы да дамып, заманына сай жаңа философиялық бағытты, әлемдік өзгерістерге нақты баға және тіршілік ету формалары мен өзгерістерді қалыптастыру шарт. Тура жолын тапқан ел қашанда әлемдер мектебіне, үлгіге, Гумилевша «пассионарлық» көш басшыға айналу керек. Дінді тек кітап түскен елдің тіліне ғана байлап, әлем халқын Алланың сөзіне емес, елдің сөзіне табындыру елді мәңгүрттікке, қайғы—қасіреттерге және жаратушының сынақтарын, лағнетін туындатады. Халықтар шежіресі дінмен біте қайнасып, үнді дамытуға, бірте-бірте үндестіктің бірігуін қалыптастырып, сөз ұғымдарының кеңістігін дамыту арқылы түсініктердің ұқсастығына жету керек. Бірақ тіл заңдылығы, үндестік заңдылығы қатаң сақталу керек! Тіл ғылымы дін ғылымынан үстем болғанда ғана дінді түсіндіру тіл ғылымына мүлтіксіз бағындырғанда ғана нағыз бейнесін көрсетіп, ел мүддесіне таза ақпарат алуға қызмет етуі сөзсіз. Дін қашанда тілдің даму заңдылығының қызметшісі, шабыттың бұлағы, сөз тазалығының кепілдігін қамтамасыз ете білгенде тура дін болып табылады. Құраннан Алланың сөзінің дұрыс аудармасын түсініп оқып, араптың тілдік үнін емес, Құранның белгіленген аяттар үнін өз үнімізге қосқанда ғана мақамды табамыз. Әр тілдің өз «ДО»-сы, өз жетісі «Си»-үні бар. Ал Құранды жаттап алу жанды «компьютер» қызметін көрсетіп, жаратушымыз арап тілін жетік меңгерген пайғамбарымызға да игілік емес екенін ескерткен. Қазақ халқының дін шежіресі солай жазылып келеді, жазыла бермек. Үнді сөзге айналдыру, әрбір үн атауына ат қою тек жаратушы тарапынан хикметпен ғана сынақтарынан өткен сүйген құлына беріледі. Құранды қазақ тіліне аудару миллиондардың ішінен тек біреуге ғана бұйырады. Абайын дұрыс түсініп оқи алмай жүрген, қазақ тілін жетік білмеген қазақ баласы Алланың сөзін қалай заматында аударып түсіндірмек?

Тәурат та осындай қателіктерден түсінігін жоғалтып бөлшектелген. Құран ғылымның биік шыңы болса, оған дейінгі ғылымдарды білмей жабайылап насихатты қарапайым үгітке айналдыру қазақ дін танытушыларының тұрақты кәсібіне айналды. Бұл арап тіліне ғана емес, жалпы Құранға қазақ елі атынан жасалып жатқан қастандық, зор зұлымдық! Арап халқының тілін, грамматикасын қалайда бүлдіру әрекеттері. Аятта; «Расында кітап иелерінің бір бөлімі, Кітапта болмағанды Кітапта бар екен деп ойлауларың үшін тілдерін бұрмалап оқиды да: «Осы Алланың қасынан келеді» дейді. Бірақ ол Алланың қасынан емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірік айтады.» (3-78) Жаратқанның өзі киелі кітаптардың үн заңына бағынып зерттеу арқылы аударылмаса, төтелеп тілді бұрмалау өтірікті ғана тудыратынын ескерткенін және әдейі бұндай аятты дін ғалымдары халыққа көрсетпейтінін ескертіпті. «Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін (жол-жоба, екі жол) айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла екеуіне де (тіл, сөз) тым жақын. Ендеше әділдік істеуде нәпсіге  ермеңдер. Егер тілдеріңді бұрмаласаңдар, (өзге елдің сөзін дәріптеу) шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші.» (4-135).

 Атадан  аманат, ана сүтінен уәдені, тек пен нәсілді тәрбиелеуді – намаз орындау дейді. Сондықтан Алланың досын, сүйікті құлын, әулиесін дінінде кедей болды деп ұрпағы болудан бас тартып, Аллаға айғақ болудан қашатын, тіл нәпсісін дәріптейтін жастарды тәрбиелеп жатқан кімдер? Сондықтан бұндай дін бұзарлық арандатушылықтан шығар жол тек тіл ғылымының үстемдігі салтанат құру керек. Әр халық өз тілінің заңдылығын қадағалайтын институттар құрылуы керек. Әрбір құранды тәржімалап аударушы дінші алдымен өз елінің тіл ғалымдарының пәтуасын алып, сосын ғана арап тіл ғалымдарының пәтуасын, ұлықсатын алып қана аударуға құқығы берілу керек. Сонда ғана Құранды бөлшектеуді тоқтатуға болады. Дінді тек ғалымдар, сопылар кеңесі арқылы басқару ата-бабаларымыздың да жаратқанның да қалауы екенін білуіміз керек. Сондықтан  қазақ еліне қазіргі таңдағы басты құндылық; сөз бен үннің бірлігі және «Айтсаң айнымас» асыл шежірені қалпына келтіріп, өсіп келе жатқан ұрпақты тек өз тамырынан нәр, таза ақпарат алуды қамтамасыз ету керек.

Ол үшін алтауды араздастырмай төртеуді дәрежелеп, 46-ны тауып алайық! Пайғамбарымыз да 46-мен ғана бірлікті табатынын ескерткен. Құранды білген, ана тілін меңгерген текті ғана осы киелі кітаптың қарапайым жұмбақ сөз есебін оңай шешер! Құпия кітапты есеп жүйесін білмей насихаттау кітап арқалаған есекке, тексізге айналдыруы даусыз. Құранды неге діншілер арап тілін меңгеріп барып оқысаңыз ғана түсінікті болады деп халықты соған иландырады десеңіз? Аятта; « (Мұхаммед) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік.» (19-97). Бар құпия осы арап тілінде көп сөздердің астары тек үгіт оңай болып түсіндіріледі. Ал оның үндік аяттағы сандық мәнімен басқа тілге аударса, түсініксіз сөздермен түсінігі ауыр аяттар пайда болады. Сондықтан осындай сөз, үн мәндерін барынша сақтауға тырысып аударылған Халифа Алтай атамыздың аудармасынан түсінігі ауыр болып, білімділердің сөз байлықтары, ақыл қуаты жетпегесін осындай айламен халықты да, ел басшылары мен ғалымдардың ауыз бірлігінің жоқтығын пайдаланған сырттан келгендердің, қарапайым арап тілін ғана меңгерген діншілердің азғыруына түсіп алданғанымызды әлі түсінер де емеспіз. Аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгендей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13).

 Аруағынан күдер үзген ел де, жеке пенде де Алланың ашуына ұшырап түбі үлкен қайғы-қасіреткке тап болуы даусыз. Оған жуықта әлемнің де көзі жетеді. «Расында сендерге оларда (Ыбырайым елінде, әулие-әмбилерінде) Алланы ахирет күнін үміт еткен кісілер үшін көркем өнеге бар. Ал кім бет бұрса, сонда шүбәсіз Алла еш нәрсеге мұхтаж емес, аса мақтаулы.» (60-6) Демек, Алланың достары еш нәрсеге мұқтаж емес, оған пенделер біз мұқтажбыз. Сондықтан аталарымыз; «Өлі разы болмай, тірі байымас» деген. Өліні байытудың барлық амалдары Құраны қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінде көрінісін тапқан. Ол үшін араптардың шежіресін білу аз. Өз тарихымызды зерделеп, сөз астарын меңгеріп, ауыздың бірлігіне жету үшін текті аталар салған ізбен жүре алатындай қазақша тірлік керек ағайын! Дін (сөз мінезі) түзелмей тіл түзелмес, тіл түзелмей ел түзелмейді. Болашақ әлемдерді басын игізетін қазынаны алуымыз үшін, ата дініміздің ғылыми негізін қалап, надандықтан халқымызды аршып, дінің үлгісіне айналдыру керек.

 Ал алтын адам деп Қазақ пен Созақтай пайғамбар мен бүкіл «ыслабандардың» анасын өмірге әкелген Алаш қаһан жұбайы Ұлсай Емер анамыздың басына зияраттап, белгі тұрғызып, әлемге таныстырмақ түгіл кім екенін әлі білмейміз. Алаш қаһан бабамыз бен Алтай Жүрсін (Кер ата) бабамыздың ұрпақтарына сыйға сақтаған қазынаны алмақ түгіл үстін күнде шаңдатып, үй салып, таптап, қоқыс орнына айналдырып алдық. Алтын адам әйел дін киімі, ер киімі сауыты да бар! Жүніс пайғамбар бабамызды ұрпақтарымен  қауыштыру, топырағын сан ғасырдан кейін туған жеріне әкеліп жерлеп зират ету де кезек күттірмейтін іс. Шыңғысхан атамыз қасымызда жақын жерде жатқанында шаруамыз да жоқ. Бұрынғы астана орнында сарай салып, қазақ елін қырғыннан құтқарған Тұғырыл Торыхан Аякөз патшаны кім еске алады? Үстіне қала салып той тойлап жүре береміз бе? Патшаны құрметтеу, ескерткіш қалдыру патшаның жұмысы емес пе? Інжілдің негізін қалаған, Мариям анамызбен тұрақты байланыста болған және Інжілдің, рухтың негізгі көрінісі, жан ғылымының таңбасын  «шырағданды» Қажы бабамызды «шерік қосу» деп мемлекетіміз де, мешітімізде теріс айналып, егесін белгісіз қалдырып, болашақ алдында ел басшыларымыз, дін басшыларымыз кешірмес күнәға батуда.

Бұл теңдесі жоқ ғылыми құндылық дін ғылымының сипатын және Ата жолының басты белгісі, таңбасы болып табылатын діни сауаттыларға әлі беймәлім. Пайғамбарымызды аятта; «Алла жаққа, Оның шақыруымен бір нұрлы шырақ түрінде жібердік.» (33-46) Демек, шақырушы белгісі шырағдан — Құран! Кемел адам қуаты «Лам» сипаты. Үн — тәңірлік сипат, таңба — ыдыс, тәңірлік қуаттардың малдық саны-20! Мұхаммед-Мұстафа-Ахмет=20! Ыдысының саны-Бір! Барлығы жиырма бір! Онда шырағдан-қазан пайғамбарымыздың кемелдік аруағы-Нұр! Сонда аруақсыз дінді елестете де білмеген, «Құдайсыз қурай сынбайды» деп құран кітап болып түспестен бұрын шариғатын меңгерген халыққа егер аталарымыздың ұстанған діні «шерік қосушы, мүшірік, кәпір» болса, онда қалай шежіренің әлем қолы жетпеген қазынаның кілтін біздерге мұра қылып ұстатып қойды діни сауатты ағайындар?

Және құранның қарапайым үгітін меңгерген діни сауаты барға жер мен дін егіз ұғым екенін, діннен шығу жерден шығу болып есептелетінін білу керек еді, егер атамыз Әл-Фарабидің «таңбалар геометриясынан» мектеп оқушысының біліміндей ғана хабарлары болса. Дін жердің өңделуімен, өсімдік, табиғаттың түрленуімен, тәтті сулардың, өзен, көлдердің өнімімен  өлшенетін шежірелік заңдылығы да бар. Олай болса қай елдің дінінің тура жолда болғанын анықтау үшін жер көлемін халық санына бөлсе, сол сан дін қуатын көрсетеді. Жері жоқтың дұрыс діні болмаған, суы аз, жері қурағандар – аталары кезінде дінді аздырғандар елінен болып табылады. Сондай сауатты діншілер егер шерік қоспасаңдар, тура жолда болсаңдар, неге құранның қарапайым сырларына, сандық мәнімен оқылатынына ақыл-ойларың әлі кезге дейін жетпей жатыр? Ата жолы-Манның жолы, ол Ыбырайым бабамыздың тұп-тура түзу жолы, түс жоруды үйреніп, аян алып төртеуді түгелдеудің, құдай халқына айналудың, ақталу жолының негізгі ірге тасы! 

Ман-ата Маңғыстауда қыстап сол жерлерде жерленгені ақиқат. Ысқақ пайғамбарымыздың шешесі Сара анамыз және жұбайы Рабиға-Рахия анамыз бен немере келіні Әмина анамыздың сол Маңғыстау түбегінде жерленуі діннің негізі сақтан тарағанына дәлел бола алмай ма? Ысқақ пайғамбарымыздың ұрпағы Жақып пайғамбардың өлер алдында «мені туған топырағыма апарып жерлеңдер» деген аманаты Інжілде жазылған. Сонан ол атамыздың аманатын орындаған Жақып пайғамбарымыз да қазақ жеріне киімімен әкеліп жерлеген. Ашып көрген ғалымдарға аманат белгі ағаш қорапта пайғамбарымыздың біздерге естелік сый, тұтынған бұйымдары бар. Ал негізгі Сақтың, Кер атаның ұрпақтары біздер басынан күнде өтіп жүрсек те, арамыздан бір пенденің басына қарапайым белгі мен құран оқитын орын жасауына құлқы да жоқ. 

Жүсіп пайғамбардан тараған көптеген рулардан құралған арап еліне «умра» қажылық жасағанға мәз болып, аталарына зияраттау «шерік қосу» болып табылатынын уағыздаушы, шежіреге (жол-жоба құранға) қастандық ұйымдастырушы екі жүзділерге кім тыйым, тоқтау салады? Ата заңымыздың бұлжымас қағидасы болған Ыбырайым жолы әр қазақтың ата-бабадан қанына сіңген Раббысымен тілдесу;   «әділдіктің жолын» бұрмалап, ұлылар ұлағатын, аманатын аяқ асты еткен әкім қара, ел басқарған жөгіттерді кім анықтап, кім жазасын береді? Әлде осылай сыртымызды қампайтып, бала-шаға, сырттан келген түлкілерге ірімшік беріп «дін қарғасы» болу қазақтың маңдайына жазып қойылған ба? Сұңқарлар қайда? Жоқ! Айқарақ Керейхан мен Жәнібек сұлтан аталарымыз; Қазақ бабамыздың атын алғаш жарықа шығарып, дінін сатып араптардан келген азғырушы қаба сақалдыларға еріп, ағайындар арасына ірткі салып «шерік қосты, серік қосты» деп кәпір атап, шариғатты жол қылып  елін аздырған өз арамыздан шыққан 19 ханды тірілей хан шыңынан лақтыртып, құранды және пайғамбарымыздың хадистерін бұрмалаған дін бұзарларды ағайының болса да басын шап деп үкім беріп, үш жылда қазақ жерінің құстың ұясына дейін түгендеткен екен. Артынан қызылбастар мен арсат-парсаттарды қызыл теңізге дейін қуып, жазалап, қылышын теңізге лақтырған деген сөз қалған.

 Сол жиһадты ырым қылып, дін бұзарлар мен ата салт-дәстүрімізге ашықтай қарсылық көрсеткен 19 пендені мейлі әкім, дін ғұламасы немесе ғалым, философ, психолог т.б. еңбектерін құран арқылы әшкерелеп, өздерінің өтіріктен құрылған қақпандарына құран аяттарымен байлап, миларын жаулап алған шеріктерін аластап, халық алдында бет пердесін тірілей сыпыруға тектіден қалған сынықтарды, тума сұңқарларды бірлесуге, жөгіттермен ашық күресуге шақырамын! Бұл «Ақ ұлдың» аманатын жалғастыру деп ұғыңыздар. Орында бар қашанда оңалар! Ата-бабамыздан аманатталған «Хан жамбысын» ортаға қойып, қансуарлап, сырттан келген қара ниет дін бұзар қарақшыларды арамыздан аластайтын күн туды. Кешіктіре берсек мұсылман әлеміне төнген қан төгістен аман қалуымыз екі талай болары даусыз!  

Мұсылман әлеміне төнген қауіп – ғылымның жоғалып, тек кітаби біліммен құранды керісінше зиянға алып, діни сөз, пікір таластыруға баспасөз беттерінде тыйым салып, арап тілін меңгергендерді «құдайға» айналдырып, дін әмір иелерінің өздеріне шоқындыруынан және дінді бөлшектеп, ел тарихын «шежірені» әр ұлттың діни жобасы; әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоққа шығарудан, бүкіл намаз оқушы қауымның мәңгүртке айналып, бүлікшілер, зиянкестер қатарын толықтырумен ғана айналысып жатқан өздерін «діни сауаттымыз» деген парызшылдар мен әкім қара, жазушы, тілшілер қауымы болып табылады. Қазақ еліне дін ата жолын уағыздағандардан емес, қудалап соттағандар мен арапшыл діншілерден қауіп төніп, елдің азғындыққа түсіп, ел ішінен сақалды бүлікшілердің шығуы сөзсіз! Ол кезде көп нәрсе кеш болады. Жаман да болса өз қазақ қандасымыз, зұлымдықтан құтқару адамгершілік парызымыз деп ұққаныңыз жөн.

Қазақтың дәстүрлі дінінің нағыз жауы сырттан салғанменен, оны орындаушы да өзіміздің қандас бауырларымыз болатынын, бұндай оқиғалардың заман өзгерісіне қарай қайталанып сынақ болып келуіне тарихымызда, шежіремізде де үлгілер бар. Енді үлкен ұлтың іргесін бұзып рухани құлдыққа түсуден жалпы халыққа келетін үлкен қасіреттен тек өзіміздің ғасырлар бойы қалыптастырған әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз ғана құтқаратынына бұрын да қайталанған, өткен тарих оқиғалары куә.

 Өздерін зиялымын, «зайырлымын» (тектімін, жол көрсетуші, ескертуші қожамын) деп сен тимесең, мен тимеймін деп жылы жерінен айырылудан қорқып халқын рухани талауға беріп қойған ел басшылары мен қоғам басшыларының ұйқысынан оянатын уақыты өтіп те кетіп барады. Болмаса өздері себепші болған қайғы-қасіреттің отына  қоса күйетін арыстанның (өлімнің) ақыратын, (ақыр-ойбайласу заманы) надандардың есек болып ішін тартып бақыратын, ақ пен қараның таразыға тартылатын заманы да келіп қалды. Оған қазақ еліне түскен жаратқанның сыны; алдағы екі-үш жыл ішінде көзіңіз жетіп қалар; тіптен біліміңізге сеніп, дінге бейтарап, европаға, жиған дүниеңізге шоқынып, құдайыңызды ұмытып кетсеңіз де одан құтыла алмайтыныңызға, келген рухани сынақтың ешқандай қазақ баласын айналып өтпейтініне құран ұстап ант беруге де болады.

«Бір күндігін ойлаған, екі күн бұрын қамданар» деген данагөй аталарымыз. Сондықтан жаратқанға иман келтіру үшін алдымен бір сөзге келіп, бір тілді алып, даулассақ та жауласпай бітімге келгеніміз абзал болар, ағайын! Қайғы-қасіреттен, сынақтардан аман өтудің бір-ақ жолы бар; Ол, «Батаменен ел көгеріп, жаңбырменен жер көгерер!». Қазақтың асыл діні; Аманатқа адал болып, қиянатқа «САҚ» болайық!

 

(Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік. №6 үй.) Шілде 2009жыл.

Мақалаға андатпа; Бұл мақалалар баспасөздерде басылмағанымен әрбір жарты жылда қайта-қайта таратылып отырды. Оған себеп қазақтың көп білімді, ілімді және ақ жолдық қауымдар түбі ақиқат анықталатынын ескерте отыра және Алланың құдірет қолын, хикметін, аруақты мойындамаған қандай ғұлама, данышпан болса да жүрегі  сезбейтін,  құлағы естімейтін, наданға айналып, тек Алланың қалауымен ғана шындықтың ашылатынына, болашақ ұрпақтарымыздың адаспауына сабақ болар деген ғана мақсұт. Сол сияқты егер тылсымды және адамзат пен жаратушы арадағы себеп нәрселердің ғылымын біліп, сырына құлақ түрмеген қандай да білімдімін және дамыдық деген бүкіл халықты, ғұламаларын жүректерін мөрлеп қойып, тек қайғы-қасірет арқылы Құдайдың құдыретінің хикметтерінен сабақ алып барып, ұлттық салт-дәстүрдің қалыптасатынын және діннің таразысы шежіреден ғана тәлім алудан пайда болатынын ұғатын, ұқтыратын жаратқанның адамзатқа сынақтармен ақылға шақыратын мезгілді қиямет деп атайтынын қазақ елі де, әлем де көп ұзамай білетін боламыз.

Егер сіз ұлт жанды, ата салт-дәстүрінің жанашыры болсаңыз осы басылымдарды ел, дін басқарушылары мен оқыған сауатты адамдардың, көпшіліктің де танысуына қол созып, мүмкін бір пендені болса да райынан қайтып иманын іздеуіне, ата дініне қайтуына себепші болып сауап жинаңыз! Болашақта құрғақ пәтуа ақылмен емес нақты іс, мұрағаттармен кемел адамдарды қалыптастырып, дана ұрпақтар мен адамдық биік қасиеттерді меңгерумен әлем алдында қазақ ата салт-дәстүрінің үлгісін көрсететін уақыт та келеді. Сол кезде тарих алдында өз ұлтын, ата-салт дәстүрін (ұлттық мәдениетін), өркениетін (әдет-ғұрпын), дүниетанымдық тәлімдік салтын (философиясын) мазаққа айналдырып, теологиялық танымын (ата дәстүр дінін) «серік, шерік» деп мазаққа айналдырған екі жүзді сатқын дін қандастарымыздың ұрпақтарының алдында қара бет аталатындардың арамызда мүмкіндігінше аз болғаны иманымызға, ұлттық намысымызға лайық болар еді. Әлемнің  ғасырлар бойы іздеген, өз елінің үстемдігін халық жадынан жойып жіберуге тырысқанмен Шыңғысхан атамыздың өзгертуден құтқарып, тығып тастаған Адамзаттың асыл шежіресі төрт кітаптың да ғылыми негізі ғасырлар табағы «Бес таңбаның» ашылуына қолыңызды созып, әуелі оған қойылатын аруақтар аманатын орындауға ат салысып, көптеген ғұлама даналардың бастарын көтеріп, мұрағат жәдігерлерін әлемге көрсетуге, діннің әділеттілігін  нақты істермен  бірігіп орындауға бірлесуімізді ғана сұраймын!  (Мамыр айы, 2011 жыл)

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}