Бүкіл 18 ғалам сөзден ғана жаратылып, сол сөздің алты жағы болып, биіктігі тақ, көлденеңінен жұп болып белгіленген. Сондықтан белгілі дәрежеде қандай бір жаратылған нәрсе келесі бір болмысқа айналарында белгілі бір тербеліске, жарыққа, иіске, болмаса дыбысқа айналады. Ал ол нәрселер көзге көрінбейтін кеңістікте сөзбен қайта бейнеленгенде сандар жиынтығын құрайды.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Адам баласының басқа жаратылыс егелерінен шексіз көркем айырмашылығы артын, алдын, бүгінін байқап ойлай білу қабілетінде. Хайуан да ойлайды, бірақ болашағын аңғарып, артын шежіре тарихын білуі мүмкін емес. Сондықтан көру, есту қасиеттерінен жаратылған көп нәрселерден кем болсақ та, есесін оймен, ойшылдықпен толтырамыз. Сол оймен бармайтын жер баспайтын тауымыз жоқ. Бәрінен де жарықтан да, дыбыстан да жүйрік және бәрінен де кемел.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, алыстық, жұлыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің байлаусызын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал, қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Надандық негізінде сөзден туындап, пендедегі көрнісі ойлау түсінігі болып қалыптасады. Надандық әйелде қылықпен, жаман әдеттермен көрінсе, ал еркекте иттік немесе жіңішке әйелдік мінез болып қоғамда тұрақты әдетке айналып, сол әдеттер жиынтығы заң болып бекіп отырады. Негізінен әр халықтың өзіне қоршаған ортаға тән ауруы, әдеті, оған қарсы әдебі қалыптасып отырады. Жер ана да екіге бөлініп, Америка құрлығы ұрғашы болса, біздің өмір сүріп жатқан құрлығымыз еркек жынысты.
Дін мен ел.
Бөлім: Ата жолы кітабы №2
Дін сол өмір сүретін елдің Алла тағала тарапынан ішкі сыртқы өмірін табиғат қоршаған ортаға заң үндестігімен сәйкестендіріп, шаруашылық әдістерімен бірге дамытуға, соған байланысты несібелік ризықты өсіріп беруге, түсірілген ғылымдық, білімдік, өнегелік, қылықтық қуат-малдық жоспар-жоба және рухани азық.
Осындай сауалдың шешімін құрметті оқырман өздеріңізге қойдым. Қазіргі таңда қаптап кеткен діни басылымдар кімнің мүддесін қорғап қандай заңдылыққа бағынады, осыған сын көзбен қарап бет пердесін ашатын уақыт жеткен сияқты. Осыдан үш жыл шамасы бұрын осындай мақаламды «Ислам өркениеті», «Жас алаш», «Жалын» редакцияларына ұсынған едім, себебі қажы дәрігер атағын жамылған пенделер «Зікір деген гипноз» деген Құран аяттарына қарсы мақалалар шыққан болатын,
Қандай да жаратылыс болмасын сыртқы ішкі әсерлер салдарынан әлсіздерді әлділер, ауруды басқа бір тіршілік егесі, ал пенде баласының немесе сол өмір сүрген қоғамныңда, ортасында, сондай дәрежеде өзгеріске ұшырап отыратынына көзіміз жетпейді, себебі күрделі және ақылмен болжанбайды. Құран аяттарына жүгінсек «Ғанкәбүт» деп аталып «арна» (оқпан) деген мағынаны білдіреді.
Қиямет деп адамзаттың үйренген қалыптасқан жағдайын Алла үкімімен күрт өзгертуді, басқа бір тосын күтпеген жағдайға өтуді айтады. Өткен кітапта мезгілдік түрлер және сипат есебін келтіргенмін. Әлқиса пайғамбарымыздың кезінде бір кәпірлермен соғыс үстінде Әзіреті Әлі қалқанын түсіріп алып, көзіне түскен темір есікті жұлып алып қорғанған екен жауларынан. Содан соғыс жеңіспен біткеннен кейін пайғамбарымыз орнына салып қоюды бұйырады сахабаларға. Әлгі есікті жеті, сегіз адам зорға көтеріп орнына қойған екен.