Быды-быды тәпсірмен кәпірге айналған имамдар! «Дажал» ма, әлде елге келген Тажал ма?

Бөлім: Ата жолы кітабы №1 0

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Бір күні Пайғамбарымыз  үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы  хабар берейін бе?» деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!» деді. Пайғамбарымыз: «Олар Аллаға серік қосу және  ата-анаға  қарсы келу»  деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі – жалған сөз ғой» және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса ед.» дедік. Әбу Бәкірден өсиет; 1119(2654)   Енді аятта: «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып; «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық.» деді. (31-13).

Бұл мысалдардан айта-айта жауыр болған «Серік қосудың» үш түрі бар екен. Біріншісі; қандайда бір дерекке сүйенбей ойдан немесе жорамалдап болсын жалған сөйлеу, жалған куәлік беру. Екінші түрі; ата-анаңа, әдет-ғұрпыңа, салт-дәстүріңе қарсылық білдіру серік қосу амалы болып, тек киелі кітап аяттарына, жаратушы үкімдеріне қарсы мәжбүрлеген жағдайда тыңдамауға болатынын ескерткен. Үшіншісі; Аллаға серік қосу түсірілген аяттар мен пайғамбарлар көрсеткен нұсқауларды және әр елге өздеріне болған хикметті істермен көрсеткен ашық дәлелдерді жалғанға шығарып, ертегіге айналдырып қарсылық білдіру. Ал ортақ қосу амалы;  киелі кітаптар үкімін өзгерту немесе басқаша жорамалдап түсіндіру, ескерту уахи, түс, аянды зерттеп, талдамай шайтаннан деген пікірлермен хақиқатты жалғанға айналдыру әрекеттері зор зұлымдықты туындатып, арапша «Дәжал», қазақша «Тажал» деп аталады.

 Енді оқырманға тек қысқаша түсіндіре отырып, жақында болған бір елдегі дін көрінісін айтып кетуді мақұл көрдім. Мен жұма намазын өтеп жүрген мешітте «Нұр мүббәрак» жоғарғы діни оқу орнын өте жақсы бағамен тамамдаған жастар қызмет жасайды. Әрине кемшіліксіз пенде болмайды дегендей, ешқандай ғылымға немесе құран аяттарына қайшы пікірлер, насихаттар оқылып, айтылып жатса да «Көш жүре түзелер» деген оймен ұмытып қалуға тырысып жүрдік. Бірақ жақында жұма намазынан кейін халыққа хаттама үндеу парақтарын таратып жатқанын көріп алып оқып көрдім. Енді сол үндеуден үзінділер келтіре отырып, қысқа ғана Құран аяттарымен салыстырып, ара жігін ажыратып оқырмандарға талқыға салып, өздеріңіз ақыл таразысына салып бағасын берер деген үміттемін. Үндеудің аты «Таухид» (бірқұдайшылық) деп аталып Аллаһ деп Алламен қосып тәңір шақырған майда қателіктерін қойғанда; (Ескерту; Құран шәрифте «Алла» деген атау 2697 жерде, «Иллаһ» деген атау 167 жерде бар. «Тәңір» деп аударылады. Халифа Алтай аудармасынан). «Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деп ескертілгендей, Құранда бір бос сөз немесе таңба болмайды, бәрінің белгілі орны, саны бар. «Есеп білмеген есек» атанбауымыз үшін 2697;  167 сандары екілік жүйеде 24; 14 сандарын берсе, бірлікпен 6; 5 сандық нәтижесін береді. Сонда бүкіл құран ұғымы бойынша Алла=24 нұрдың, қозғалыс тегін және Алла=6 рахман немесе сөздің басын жаралыс тегін белгілейді. Иллаһ= 14;5 мәні оттың, желдің немесе бес қуат қозғалысты, тәңірлік сипатты көрсетіп тұр. Әрине таңбаларды жеке-жеке сандарға айналдырып аяттар мәнімен құпия ғылымдық мәнін де көрсетуге болар еді, әзірше оны алдағы уақыттың еншісіне қалдыруды жөн көрдім.

Қарапайым үннің сандық мәнімен жүйелесек: 3, 5-таңбалы атаулар тәңір сипатын, яғни төрт жаратылыс періштесінің «кісінің» көрінісін, бірліктің нәтижесі 5-ші нүкте тақ мәнін берсе, «Алла»-4  санымен түп негізді және бүкіл әлем есептеу құрылғылары тек төрт санымен ғана (1001 бір түн немесе 1000 айдан артық) есептейді, ойланады. Жаратқан сипаттың негізі адам баласының өзіндегі басты белгісі адамзат қанының төрт-ақ топқа бөлінуі және жаратылыс  төрт мезгілден, төрт сырдан, төрт тілдік негізден, нәсіптік ризық төрт күннен тұрады да бесінші күн жалған, жалғанушы сипатты береді.  Құранда «Алла» сөзіне байланысты қосып айтылатын «Тағала», «Рабб», «Ол» «Ол сондай Алла», «Бір Алла», «Рас Алла», «Алла бар» т.б. тіркеме сөздердің бәрі белгілі атаулар жүйесімен және сол аттың таңбалық, сандық мәніне байланысты жаратқан сипаттарын белгілеп,  міндетті түрде сандық мәнімен ғана есептеледі, айтылады. Сондықтан «Аллаһ» (дұрысы Иллаһ) қазақшаға сандық мәнімен «Шүкір» мағынасын беріп,  «Тағала»  шүкір сөзінің екінші балама ұғым ақпараттар жүйесі «яшик пандора» орнына пайдаланады. Онда «Аллаһ тағала» — шүкіріңе шүкір деп жаратушымызға тілмен серік қосамыз. Себебі, үндестік негізінде жалған ұғым! Бүкіл қазақ дін танымындағы басылым, әдебиет, аударманың бәрі (Халифа Алтай аудармасынан басқа) түгелге жуық серік қосушылар, жалғаншылар, тілді шұбарлап бүлдірушілер екендігі айқын!

Енді мақаладан үзінді келтірсек; «Өкінішке орай қазіргі уақытта көптеген өзін мұсылман санаған қазақ бауырларымыз Алладан сұрамай, өздеріне не пайда, не зиян бере алмайтын қабірден, тау-тастан, әулиелерден, әруақтардан, ағаштардан, тәуіптерден, бақсы-балгерлерден, құмалақшы көріпкелсымақтардан жәрдем, бала-шаға сұрап, оларға құлшылық қылып, Алла тағаланың ең кешірілмейтін күнәсі зор күнә Алла-һқа серік қосу жасауда.) (Серік қосу негізінен іс болып жасалмайды, көңілмен, тілмен білдіріледі.авт.)

 Бұл сөздерге мұқият үңілсеңіз, Алланың хикметінен ашық дәлелдер келтіріп пайғамбар, әулие аталған Алланың достары ешқандай пайда, зиян келтіре алмайтын топыраққа айналып, жоғалып, медцинаның негізін қалаған кереметтер көрсетіп, елін ауру сырқаудан құтқарғандар емші-бақсы, шипагерлер және елін жаудан, кәпірлерден қорғап қанын төккен Алла жолында шейіт болған «көріпкелсымақ» билер, «көріпкелсымақ» хандар енді келмеске кетіп тау-тасқа айналып кетіпті. Сол сияқты ақ бақсылықтың негізін қалаған және тура жолдың басты қағидасынан ашық дәлелдер көрсетіп, исраил ұрпақтарын жоқ болудан Раббысының үкімімен аман алып қалған Мұса пайғамбарды құрметтеген бүкіл кітап иелері де серік қосушылардан екен. Олай болса емшілік пен көріпкелдіктің тамаша үлгісі берілген Інжілдің негізгі қағидасы мен Ғиса пайғамбарымызды да шапағатшылық құқығынан айырып, жын-шайтандардың қызметшісі қатарына қосып тастапты.

«Талай әкесін сабағанды көріп едім, әкесін талға байлап сабағанды көрмедім» дегендей, әлем мойындауға тиісті рухани әкелер, яғни адамзатқа ақыл беруші жаратушы себебінің бәрі болуға тиісті емес екен. «Өлдің Мамай, қор болдың!».  Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің дегендей;  Үндеуден: «Мен сендерге күре тамырыңнан да жақынмын» (Қаф-16) және екінші аятта; «Аллаһ өзіне серік қосқанды кешірмейді, онан басқа күнәларды қалаған құлдарына кешіреді. Сондай-ақ кім Аллаһқа серік қосса, расында жала жауып, зор күнәлі болды» (Ниса-48) Үшінші аятта; «Негізінде Аллаһ өзіне серік қосқандарға жәннатты харам етті, олардың орны тозақ, сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ» (Мәйда-72)».  Құранды жете зерттемеген оқушы үшін бәрі дұрыс сияқты.  Ертеректе біріккен арап мемлекеттеріне басқа діндегі елдерден алтын әріппен Құранды басып сыйға тартады. Сонан жылдар өте сол Құрандағы бір әріптің өзгертіліп басқанын араптардан бір жас бала тауып дәлелдегенін арап елі әлі кезге дейін мақтанышпен айтады.

Сол сияқты «Тәураттың» да сөздерін себепсізден ауыстырғаннан кейін халық адасты деген сөз бар. Ал мына үш аятта жоғары білімді маманымыз 3 сөзді ауыстырған (мүмкін әдейі). Аятта; «Мен» сөзінің орнында «Біз» болу керек. Екі сөздің айырмашылығы батыс пен шығыстай. «Мен» ұғымы Алла тағаланың төбеден және аяқ астынан, яғни көк есігімен жер есігінен келетін қуатты ақпаратты және заманға (намазға) тәуелділік уақытты (уақ) білдірсе, «Біз» сипаты біртұтас адамдардың «Бірге» үкімдерді орындайтын, әрбір жаратылыстың ішкі сырын қамтитын тәңірлік қуатты қозғалыс себептерін көрсетеді. Сондықтан да сол араптардың тіл ғалымдарынан арнаулы сынақтан өтіп, ұлықсат бойынша аударған арап танушы дәрежелі аудармашы ғалым Халифа Алтай аудармасына жүгінсек; «Алла Тағала өзіне ортақ қосылуды (түсірген аяндарды, түстерді, ашық дәлелдерді жоққа шығаруды) жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болды.» (Ниса-48) Алла тағаланың «Өзі» дегеніміз сол Алладан түскен кітаптарды меңгеріп сүйікті құлдарына айналған жанның жоғары дәрежелі орнымен байланысты жаннаттық сипатты айтады. Сонда аятта  «Серік қосу» сөзінің орнында «ортақ қосу» сөзі болу керек. «Ортақ қосу» — көктен, жер астынан келетін үкімдер мен Құран аяттарын теріске шығарып тәпсірлеуді білдірсе; «Серік қосу» — сөзге және дұға тілектерге байланысты ұғым. Үш аяттан кешірілмес қате жіберген аудармашыдан, тәпсіршіден, яғни дінді бөлшектеп пәтуа шығарушыдан артық зұлымдық жоқ!

Енді әрі қарай үндеу хаттан; «Сондықтан бауырлар, жоғарыда айтып өткендей әулие жағалау, әруақтан сұрау, тәуіптерге бару күнәлары адам өлтіру, намаз оқымау, әке—шешеге құрмет көрсетпеу сияқты үлкен күнәлардан да асып түсетін ауыр күнәға жатады!».  Мінеки құрметті оқырман, егер  намаз оқымасаңыз болды немесе Алланың сүйікті құлдарына басына және әке-шешеңізге барып сәлем, садақаңызды беріп, Құран бағыштап қауымыңа, бақилық туыстарыңа, ел-жұртыңа тыныштық сұрап кешірім сұрағаннан (тәубеге келу), яғни Алланы зікір етіп ақыретті еске түсірсеңіз болды, үлкен күнәға батып, айыбына адам өлтірген дұрыс екен. Онан да Иракта, Ауғанда болып жатқандай өзіңді-өзің жарып, ағайындарыңды, бауырыңды, дін қандасыңды қырып салған күнәсі жеңілдеу екен. Бұны жазып отырған білдей «Алмалыбақ» ауылының имамы Е….. атты мырза екен де, ал таратып жүрген «Нұр мүбарак» жоғарғы мектебін жоғарғы бағамен тамамдаған, тағы да солармен мүдделес, пікірлес жастарымыз.

«Елді болашақта арамза молда мен арамза ғалым бұзады» деп кезінде аталарымыз бекер айтпаған екен. Әрі қарай пайғамбарымыздың өсиеттерін де жалғанға шығарған; «Бата дұға жасағанда әруақтар қолдасын, әулие-әмбилер, Қызыр баба оңдасын, періштенің құлағына шалынсын т.б. сөздерді айту. Біреуге ант бергенде, дастарханның үстінде отырмын ғой, жол үстінде тұрмын, түн жамылып тұрмын, нан ұрсын т.б. сөз тіркестерін қолдану. Негізінде ант Алланың атымен ғана беріледі. Осындай кіші серік қосу күнәсін істеген адам мұсылмандықтан шықпайды, бірақ адам өлтіру, әке-шешесін лағнеттеу сияқты ауыр күнәні істегендей болады. Өкінішке орай, осындай күнәларды намаз оқитын кісілер де жасап жатыр..» әрі қарай жалғастыруға да болар еді, бірақ  Адам ата қауымынан бастап пайғамбарлаға түсірген  жалғасты келе жатқан әр елдің жүрегінен шыққан абыздарының, ел билеуші, жол көрсетуші жол басшыларының бүкіл бата дұғаларды араптардан жаттап алған тыңдаушысы түгіл өзі де түсінбейтін  үндік заңдылығы бұзылған сөз тіркестерінің алдында түкке де тұрмайды екен. Сондай-ақ жаратушымыздың Құранда астарлы түрде көрсеткен мысалы; Мұса пайғамбарымыздың себептер мәнін түсініп, даналыққа батасын алған Қызыр Ілиясты және Қадір түні келіп сүйікті болған ұрпақтарына батасын беретін Қадір атаны (Адам ата) және жалпы қазақтың ғұрпын теріске шығарып, пайғамбарымыздың сан ондаған өсиеттерін жалғанға айналдырған адам мейлі имамдар болсын кәпір болмақ. Себебі, кім пайғамбарымыздың ізгі тілектеріне қарсы болса, онда Аллаға қарсы. Пайғамбарымыздан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (ата-баба) әдет-ғұрпына сүйем бе сүйем (қол өнер т.б.) кез бе кез (жерге, табиғи ортаға) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе (тау-тасты, ағаштарды қадір тұтпақ түгіл) де оған кіресіңдер» деді. Біз; «Уа, Алланың елшісі! Яһудилер мен христиандарды айтып тұрсыз ба?-деп сұраған едік, ол; «Басқа кім болушы еді?» деп айтты.» (1378,3456 өсиет) « Қадірдың (Хадыр) аталу себебі, ол аппақ жерге отырғанда, оның арқа жағында көк майса жайқалар еді» деген (1329; 3402 өсиет).  «Жер бетін шарлап саяхат құрыңдар, тәндерің сауығып пайдаға кенелесіңдер» (475-өсиет) «Әр алуан жерді аралап жүрген саяхатшылар Алла тағаланың алдында ораза баспалдағына аяқ баса алады.» (485-өсиет) «Саяхаттың ең пайдалысы; Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді.» (467-өсиет)  «Азаптың ажалымен өлген адам, ақирет күні өз тегінен шыққан жетпіс (70) адамға жәрдемдесу мүмкіндігін алады.» (999) «Мен, атам Ыбырайымның дұғасы, бауырым Исаның сүйінші хабары және анашым Аминаның көрген түсімін.» (Хаким 453). «Дұға түскен нәрсеге де түспеген нәрсеге де пайдалы. Уа, Алланың пенделері, дұға қылыңдар!» (Ибн Омардан).

Бұл ұлық пайғамбарымыздың өсиеттерін жалғастыра беруге болар еді, бәрібір надандар (жүрек мөрлену) түсінбейді. Себебі екі жыл бұрын атақты Хазірет Шейх дін ғұламасына әулиелерге зираттау туралы ораза айының алдында көгілдір терезеден сұрақ қойылғанда; «Сол шіріген сүйектерден не аласыңдар?» деп қысқа қайырып, пайғамбарымыздың осы өсиеттері мен жаратушымыздың мыңдаған үкіміне жала жапты. Күн құрғатпай баспасөз беттерінен, көгілдір терезелерден, мешіттерден «Аруақтар» тарапына, Алланың құдірет қолына, яғни адам мен жынның бірігіп кісіге айналу жан ғылымына айтылып жатқан жалаларға халықтың құлағы үйреніп болды. Сондықтан болар 2009 жылы сәуір айында үкіметтің көмегімен «Ата жолын» ислам дініне қарсылық білдірген «Фарқатшылармен» біріктіріп, қасқыр мен қойды бір қораға қамап,  (бірі жаратылысқа табынса, екіншісі жаратылыс өзіне себепті қозғалысқа аруақтарға табынады)  әлемде әзірге болмаған теңдессіз заңды ойлап тапқан  Қарасай аудандық соты шоқынғандарға құдайшылдарды қосып олардың табынған құдайдың құдіретін «ӨЗІН»-өзі яғни әдет-ғұрпын, дәстүрлі дінді соттап үкім шығарды. Мешіт имамдары бұл жәйді қуана қоштап халыққа жария еткенімен тұрмай,  Ислам өркениеті басылымында №14 (158,11-20 маусым 2009) санында «Рухқа (ақылға) табыну шайтани іс» деген; Забурды, Інжілді, Тәуратты және Ғайса пайғамбарымызды жоққа шығарған мазаққа айналдырған мақала шықты. Мақала желісі бойынша қазақ тек арапқа ғана табынып, ел бола алады екенбіз. Жаратушымыз да киелі кітаптарда қателесіпті.

 Осындай дін тарапынан қарсылыққа елімізге міндетті түрде сынақтар жіберетінін, апаттарды ескертіп баспасөздерге т.б. құзырлы орынға ескертіліп мақала бергенімен құлақ асқан, кешірім сұраған, түзетуге тырысқан ғалым, философ, тақуа, сопы дегендей дінін қорғауға тиісті тіршілік егелері болмады. Құтты бәрі өз азығын, бас қамын ғана білетін жәндікке… болмаса діндері ауысып кетті. Сондықтан да Алла тарапынан ашық белгі үлкен ескертулер түсті қазақ жеріне! Есесіне қарапайым қанша халық құрбан болды. Шәкәрім атамыз ескерткендей абайламаса «Дін қиянат!» Қазақ халқының қанына сіңген әдет ел шенге, лауазымға, білімдіге сенеді. Сондықтан бар жағдайды тек ғалым біледі, таққа отырған шешеді деп сенгендігі сонша артын тексеру ойға да келмейді.

Біздің қасіретіміз де осы адасқан елдерге сеніп дініміз араптан, білімді, шаруамызды европадан және өзге жұрттан дайынын алғанды мақтан тұтып, ата-баба салтына, ғұрпына ашықтан-ашық түкіртіп намыстануды да қойдық! Сондықтан Ғайсаны «шайтан» деп, пайғамбарлар көрсеткен өнегелерді, адам өлтіргендей күнә жасау, әулиелер бабаларымыз адасқан, тек шіріген сүйек болды деп жастарымызды аздырмау үшін қағаз көтермейді, әйтпесе жаратушымыз үкімдерінен жүздеген аяттардан дәлелдер келтіріп, аруаққа, қазақ ғұрпына қарсы дін танытушыларының залым, тозақтық және де жуық арада азаптарға ұшырап лағнеттелетініне нақты дәлелдер келтіруге болар еді. Әзірше алда қысқаша ғана  Құран аяттарынан дәлел келтіріп және екі түрлі шешімін ұсынамын. «Ішінде отырылмайтын нәрселерің (кісі) бар (әулиелер мазарлары) үйлерге кірулеріңде оқасы жоқ. Алла көрнеулеріңді көместеріңді де (қалай жалбарынғандарыңды) біледі.» (24-53)  Сондықтан ондай үйлерге кіргенде: «(Мұхаммед); «Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына  (әулиелерге) лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары (ойлары) жақсы ма?» деп сұра!». Әулие-әмбилерді Алланың сүйген құлдары деп, Құран оқуды- Аллаға мадақ айту деп, дұға тілекті – сәлем беру деп біліңіз!

Алла тағаланың «Мен» сипаты жер есіктері мен көк есіктеріне байланысты қуат болғандықтан Алланың сүйген құлдарына сәлем беруді аятта: «Іштеріңе, өздеріңнен аяттарымды оқитын, (әмір иелері) сендерді тазартатын және сендерге Құранды әрі үкімдерін үйрететін (жол басшылар), сондай-ақ білмегендеріңді үйрететін (аян, уахи және түсіңе еніп) Елші жібергеніміз сияқты…(151) Енді, Мені еске алыңдар,(Құран бағыштаңдар) және Мен де сендерді еске аламын (ақыл беремін) және Маған (ата-бабаларыңның Раббына) шүкірлік қылыңдар да (құрбандық, зияраттауға) қарсы болмаңдар.» (2-152) (Сондықтан да) Алла жолында өлтірілгендерді олар өлі демеңдер (пайда, зиян келтіре алмайды деп), олар тірі, (демек, Алла қаласа шапағат етеді) бірақ сендер (үйде отырып) сезіп біле алмайсыңдар (жер жүзін кезіп іздеңдер).» (2-154).

Енді тура жолды табу үшін 73 түрлі сауап баспалдақтарынан өту қажет. 73 парыз амалдар бар. Оның елуі (50) намаз деп аталады. Пайғамбарымыздан; ..(Алла) «Ол –(амалда) бес, ал сауап бойынша елу (50) Менің алдымда сөз өзгермейді», -деді..» (221;349-өсиет). Олай болса бесеуді діннің куәлігі ретінде орта топтағы Меккелік араптарға ғана жеңілдік берілген бес парыз; тәубаға келіп куәлікте тұру, бес уақыт намаз, ораза, зекет (салық) төлеу, қажылыққа бару. Ал 50-ге толтырып намаздарды орындау 45 амалы Қазақ елі үшін Абай атамыздың 45 қара сөзімен берілсе, ақиқатқа жету аруақ туралы заңдылық болып тағы қосымша нұсқаулармен 5 сопылық амалдармен 55-сүре Рахманмен бірігу болады. Ол да Таурат пен Інжілден алынады екен. Бұл тек дін жолының амалдары болып Исламға ортақ дүние болмақ.

Ал  енді 23-ші белгі әр ұлтқа, елге тән салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан, шаруа және мәдениет, өркениет қағидаларымен Алла жолы мезгілдік, маусымдық қозғалысқа тәуелділікте болып,  рұқ өзгерісі, үдерісі дін жолымен біріктірсек қана толық тура жолдың қағидасы 78-ші сүре сопылықты, елшілікті меңгеру болып шығады. Алла жолы қоршаған ортамен байланысты қабілетті қалыптастырса, дін жолы ішкі сезім – өзін, қасиетті қалыптастыру шарт. 23 саны негізінде Тәурат саны болып, қозғалысты, маусымды, мезгілді туындатады.  Себебі жер шары 23,5 ось көлбеу болмаса, маусымдар пайда болмас еді. Сондықтан Тәуратты, Інжілді меңгермей мүмін болу мүмкін емес!

Енді сүйікті пайғамбарымыздың Миғраждан алып келген екі аяттың есептік жүйесін қасиеттік белгісіне қоссаңыз 80 санымен «Ахметтік» қасиетті меңгеру болып табылады. Сондай Хазірет жан ғылымының сопылықтың; 1-ші баспалдағы болса, Сұлтан-2, Құл-3, Қожа-4, Ахмет-5 сатысы бар екен. 11 «Ахметті» тәрбиелеген Ясауи бабамыздан жәй хазіреттерді жоғары қойдық және тура жолды меңгерген толық меңгерген  «Ахмет» негізі пайғамбарымызды да сол қаптаған «хазіреттер» қатарына қойдық. Бұл сатылар аян және уахи алу, яғни пайғамбар ізбасарлары болып есептеледі. Оған дәлел пайғамбарымыз; «Сендерден бұрын өмір сүрген Исрайлдіктердің арасында пайғамбар болмаса да аян алатын кісілер болған, менің үмбетімде сондайлардан біреу болса, ол Омар!» деп айтты.» ( 1460;3689 -өсиет). Демек, пайғамбарымыздың қасындағы кітап түскен алғаш Омар сахаба  қожалық дәрежеге жеткен. Қожа ру емес! Және пайғамбарымыздың аяндар туралы өсиеттері бойынша пайғамбарымыздың шәкірті болып «Ахмет»  дәрежесіне жеткен екі ғана сахаба болған. Әрбір Алладан түсетін дәреже, қаиеттерге көркем есім болу керек!.  Пайғамбарымызды өз дәрежесімен атамай тек қана «хазіреті ғалейкісалам, әлексалам т.б.» үндік мағынасы не болатыны Бір Аллаға мәлім, ал сандық түсінігі «аллауақбар» деп естілетін сөзбен сүйікті пайғамбарымызға жанама ат қойып алдық. Негізінен Хазіреті Сұлтан Құл Қожа Ахмет дәрежесін алғашқы меңгерген Мұхаммет пайғамбарымыз!  

Құрметті дін танытушылар, «Аруақ» туралы Құраннан мыңдаған аяттардан дәлел келтіруге болатынын ескертіп жазғаным үшін ғана емес және сол амалдарды орындаушы ретінде мен де онда сіздердің ұғымдарыңызбен адам өлтірген болып шығамын.  Себебі, дін танытушы ғұламалардың қарсылықтарына қарамастан «шерік, серік қосу» арқылы  көктерден, жерден берілген белгілерді аян, түстер мен аруақтардың батасымен жетеленіп, сол ұмыт бола бастаған тарихи шежірелерге жалғану арқылы Құранның бабалар меңгерген құпияларын жариялауға бұйырылдым. Сондықтан сол белгі аян, уахилардан аз ғана мысалдар келтіре кетсем;

Негізінен 73-ші белгі ол тура жолдың есігі ғана. Құлшылық қағидасы аспандағы жеті жолмен, жеті түрлі пенде бойындағы нәпсілік жел жолымен онмен дәрежеленіп 77-мен бекиді. 24-25-ші сүрелермен тақуалық, тарихат, 25-50 сүрелер амалдарымен мағрипат, 5 сүремен ақиқатты көреміз. Бірақ тура жолдың да қисығы бар дегендей, әрбір адам баласына берілген сүрелер қағидасы бірдей болғанмен, ішкі аяттар мәнімен қасиет, қабілет, шаруа, жыныс, ұлт, т.б. ерекшеліктерімен жеке-жеке тылсым арқылы белгілі тапсырмаларды орындау арқылы жетеленеді. Әрбір аяттың 3 мәні, сандық құпиясы, түсінігі бар. Бір аяттың өзі тылсымнан пенденің ерекшелігіне байланысты үш түрлі жағдайда оқылады. Үш түрлі, үш мағыналы барлығы 9 түрлі жаратушымен, яғни тылсыммен хабарласу (санада, көкейге салу, бір перденің ар жағынан сөйлесу.) тетігін меңгеру қажеттілігіне  байланысты әр пенденің сол аяттарды оқитын өз пірі, жетекшісі болу шарт. Құранда; «…. Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.» (12-76) 76-шы белгіге жетіп барып және елге тілдік, үндік, таңбалық ыдысына қарай жол—жобалар түсірген елшілерге, сол жолдардан өтіп ашық дәлелдер көрсеткен әулие-әмбилердің жатқан орындарына, жұлдыздардың қозғалысына тәуелді түрде жер бетін кезіп,  иманды іздеп аяндармен толықтыру арқылы ғана мүмкін болады. Аятта: «Сондай, Аллаға берген серттерін бекіткеннен кейін (Алла достары көрсеткен жол-жоба) бұзғандар және Алланың бірлесуін (50-амалды) бұйырған нәрселерді (әдет-ғұрып 23-амал) бөлгендер әрі жер жүзінде бұзақылық істегендер (лаңкестік әрекеттер), міне лағнет осыларға. Сондай—ақ мекеннің жаманы (тозақ) солардікі.» (13-25).

 Осында жағдайдың туатынын білген пайғамбарымыз; «Жаным қолында болған Алламен ант етейін, расында араларыңа Мәриям ұлының әділ сот боп (аруағы, кісісі келіп) түсуіне жақын қалды, ол крестерді сындырады, шошқаларды жояды, жазияны (бодау төлеу, аруақ заңдылығы) мансұқ етеді және мал-дүние ешкім оны алмайтындай дәрежеде (несібе береді) көбейтеді» деп ескерткен» (993;2222-өсиет Әбу Һурайрадан) Сүйікті пайғамбарымызға тілдеріңіз тиіп кетпесін деп 73 топтың қарапайым қағидасын 73-ші сүремен түсіндіре кетейін. Аятта; «(Мұхаммед) сөз жоқ, сенімен бірге болғандардан бір топтың (сахабалардың бәрі емес), түннің үштен екісіне жақынырақ жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түнімен күндізді шамалайды. Оған, сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар (құран бағыштаңдар). Сендерден науқас болғандар (шипа сұрап зияраттап), басқадай Алланың мәрхамметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер (саяхат жасап зияраттағандар), тағы басқа Алла жолында соғысқандар (емдеу, бақсылық, нәпсіні жеңу жолында күрес, арақ, шылым, зина т.б.) Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар (түгел жаттамаңдар). Және намазды толық орындаңдар (73 амалдарды) да, зекет беріңдер (табыс салық төлеңдер). Алла үшін көркем қарыз (құрбандық шалу) беріңдер. Және өздерің (іштеріңдегі, алды артыңдағы аруақ көлеңке) үшін  алдын—ала хайыр істесеңдер (ата-баба аруағының басын көтеру) оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер (зияраттап жалбарыну). Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (73-20).

 Бұл аят тура жолдың есігі болып, бірақ оның кілті әуелі арамдардан тазарып әулие-әмбилердің батасымен ғана ашылады. Сондықтан араптардан бастап жан ғылымынан қателесіп, Тәурат, Інжіл сауап амалдарын мүлде жоққа шығарып, діндерді бірлеудің орнына үлкен жер жүзінде бүліншілікке, мәңгүрттенуге бастап көктен және жерден келетін ақпараттарды үзіп, шайтанның көмекшісіне айналғанын дәлелдейтін күн туар, ол үшін тіл мен сөз түзелмей сана өспейді. Сондықтан бабаларымыз; «Санасызға сан айтсаң да түсінбейді» (жүректеріне мөр түсіп, ұлттық ойлау қабілетін жоғалту) деген нақылды ескеріп, сонда да мүмкін бұл хатымды жетесін әлі жоғалта қоймаған, жеті атасынан ақпарат алып жүргендердің де қолдарына тиер деген үмітпен ғана жазып отырмын. Құранды тек санмен жүйелеп оқымаса шектен шығып теріс ұғымдар мен қате түсініктер пайда болып, адам баласы өз зиянына алатындығын дәлелдеу үшін ана тілі мен сөз жібімен (көркем сөз) көкке жалғану тек ата-баба аруағы өз тектеріңді түгелдейтін шежіре арқылы ғана мүмкін болмақ. Ал дін танытушы, шейхтар мен хазіреттер қауымындағы сол жіптің үзілгендігіне дәлелдің  жүзден бірінен мысал; Сұлтан Бейбарыс атамыздың арап елдерінде билік құрған уақытында тұтқынға түсіп құл болып келген жерінен сатып алып, тәрбиелеп елге оралар алдында орнына қойып кеткен «Беріш Құрбан» атамыздың 14 жыл елді басқарып Египетті жаулардан қорғау кезінде қайтыс болған жерленген топырағынан Сұлтан Бейбарыс атамыздың топырағы деп әкеліп жерлеп, бүкіл халық та, үкімет басшылары да алданып тағы Сұлтан Бейбарысқа деп Беріш Құрбанға ескерткіш салдыртып жатыр.

Ал Сұлтан Бейбарыс атамыз Астархан маңындағы, кезінде жоңғарлар жаулап өмір сүрген жерге келіп жерленген. Әрине онан қазақ ұтылмайды, бір аруақтың болса да санатқа қосылуы үлкен жетістік. Бірақ Алла жолының негізгі қағидасы – әрбір жаратылған немесе қасиет егелерін өз атымен ғана атау керек. Сондықтан діннің жолының бірден-бір белгісі; әрбір жаратылыс егелерін өз атымен атап, тарихтан өз орнын беру және шариғаттың басты қағидасы сол белгілерді түс көру арқылы анықтап, біліп және оны толық жори білуде. (12-сүре насихаты) Ілімді іздеуші болып, үстінде білімді тұру керек. Болмаса діннен адасқан болып есептеледі.  Аян (аят) түгіл, өзіне басқа ат қойып жатқанда ескертетін аруақтың білдіретін қарапайым түсті (діннің жібін) де көре алмаған Шейх, Хазірет, тақуа, сопы бұрын қазақ тарихында болмаған жағдай! Себебі, хазірет дәрежесі тек құраннан арнаулы сүре алып, яғни кітап түсіп, сол арқылы шежіреге 5 күнге жалғанған Алланың жібін ұстағандар болып есептеледі. Ал осындай дәрежеге жету үшін жасалатын тазару амалдары мен сенім негіздерін, яғни Інжілде де ескерткен аяттарды, тарихи орындалуға тиісті мысалдарды, үкімдерді, үкіметтің жәрдемімен соттап қудалап жатқан «көріпкелсымақ» аталған қазақтың «діни сауатсыздары» болғанмен, бірақ түс көру ілімін меңгерген» «Ілімді» аққу, сұңқарлары арқылы ғана әлемде мойындататын жаңалықтар, тарихи шежіренің ақиқаты ашылатын күн де туды. Сол қанымен, жанымен Алла жолында соғысып әлемде әділдікті паш еткен бабаларымыздың ақ шапанын қайта жауып, тегін жоғалта қоймаған жас ұрпақтарымен қауыштырып, көк жиекті көріп өскен азғана қалған ақсалдарымыздан ақ батасын алу үшін енді жоғарыда айтып кеткен екі амалды түсіндіріп кетейін. Біріншісі, жаратушы тарапынан болатын үкімдер мен аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің (шерік, серік қосу деп) қабірдағылардан (ата-баба әдет ғұрпынан) күдер үзгендей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-сүре 13 аят). Сондықтан қандай да жағдай болмасын қабірдегі туысқандардан, бабалардан күдер үзу ақиреттен үміт үзіліп жан ғылымының тоқтауына соқтырады. Себебі; «Ал енді Аллаға өтірік айтқан, сондай-ақ өзіне шындық келген кезде (өліктермен сөйлестірілу), оны (аруағын) жасынға шығарған біреуден залымырақ кім бар? Қарсы келушілерге тозақта орын бар емес пе?» (39-32) «Расында қиямет сағаты келеді. Онда шәк жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.» (40-59).Пайғамбарымыздан; «Ақыр заманда (қиямет сағаты-ойбайласу) үмбетімнен кейбір адамдар дінді білетіндіктерін айтып, Құран оқып (өздері аударып) былай дейді: «Біз басшыларға (Меккелік араптар мен сахабалар жерленген жерлерге) барып, олардың дүниелерінен несібемізді аламыз (умра қажылық), оларды дінімізбен (мінез, қылық, тілімізбен) араластырамыз, «Задында», бұлай болмайды тікеннен тікен ғана алынатыдай, оларға жақын болғандар да олардың жағымсыз қылықтарын үйренеді.» (Ибн Мәжә,23).

Өз тамырынан белгі алып, тарихына жалғануды «шерік, серікке» айналдырып, тек умра қажылығына немесе 40-қа толып, 9 жыл дін сынағынан өтпеген (49 жасқа келу) жастарды қажы атандырып, дінге жалпы ділді өзгертуге жұмыла кіріскен дін танытушыларды қалай атауға болады? Өз тамырынан – тілінен, ділінен ажырап түсінігі жоқтарды «Задсыз!» деп сөгуші еді ертеректе үлкен кісілер. «Задымыздан» (ділімізден) ажырап, мүлде қиғаш кетіп бара жатқандықтың, діннің негізгі бағытынан қиғаш кетуіміз себепті ерекше белгілермен жер жүзінде қиямет сағаты басталып кетті де.

Қазақ жерінде былтырғы жылы тамыз айынан бастап періштелер түсіп, енді 9 жыл толғағы болады. Сондықтан әрбір Аллаға, пайғамбарларына, періштелеріне, сүйген құлдары арқылы оқылып жатқан аяттары мен баталарға (уахиға) қарсылық көрсеткен әрбір пендесіне жазылмайтын ауру, от басына қасіреттер келетіні сөзсіз. Дінді білдім деп бірігуді бөлшектегендер, әкім қаралардың бүйрек, бас ауруларымен, тізеден, тобықтан, белден мешеулікке түсіп, екі иықтары салбырап, арқа құрысып, маңдайлар тырысып, жалаңбас әйелдердің қолы сасып, етегін түріп алып ары мен барынан айырылғандардың қолтығы тәні сасып, (иманы жын шайтанға айналып) кеміс, мүгедек ұрпақтардың өмірге келуімен, қанның азу аурулары еселеніп арта бермек. Әлем медицинасы Алла тарапынан жіберілетін шипгерлік ілімді мойындап зерттеп иманға келгенше адамзатқа келетін қасіреттер еселеп арта береді. 

Дін ғұламасымын аруақ деген шерік, серік (аздыратын сыбайлас) деп өзінен-өзі қашқандарға да осындай қыспақтар түсіп, бес уақыт намазының сауабы қара басына да жетпей, сыбайлас дегені өзіне кіріп, дәрігерден жазылмай, шипагерлер іздеп, болмаса тығылып болса да әулие-әмбилер бастарына барып кешірім сұрап,  бірі амалына қарай шипа тапса, кейбіреулері күнәсіна қарай жауабын алып, қарабет атанып, тіптен мойындамағандар берекетсіздіктерге ұшырап, өзімен-өзі болмаса жанұясымен арпалыса бастайды. Бірақ әрбір сөздің немесе істің нәтижесі тізеге, алақанға, маңдайға 666 санымен таңбаланады да, жазасы 3 жыл көлемінде бірде ерте, бірде кеш пенденің алдына азап болып келеді.  Көп жағдайда адам баласына неден болғанын шайтан ұмыттырып жібереді. Сондықтан да Құдайдан сақал сұрап, мүйізінен айырылған тоқал текедей қара сақал, қаба сақалдары бар мақалы жоқ, жалаң аяқ табаны жер анадан ажырап қатігездікке айналған, жалаң бас жүргендіктен миы ашып түсінікті жоғалтқан діншіл жастар да көбеюі сөзсіз. Түрегеліп тұрып ит құсап жер анаға сарығаннан жыныс мүшелеріне және екі аяғына жерден бөлініп жатқан суық сәулемен тәні арамданса, ал етегін түрген арсыздық қылықтан жатырына дейін қараңғылық басып арамданып жатқан жұбайларымыз бен қыздарымыздың да көмегімен жыныстық ит ауруларына ұшыраған еркегі де, әйелі де және құдайдай сенген өздері кімге сенетінін білмеген дәрігерлер де жанұясымен «емшісымақтарды» жағалауларына тура келеді. «Спид және небір иіс иттерінің» Алла тарапынан түсірілген шипасы да бар!  Мүмкін тәубаға келсе шипагерлеріне кездесіп қалар. Әйтеуір Алла шипасын берсін дейміз!

Кезінде Ибн Сина, Әл-Фараби т.б. аталарымыз да дінмен, әкім қаралармен қазіргі таңдағыдай қудаланған. Ал шындықтың қай жағында екенін анықтап, сол Алланың азабына түскелі тұрған бауырларымыздың жартысының болса да оң таңбалар алып,  азабын жеңілдететін екінші жолы бар. Оны шайтанға көмекшілікке жалданған үндеудің егесі айтып кетіпті. Алладан басқаны ауызға алып ант беруге болмайды. Шындығында шайтанды жеңу  – өз өтірігін өзіне тонын айналдырып қарсы қоюда! Адам баласы нені білмесе содан қорқады. Жаратылыс себептерінің мәнін білмей (жаратқан мен жаратушы) және оларға деген ерекше жек көру сезімін туындату қосымша ашу, ыза мен кектенуді туындатып, сүйіспеншілік сезімдерін бүркемелеп жүрекке перде түсіріп, мөрленумен аяқталады.

Сондықтан осындай себептердің мәнін білмеуден шарасыздық, одан күпірлікті, жалған бәсекелестік салдарынан және бұзақылық жолындағы сезімдерді күшейтіп, ақырында елдегі бүлікті, діндегі бірлікті апаттарды туындатады. Басталып та кетті. Сондықтан ондай Құранды кемелденуге, даналыққа  емес надандыққа алудан ара жігін ақ пен қараны ажырату үшін жаратушы тарапынан берілетін үкімдерге мойын ұсындыру қажет. Аятта: «Анттарыңды араларыңда алдауға сылтау қылмаңдар. Аяқ берік басылғаннан кейін (салт-дәстүрдің бекігеннен кейін іштеріңнен ғұламалар, әулиелер шыққаннан кейін) тайып (өзге топқа еріп), Алланың жолынан (әдет-ғұрыптан) тосқандарың үшін жамандығын татасыңдар. Әрі сендерге зор азап бар.» (94) «Алланың антын арзымайтын (дүние тіршілігіне, болмаса ішкен жеген тамағымен, туған туысқан т.б. ант беру) нәрсеге айырбастамаңдар. Білетін болсаңдар, Алланың қасындағы (сүйікті құлдары) ғана жақсы.» (16-95). Сондықтан қазақта Алланың атымен бостан-бос ант бермеген немесе қарғанбаған.

Жоғардағы үндеу егесінің ескерткен қарғанулары осыған байланысты шығып, шектен шыққан жағдайда ғана кісінің атымен (киемен) «Аруағым атсын» деп қарғаған.  Жаратушымыз бостан-босқа Алланың атымен ант бермеуді ескерте отырып, егер де шындыққа көз жеткізгілерің келсе ғана өлім тілеп және өзіңе лағнет сұрап ақталуға болатынын ескерткен көп аяттарда. Олай болса халық алдында бүкіл Қазақ елінде тіркелген дін топтарының өкілдері, мейлі арнаулы бекітілген мешіт басшысы болсын, нұрландыратын ұстанған бағытының нақты болмысын дәлелдейтін ерекше тұлғаларды кемел адамдарды қалыптастыратын құжат нұралдырушы кітабын Құранмен, Інжіл, Тәурат, Забур қағидаларымен ғана дәлелдеу үшін ғылыми сараптама кеңесін құрып ұсынуға тиісті. Ғылыми кеңес қабылдаған жағдайда ел алдында істерінің хақтығына және ел, халықтар бірлігіне, мүддесіне қайшы келмейтініне топ басшылары төрт (4) рет ант беріп бесіншіде; өтірік айтқан болсам «Алланың қарғысы атсын!» деп  жаратушының алдында лағнетін сұрау керек. Және мұндай іс-шаралар бүкіл әлемнің дін кеңесінің көз алдында қабылданғаны мақұл. Бірақ дін кеңесшісінің басты шарты; Алланың жібіне жалғанған дәлелі, белгісі, құпия аяттардың көрінісін ашқан еңбегі болу керек! Бұл – Яссауи бабамыздың негізгі қағидасы. Сонда ғана халық көп ұзамай ақиқатқа көз жеткізетін болады. Сол сияқты рәсімдерді имамдардан, сопылардан, майда топ өкілдерінен де тұрғылықты жерде кіші ант беру рәсімдерін өткізу керек.

Құрметті дін басшылары, сіздер егерде өтірік айтпай жүргендеріңізді халық алдында айқындауға, болмаған жағдайда өз бастарыңызға Алланың қарғысын шақыруға өздеріңізге сенімдімісіздер? Ал үкіметтің қудалап соттап жіберген «Ақ жол, Ата жолы» атынан мен Байтасов Тоқберген Кескір ұлы жоғарыда жазылған және осы уақытқа дейін әлі толық жарық көрмеген төрт кітаптар түрінде жазылған еңбектерімді ұсына отырып, еліміздің және үкімет, әлем алдында Құранның белгісіз жарияланбаған  құпия түсініктерін, ғылымын, есептік сандық жүйесін ұсынамын. Сондықтан бұл ақпараттардың Раббымыз тарапынан аянмен көрсетіліп, батамен, әулие бабаларымыздың аруақтарының жетелуімен жазылғандағына, Алла тарапынан хақиқат екендігіне өз атымнан; Төрт рет Алланың атымен ант ішіп, бесіншіден егер де пікірлерім Құранға, жаратушы үкімдеріне қайшы болатын болса; «Алланың лағнеті маған болсын!» деп қосымша ант ішуге «діни сауатсыз» аталған халықтың атынан куәлікке тұрамын!

Ендігі кезек сіздерде ел басшы, дін басшылары! Білгендеріңізге, істеріңіздің ақтығына ант беріңіздер халыққа. Сонан кейін халық та көзі жетіп және куә болсын кімдерге Алланың лағнеті мен қарғысы тигеніне!

Қарасай ауданы Алғабас ауылы Бейбітшілік көшесі №6                                                            

 Байтасов  Тоқберген  Кескір   ұлы, Маусым 2010 жыл. 

            Құрметті осы мақаланы оқушы! Бұл мақаланы ешқандайда баспасөз баса алмайтындықтан, егер сіз өзге елдің қосын тігіп, сөзін сөйлеген сығандықтан және бәрін білдім деген «білдіман» ауруына ұшырамаған, қазақ дін танымына және болашағына бей-жәй қарай алмайтын, тегіңізде бабамыз Қазақ Қаһанның және алты алаштың белгісі (алты үйі) ділманы бар болса, әрі қарай ақиқаттан хабардар болғыңыз келсе, үнсіз қалмассыз деген оймен кезек күттірмейтін және де халықты өз асыл шежіресімен қауыштыратын,  тарихта әлем халқын таң қалдыратын асыл қазыналарды көрсететін уақыт жеткенін хабардар етемін.

Алтын адам деген асыл анамыз Ұлсай Емер анамыздың (Алаш Қаһан жұбайы, Қазақ, Созақ және Зейнеп анамыздың шешесі) өз атымен аталып және оған қосымша дәлелдер аталарымызбен бірге көмілген, шаң, тот басып жатқан қазыналарды өз ұрпақтарына қауыштыратын, Алаш бабамыздың басын көтеріп, әлемге мақтанатын мезгілі туды! Қазақ халқының өз шежіресімен қайта қауышып, қашанда әлем діндерінің көш басшысы болып ақиқаттың қайнар бұлағының негізін салған бабаларымыздың еңбегімен де өз ұрпақтарымен қайта қауыштыруға өз үлесіңізді қосарсыз деген үмітпен кейбір ел басқарушы азаматтарға жеткізулеріңізді сұраймын. Себебі, жариялауға болмайтын көп ғұламалардың еңбектерін мүлдем теріске шығаратын, қазақ елінің әлем ғылымының алдында жаңа қырынан танытатын, сондықтан да тек ел мүддесіне жан ашитын ел басшыларына ғана жеке берілетін құпия ақпараттардың бар екенін ескертуді жөн көрдім.  

Ешқандай құбылыс өзгерістер, тіптен ағаштағы жапырақтың да жерге түсуі алдын-ала белгіленген жоспармен, мезгілдік себептермен болатыны даусыз. Оны әрбір нәрсенің оқиғалардың тағдыры дейміз. Сол сияқты әр мемлекеттің  – елдің, ұлттың және ішіндегі жеке-жеке қауымның да тағдыры мезгілдік түрленуі осындай себептерге байланған. Соған байланысты әр елдің ішкі саясаты ұжымдық өмірі сол елдің рухани (рұхтық) дамуына тәуелді. Қазіргі қазақ елінің әлемдегі саяси орны, ұстанған бағыты қалайда халықтың қарнын тойдырып, өркендеген елдер қатарына қосылып, әлем базарынан өз үлесін алуға негізделген. Әрине аш бала тоқ баламен ойнамайды. Бірақ әлем әлі экономикалық (шаруашылық) дағдарыстың амалын тауып ұжымдасып шығу жолын тауып амалдар жасағанымен, алда онан да өткен миллиондаған адамдар шығынымен көптеген елдердің дамыған шаруашылығына қарамастан жер бетінен жоғалу алдында тұрған рухани дағдарыс алдында тұрғанын сезбейді. Яғни, көптеген елдерге қиямет оқиғасымен соңғы күндері туды. Оған алда болатын апаттар, аурулар, күн мен айдың толық тұтылуымен жер бетіне түсетін қорқыныш және ақылға сыймайтын оқиғаларға адамзат баласы куә болмақ.

Әлемде дін сынағының үшінші кезеңі басталып та кетті.  Қазіргі таңда дінді меңгердім деген көп елдің соңынан еріп, айдауына жүріп, халықтың тыныштығын сақтап, дін бірлігін қалыптастырамын деген үкімет саясаты тоқырауға ұшырап, көптеген басшылар, ғалымдар және жоғары лауазымды дін басшыларына да сынақтар түседі. Діннің өзіндік саясаты бар, ол көпте болмайды, азда және қарайым надан деп менсінбеген ортада шежіремен байланыста болады. Дін тазасын тапқанша әлемде адамдар саны 3 есеге қысқарып, діннің тазасының белгісі сол елдің ана мен баланың денсаулығынан және тіл тазалығы мен сөз байлығынан ғана жалғаса бермек.

Осы әлемге келген сынақтардан қазақ елі де, ел басқарушы әкім қаралар да, діншілер де, жазғыш ділмарлар да құтылып кетпек емес. Қандай да бір болуға тиісті үлкен уақиғалардың алдын-ала кіші белгілері түсіп, ол белгілер халық арасына тарап меңгермегенде ғана келесі одан да ауыр қиын белгілері түсіп отырады. Қазақ жерінде өліктер сөйлеп, ескертушілер келіп, оған діни және басқалай сауатты жазғыштарымыз бен әкім қаралармен ойдан шығарылған заңмен қудаланып ақыры соттап тынды. Енді сол уақиғаға қатысқан әрбір пенденің жан ұяларына, жеке бастарына сынақтар түсіп шешімін тауып зираттап түзете алмаса, арты өліммен аяқталары даусыз ақиқат. Аятта: «Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе де сенбейді. Алайда, барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келгенге дейін (қиямет мезгілі) қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының (аруақтарына) маңына түседі. Күдіксіз Алла серттен таймайды.» (13-31).

  Кезінде қазақ елінің тұтастығы бұзылып, әлемде діншілердің айдап салуымен ағайындар бір-бірімен қастасып, қандар төгіліп, елдердің ауыз біршілігі бүлініп, әлемде соғыс өрті тұтанған уақытта; Шыңғысқан атамыз дүниеге келген екен. Сол атамыз сәби үнімен дүние есігін ашатын күні таңда жерге жүзім бұтағы сияқты болып салбырап тиіп тұрған жұлдыздарды көрген өгей әкесі «Темуршын (салбырап тұрған жұлдыз) шындық жерге түсті, әлемде әділеттілік орнататын ұрпақ келді» деп ырымдап жорыған екен.

Жалпы, қарапайым аруағын сыйлаған қазақтардан сүйінші! Ал қарсылыққа түскендерге абай болыңдар! Мен де сондай оқиғаның куәсі болдым; 9-шы қазан айының алғашқы жұлдызында, Марал баба басында түнгі бірлер шамасында жерге жұлдыздар жақындап келіп сәжде жасады және артынша Қорқыт баба ескертуі келді батамен. Қазақ еліне Ғиса жерге түсіп Мәді (Мағди) дінді түзеуші киелі ұрпақ келді қазақ жеріне! Соған байланысты енді маған осы уақытқа дейінгі тылсымнан берілген, бірақ жариялауға құпиялап келген ақпарат белгілердің біразын жария етуге ұлықсат берілді. Жазылып та жатыр; аянмен жетеленіп, Құранмен дәлелденіп.

Ол кітаптың шығуымен байланысты әлемдегі барлық діншілерге, әсіресе «шерік», «серік» деп халықты теріс уағыздаған қазақтың көптеген діндарлары мен жазғыш, айтқыштар мен жалпы ғылыми ортаға, үкімет басшыларына үлкен рухани сынақ болары сөзсіз. Ал елдің билігімен қазанның тұтқасын ұстасам болды, халықты тойдырып семіртемін деп партия құрып, ел бірлігіне сына қағып жүргендерге тұзақ түсіп басымен қайғы, от басын түзетумен әуре болар. Көптің жағдайын қарастырып, амал жоқ көпшіл болған, дін надандарының да көңілін жықпаған ел басымызға да діннің дағдарысының салқыны тиеді де, ел басқару ісінде тығырыққа ұшырауы мүмкін.

Сонымен ел басқару кез келген партияшыл, жабылып ойдан болмаса шеттің мүддесіне қарай заң шығарып, «нөлдермен» басқару керек дейтін еркіншіл партияшылардың саясаттары күйреуге ұшырайды. Өздері күйзеліске түседі. Қарапайым ғана дәлел; ел басын сайлауда шет жұрттың ұсынған еркіндік жолы оттың басын, жанұяны күйретуге, елді бір-бірімен өзара араздастырылуға құрылған. Маған жаратқаннан «әйеліңнен дәрежеңді биік қойдым» деген аятына қарсы менің кімді басшы қылып сайлауға деген ниетіме қарсы жанұяда қанша адам болса бәрі өзіне лайық басшы сайлау керек екен? Сонда менің ата—бабамнан келе жатқан еркек – отағасы деген құқығымды ата заңым аяққа таптап, от басын, балаларымды да басқару билігімнен айырады екен. Сенің сайлаған «президентің не берді?» деп келесі сайлауға дейін жанұямызда қанша адам болса, сонша қайшылық пікір немесе жанжалға, елдің тұтастығын, бірлігін бұзуға ғана себепші болады шеттен алынған еркіндік заңдылығы, «ата заңымыз». Қай ата-бабаң ауылының ақсақалы мен елінің би, әулиесінің алдын кесіп, хан тағына таласып, билікке араласып, қатынын талтайтып төрге отырғызған еді?

Өркениетті деген туысқанымыз Жапон елі еркектің жыныс мүшесінен бастап түрлі елдердің әдеттерін алып, біліміне табынған еді арты не болып жатқанын көріп отырған болар ел басшылары? Және біздердің діншілеріміздің табынған арап тектес елдерге неге сынақ түсті? Арапша дұғаның, намаз оқудың құдіретін неге көрсетпейді? Неге Құдайдан сұрамай адамнан сұрап бірін-бірі өлтіріп жатыр діндері түгел, естері дұрыс болса? Әлде бұл мысалдар жеткіліксіз бе? Міндетті түрде өз бастарыңызға келіп барып Құдайды тануға шарт қойған ба ел басшылары? Әлде халық тағдыры саясаттың ойынына айналған ба? Сондықтан да сондай мейлі кім болса да қанымыз бір қазақпыз деп, болашақта жалпы халық алдында жерге қарап масқара болмас үшін мүмкін алдына-ала тәубеге келер деген үмітпен осы жарияланбаған үнпарақтардың кейбірін талағында биті бар ел ағаларына жетсе деген үмітпен қайта таратуды жөн көрдім.

Оған бірден-бір негізгі себептің өзі үкімет тарапынан қазақтың дәстүрлі дінін мүшріктерге (бұтқа шоқынушыға) балап, күнге шоқынған топпен бірге соттап және сол сот үкімін орындаушылар бүкіл мемлекет ішінде өзіміздің жетімдері мен жесірлерін қудалап, ақылы сау қызметте істейтін дәстүрлі дінді жақтаушылардан қолхат алып, болмаса қызметінен айыруға дейін барған жағдайлар болып, әлі де жалғасуда. Оған енді жаратқанның елге лағнеті түсіп, ауру апаттарымен, адам өлімдерімен ескертілгенмен, шара қолданылмағаннан кейін енді нақты сол іс басында жүргендерінің бәрінің басына нәубет пен сынақтар келді! Қызыл ағаш оқиғасы қайталанды, әлде де одан да зор оқиғалар және 7 түрлі қасірет сынақтары күтіп тұр алдымызда. Әлем халқына келген аштықтар мен жер, су, от апаттарымен қоса денсаулыққа және ғылымға келген сынақтардан қазақ халқының  жаратқаннан түскен «өліктермен сөйлестіру» заңдылығымен жеңіл түрінде өтудің жолы бар! Алдағы түрлі мерез, тері, иіс, «пұшық» ауруларымен жаппай адамзаттың қысқару өлімінен қазақ елі түгіл, әлемді құтқаратын қазақтың «Ата жолы» ғана болмақ!

 Сондықтан ел басында, дін басындағылар тарихта таңбаланып тұқымдары тозып, өздері болашақ ұрпақтарымыздың алдында масқара болмас үшін «ештен кеш» жақсы болар деген ізгі ниеттен ғана туындап, негізгі дін басшылары түгіл ғалыммын деген пенделерді де жерге қаратып, өзі жазған, айтқан сөзінен қашатын, тығыларға тесік таппайтын күн де жақындап қалды. Оған жеткілікті құранның құпия сырлары мен Раббымыздан түсірілген  дін ғылымы да бар!

 

Сәуір айы, 2011 жыл.

One thought on “Быды-быды тәпсірмен кәпірге айналған имамдар! «Дажал» ма, әлде елге келген Тажал ма?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.