Қылықтар нәтижесіне рухтың жауабы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №2 73

      Қандай да жаратылыс болмасын сыртқы ішкі әсерлер салдарынан әлсіздерді әлділер, ауруды басқа бір тіршілік егесі, ал пенде баласының немесе сол өмір сүрген қоғамныңда, ортасында, сондай дәрежеде өзгеріске ұшырап отыратынына көзіміз жетпейді, себебі күрделі және ақылмен болжанбайды. Құран аяттарына жүгінсек «Ғанкәбүт» деп аталып «арна» (оқпан) деген мағынаны білдіреді. Өткен басылымда есеп жүйесін баяндап өткенмін, енді қысқаша мағлұмат беріп өтсек. Алла тағаланың жер бетіндегі екі сипатына байланысты адамзатқа екі құпия қасиет белгісін жазып қойған. Бірі уақыт болса, бірі ден саулық. Екеуін тең ұстауды міндеттеген. Сонан барып жан теңдігі қалыптасады. Сол теңдік бұзылса, жазасын да себеп қылып жаратып қойған. Ден саулыққа мән бермесең, уақытың қысқарып, өлім жетер, ал уақытыңды қалай болса солай пайдалансаң, ден саулықтан айырыласың да өлімді шақырасың. Сондықтан да әрбір пендесіне тіршілік ету барысында білмей істелетін қателіктер мен күнәларды жеңу үшін әрбір пендесіне ерекшелік қасиет белгілерін де, жыныстық белгілерін де жаратып, соған қарсы қосымша несіп, сыйға сынақ белгілерін бекітіп қойған. Енді тек өзің шеш, не істегің, немен айналыссаң да ерік берііп, бәрібір есебін бересің өлім арқылы және адмзат  бір-бірімізге тәуелділікте, себептермен байланып  біртұтас өмір деген клеткалардың ішінде тіршілік етеміз де Алланың тәнін құраймыз. Сол біз тұратын ірілі-уақты клеткалар жүйесіне 9 түрлі сынақ бар. Қазақ жеріне 9 түрлі сынақ болса, әр пендеге 30 түрлі ауру бар сөзге байланысты, тағы қылыққа байланысты, т.б. 9-ға түрленіп санын есебін біле алмаймыз. Ал сезімнің саны 19 және жұбымен 38 болып сонша түрлі жан жүйке ауру болады. «Шизофрения» дегеніміз осы 19-тілдік, ақпараттық байланыстың толық істен шығуын көрсетеді. Негізінен ауру екі топқа бөлінеді; бірі сөзден, бірі нәпсіден, қылықтан. Сондықтан да пайғамбарымыз; «Адамдарға екі мүшесіне еге болу керек, бірі екі еріннің арасы. Бірі екі аяқтың арасы, бүкіл қайғы-қасірет осы екі мүшеден келеді» деп қатаң ескерткен екен. Ешқандай да пендені жазықсыз жазаламаймын, көпшілігін күнәларын кешірем, жамандыққа сондай жамандықты тартасың, ал істеген ізгі жақсылығы болса 10 есеге көбейтемін деп, ал кейбіреулерін жазалар алдында бар мүмкіндік есіктерін ашып қоямын деген уәде бар аятта Раббымыз.

      Сол есіктер қазаққа қазіргі таңда ашылды да еркіндігімізді сезінгендігіміз сонша, Алла тағала түсірген заңдылықтарды түземек болып әуреге түсіп және біразын өз ойымызға, өзге жұртқа сәйкестендіріп түзеп тастадық та. Ақиқат бастауының екінші кітабында жазылғандай құрбан айының басталуымен, алғашқы он күндігіне сәйкес; желтоқсан айының 22 ші жұлдызы мен қаңтар айының 19-шы жұлдызы арасында жер жүзіне белгі қамшы түсетінін бір жыл бұрын есебін бергенмін. Сол қамшы Алматы қаласымен басталды, европа мемлекеттерімен аяқталды. Ақпан айының аяғында Астанаға ескерту беріледі деп көрсеткенмін, құдайға мың да бір шүкір ол ескерту тек темір жолға келіп, Алматы қаласымен екі ортада болды. Неге жолға? Алматы мен Қарағанды темір жолында болған ескерту қараша айында Қарағанды қаласында базар мен спорт кешенінің өртенуімен аяқталды. Сол сияқты Англия мемлекетінде де салынып жатқан спорт сарайы өртеніп кетті. Америка елінде «гольф» спорт алаңынан бастап 1000 шақырым жер өртке оранды. Германия да сол сияқты әлемдік футбол ойыны кезінде аспаннан ірі бұршақ жауып көліктердің, үй әйнектерінің қирауы болса, жыл өтпей спорт кешенін қар басып құлады да бір жылдан соң су апаты болды. Орыс елі көршімізде жылына екі рет халықтық аза күнін атап өту міндетке айналды. Мүмкін бәрі де кездойсоқ шығар деп ойласаңыз, онда алдағы, болашақтағы елімізде болатын сынақтарды күтейік.  Болашақта шымкенттегі балалардың қан ауруымен болған жағдай адам ақылы жетпейтіндей елімізде әйтеуір бір қалада тағы да қайталанады. «Біз жаратқан адамдардан туралыққа бастап, шындық арқылы атқаратын топ бар» «Тағы да оларға мұрса беремін. Әрине шараларым да қатаң». (Ағраф-181,183). Туралыққа түсіңдер деп хикметпен үкім келгеннен кейін өзара көре алмастық болып, артынан қатаң шаралармен ескерткенін, елге келген адам өлімімен аяқталатын сынақтарға ақылмен қарауды ескертеді.  Былтырғы 2006 жылы жаз айларында үй қабаттарының жалпы биіктігі; 25-27 ден аспауы керек деген ескерту түскен, бірақ мән бермеген едім, жуықта Дубай қаласының сол 27 қабатқа дейін жанып кеткенін көрдім де, мүмкін биік үй салып жарысып кеткен қалталылар ескерер, болашақта қанша адамның обалына қалмас үшін. Астана қаласында да осындай биік ғимараттарға ескерту түскеніне қарамастан әлде де биіктетуге жарысып жатыр. Неге Америка еліндегі әлемдегі биік ғимаратқа ұшақтар соқтығып қиратылды? Сол үлкен белгіден кейін Америка құрлығына қаншама азап қамшысы жауды? Енді әлемде осындай белгілі мерзіммен от апаты, су апаты үздіксіз қайталанып еркіндіктен бас тартып Алла тағаланың алдында жауап беретінін әрбір пенде баласына ұқтырғанша жалғаса бермек.

      Сол сияқты Түркия, Англия мемлекеттеріне үлкен апат белгісі түсіп жатыр. Бірі исламнан қашықтаса, бірі христианнан алшақтады. Түркия мемлекетінде орамал тартуға тыйым салынғаннан кейін 3 күннен кейін алтын қоймасы жанып, асылыңнан айырылдың деген белгі түсті. Аталарымыз «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» дегені бекер емес-ау. Енді тура бір жыл өтісімен сол мезгілде түрік елінде мамыр айында өзінен-өзі үй құлап 30 адам мерт болды. Енді 2008 жылы дәл сол мезгілде апат болып, әрі қарай азап қамшысы жауады және түрік елдерінде соғыс т.б сынақтар да болуы ғажап емес. Сол сияқты Англия мемлекетіне бір жыныстылар арасына ұлықсат берілгеннен кейін 3 күн өткенде мұнай қоймасы жанды.  Аспаннан бір дауыс келіп, сосын жарылыс болғанын естіп, көргендер бар.  2007 жылы дәл сол уақытта су апаты болып, келесі жылы тағы қайталанады да әрі қарай нәтиже шықпаса азап қамшысы басқалай жауатыны сөзсіз. Сол сияқты еркіндікті аңсаған бүкіл европа еліне біріне ойынға, біріне ойға шексіз махбабат құмарлыққа ескертулер түсіп жатыр. Ал қазақ еліне де ерекше белгі түсті! Түсініп қабылдасаң — бақ,  қарсылассаң — сор. Бұл сынақ енді әрбір әулеттің мейлі дін танушы болсын мейлі ғалым, мейлі патша бол, дәулетің тасып бай бол, бәріне сынақ ескерту беріліп жатыр. Тек бәрін біліммен болжауға үйренген пендеге беймәлім құбылыс. Оны көршіден немесе бір-бірінен, дәрігерлерден, емшілерден, биліктен, патшадан деп түсініп солай түсіндіріп жатырмыз. «Егер бастарыңа қиындық, қасірет келсе оны ешкімнен көрмеңдер, өздеріңнің қол екі істегендеріңнен деп біліңдер» деп ескерткен аятта. Негізінен сынақтар мерзімінің екі санау жүйесі бар. Күндік және айлық мерзімге бағынса, жұлдыздарға байланысты тағы екі түрлі мезгілдік сипаты бар. Жалпы Құранда ескертілген сынақ белгісі 9 санын береді және 9 пайғамбар мысалымен ерекшелік белгісі бар.  Алла тағаланы қадірлемеу және қастерлемеу болып апат белгілері 2 түрлі болып ескертіледі. 9+9=18 екі рет қайталанып соңғы нәтиже 36 санымен немесе 3 жылда ірі белгі болмаса ажал түсіп тұрады. Мұқият болыңыз 18 саны ғылымда «сорос» қайталау ұғымын беріп, Құран аяттарында да белгілі тұрақты ұғыммен байланысты және сызықтық шамасы да бар. (Алдыңғы басылымдарда дәлелдер бар.) Қазақ еліне сол апаттарды  Алладан сұрап тоқтатып, дүние жүзіне үлгі болып, басқа елдерге құтқарушы болуға мүмкіндік те беріліп отыр. Бірақ оған дейін әбден түсінгенше, ғалымдарымыздың да, биліктегілердің де басын қатырып, шығындарға бастайтын түрлі аурулармен, апаттармен сыналамыз. Тек Аллаға жалбарынып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бұрынғы салт-дәстүрді таба алмасақ талай қандастарымызды ахиретке есеп беруге  шығарып саламыз. Айырылып та жатырмыз.  «Тағы Біз әрқандай бір кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық. (94) Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіптен артылып та кетті де; «Аталарымыздың басына да таршылық кеңшілік келген екен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызды өздері де білмей қалды.» (Ағраф-95).

     Қазақ халқына бақ құсы қонды, елші де келді Алла тағаладан. Ол өмірден өткен ата-бабаларымыздың сынақтардан сынбай өтіп, «Құдайсыз қурай сынбайды» деп жерін қорғап басқа елге көз алартпай, «Қызға қырық үйден тыйым салып» (Алдағы басылымда ғылымы есебін көрсетеміз.) «Жер дауы мен жесір дауын» шеше біліп, еркіндік пен жауапкершіліктің арасын айыра білгендіктен берілген сый. Ешқандай бақ өзінен-өзі кездейсоқ берілмейді және жауапсыз қалмайды. Батпандай салмағы бар. Дүниесі көп немесе тамағы тоқ, ешқандай уайымы жоқ қазақ жоқ бүгінгі таңда. Ас көп болса асқазан қорытпайды, ақша көп болса бірақ жүректі жылытпайды. Бәрі бар, бірақ берекеті жоқ. Бұл қазаққа келген кіші сынақ. Үлкені алда тұр, оған дейін дүниені көбейтіп, осылай бәрін ақшамен бағалап сатып аламыз деген сенімге келгенше жаратқанның жақсылығымен сыналамыз. Сосы өзіміздегі бақты бағаламай қарғысқа, лағнетке қаламыз. Себебі  бұл ақыл жұмсамайтын ессіз, мақтаншақ басшылары бар елдерге берілетін тағдырдың ойыны. Оған дәлел аятта; «Тағы Біз әрқандай бір кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық.».  Бар арап нәсілді ғұлама жиналып құрандағы «Біз» деген сөздің құпиясын ашпаған, ол да тек қазақта дәстүр болып қалыптасқан. Кім қалыптастырған? «Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіпті артылып та кетті де: «Аталарымыздың басына да таршылық келген екен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымда өздері де білмей қалды.» (Ағраф-95) Тарихыңа үңіл, бұрында елші келіп, толық мойын ұсынбағандықтан таршылықта өмір сүрген. Енді тағы сол қайталанып тұр, бірақ түсінбесең жақсылықты қабылдап жалбарынбасаңдар жамандықпен сынап бәрібір мойындатамын, сосын жақсылықты үйіп-төгіп артық қылып беремін. Егерде қайта сол әндеріңе бассаңдар, апат жіберемін деп ескертеді. Бұл аят әр адамның жеке жан ұясынан бастап мемлекет тағдырына да байланысты. Сол елшілер келгенін ескерту үшін әлем халқына сынақ түсті. Оған енді нақты дәлел айғақ келтірсек; 2007 жылы желтоқсан айының 11-ші жұлдызының 12-ші түнінен бастап қаңтар айының 9-на дейін жер бетінде әр түрлі ескерту сынақ апаттар болады. Жылда ол құрбан айында қайталана бермек. Әсіресе алғашқы 10 күні қауіпті. Құранда елшілер түсуінің белгісі болып ескертілген. Тек қазақ елінің ғана Алланың хикметін түсініп мойын ұсынып, түсірілген аманаттарды орындағандар  үшін бастарына ерекше бақ қонып, түсінбегендер үшін әртүрлі азап пен сор болмақ. Бұндай әлем дініне келген сынақтардан енді ешқандай арап та, түрік те, өркенниетті ел атанған елдердің ақылы, ақшасы да, мәдениеті де құтқара алмайды. Алладан ешқандай құтқарушы жоқ, егерде ашық дәлелге мойын ұсынбасаң. Менен Мұса пайғамбар құсап тікелей сұрап жүрмеңдер деп ескерткен аятта.. Сондықтан қазақ әуелі өзімізді, шежіремізді, ата дінімізді таниық! Және жаратқаннан жер кезіп, Алланың қадірінен қалай сұрауды қайта қалыптастырайық. Ол үшін құран үгітін меңгерейік, құдайға шүкір араптан да, мұсылман елдерінің қайсысынан да таңбамыз да сөзіміз де ұзын, артық. Сонда: Молда құранды меңгерсе, тау асып сөз тасымас еді, онда қазақ «Баламды молдаға беріп кәпір қылдым» демес пе еді?. Ғалым құранды түсінсе, арзан сөзге алданбай елді жақсылыққа бастамас па еді. Дәрігер құранды оқыса, өзі емдеген аурудан өзі де ауырып өлмес еді? Әйелдер құранды түсінсе, қызымыз көргенді болып, ер қадірі артпас па еді?. Ақын намаз оқыса «Оралың бар да ойна да күл» деп жазбас па еді? Әкімдер Алланы еске алса, құранды түсініп меңгерсе молдасы мен мешітінен салық алмас па еді? Ақсақалдар намаз оқыса пәтуасын түзеп, ұрпағы жатқа қашпас еді? Саясатшы Құдайдан қорықса, ел бірлігін айтпас па еді? Бәрін айт та бірін айт, Қазағым тапса өз жолын 14 бір жылды өткеріп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалап жатпас па еді!  Еркіндіктің де қарсы сыңары бар, ол жауапкершілік! Бірін қаласаң екіншісі кемиді. Еркін өмірді қаласаң жауапершілікті таста. Сыртқы әсерге тәуелді еркіндік сол тәуелділікке құлдыққа түсумен немесе көз байланып құдыққа түсумен ғана аяқталады. Еркіндік жүректің тыныштығымен ғана бағаланады. Ол тек жаратқанды, өлімді еске алумен ғана нәтиже береді. Ал Аллаға жаққың келсе жауапкершіл бол. Өзіңді-өзің шекте, тоқтат, сырлы әлемге сын көзіңді сала біл. Ерден қадір кетсе — ел азар, әйелден қасиет кетсе — ел тозар. Әйел қасиеті басы менен етегінде. Ер қадірін кетіретін де өсіретін де ішкі сырдың, жанның күтуші бағбаны — әйел. Кімді кім қалай күту, сыйлау керек, кімнен кім жоғары тұру керек? Сол ғана жұмбақ, дәстүрін ұмытқан пендеге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *